Мұғалжар ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын
іске асыру туралы мәлімет
Мұғалжар ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 25 мамырында №198 «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жаспарын Мұғалжар ауданында іске асыру туралы» қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, жергілікті мемлекеттік мекемелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру барысы туралы халықты хабардар ету мақсатында «НұрОтан» ХДП-мен бірлесіп, тұрғындар арасында өз жұмыстарын жүргізуде.
Мұғалжар ауданы бойынша ауылдық округтерде және бірқатар бөлімдерде «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесулер, жиналыстар өткізілді.
2014 жылдың мамыр айында аудандық қаржы бөлімінде «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партия аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің ұйымдастырумен құқық қорғау және басқа да органдардың өзара ықпалдастығы тақырыбында дәрістер өткізілді. Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері мен мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының азаматтарды бірлесе қабылдау «Ашық есік күні» іс-шаралары өткізілді. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 21 тамыз күні аудан әкімдігінде аудан әкімінің төрағалығымен «НұрОтан» ХДП партиясы аудандық филиалының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Онда, «НұрОтан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасының жобасын талқыланып, тиісті жұмыстары жүргізілді.
2014 жылдың маусым айында «НұрОтан» ХДП аудындық филиалының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Шаңғұтовтың төрағалығымен өткен қоғамдық тыңдауға үкіметтік ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері және аудан жастары қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында ауданымызд сыбайлас жемқорлықпен күрестің пәрменді арттыруға және осы қоғамның ауыр кеселімен күресті жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жобасы жарияланды.
Ауданда әр жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қабылдап жатқан шаралары туралы барлық жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау тәжірибеге енгізіліп, барлық жергілікті атқарушы органдарының басшылары, яғни – 10 мемлекеттік мекеме басшылары және 3 қала және 12 ауылдық округтерінің әкімдері есеп береді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен аудандық орталық және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Жемқорлықпен күрес – жалқының емес, жалпының ісі» атты сұхбат кеш өткізілді. Сонымен қатар, «Жемқорлықпен күрес – маңызды мәселе», «Жемқорлық – қоғамның азғындауына соқтыратын әлеуметтік індет», «Жемқорлыққа – жол жоқ», «Жемқорлық – індет, жою міндет» атты тақырыбында кештер мен көрмелер ұйымдастырылды.
Ембі қаласында «Парасат» клубының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа ел болып күресу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, «Сыбайлшас жемқорлықпен күрес – басты міндет» атты дөңгелек үстел кітапхана оқырмандары арасында өткізілді.
Жұрын ауылдық кітапханасында «Жемқорлықпен күрес – басты назарда» атты әңгіме сағаты өткізілсе, Ақкемер ауылдық округі кітапханасында «Жемқорлықпен жұрт болып күресу қажет» көрме ұйымдастырылды. Ал, Жем қалалық кітапханасында «Жемқорлықпен күес күшейеді» атты сұхбат сағаты өткізілді.
2014 жылдың 30 наурызында Жем қалалық мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасында «Жемқорлықпен күрес – барлық Қазақстандықтардың ісі болуы тиіс» дөңгелек үстел өткізілді. Ал, сәуір айының 8-ші жұлдызында «Мақсатымыз – жемқорлыққа тосқауыл қою» атты дөңгелек үстел өтті. Ембі қалалық мәдени орталығында 2014 жылдың 24 шілде күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ауданда мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы мақалалар жергілікті «Мұғалжар» газетінде жрияланып отырады.
2014 жылдың 21 ақпанда аудан әкімінің «2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2014 жылға арналған міндеттері» жөніндегі аудан тұрғындарына есеп беру кездесуінде аудандағы барлық елді мекендердің өкілдері, кәсіпорындардың, ұйымдардың, меншік түріне қарамастан мекемелердің басшылары, аудандық бөлімдердің басшылары, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық депутаттар, аудандық құқық қорғау органдары, аудандық мекеме басшылары, қала, ауылдық округтерінің өкілдері және жастар өкілдері қатысты.
Сонымен бірге аудан әкімінің веб-сайты бар. Бұл сайтқа тұрғындар өз ұсыныстары мен тілектерін жолдап, соларға тиісті жауап алады.
Жергілікті атқарушы органдар арасындағы мамандардың біліктілігін көтеру, аудандағы кадр потенциалын зерделеу және бос әкімшілік лауазымдарды дер кезінде кадрмен қамту мақсатында қызметке жаңадан тағайындалған қала және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметшілері атқарып отырған міндеттерінің қажеттілігіне қарай, аудан әкімі аппаратының тиісті құрылымдық бөлімінен және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден тәжірибеден өткізу жүзеге асырылуда.
Әрбір мемлекеттік органдарда, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған іс-шаралар жоспары жасалынып, құқықтық білім беру мектептерінің оқу жоспарларына сәйкес ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сатып алу», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу туралы» және осы заңдардан туындайтын нормативтік құқықтық актілер қарау жөніндегі заңнамалар енгізіліп, әрбір жауапты лауазымды тұлғаның осы тәртіпті қатаң сақтауы туралы нақты тапсырмалар берілді.
Ауданның ауылдық округтерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында брошюралар жасалынып, мекемелер мен ауыл тұрғындары арасында таратылды.
Сонымен қатар, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекті және оқу құралдарына тапсырыс беріліп, жұмыс жалғасып жатыр.
Барлық мемлекеттік органдар аудандық «Мұғалжар» газеті арқылы өзінің сенім телефондарын жариялап, сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдай фактілерін дер кезінде анықтау мақсатында жұмыстар жолға қойылып отыр.
Сонымен қатар, әр мекемеде жеке және заңды тұлғалардың арыздарына арналған журнал, арыздар үшін арналған пошта жәшіктері орнатылған.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес бекітілген жер меншігін заңсыз қайта бөлу фактілері орын алған жоқ. Жер кодексінің 43 бабына сәйкес жер учаскесін жеке менешікке немесе жалға беру үшін алдымен жерге орналастыру жобасын жасатуға жіберіледі.
Қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында, аудандық баспасөз құралы, ардагерлер кеңесі, депутаттар корпусымен жұмыстарды жандандырып, халықтың белсенді топтары мен жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылау қамтамасыз етілуде.
Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдануын қамтамасыз ету WEB-сайыттарының қызмет етуін жетілдіру мәселесі аудан бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар аясында атқарылуда және күнделікті қызметте тұрақты бақылауда.
Мұғалжар ауданы бюджетінің орындалуы туралы ақпараттар тоқсан сайынғы қорытындыларымен «Мұғалжар» аудандық газетіне жарияланды.
Мемлекеттік сатып алу заңының талаптарына сай жұмыстары электрондық түрде барлық мемлекеттік органдарда жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары бойынша әр тоқсан сайын және заңнама өзгерген кезде аудандық жер қатынастар бөлімінің мамандары ауданның ауылдық округтерінің тұрғындарына ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті нұсқаулармен қамтамасыз етіледі.
2014 жылдың 29 наурызында аудан әкімдігі басшылығының, қызметкерлерінің және ауылдық округтері (қалалар) әкімдерінің, мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: 1) ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарының сақталуы және іске асырылуы туралы; 2) ҚР-ның мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының жаңа енгізілімдерін түсіндіру туралы.
2014 жылдың 18 қыркүйекте аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияларының біріккен отырысы өткізіліп, онда мынадай мәселелер көтерілді: 1)«Аудан бойынша құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыру бағытында алынған шаралар туралы»;2) «Қылмысқа, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауда құқық қорғау органдарын және ҮЕҰ шоғырландыру туралы";3)«Жем қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы»;4)«Жаңадан салынған ғимараттарды мемлекеттік қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша атқарылған шаралар туралы».Нәтижесі хаттамамен рәсімделіп, тиісті мекеме, бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта да ауданның барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасау және оларды болашақта болдырмау үшін шаралар алу күнделікті жұмыс барысында бақылауға алынып, жұмыс осы бағытта өз жалғасын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |