Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы»
Құрастырған: Кенбаева Г.Ж.
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл көмекші құрал мемлекеттік тілді оқып үйренушілерге арналған бағдарлама негізінде құрастырылды.
Әдістемелік көмекші құралдың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын ояту, қазақ тілі бойынша білімдерін нығайту, кеңейту және сөйлеу тілін жетілдіру.
Қазіргі кезеңде қазақ тілін оқытудағы міндет – тыңдаушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыптарды жете түсіндіру, тыңдаушыларды сауатты жазуға және мәдениетті сөйлеуге үйрету, оқығанын жүйелі түрде айтуға жаттықтыру.
Осы мақсатта сабаққа тыңдаушылардың ынтасын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Қазақ тілін тыңдаушыларға үйрету кезінде кеңінен тараған әдістің бірі – сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану. Ойын әдісін қолданудағы міндет – алдымен тыңдаушының танымдық қызметін арттыру, оқыту үдерісінде тыңдаушылардың қабілеттерін, әсіресе шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын белгілі бір эмоциялық және ойлау қызметі арқылы шешім қабылдау білігін қалыптастырады. Берілген тапсырмаларды шешуге ұмтылу – ойынға қатысушы тыңдаушылардың ойлау қызметін дамыта түседі.
Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілетін жаттығулар мен қайталау тапсырмалары тыңдаушыны жалықтырмайды, өйткені олар біркелкі болмайды. Мұндай ойындар түрлі мақсатта және әр түрлі сипатта жүргізіледі. Тыңдаушылар ойын әрекетін белгілі бір құрылымдық жүйеде орындайды: тыңдаушының ой-ниеті, мазмұны, ойын әрекеттері, ережесі және нәтижесі. Ойынды жүргізуде дидактикалық сипаттың болуы тәрбиелік міндетті алға қояды.Ойынның мазмұны тыңдаушылардың танымын жетілдіруге бағытталады.
Жинақта берілген ойын түрлерін пайдаланумен бірге, оларды сабаққа қызықтыру, ынталандыру мақсатын қажетті тапсырмалар мүмкіндігінше пайдаланылады.
Бұл көмекші құрал мемлекеттік тілді үйренушілерге көмек ретінде ұсынылады.
Тілді ойын элементтері арқылы оқыту әдістемесі
Ойын элементтері қазақ тілін меңгеруде күнделікті жұмыспен бірге тыңдаушылардың шығармашылық - ізденім деңгейіндегі жұмыстарын да қызықты және әсерлі ететін оқытудың тәсілдерінің бір жолы болып табылады.
Ойын әлемінің қызықты шарты қайталау, есте сақтау, алынған мәліметті бекіту мен меңгерудегі бір сарынды қызметке жағымды әсер береді, ал ойын қызметіндегі эмоциялық әсер оқушының барлық психологиялық үдерістермен қызметтерінде
белсенділігін арттырады. Ойынның тағы бір тиімділігі білімді жаңа жағдайда қолдана алу қабілетінің дамуына және тыңдаушылардың меңгерілген оқу материалын өзіндік бір тәжірибеден өткізуіне септігін тигізеді және оқу үдерісін түрлендіреді, тыңдаушыларды қызықтырады.
Ойын әдісінің оқыту мүмкіндігі бай. Тыңдаушылар үшін ойын сергіту тапсырмалары, демалу уақыты болып табылады. Сонымен, ойын сергіту, демалу құралы бола тұрып, оқу қызметіне ауысады, тыңдаушылардың танымы кеңейеді. Тыңдаушы белсенділігі ойын үстінде танылады.Ойынның белгілі бір уақыттарда жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне нұқсан келтірмей, сабақ барысымен бірігіп кетуіне ерекше назар аударылады.
Ойын – оқыту құралы болып табылады. Оқыту үдерісінде ойынды қолдану кездейсоқ нәрсе емес. Педагогтар мен психологтар білім берудегі дағдарыстарды жеңудегі ойынның аумақты мүмкіншілігі зор екенін атап өтеді.
Ойын тыңдаушының өз бетінше жұмыс жасау қызметінде ғана емес,сол сияқты қоғамның экономика,саясат,басқару,білім беру салаларында да ұйымдастырылады және олардың әмбебап практикалық аспабы ретінде қолданылады.
Ойында барлық тыңдаушылар тең. Оны әр тыңдаушының, тіпті тіл сабағынан берік білімі жоқ тыңдаушы да орындай алады. Сондай-ақ тілден дайындығы нашар тыңдаушы ойында бірінші болуы да мүмкін: кей жағдайда ойынды өткізу кезінде пәндік білімнен гөрі тапқырлық пен зеректік маңыздырақ болуы мүмкін.
Өзара теңдік сезімі, тапсырманы орындай алу сезімі, қуаныш және еліктеушілік атмосферасы – осының бәрі оқушының сенімін арттырады ұялшақтық, жасқаншақтық сезімдерін жеңе білу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Ойын әрекеттері арқылы тыңдаушы материалды еркін меңгеріп кетеді және тыңдаушы бойында өзіне, өз ісіне риза болу сезімі қалыптасады.
Оқыту үдерісіндегі ойын қызметі мынадай функцияларды орындайды: оқыту, қарым-қатынастық, релаксациялық, психологиялық, дамытушылық.
Дидактикалық ойындарды сабақта қолдануда жүйелілік, нақтылық, алынған білімді кеңейту ұстанымдары сақталады. Осы арқылы тыңдаушылардың сөйлеу тілі мен ойлау дағдысы дамиды.
Ойынды түрлі мазмұндағы сабақтардың қорытынды бөлімінде, жалпы тексеру кезінде өткізу тиімді.
Ойынның дидактикалық маңызы:
-
ойын тыңдаушының логикалық ойлау қабілетін дамытады;
-
ойын тыңдаушының әр түрлі жағдайларын түсініп, оны шешу жолдарын іздестіруде өз бетінше ізденімпаздық қабілеттерін дамытады;
-
ойын тыңдаушының оқуға құлшынысын, белсенділігін, қызығушылығын арттырады;
-
ойын тыңдаушының алуан түрлі дағды, шеберліктерін шыңдайды;
-
ойын тыңдаушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, байқағыштыққа баулиды;
-
ойын тыңдаушының дүниетанымын кеңейтеді;
-
ойын тыңдаушының шығармашылық қабілетін шыңдайды;
-
ойын тыңдаушыларға өз пікірін еркін айта білуге үйретеді;
-
ойын арқылы тыңдаушылар өз шешімін нақты дәлелдермен қорғай білуге үйренеді;
-
ойын арқылы берілген тапсырманы орындауға өз жауапкершілігін сезінеді;
-
ойын тыңдаушының ойлау еркіндігі мен тұрақты ойлау қызығушылығын қалыптастырады;
-
ойын барысында тыңдаушылар өз көзқарасын, өз пікірін қорғауға дайын болады;
-
ойын оқытушы мен тыңдаушының кең ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды.
Ойын элементтерін қазақ тілінен морфологияны оқыту үдерісіне кеңінен пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға болады.Ол тыңдаушылардың сабаққа ынта – ықыласын арттырып, танымдылық белсенділігін арттыруда ерекше қызмет атқарады.
Жалпы, грамматикалық ойындардың маңызы – тыңдаушының дербестігін, ойлау және сөйлеу белсенділігін дамытатындығында.
Зат есім
Қай топ тез? (Жарыс ойыны)
Ойын шарты: бастаушы тақтаны екіге бөліп сызады да, тақтаның бір бөлігіне жалпы есім, екінші бөлігіне жалқы есім деп жазып қояды. Тыңдаушыларды екі топқа бөліп, олардың әр бөлікке 10 мысалдан жазуы тапсырылады. Әр топтан бір-бір тыңдаушы кезекпен шығып, тиісті мысалдарын тез-тез жазуға тырысады. Қай топ әрі жылдам,әрі дұрыс орындап шықса, сол топ жеңіске жетеді.
Жалпы (нарицательные)
|
Жалқы (собственные)
|
Бала, адам, қала, дала
|
Айбек, Қарағанды, Балдырған
|
|
|
|
|
|
|
Сөздер тізбегі
Тақтаға немесе алдын-ала қағазға жазып дайындалған зат есім беріледі. Осы сөзден жаңа зат есімдер жазу тапсырылады, ал келесі зат есім жаңа зат есімнің соңғы дыбысынан басталуы керек. Зат есімдер жалғаусыз, жекеше түрде және жалпы зат есім болуы керектігі ескертіледі. Тапсырманы қатар бойынша немесе жеке оқушыларға жүргізуге болады. Белгілі бір уақытта мағыналы көп сөздер жазған қатар не оқушы жеңімпаз болып табылады.
Үлгі: қуаныш – шара - ақыл – лауазым – мақсат – талап – парыз...
(арман, нан, нағашы, Ырыскүл, Ләззат, тапанша)
Кім көп біледі?
Тыңдаушыларға түбір зат есімдер беріледі. Осы түбір сөздердің әрқайсысына белгілі бір уақыт аралығында бірнеше түбірлес зат сөздер ойлап жазу тапсырылады.
Үлгі: Хабар – хабаршы – хабарлама – хабарландыру
Адам, бас, дәрі, кәсіп...
Сын есім
Жылдам жауап
(жарыс ойын)
Бастаушы тақтаға:
Қандай оқушы? Қандай шаш? Қандай ғимарат?
Тәртіпті,алғыр, Ұзын, әдемі, қара, биік, жаңа, көрікті,
Ақылды, білімді, қоңыр, қысқа... ескі, заманға сай,
әдемі, ұстамды
деген сұрақтар жазады.Оқушылар түрлі сын есімдерді қолдана отырып, сұраққа лайық жылдам беріп, көп сын есімдер тауып айту шарт.
Бір сөзбен қалай дейді?
Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейтін ауызша грамматикалық ойын. Бастаушы айтып тұрады, ойыншылар бір сөзбен жауап береді.Жауаптағы жекелеген сын есімдердің антонимдерін табу.
1.Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шебер адам? (шешен)
2.Айтқанға сене салатын,еш нәрсе байыптап байқамайтын адам? (аңқау)
3.Тез ашуланатын адам? (ашуланшақ)
4.Жан аямай жұмысты жақсы, сапалы істейтін адам?(еңбекқор)
5.Ата-ананың бірінші баласы? (тұңғыш)
6.Керексіз көп сөйлейтін адам? (мылжың)
7.Білгенін дұрыстап айта алмай, жаңыла беретін адам? (ұмытшақ)
8.Көрінгенге соқтыға беретін бала? (сотқар)
9.Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам? (өсекші)...
Ойна да ойла
1.Оңынан да солынан да бірдей оқылатын сын есімдерді тап (ірі,көк,қызық...)
2.Құрамында 3 «а» кездесетін туында сын есімді тап (аласа...)
3.Бір буыннан ғана құралған қандай сын есімдер бар? (көк, боз...)
4.Құрамында 3 «т» әрпі келетін негізгі сын есімі айт (тәтті...)
5.Сөз ішінде қосарлы дауыссыз дыбыстары бар сын есімдерді тап (қатты...)
Сан есім
Кім білгір?
Мақал-мәтелдер құрамында түсіріліп айтылған сан есімдерді тауып, оларды мағынасына, құрамына қарай талдау.
1. Қызға ... үйден тию.
2.... жасар бала алыстан келсе, ... қария сәлем берер.
3.... баланың ортасындағы шал бала болады,
... шалдың ортасындағы бала дана болады.
4....ала болса ауыздағы кетеді,
...түгел болса,төбедегі келеді.
5.Білекті ... жығар,
Білімді ... жығар.
6.Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
Еменнің иілгені сынғаны.
7....рет өлшеп,... рет кес.
Есімдік
Бұл қай есімдіктер?
(жұмбақ сұрақ)
1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік – есімдіктің қай түрі ? (Біз)
2.Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (сұрау)
3.Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды,
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікке қарамайды. (жалпылау)
4.Көрсетіп, нұсқап тұрады (сілтеу)
5.Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданады.(белгісіздік)
6.Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.(болымсыздық есімдігі)
Етістік
Тұйық етістіктерді кім көп табады?
Біліп ал
Мұғалім мәтін оқиды.Тыңдаушылар ішінен тұйық етістіктерді қатысты сөздерімен бірге жазып отырады.Жекелеген тыңдаушылар тұйық етістіктердің мағынасына түсінік береді.
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті. Сәлемдесу әдептіліктің адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Кішінің үлкенге сәлем беруі. Ақсақалдың құрмет көруі. Жастың ізетке бөленуі, азаматтың сәлемдемеге сенуі - бұл біздің ата-баба салтымыз, ұлттық ғұрпымыз...
Үстеу
Өзіңді тексер
Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі. Бірінші топқа мәтін ішінен есімдіктерді, ал екінші топқа мәтін ішінен үстеулерді тауып, мағынасына қарай ажырату тапсырылады.
Тышқанның өсиеті. Тышқан баласына оңашада үйретіпті: «адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме»,- деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп майдың иісі шыққан соң, не қылып қойған екен деп қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан үстінде майымен тұр екен. Ойлады: «Қарашы адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын, біз сол қулыққа бола қоямыз ба»,- деп олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:
-
Сөйтсе де, айғай, майы құрғырдың исінің жақсысын - ай, жемесем де кішкентай ғана жақындап иіскеуге болады ғой,- деп бірте-бірте жақындап бара жатқанда, қақпан тарс етіп тышқанды жаншып тастады. (Ы. Алтынсарин)
Одағай
Жан - жануарлар қалай үндейді
Жылқы кісінейді...
Әрі қарай тыңдаушылардың өздеріне осылайша аңдардың, құстардың қалай дыбысталатыны айту тасырылады.
Ал енді малды суға кім шақыра алады? Оны да біліп ал.
Жылқыны қырау-қырау. Мысықты кіс-кіс...
Шылау
Синонимдес шылаулар
Бастаушы тақтаға таман, тарта, сияқты, жөнінде, және шылауларын жазып, сөйлем құрауды тыңдаушыларға тапсырады.
Белгіленген мөлшерде лайықты мысал тауып айтқан тыңдаушы мадақталады.
Еліктеуіш
Кім тез табады?
Төмендегі үзіндіден кім еліктеуіш сөзді тез табады?
Мақтауға есіріп, барынша көсіліп,
Ырғалып қар етті,
Ірімшік жерге салп етті
Тап етті, шап етті,
Ап кетті қу түлкі. (Крылов. Абай)
Ойлан тап ойыны
Қолын қапшық - қалтаға салып сипаттайды
-
Бұл не?
-
Неден жасалған?
-
Онымен не істеуге болады?
-
Қатты ма әлде жұмсақ па?
-
Ұзын ба әлде қысқа ма?
-
Не үшін пайдалануға болады?
-
Жеп көрдіңіз бе?
-
Дәмі қандай екен?
-
Кімнің кабинетінде бұл зат бар?
Сұрақ қойылып біткен соң қапшықтағы затты алып шығып көрсетіп айтқаны дұрыс па екенін дәлелдейді.
Көрнекіліктермен жұмыс
Тіл үйренушілерге кез келген тақырыптың мазмұнына сәйкес келетін сурет ұсынылады. Топ төмендегідей тапсырмаларды орындайды;
-
сурет мазмұнына қатысты бірнеше зат есімді жазады.
-
әр зат есімге қатысты сын есімдермен сан есімдер тізімін береді.
Мысалы, тақырып «Отбасы». Үйренушілер әке, шеше, туыс деген зат есімдерге қатысты сын есімдер ((үлкен, кіші) және жасына байланысты (он жаста, жасы он сегізде) сөздер тізімін жасайды
-
осы тақырыпқа байланысты етістіктер тізімін де береді
Тапсырмалар
-
суретті көріністерге мәтін құру.
-
суретте көргенін өзгертіп, дамытып, толықтырып мәтін жазу.
Адамдардың келбетін суреттеу
Дайындық жұмысы.
Адамның түр сипаты, бет – жүзі бейнеленген суреттер іріктеп алынады, оны ақ қағазға жапсырады, сурет қыздар мен ұлдардың және сәбилердің, адамдардың кескін келбетін салған журналдардан немесе газет қиындыларынан жинақталады.Үйренушінің міндеті: әрбір тіл үйренуші ұсынылған суретті алып, ұзақ, жеке бөлшектерін жеткілікті баяндайды. Жазуға 10 минут уақыт беріледі. Оқытушы суреттерді жинап алып тақтаға іледі.
Әр үйренуші кезекпен өзі жазған мәтінін оқиды, ал бір үйренуші досының жазған мәтіні бойынша оған тақырып не тақырыпша ойлап табады.
Суреттеме
Тіл үйренушілер бірін – бірі жақсы тану үшін өзді өзіне портрет жазады. Ол үшін бір үйренуші келесі бір үйренушіден интервью алады.
Мынадай сұрақтар қамтылған:
-
әр адамның жеке дара қасиеті,
-
қызығушылығы
-
қолынан келетін өнері
-
өміріндегі жетістіктер мен нәтижелері
-
талабы мен қабілеті
-
мінез – құлқы
Осы мәліметтерді қолданып мәтін құрайды.
Мысалы: Ол - 19 жаста. Ұзын бойлы, әдемі қыз. Өмірдегі жетістіктері өте көп. Тіл сабақтарын тез меңгереді. Жасынан оны қызықтыратын нәрсе – кітап оқу
Осындай әр түрлі суреттемелер оқылып болғаннан кейін, үйренушілер бір-бірінің қатесін түзейді
Оқыған әңгіме, суреттеме, мақалаға сұхбат құру
Үйренушінің қызығушылығын тудыру үшін өзі оқыған әңгімеге не шағын мәтінге сұхбат жазу тапсырмасы ұсынылады. Ұсынылған әңгіме үйренушінің қажетіне сай қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Ол үшін төмендегі түрде нұсқаулар беріледі:
-
оқыған әңгімеңіз туралы досыңызбен бірге сұхбат құрыңыз;
-
сіз оқыған әңгімені ол оқымаған деп санаңыз да оған түсіндіріңіз.
Сіздің сұхбатыңыздың мазмұны сол кітаптың (мақаланың, әңгіменің) авторы, кейіпкері, тақырыбы, құрылымы қамтылатындай болуы керек
Бұл тапсырманы орындау үшін мынаны ескерген жөн:
-
Оқылған әңгіме жайлы сұрақтар тізімін жазу
-
Осы сұрақтарға байланысты досыңыз бен сіздің араңыздағы сұхбат
түріндегі үлгіде диалог құрылуы керек;
Үлгі:
-
Мен бір қызықты әңгіме оқыдым
-
Оны кім жазған?
-
әңгімені жас жазушы жазған
-
әңгіменің тақырыбы не?
-
«Достар»
Мамандық
Параққа бір тақырып жазылады, ал үйренуші оны дамытып, мәтін құрайды;
Мысалы;
қаржы, қаржыгер (сөз таңдау)
білімді қаржыгер, жақсы қаржыгер (сөз тіркесі)
Қаржыгерлер банкте жұмыс істейді. (сөйлем)
мәтін, сұхбат, әңгіме.
Сүйікті сөздер
Тақтаға өзіңіз жақсы көретін сөзді жазыңыз. Тыңдаушыларға бұл сөзді неге жақсы көретініңізді, түсіндіріңіз. Сізге бұл сөз неге ұнайды; мүмкін әуезді дыбысталады; мүмкін өте ұнайтын сөз шығар; мүмкін бұл сөз сіздің достарыңызды, қызықты оқиғаны , мезгілді, есте ұзақ сақталып қалған қызықты кезеңді еске түсіретін шығар.
Басқа варианты: сізге ұнайтын сөз бар ма, түсіндіріңіз?
Мысалы: туған күн немесе үйлену тойы. Бұл сөзді жақсы көретін себебім көп сыйлық, жақсы тілек есту, достарымыз жиналады, қызықты оқиғалармен, өлең, би т.б байланысты.
«Әріптесім қандай?» ойыны
Тақтаға әріптестеріміздің суреті ілінеді. Екі командадан екі тыңдаушы шығып, әріптестерін әңгімелейді.
Шарт: сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін
ажырату. Бір команда сөйлеміндегі сын есімдерді 2- команда тауып отырады.
Сергіту кезеңі: Ұлттық дәстүрлерімізге байланысты әндер немесе халық әндерін орындау.
«Қандай сан?»
Тақтаға бірнеше/ Мысалы:1 2,
11 22
1.Второй, шестой 111 222
1.111 2.222
11.111 22.222
2. Первый, пятый 111.100 222.200
1989 жыл 1999 жыл.
сан есімдерді жазамыз.
Шарт: Екі командадан екі тыңдаушы шығып,үндемей жылдам сандарды қатесіз жазып , дұрыс оқып береді.
Сергіту кезеңі: Сандардың түрлерін айтып беру
«Егер/если/, онда /тогда/» ойыны
Бұл ойында екі командадан екі тыңдаушы шығады.
Шарт: Олар бір бірінің құлағына «егер» деген сөзден басталатын сөйлем айтады, ал екінші команданың тыңдаушы сы «онда» деген сөзбен жалғастырады.
«Досым қандай?» ойыны.
Тақтаға әріптестерінің суреті ілінеді. Екі командадан екі тыңдаушы шығып, досынның қасиеттерін әңгімелейді.
Шарт:сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін ажырату, /сын және сапа/. Бір команда достарының /сын есімдерді,сын жағын жылдам айтып береді/, ал екінші команда /сын есімдерді,сапа жағын жылдам тауып отырады/.
Сергіту кезеңі: Ұлттық дәстүрлерімізгі байланысты достар, туралы ән шырқау.
«Мақал мәтел»ойыны.
Екі командадан екі тыңдаушы шығып мақал – мәтелдің бірінші жолын айтып береді.
Шарт: Ал мақал – мәтелдің екінші жолын басқа тыңдаушы жалғастырады.
Сергіту кезеңі: Мақал – мәтелдер міндетті түрде қазақ тілінде және орыс тілінде толық жатқа айтып беру.
«Кім жылдам?» ойыны.
Бұл ойын «Жуан және жіңішке дыбыс» тақырыбын өткен кезде сөздерде дауысты дыбыстарды дұрыс ажырата білуге төселдіру үшін пайдаланады.
Шарт: Тақтаға 9 тор сызамыз.Кім жылдам жуан дауысты дыбыстарды, кейін жіңішке дауысты дыбыстарды жазып үлгереді.
Сергіту кезеңі: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды жылдам табу.
Зат есім
Қай топ тез?
Бастауышы тақтаны екіге бөліп сызады да, тақтаны бір бөлігіне жалпы есім, екінші бөлігіне жалқы есім деп жазып қояды. Тыңдаушыларды екі топқа бөліп, олардың әр бөлікке 10 мысалдан жазуы тапсырылады. Әр топтан бір-бір тыңдаушы кезекпен шығып, тиісті мысалдарын тез-тез жазуға тырысады. Қай топ әрі жылдам, әрі дұрыс орындап шықса, сол топ жеңіске жетеді.
Жалпы (нарицательные)
|
Жалқы (собственные)
|
Бала, адам, қала, дала
|
Айбек, Қарағанды, Балдырған
|
|
|
|
|
|
|
Сөздер тізбегі
Тақтаға немесе алдын-ала қағазға жазып дайындалған зат есім беріледі. Осы сөзден жаңа зат есімдер жазу тапсырылады, ал келесі зат есім жаңа зат есімнің соңғы дыбысынан басталуы керек.
Зат есімдер жалғаусыз, жекеше түрде және жалпы зат есім болуы керектігі ескертіледі. Тапсырманы қатар бойынша немесе жеке тыңдаушыларға жүргізуге болады. Белгілі бір уақытта мағыналы көп сөздер жазған қатар не оқушы жеңімпаз болып табылады.
Үлгі: қуаныш – шара - ақыл – лауазым – мақсат – талап – парыз...
(арман, нан, нағашы, Ырыскүл, Ләззат, тапанша)
Кім көп біледі?
Тыңдаушыларға түбір зат есімдер беріледі. Осы түбір сөздердің әрқайсысына белгілі бір уақыт аралығында бірнеше түбірлес зат сөздер ойлап жазу тапсырылады. Үлгі: Хабар – хабаршы – хабарлама – хабарландыру
Адам, бас, дәрі, кәсіп...
Сын есім
Жылдам жауап
Бастауышы тақтаға:
Қандай оқушы? Қандай шаш? Қандай ғимарат?
Тәртіпті,алғыр, Ұзын, әдемі, қара, биік, жаңа, көрікті,
Ақылды, білімді, қоңыр, қысқа... ескі, заманға сай,
әдемі, ұстамды
деген сұрақтар жазады. Тыңдаушылар түрлі сын есімдерді қолдана отырып, сұраққа лайық жылдам , көп сын есімдер тауып айту шарт.
Бір сөзбен қалай дейді?
Тыңдаушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейтін ауызша грамматикалық жаттығу. Бастаушы айтып тұрады, тыңдаушылар бір сөзбен жауап береді.
1.Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шебер адам? (шешен)
2.Айтқанға сене салатын,еш нәрсе байыптап байқамайтын адам? (аңқау)
3.Тез ашуланатын адам? (ашуланшақ)
4.Жан аямай жұмысты жақсы, сапалы істейтін адам?(еңбекқор)
5.Ата-ананың бірінші баласы? (тұңғыш)
6.Керексіз көп сөйлейтін адам? (мылжың)
7.Білгенін дұрыстап айта алмай, жаңыла беретін адам? (ұмытшақ)
8.Көрінгенге соқтыға беретін бала? (сотқар)
9.Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам? (өсекші)...
Ойна да ойла
1.Оңынан да солынан да бірдей оқылатын сын есімдерді тап (ірі,көк,қызық...)
2.Құрамында 3 «а» кездесетін туында сын есімді тап (аласа...)
3.Бір буыннан ғана құралған қандай сын есімдер бар? (көк, боз...)
4.Құрамында 3 «т» әрпі келетін негізгі сын есімі айт (тәтті...)
5.Сөз ішінде қосарлы дауыссыз дыбыстары бар сын есімдерді тап (қатты...)
Сан есім
Мақал-мәтелдер құрамында түсіріліп айтылған сан есімдерді тауып, оларды мағынасына, құрамына қарай талдау.
1. Қызға ... үйден тию.
2.... жасар бала алыстан келсе, ... қария сәлем берер.
3.... баланың ортасындағы шал бала болады,
... шалдың ортасындағы бала дана болады.
4....ала болса ауыздағы кетеді,
...түгел болса,төбедегі келеді.
5.Білекті ... жығар,
Білімді ... жығар.
6.Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
Еменнің иілгені сынғаны.
7....рет өлшеп,... рет кес.
Есімдік
1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік – есімдіктің қай түрі ? (Біз)
2.Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (сұрау)
3.Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды,
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікке қарамайды. (жалпылау)
4.Көрсетіп, нұсқап тұрады (сілтеу)
5.Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданады.(белгісіздік)
6.Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.(болымсыздық есімдігі)
Етістік
Тұйық етістіктерді кім көп табады?
Біліп ал
Мұғалім мәтін оқиды.Тыңдаушылар ішінен тұйық етістіктерді қатысты сөздерімен бірге жазып отырады.Жекелеген тыңдаушылар тұйық етістіктердің мағынасына түсінік береді.
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті. Сәлемдесу әдептіліктің адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Кішінің үлкенге сәлем беруі. Ақсақалдың құрмет көруі. Жастың ізетке бөленуі, азаматтың сәлемдемеге сенуі - бұл біздің ата-баба салтымыз, ұлттық ғұрпымыз...
Үстеу
Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі. Бірінші топқа мәтін ішінен есімдіктерді, ал екінші топқа мәтін ішінен үстеулерді тауып, мағынасына қарай ажырату тапсырылады.
Тышқанның өсиеті. Тышқан баласына оңашада үйретіпті: «адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме»,- деп. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп майдың иісі шыққан соң, не қылып қойған екен деп қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан үстінде майымен тұр екен. Ойлады: «Қарашы адамның ақылсыздығын, ағаштан қақпан ғана істеп, үстіне май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын, біз сол қулыққа бола қоямыз ба»,- деп олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:
-
Сөйтсе де, айғай, майы құрғырдың исінің жақсысын - ай, жемесем де кішкентай ғана жақындап иіскеуге болады ғой,- деп бірте-бірте жақындап бара жатқанда, қақпан тарс етіп тышқанды жаншып тастады. (Ы. Алтынсарин)
Одағай
Жылқы кісінейді...
Әрі қарай тыңдаушылардың өздеріне осылайша аңдардың, құстардың қалай дыбысталатыны айту тасырылады.
Ал енді малды суға кім шақыра алады? Оны да біліп ал.
Жылқыны қырау-қырау. Мысықты кіс-кіс...
Шылау
Бастаушы тақтаға таман, тарта, сияқты, жөнінде, және шылауларын жазып, сөйлем құрауды тыңдаушыларға тапсырады.
Белгіленген мөлшерде лайықты мысал тауып айтқан тыңдаушы мадақталады.
Еліктеуіш
Төмендегі үзіндіден кім еліктеуіш сөзді тез табады?
Мақтауға есіріп, барынша көсіліп,
Ырғалып қар етті,
Ірімшік жерге салп етті
Тап етті, шап етті,
Ап кетті қу түлкі. (Крылов. Абай)
Ойлан тап
Қолын қапшық - қалтаға салып сипаттайды
-
Бұл не?
-
Неден жасалған?
-
Онымен не істеуге болады?
-
Қатты ма әлде жұмсақ па?
-
Ұзын ба әлде қысқа ма?
-
Не үшін пайдалануға болады?
-
Жеп көрдіңіз бе?
-
Дәмі қандай екен?
-
Кімнің кабинетінде бұл зат бар?
Сұрақ қойылып біткен соң қапшықтағы затты алып шығып көрсетіп айтқаны дұрыс па екенін дәлелдейді.
Көрнекіліктермен жұмыс
Тіл үйренушілерге кез келген тақырыптың мазмұнына сәйкес келетін сурет ұсынылады. Топ төмендегідей тапсырмаларды орындайды;
-
сурет мазмұнына қатысты бірнеше зат есімді жазады.
-
әр зат есімге қатысты сын есімдермен сан есімдер тізімін береді.
Мысалы, тақырып «Отбасы». Үйренушілер әке, шеше, туыс деген зат есімдерге қатысты сын есімдер ((үлкен, кіші) және жасына байланысты (он жаста, жасы он сегізде) сөздер тізімін жасайды
-
осы тақырыпқа байланысты етістіктер тізімін де береді
Тапсырмалар
-
суретті көріністерге мәтін құру.
-
суретте көргенін өзгертіп, дамытып, толықтырып мәтін жазу.
Адамдардың келбетін суреттеу
Дайындық жұмысы.
Адамның түр сипаты, бет – жүзі бейнеленген суреттер іріктеп алынады, оны ақ қағазға жапсырады, сурет қыздар мен ұлдардың және сәбилердің, адамдардың кескін келбетін салған журналдардан немесе газет қиындыларынан жинақталады.Үйренушінің міндеті: әрбір тіл үйренуші ұсынылған суретті алып, ұзақ, жеке бөлшектерін жеткілікті баяндайды. Жазуға 10 минут уақыт беріледі. Оқытушы суреттерді жинап алып тақтаға іледі.
Әр үйренуші кезекпен өзі жазған мәтінін оқиды, ал бір үйренуші досының жазған мәтіні бойынша оған тақырып не тақырыпша ойлап табады.
Суреттеме
Тіл үйренушілер бірін – бірі жақсы тану үшін өзді өзіне портрет жазады. Ол үшін бір үйренуші келесі бір үйренушіден интервью алады.
Мынадай сұрақтар қамтылған:
-
әр адамның жеке дара қасиеті,
-
қызығушылығы
-
қолынан келетін өнері
-
өміріндегі жетістіктер мен нәтижелері
-
талабы мен қабілеті
-
мінез – құлқы
Осы мәліметтерді қолданып мәтін құрайды.
Мысалы: Ол - 19 жаста. Ұзын бойлы, әдемі қыз. Өмірдегі жетістіктері өте көп. Тіл сабақтарын тез меңгереді. Жасынан оны қызықтыратын нәрсе – кітап оқу
Осындай әр түрлі суреттемелер оқылып болғаннан кейін, үйренушілер бір-бірінің қатесін түзейді
Оқыған әңгіме, суреттеме, мақалаға сұхбат құру
Үйренушінің қызығушылығын тудыру үшін өзі оқыған әңгімеге не шағын мәтінге сұхбат жазу тапсырмасы ұсынылады. Ұсынылған әңгіме үйренушінің қажетіне сай қызығушылығын тудыратындай болуы керек. Ол үшін төмендегі түрде нұсқаулар беріледі:
-
оқыған әңгімеңіз туралы досыңызбен бірге сұхбат құрыңыз;
-
сіз оқыған әңгімені ол оқымаған деп санаңыз да оған түсіндіріңіз.
Сіздің сұхбатыңыздың мазмұны сол кітаптың (мақаланың, әңгіменің) авторы, кейіпкері, тақырыбы, құрылымы қамтылатындай болуы керек.
Бұл тапсырманы орындау үшін мынаны ескерген жөн:
-
Оқылған әңгіме жайлы сұрақтар тізімін жазу.
-
Осы сұрақтарға байланысты досыңыз бен сіздің араңыздағы сұхбат
түріндегі үлгіде диалог құрылуы керек;
Үлгі:
-
Мен бір қызықты әңгіме оқыдым
-
Оны кім жазған?
-
әңгімені жас жазушы жазған
-
әңгіменің тақырыбы не?
-
«Достар»
Мамандық.
Параққа бір тақырып жазылады, ал үйренуші оны дамытып, мәтін құрайды;
Мысалы;
қаржы, қаржыгер (сөз таңдау)
білімді қаржыгер, жақсы қаржыгер (сөз тіркесі)
Қаржыгерлер банкте жұмыс істейді. (сөйлем)
мәтін, сұхбат, әңгіме.
Сүйікті сөздер.
Тақтаға өзіңіз жақсы көретін сөзді жазыңыз. Тыңдаушыларға бұл сөзді неге жақсы көретініңізді, түсіндіріңіз. Сізге бұл сөз неге ұнайды; мүмкін әуезді дыбысталады; мүмкін өте ұнайтын сөз шығар; мүмкін бұл сөз сіздің достарыңызды, қызықты оқиғаны , мезгілді, есте ұзақ сақталып қалған қызықты кезеңді еске түсіретін шығар.
Басқа варианты: сізге ұнайтын сөз бар ма, түсіндіріңіз?
Мысалы: туған күн немесе үйлену тойы. Бұл сөзді жақсы көретін себебім көп сыйлық, жақсы тілек есту, достарымыз жиналады, қызықты оқиғалармен, өлең, би т.б байланысты.
«Әріптесім қандай?»
Тақтаға әріптестеріміздің суреті ілінеді. Екі
командадан екі тыңдаушы шығып, әріптестерін әңгімелейді.
Шарт: сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін
ажырату. Бір команда сөйлеміндегі сын есімдерді 2 -
команда тауып отырады.
«Қандай сан?»
Тақтаға бірнеше/ Мысалы:1 2,
11 22
1.Второй, шестой 111 222
1.111 2.222
11.111 22.222
2. Первый, пятый 111.100 222.200
1989 жыл 1999 жыл.
сан есімдерді жазамыз.
Шарт: Екі командадан екі тыңдаушы шығып,үндемей жылдам сандарды қатесіз жазып , дұрыс оқып береді.
«Егер, онда»
Екі тыңдаушы шығады.
Шарт: Олар бір бірінің құлағына «егер» деген сөзден басталатын сөйлем айтады, ал екінші команданың тыңдаушысы «онда» деген сөзбен жалғастырады.
«Досым қандай?»
Тақтаға әріптестерінің суреті ілінеді. Екі командадан екі тыңдаушы шығып, досынның қасиеттерін әңгімелейді.
Шарт:сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін ажырату, /сын және сапа/. Бір команда достарының /сын есімдерді,сын жағын жылдам айтып береді/, ал екінші команда /сын есімдерді,сапа жағын жылдам тауып отырады/. .
«Мақал мәтел»
Екі командадан екі тыңдаушы шығып мақал – мәтелдің бірінші жолын айтып береді.
Шарт: Ал мақал – мәтелдің екінші жолын басқа тыңдаушы жалғастырады.
«Кім жылдам?»
1)«Жуан және жіңішке дыбыс» тақырыбын өткен кезде сөздерде дауысты дыбыстарды дұрыс ажырата білуге төселдіру үшін пайдаланады.
Шарт: Тақтаға 9 тор сызамыз.Кім жылдам жуан дауысты дыбыстарды, кейін жіңішке дауысты дыбыстарды жазып үлгереді.
2) А әріпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңыздар.
Мысалы: Астана, Алматы...
3) Адасқан әріптер р, о, б – бор, қ, а, ы, қ, з – қазық
«Танысу»
1) Әркім ойша белгілі бір адамның өмірін таңдайды. Мысылы: менің атым Роза Ырымбаева. Мен қазақпын. Алматыда тұрамын. Қазақ әндерін жақсы көремін. ....................................................
2)Тіл үйренуші Роза Ырымбаеваны топқа таныстырады ..........................................................................................
Зат есім
Үй, пәтер бойынша бір затты таңдайды. Сосын осы заттың атынан тыңдаушы сөйлейді. Мысылы: Мен гүлмін. Адамдар мені жақсы көреді...................................................
Кездесу тақырыбына
Оқытушы: кеше мен біреуді кездестрдім.
Ол адам жұмысқа асығып бара жатыр екен................................................................................................................................................................
Мақсат мамандық атауларын айтқызу.
Етістік
Қағазға тыңдаушылар бір-біріне нені жақсы көрмейтінін жазады. Оған жаныда отырған тыңдаушы қарсы сұрақ қояды.
Мысалы: Мен ашшы салатты жақсы көрмеймін............................................................................................
Кім миллион алады?
І-кезең
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
а. 33
ә. 42
б. 27
в. 45
2. «Тайға таңба басқандай» тіркесінің мағынасы
а. үлкейту
ә. анық
б. қорқу
в. шошыну
4. ҚР үшінші астанасы
а. Қызылорда
ә. Астана
б. Орынбор
в. Алматы
5. «Қой аузынан шөп алмас» тіркесінің мағынасы
а. дөрекі
ә. жуас
б. әдемі
в. жылдам
6. Елтаңбаның ортасында не орналасқан?
а. Қанатты пырақтар
ә. Ою - өрнек
б. Бес бұрышты жұлдыз
в. Шаңырақ
7. ҚР Мемлекеттік Туының түсі
а. Көк
ә. Ақ
б. Қызыл
в. Көгілдір
8. Әнұранның авторы
а. Латиф Хамиди
ә. Евгений Брусиловский
б. Шәмші Қалдаяқов
в. Әсет Бейсеуов
9. «Жақсы адамның ашуы жібек орамал кепкенше, ...» мақалын жалғастырыңыз
10. «Дымың ішіңде болсын» тіркесінің мағынасы
а. тату
ә. күту
б. ұялу
в. айтпа
ІІ-кезең
1. «Зығырданы қайнау» тіркесінің мағынасы
а. ұялу
ә. ашулану
б. күту
в. қорқу
2. «Екі көзі төрт болу» тіркесінің мағынасы
а. шошыну
ә. қорқу
б. күту
в. үлкейту
3. «Он саусағынан өнер тамған» тіркесінің мағынасы
а. жуас
ә. әдемі
б. дөрекі
в. шебер
4. ҚР Мемлекеттік Туының ортасында
а. Қанатты пырақтар
ә. Шаңырақ
б. Уықтар
в. Шұғылалы күн
5. «Екі езуі екі құлағында» тіркесінің мағынасы
а. ұқсау
ә. күту
б. қуану
в. ұялу
6. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының түсі
а. сары түсті
ә. жасыл түсті
б. қоңыр түсті
в. алтын түсті
7. Әнұранның авторы
а. Жұмекен Нәжімеденов
ә. Мұзафар Әлімбаев
б. Мұхтар Шаханов
в. Тұманбай Молдағалиев
8. «Көз - қорқақ, ...» мақалын жалғастырыңыз
а. бас - ақылды
ә. қол - батыр
б. көп қорқытады
9. «Кірерге жер таппау» тіркесінің мағынасы
а. қорқу
ә. күту
б. Атырау
в. ұялу
10. «Аяғына қарап асын іш, ...» мақалын жалғастырыңыз
ІІІ-кезең
1. Төмендегі сөздерді кішісінен үлкеніне қарай айтыңыз
2. Төмендегі сөздерді кішісінен үлкеніне қарай айтыңыз
-
Сөз тіркесі
-
Сөз
-
Сөйлем
-
әріп
3. Берілген сөздерді жоғарыдан төмен орналастырыңыз
-
Пионер
-
Комсомол
-
Октябрят
-
Коммунист
4. Берілген сөздерді көлеміне қарай орналастырыңыз
Қазақ тілі бағдарламасын жүргізу
1)Сәлеметсіздер ме?
Біз бүгін зат есімді үйренеміз.
Зат есім дегеніміз.
2) Диктор
Бағдарлама оқиды. Мәнерлеп.
3) Асхана мәзірін дайындау.
Аспаз. Біріншіге..............................................................................
Екіншіге ..........................................................................................
Рөлдік ойындар сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады
Сөйлеуге жаттықтыратын ойындар қарапайым әрі қысқа, қолданылатын тілдік құралдарының ауқымы тар болады. Сөйлеу практикасын ұйымдастыратын ойындар әлдеқайда күрделі, көлемді және тілдік құралдарының ауқымы кең болады.
Ұйымдастыру кезеңдері:
Ойынның мақсаты мен тілдік материалдың мазмұнын анықтау (қандай тілдік материалды қолдануды көздейді? Қандай сөйлеу мақсатын орындауға бағытталады?);
-
ойын сценарийін құру;
-
рөлді бөлу;
-
тіл үйренушілерді психологиялық жағынан дайындау.
Ескертілетін жағдайлар:
-
Тіл үйренушінің психологиялық дайындығын қалыптастыру;
-
Тіл үйренушілер ситуацияны толық қабылдап, өзін еркін сезінуі қажет;
-
Кейбір тіл үйренушілер қозғалыс еркіндігіне ие болуы қажет;
-
Оқытушы да кейбір рөлдерді орындайды;
-
Ойын кезінде қатені түзеуден, аударудан бойды аулақ ұстау қажет;
-
Ойынды ұйымдастыруда өтілетін орынды да өзгерту қажет, орындық, үстелді тіл үйренушілер бір-бірін көретіндей етіп өзгерткен дұрыс.
Өзара сөйлеуге жаттықтыратын ойындар
-
Барлық қатысушылар мына сұрақтарға жауап береді:
-
Қандай белгілі адаммен аралда болғың келеді?
-
Өзіңізбен бірге қандай үш затты алар едіңіз? Неге алар едіңіз?
-
Аралда сізге не жетпес еді?
Бұл ойын бойынша болжалды келер шақ түрлері жаттықтырылады.
Қағазға қатпарлы торттың суретін салу керек. Әр қатпарда уақыт көрсетіледі. “Уақыт”, “Күн тәртібі” тақырыптары жаттықтырылады.
-
Қатысушылар жұп болып жұмыс жасайды. “А” қатысушы – алтын балық, “Б” қатысушы оған үш тілегін айтады. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.
-
Қатысушылар жұп болып жұмыс жасайды. Бір-біріне арқасымен отырады. Бір қатысушы кеше көрген өзге планетадан келушінің портретін сипаттайды. Ал екінші қатысушы оның суретін салады. Мақсат: суреттің дұрыс салынғанын талқылау. Екінші қатысушы суретін топқа сипаттап береді. “Мінез және портрет” тақырыбы қайталанады.
-
Әрбір қатысушы жеребе түрінде өз тобындағы адамдардың есімі жазылған карточканы алады.
Мақсаты: әріптесін сыпайы түрде сынау. Сыналатын адам өзін қорғауы керек. Бірақ адамның дене мүшелері туралы айтуға болмайды. Киім мен зат сынға алынуы керек.
Сөйлеу практикасына арналған ойындар
Қазақ теледидарының кеші
Әрбір қатысушы карточкадан алып дайындалады. Мақсаты: телебағдарламаға қатысу. Мұғалім экран алдында отырады. Диктор телехабарлардың тізімін алып, бағдарлама құрады.
Карточка үлгілері.
1. Сіз теледидар дикторысыз. Сіз бағдарламаны құрып жүргізесіз.
2. Сіз белгілі музыка тобының мүшесісіз. Әр түрлі сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз. Ән айтуды ұмытпаңыз.
3. Сіз “Қазақ тілін үйренейік” бағдарламасын жүргізесіз. Қазақ тілін үйретуге дайындалыңыз.
4. Сіз саяси шолушысыз. Жаңалықты хабарлауға дайындалыңыз.
5. Сіз “Tide”, “Colgate” тіс пастасын жаранамалайсыз. Кез келген бағдарламаны бұза аласыз.
6. Сіз “Бетпе-бет” бағдарламасын жүргізесіз. Экологпен кездесу ұйымдастырыңыз.
7. Сіз “Еркем-ай” бағдараламасын жүргізушісіз. Сіз балалар туралы бағдарлама дайындайсыз.
8. Сіз “Бала тәрбиесі” бағдарламасын жүргізушісіз. Ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз.
9. Сіз “Денсаулық” бағдарламасын жүргізушісіз. Кез келген тақырыпты таңдаңыз.
Астанадағы саяхат
Топ – Астанаға бір күнге келген туристер. Гид саяхаттың жоспарымен таныстырады.
-
Қала бойынша саяхат
-
Мейрамханадағы түскі ас
-
Өнер мұражайына бару
Карточканың үлгілері:
1. Сіз Астанада бірінші ретсіз. Алайда барлығына сынмен қарайсыз. Сондықтан “әдемі, алайда ...”, “бірақ” деген сөздерді жиі айтып, гидтің сөзін жиі бөлесіз.
2.Сіз талғампаз адамсыз. Өзіңізге көбірек көңіл бөлгенді ұнатасыз. Сондықтан гид жауап бере алмайтын сұрақтарды жиі қоясыз. Ал мейрамхана қызметшісінен мәзірде жоқ тамақты сұрайсыз.
3. Сіз Астанада бірнеше рет болдыңыз. Көп нәрсе сізге таныс. Гидтің әңгімесін толықтырыңыз. Мейрамханада тапсырыс беруге көмектесіңіз.
4. Сіз Астанада бірінші ретсіз. Гидтің әңгімесін тыңдайсыз. Ал сөз соңында: “Ал біздің қалада...” деп өз қалаңызбен таныстырасыз.
5. Сізге тамақ та, серуен де ұнайды. Топ мүшелеріне өз әсеріңізді айтыңыз.
6. Сіз шыдамсызсыз. Барған жерде гидтен бұрын сұрақ қоясыз.
7. Сіз топтағы адамдармен жақын танысқыңыз келеді. Олардың жеке өмірі туралы сұрақты көбірек қойыңыз.
«Әріптесім қандай?» ойыны.
Тақтаға әріптестеріміздің суреті ілінеді. Екі
командадан екі тыңдаушы шығып, әріптестерін әңгімелейді.
Шарт: сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін
ажырату. Бір команда сөйлеміндегі сын есімдерді 2 -
команда тауып отырады.
Сергіту кезеңі: Ұлттық дәстүрлерімізге байланысты
әндер немесе халық әндерін орындау.
«Қандай сан?»
Тақтаға бірнеше сан есімдерді жазамыз.
Мысалы:12, 11, 22
1.Второй, шестой 111, 222, 1.111, 11.111, 22.222
2. Первый, пятый 111.100, 222.200
1989 жыл, 1999 жыл.
Шарт: Екі командадан екі тыңдаушы шығып,үндемей жылдам сандардықатесіз жазып , дұрыс оқып береді.
Сергіту кезеңі: Сандардың түрлерін айтып беру
«Егер/если/, онда /тогда/» ойыны
Бұл ойында екі командадан екі тыңдаушы шығады.
Шарт: Олар бір бірінің құлағына «егер» деген сөзден басталатын сөйлем айтады, ал екінші команданың тыңдаушы сы «онда» деген сөзбен жалғастырады.
«Досым қандай?» ойыны.
Тақтаға әріптестерінің суреті ілінеді. Екі командадан екі тыңдаушы шығып, досынның қасиеттерін әңгімелейді.
Шарт:сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін ажырату, /сын және сапа/. Бір команда достарының /сын есімдерді,сын жағын жылдам айтып береді/, ал екінші команда /сын есімдерді,сапа жағын жылдам тауып отырады/.
Сергіту кезеңі: Ұлттық дәстүрлерімізгі байланысты достар, туралы ән шырқау.
«Мақал мәтел»ойыны.
Екі командадан екі тыңдаушы шығып мақал – мәтелдің бірінші жолын айтып береді.
Шарт: Ал мақал – мәтелдің екінші жолын басқа тыңдаушы жалғастырады.
Сергіту кезеңі: Мақал – мәтелдер міндетті түрде қазақ тілінде және орыс тілінде толық жатқа айтып беру.
«Кім жылдам?» ойыны.
Бұл ойын «Жуан және жіңішке дыбыс» тақырыбын өткен кезде сөздерде дауысты дыбыстарды дұрыс ажырата білуге төселдіру үшін пайдаланады.
Шарт: Тақтаға 9 тор сызамыз.Кім жылдам жуан дауысты дыбыстарды, кейін жіңішке дауысты дыбыстарды жазып үлгереді.
Сергіту кезеңі: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды жылдам табу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Н. Құраманова «Мәртебелі сөз» оқулығы
-
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі
-
Г. Камешова, Г. Мұқанова, А. Баякенова, А. Стамбекова «
ҚАЗАҚ ТІЛІ Ресми іскери қарым-қатынаста» оқулығы . Алматы-2004
-
«Қазақ тілін үйренейік» атты ересектерге арналған оқй құралы
Достарыңызбен бөлісу: |