Мичурин ауылдық округі әкімінің
2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебінің тезистері
Мичурин ауылдық округіне 3 елді мекен кіреді: Мичурино, Госплемстанция, Березовка ауылдары. Ауылдық округтің 2015 жылдың 1 қаңтарына жалпы тұрғындар саны 2913 адамды құрайды. оның ішінде Мичурин ауылында - 1173 адам, Госплемстанция ауылында – 1430 адам, Березовка ауылында – 310 адам тұрады. Ауылдық округте 10-нан астам ұлт өкілдері тұрады.
Жалпы халық санынан әлеуметтік – демографиялық құрамы келесідей:
зейнеткерлер – 286 адам, оқушылар – 316 адам, мектепке дейінгі – 284 адам, өзін-өзі қамтушылар – 83 адам, жұмыс істейтіндер – 1092 адам.
Әлеуметтік мәселелер.
Округте атаулы көмек алушылар санаты толық жойылды.
2014 жылы ауылдық округ бойынша балалар жәрдемақысы 18 жасқа дейінгі балалары бар 5 отбасыға тағайындалып төленді. (Г.Асимхан-6 бала, Е.Паначухиди- 6 бала, Т.Паскарь- 4 бала, А.Темірбаева- 1 бала, А.Құсайынова- 2 бала). Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде округтен 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Әрі қарай жұмысқа орналастыру бағытында 1 адам жастар тәжірибесіне қабылданды.
Мемлекеттік тіл.
Округте мемлекеттік тілді енгізу, қолдану және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі күнде округтің мемлекеттік мекемелерінде іс жүргізу қазақ тілінде.
Округті абаттандыру.
2014 жылы Мичурин, Госплемстанция ауылдарында
Территорияларды санитарлық тазарту және абаттандыру деп белгіленген айлыққа барлығы қатысты. Округте 148 бас қаңғыбас иттердің басы жойылды.
Абаттандыру бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді: ауылішілік жолдарды грейдирлеу, Березовка ауылының жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 119 мың. теңге қаражат бөлініп, игерілді.
«Өңірлерді дамыту» 040 бағдарламасы бойынша 2 млн. 737 мың теңге бөлініп, 2 млн. 408 мың. теңге игерілді. (33 шам орнатылды)
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» 011 бағдарламасы бойынша қысқы қар тазалау жұмыстары «Коммунальщик» ЖШС жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 174 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Олардың жұмысы арқылы ауыл бойынша көліктік қатынау жүзеге асырылады.
2015 жылға жоспарланған іс-шаралар:
1. Барлық ауылдар бойынша көше жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру.
2. Ауыл ішіндегі жолдарға, сонымен қатар Омск-Павлодар тас жолынан балалар үйіне дейінгі ауылға кіре-беріс жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |