Ми бөліктерінің топографиясы мен физиологиясы



Дата02.01.2022
өлшемі257.05 Kb.
#452686
3 ОМӨЖ. Диана Алданышова

№ 3 ОМӨЖ Ми бөліктерінің топографиясы мен физиологиясы

1. Ми жарты шарларының бөліктері

2. Мидың жалпы рельефі


К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

2. маңдай. 3. төбе. 4. самай. 5. шүйде

Ми жарты шарларының бөліктері

1. Ми жарты шарларының бөліктері

  • Маңдай бөлігі ми жарты шарының алдыңғы бетін алып жатады және қыртыстың төбе бөлігінен (артында) роланд саласымен және самай бөлігінен (астында) сильвий саласымен шектелген.
  • Маңдай бөлігі салалар мен қатпарлармен жабылған, олардың ішінде роланд саласына параллельді жүретін прецентральды сала ажыратылады. Олардың арасында алдыңғы орталық қатпар орналасқан. Маңдай аймағының алдыңғы бөлімінде жоғарғы және төменгі маңдай салалары бөлінеді, олардың арасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі маңдай қатпарлары орналасқан. Құрылысы мен қызметіне қарай төменгі маңдай қатпары бірыңғай емес және үш бөлікке бөлінеді: жоғарғы (оперкулярлық), ортаңғы (триангулярлық) және төменгі (орбитальдық). Ми қыртысының бұл аймағы ең үлкен маңызға адамдарда ие болды, өйткені ол сөйлеу қызметімен тығыз байланысты. Маңдайлық конус ең жас аймақ болып табылады.
  • Маңдай бөлігінің қыртысы ең қалың (2,5-4,5 мм). Оның микроскопиялық құрылысы бірыңғай емес, бұл әртүрлі қызмет атқаратын қыртыс аймақтарын бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Сөйлеу және еңбек – адам қызметінің негізі, өзара тығыз байланысты. Алдыңғы орталық қатпардың аяқтарға импульс жіберетін жоғарғы бөліктері қыртыстың екі жарты шарлар арасындағы ішкі бетіне өтеді. Ортаңғы маңдай қатпарында (4-ші және 6-шы алаңның бет бұлшық еттерін нервтендіретін аймағына сәйкес) 8-ші алаң орналасады, ол бір жаққа қарай бұрылу кезінде бас пен көздің бірлескен қозғалысын қамтамасыз етеді.

Төбе бөлігі

Төбе бөлігі жарты шарының жоғарғы-бүйір бетін алып жатады. Оның шекаралары: алдында роланд саласы, төменгі жағында сильвий саласы, артқы жағында тұрақсыз алдыңғы желке саласы. Төбе аймағының қыртысы маңдай бөлігімен салыстырғанда жұқарақ болады – 1,5-2,5 мм. Роланд саласына параллель артқы орталық қатпар орналасады, ол төбе бөлігінің біріншілік алаңдары болып табылатын 3-ші, 2-ші, 1-ші алаңдарға бөлінеді; бұл алаңдарда беткей және терең сезгіштіктің жолдары аяқталады. Төбе бөлігінің төменгі шетінде 40-шы үлкен алаң (екіншілік алаң) орналасады, онда беткей және терең сезгіштіктің (кинестезия) қабылдау негізінде үйреншікті қимылдар бекітіледі – праксис. Артикуляциялық бұлшық еттер үшін бұл 40-шы алаңның төменгі бөліктері – оральды праксис. Төбе аймағының үшіншілік алаңы (39-шы алаң) төбе, желке және самай аймақтарының түйіскен жерінде орналасады және көру-кеңістік синтезді қалыптастыру (конструктивті праксис) – кеңістікте және дене жобасында бағдарлану сияқты күрделі қызметті орындайды. Төбе аймағының осы бөлігінің қалыптасуы әлдеқайда кеш және мидың көру, есту бөліктерімен тығыз байланыста өтеді.

Шүйде бөлігі 

Желке немесе шүйде бөлігі ми жарты шарларының артқы жағында орналасады, мидың төбе және самай бөліктерімен тығыз байланыста және айқын шекарасы жоқ. Бұл ең кеш пайда болған құрылым, оның қалыңдығы 1,5-2,5 мм. Қыртыстың микроскопиялық құрылысы бірдей емес, соған байланысты барлығы үш алаңды ажыратады – 17-ші,18-ші,19-ші. Цито- және миелоархитектоника жағынан талшықтардың горизонтальды түрі басым болып келген төртінші (дәнді) қабат әсіресе дамыған.Желке аймағының біріншілік алаңы 17-ші алаң болып табылады, онда көру жолы аяқталады. Бұл алаң ең ескі құрылым болғандықтан, ол мидың ішкі бетіне толығымен ығысқан. 17-ші алаңда көру анализі мен синтезінің қарапайым емес, кешенді түрлері бекітіледі. Екіншілік 18-ші алаң біріншілік алаңның үстіне орнатылған және басқа бөліктермен бірге көру импульстарын қабылдау қызметін атқарады. Құрылымы жағынан ең күрделі 19-шы үшіншілік алаң болып табылады, ол қыртыстың сыртқы бетінде орналасқан (самай және төбе бөліктерімен қиылысқан аймақтар) және сөйлеумен тығыз байланысты.

Самай бөлігі

Самай бөлігі жарты шарылардың төменгі бүйір бетінде орналасқан. Қыртыстың бұл аймағы маңдай және төбе бөліктерінен сильвий саласымен бөлінген. Желке бөлігімен шекарасы шартты. Самай бөлігінің сыртқы бетінде үш самай салалары орналасқан: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Олардың арасында сәйкес самай қатпарлары бар. Самай аймағында көлденең Гешль қатпары көзге түседі, онда есту жолы аяқталады. Өте ерте пайда болған Гешль қатпары толығымен сильвий саласына ығысқан. Онда 41-ші және 42-ші алаңдар орналасқан – есту аймағының біріншілік (проекциялық) алаңдары.Самай бөліктің сыртқы бетінде жоғарғы самай қатпары (22-шы алаң) орналасады, бұл алаңда жасушалардың ассоциативтік қабаты басым болады, олар мидың самай бөлігін қыртыстың басқа бөлімдерімен, атап айтқанда желке, төбе және моторлы (қыртыстың төменгі премоторлық аймақтарымен) аймақтарымен байланыстырады. Самай аймағының ортаңғы бөліктері – 21-ші алаң, ол үшіншілік алаң болып табылады да, тек қана адамдарға тән және сөз тіркестерін (лексика-грамматикалық құрылымдарды) қабылдаумен және есте сақтап қалумен байланысты болады.

Ми рельефі, қыртысы  (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронның сұр затынан түзілген қабат.

  • Ми рельефі, қыртысы  (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронның сұр затынан түзілген қабат.
  • Сұр заттың қалыңдығы 1 – 5 мм-дей. Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.

1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

2. https://melimde.com/ouli-azastan-respublikasini-bilim-jene-filim-ministrligi-bekit.html?page=13



Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет