Оқушылардың физикадан және информатикадан білім деңгейін арттырудың басты мақсаты─оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін пысықтау, пәнге деген қызығушылықтарын тудырудың бірнеше тәсілі бар. Оларға кештер, эстафеталар, үйірме жұмыстарын жүргізу, олимпиадалар өткізу және тағы басқалары жатады.
Ойын түрінде қызғылықты өтетін жарыс оқушылардан мектеп оқулықтарынан тыс қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді талап етеді. Жарысқа бір немесе бірнеше сынып оқушылары қатыса алады. Біздің ойынымыздың өткізілуінің мақсаты оқушылардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілеті мен ой-ұшқырлығын сынау болады. Сыныптан тыс жұмыс жүргізудің бір түрі танымдық ойын кештерін өткізу. Төменде осындай бір ойын кешінің жоспарын ұсынамыз. Ойын “Қызықты екі ғылым... ” деп аталады.
І-жүргізуші
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Кешімізді бастайық.
ІІ-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.
І-жүргізуші : Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Қызықты екі ғылым...» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңідер!
ІІ-жүргізуші: Біз бүгінгі кешімізді 9-11-ші сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға әрбір сыныптан бір-бір командадан қатынасып отыр. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз. Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 9 кезеңнен тұрады.
-
Сәлемдесу.
-
Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.
-
Формула сыры.
-
Қонақтарға жұмбақ.
-
Физика заңдарын білесіз бе?
-
Сиқырлы пернелер.
-
Тұрақты шамалар.
-
Кім тапқыр?
-
Шешендік (Капитандар сайысы).
І-жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты төрешілдер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.
{Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады. Әр топ өзін таныстырып, өз атауын айтады. }
ІІ-жүргізуші:
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.
2-кезең. Шамаға немесе құбылысқа сипаттама.
Әрбір топқа сұрақтар кезек-кезек беріледі. Топ өз кезегінде жауап бере алмаса, сұрақ қарсыластарын қойылып, келесі сұраққа жауап беру кезегі екінші топта болады.
-
Ақпаратты енгізу құрылғысы.
-
Тербелістердің уақыт бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)
-
Электромагниттік толқындар қандай толқындардан тұрады?
-
Электромагниттік толқындарды тәжірибе жүзінде алғаш рет тудырған кім? (Герц)
-
Радионы ойлап тапқан ғалымды ата. (Попов)
-
Бейне кадр кескінін электр сигналдар сериясына түрлендіру қандай прибор көмегімен жүзеге асырылады? (иконоскоп)
-
Телевизиялық радиосигналдар қандай толқын диапазонында ғана жіберіледі?
-
Ақпаратты өңдеу құрылғысы.
-
Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама.
-
Ақпараттың өлшем бірлігі. (байт)
-
Деректерді сақтауға арналған құрылғы.
-
Ақпаратты өңдеу құрылғысы.
-
Дыбыс жазу құрылғысы.
-
Ақпаратты қағаз бетіне шығару құрылғысы.
-
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (тоқ)
3-кезең. Формула сыры.
Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі 10.
Шама
|
Белгіленуі
|
Бірлігі
|
Шама
|
Белгіленуі
|
Бірлігі
|
Күш
|
F
|
Н, Ньютон
|
Жол
|
S
|
м
|
Жылдамдық
|
V
|
м/с
|
Циклдік жиілік
|
|
Гц
|
Жұмыс
|
A
|
Дж
|
Период
|
T
|
С
|
Уақыт
|
t
|
с
|
Толқын ұзындығы
|
|
М
|
Үдеу
|
a
|
м/с2
|
Катушка индуктивтілігі
|
L
|
Гн
|
Кернеу
|
U
|
В
|
Конденсатор сыйымдылығы
|
C
|
Ф
|
Кедергі
|
R
|
Ом
|
Магнит индукциясының векторы
|
|
Тл
|
Қуат
|
N(P)
|
Вт
|
Электр өрісі кернеулігі
|
|
В/м
|
Жиілік
|
|
Гц
|
Толқын ағынының тығыздығы
|
I
|
Вт/м2
|
4-кезең
І-жүргізуші
Ал, құрметті қонақтар енді сіздің білімдеріңізді сынап көрейік.
1-жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4- жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
5- жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
6- жұмбақ.
Күш көбейсе артады,
Аукадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады. (Қысым)
7- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
5-кезең. Физика заңдарын білесіңдер ме?
Механика: Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
Молекулярлық физика: Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделеев-Клапейрон теңдеуі.
Оптика: жарықтың сыну және шағылу заңдары.
Электродинамика: Ом заңы.
Термодинамика: Термодинамиканың 1, 2 заңдары.
Статика: Импульстің сақталу заңы.
6-кезең. Сиқырлы пернелер.
Оқушылар клавиатураның моделін жинайды. (Уақытқа)
7-кезең. Тұрақты шамалар.
Оқушыларға сандық мәндері және атауы жазылған, бөлек-бөлек кесілген қағаздар беріледі. Олар шектелген уақыт ішінде әр шамаға қатысты сәйкес сандық мәнді қояды.
Атауы
|
Мәні
|
Атауы
|
Мәні
|
Больцман тұрақтысы
|
1,38∙10-23Дж/К
|
Жер массасы
|
5,976∙1024кг
|
Жарық жылдамдығы
|
3∙108м/с
|
Гравитация тұрақтысы
|
6, 67∙10-11Н∙м2/кг2
|
Электрон заряды
|
1,6∙10-19Кл
|
Планк тұрақтысы
|
6,63∙10-34Дж∙с
|
8-кезең. Кім тапқыр?
Электролюминесценция.
Мұндай үлкен сөз құралған әріптерді қолданып 2 мин. ішінде сөздер құрастыру. Және қосымша * орнына қалаған әріп қосып, жаңадан үлкен сөз құрастыру.
{Мысалы: Электрон, ор, сол, мол, тор;
* орнына с әріпін алып-эссенция, * орнына а болса-цистерна}
9-кезең. Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып кағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басылары сөз сендерге. Сіздер әр қайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зиянын жайлы сөз айтасыңдар.
{Мысалы}
|
пайдасы
|
зияны
|
Физика
|
Ғарышқа шықтық
|
бомба
|
информатика
|
интернет
|
радиация
|
IV. Қорытынды.
ІІ-жүргізуші: сонымен біздің екі қызықты ғылым туралы кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.
Қонақтардың ішінен белсене қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
№2 Ленинград орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Қызықты екі ғылым...»
Достарыңызбен бөлісу: |