ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
«БЕКІТЕМІН»
КарМТУ ректоры
ҚР ҰҒА академигі
________ ГАЗАЛИЕВ А.М.
« _____» _________ 2015
6М070900 «МЕТАЛЛУРГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА МЕН ТАПСЫРМАЛАР
ММжәне Н кафедрасы
Әзірлегендер: Ст., т.ғ.к. Саркенов Б.Б.
доц., т.ғ.к. Жукебаева Т.Ж.
доц., т.ғ.к. Квон Св. С.
2015
6М070900 «МЕТАЛЛУРГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕР ТІЗІМІ
№ п\п
|
Пәндер атауы
|
Сұрақтар саны
|
1
|
Кристаллография және металлография
|
25
|
2
|
Металлургиялық жылутехника
|
25
|
3
|
Металлургиялық процестерді автоматтандыру
|
25
|
Емтихан жазбаша түрде өткізіледі. Әрбір билет үш сұрақты (бір сұрақ аталған пәндерден) және аталған пәндерден бір есепті құрайды. Есепті шешу, қажетіне қарай автоматтандырылған жобалауға («КОМПАС», «AutoCAD») арналған бағдарламалардың бірінде орындалады. Есептердің үлгі түрлері бағдарламада келтіріледі. Емтиханға дайындалу кезінде тізімде көрсетілген әдебиетті, сонымен қатар қазіргі басылымдық ғылыми –техникалық әдебиетті қолдану ұсынылады.
«Минералогия, кристаллография және металлография» пәні бойынша түсу емтиханының бағдарламасы:
Тақырып 1. Минералогия негіздері.
Тақырып 2. Құрылымды кристаллографияның негізгі ұғымдары мен заңдары.
Тақырып 3. Кристаллхимия негіздері.
Тақырып 4. Металдардың атомды –кристалдық құрылуы.
Тақырып 5. Қорытпалардың құрылуы.
Тақырып 6. Біріншілік кристалдану теориясы.
Тақырып 7. Металдар мен қорытпалардың пластикалық деформациясы.
Тақырып 8. Темір -цементит диаграммасы.
Тақырып 9. Термиялық өңдеу негіздері. Болаттың межелі нүктелері.
Тақырып 10. Болаттар мен шойындардың сипаттамасы. Болаттар мен шойындарды маркалау.
Пән бойынша сұрақтар:
-
«Минерал» ұғымының анықтамасы. Минералдар формуласының түрлері.
-
Минералдардың изоморфизмы мен полиморфизмы.
-
Минералдардың физикалық қасиеттері. Моос шкаласы.
-
Минералдардың шығуы.
-
Трансляция, кеңістікті тор, элементарлы ұяшық.
-
Стенон заңы. Вульф- Брэгг шарты. Бұрыштардың тұрақтылық заңы.
-
Кристаллографиялық проекциялар түрлері.
-
Кристаллографиялық индицирлеу әдісі. Бағыттар мен тораптарды индицирлеу. Жазықтықтарды индицирлеу.
-
Кристалды көпжақтылар симметриясының элементтері.
-
Кристаллографиялық категориялар, сингониялар, симметрия кластары. Симметрия формулалары.
-
Бравэ торы. Базис ұғымы.
-
Металдардың кристалдық торларының типтері. Металдарға тән химиялық байланыс түрі.
-
Біріншілік кристалдану процесі. Чернов кесегі.
-
Металдардың серпімді және пластикалық деформациясы. Қайта кристалдану процесі.
-
Енгізу және орын басудың қатты ерітінділері. Аралық фазалар.
-
Күйдің қос диаграммалары. Түсінік: фаза, компонент, құрылымды құраушы. Кесінділер ережесі. Фаза ережесі. Фаза ережесін қолданумен қорытпаның қисық сууын салу үлгісі.
-
Үштік диаграмманы салу принциптері.
-
Темір - цементит диаграммасындағы компоненттер, фазалар, құрылымды құраушылар.
-
Болаттардың жалпы сипаттамасы. Болаттардағы қоспалар және олардың болат қасиетіне әсер етуі.
-
Болаттарды маркалау. Мысалдар келтіру.
-
Сұр шойындардың жалпы сипаттамасы. Қасиеттері, құрылымы, маркалау.
-
Болаттың межелі нүктелері.
-
Болаттарды термиялық өңдеудің негізгі түрлері.
-
Соғылған шойындардың жалпы сипаттамасы. Қасиеттері, құрылымы, маркалау.
-
Беріктігі жоғары шойындардың жалпы сипаттамасы. Қасиеттері, құрылымы, маркалау.
Әдебиет
1. Шаскольская М.П. Кристаллография, Высшая школа, 2004.
2. Буллах А.Г. Минералогия с основами кристаллографии..:Недра, 2009
3. Лифшиц Б.Г. Металлография,М.: Металлургия, 2009.
4. Захаров А.М. Диаграммы состояния двойных и тройных систем . М.,
Металлургия, 2009. 2
5. Гуляев А.П. Металловедение, М., Металлургия, 2009
6. Келли Р. Кристаллография. М, Высшая школа, 2004
«Металлургиялық жылутехника» пәні бойынша
түсу емтиханының бағдарламасы:
Тақырып 1. Отынның жалпы сипаттамасы.
Тақырып 2. Отынның жануын есептеу.
Тақырып 3. Идеал газ күйінің параметрлері мен теңдеуі.
Тақырып 4. Идеал газ жылусыйымдылығының теориясы.
Тақырып 5. Термодинамиканың бірінші екінші заңдары. Энтальпия және энтропия түсінігі.
Тақырып 6. Жылуөткізгіштік теориясы.
Тақырып 7. Конвективті жылуалмасу теориясы.
Тақырып 8. Жылулық сәулелену теориясы.
Тақырып 9. Металлургиялық пештерді салу кезінде пайдаланатын отқа төзімді және құрылыс материалдар.
Тақырып 10. Пештерді жіктеу. Пештердің жұмыс режимдері.
Пән бойынша сұрақтар:
-
Отынның жанғыш, жұмыс және құрғақ массалары.
-
Отынның жылуфизикалық сипаттамасын сипаттаңыз.
-
Отынның техникалық сипаттамалары.
-
Отынның негізгі құраушыларын сипаттау.
-
Термодинамика түсінігі: жүйе, процесс, параметрлер. Жүйе күйінің теңдеуі.
-
Жылу және жұмыс. Термодинамиканың бірінші заңы. Энтальпия және энтропия. Термодинамиканың екінші заңының негізгі тұжырымдамалары.
-
Термодинамикалық цикл ұғымы. Пайдалы әсер коэффициенті.
-
Идеал газ жылусыйымдылығының теориясы.
-
Түсінік: температуралық өріс, температура градиенті, жылуөткізгіштік коэффициенті.
-
фурье заңы. Шекті шарттар туралы түсінік.
-
І тектегі ш.ш. кезінде түрлі конфигурациядағы қабырғалардың жылуөткізгіштігі.
-
Ньютон-Рихман заңы. Жылу беру коэффициенті.
-
Ұқсастық теориясының негіздері. Ұқсастық теоремалары.
-
ІІІ тектегі ш.ш. кезінде түрлі конфигурациядағы қабырғалардың жылуөткізгіштігі.
-
Конвективті жылуалмасу ұқсастығының саны. Конвективті жылуалмасудың ұқсастық теңдеуі.
-
Жылулық сәулелену процесінің параметрлері.
-
Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары.
-
Денелердің түрлі өзара орналасуы кезіндегі сәулелі жылуалмасудың теңдеуі.
-
Стационарлы емес және III тектің ш.ш. кезіндегі жылуөткізгіштік.
-
Био саны. Термиялық жұқа және термиялық массивті денелер. Будрин номограммалары. Жылуөткізгіштіктің тұрақты режимінің теориясы.
-
Қышқыл отқа төзімді материалдар тобының сипаттамасы.
-
Негізгі отқа төзімді материалдар тобының сипаттамасы.
-
Жылу генерациясының принципі бойынша пештерді жіктеу және сипаттамасы.
-
Металлургиялық пештер жұмысының режимі. Жіктеу және қысқаша сипаттамасы.
-
Пештердің жылу жұмысының көрсеткіштері.
Әдебиет
1. Кривандин В.А., Арутюнов В.А., Мастрюков Б.А. Металлургическая теплотехника. М.2004
2. Гусовский А.Г. Нагревательные устройства. М., Металлургия 2004.
2. Нащокин В.В. Техническая термодинамика и теплопередача. М.2006
3. Лариков Н.И. Теплотехника. М.2001
4. Баскаков А.Л. Теплотехника. М.2008
5. Болгарский А.В. Голубев В.И. Сборник задач по термодинамике и теплопередачи. М. 2009
6. Краснощеков Е.А., Сукомел А.А. Задачник по теплопередаче. М.2009
«Металлургиялық процестерді автоматтандыру» пәні бойынша
түсу емтиханының бағдарламасы:
Тақырып 1. Өлшеу және өлшеу аспаптары туралы негізгі мәліметтер. Температураны автоматтық өлшеуге арналған әдістер мен құралдар.
Тақырып 2. Қысым мен сұйылтуды өлшеуге арналған аспаптар.
Тақырып 3. Газ қоспаларының құрамын өлшейтін әдістер мен құралдар.
Тақырып 4. Ылғалдылықты арналған әдістер мен құралдар.
Тақырып 5. Деңгейді автоматтық бақылауға арналған әдістер мен құралдар.
Тақырып 6. Заттың шығыны мен санын автоматтық бақылаудың әдістері мен құралдар ы.
Тақырып 7. Автоматизацияның түрлері мен жіктеу. Реттеу объектілерінің статикалық және динамикалық сипаттамалары.
Тақырып 8. САР классификациясы.
Тақырып 9. Автоматтық реттеуіштері және реттеудің заңдары. Реттеу органдары.
Тақырып 10. Кептіргіштер мен қыздыру пештерінің жұмысын автоматтық реттеу құралдары мен жүйелері. Жылу агрегатының температурасын реттеу.
Пән бойынша сұрақтар:
1. Өлшеудің негізгі әдістері мен құралдарын атаңыз және сипаттаңыз. Өлшеу қателігі және өлшеу құралы дәлдігінің класы.
2. Температураны өлшеу әдістерінің классификациясын келтіріңіз.
3,4. Кеңею, дилатометриялық және манометриялық термометрлердің жұмыс істеу принципін көрсетіңіз. Термоэлектрлік өзгерткіштерді жұмыс істеу принципі.
5. Дифференциалды терможұп деген не? Терможұптарға арналған материалдарға қойылатын талаптар. Стандартты терможұптар және өлшеу шектері.
6. Сәулелену, оптикалық, фотоэлектрлік пирометрлер және түсті пирометрлердің жұмыс істеу принципі. Дененің жарықтық, радиациялық, түсті температуралары.
7. Тағайындауына қарай манометрлердің типтері және жұмыс істеу принципі.
8. Механикалық және термокондуктометриялық газталдағыштардың жұмыс істеу принципі.
9. Оптика –акустикалық және термомагнитті газталдағыштардың жұмыс істеу принципі және құрылғысы.
10. Хроматографтың жұмыс істеу принципі.
11. Газ қоспаларының ылғалдылығын өлшеудің негізгі әдістерін көрсетіңіз.
12. Газдың ылғалдылығын, қатты және сусымалы материалдардың жұмыс ңстеу принципі мен аспаптардың құрылғысын түсіндіріңіз.
13. Механикалық деңгейөлшегіштер. Деңгейді өлшеудің гидростатикалық құралдары. Деңгейді өлшеудің электрлік құралдары. Радиациялық, радиотолқынды және акустикалық деңгейөлшегіштер.
14. Сұйықтардағы, газ және будың мөлшері мен шығынын өлшеуге арналған шығынөлшегіштер тобы. Жұмыс істеудің негізгі принциптері.
15. Стандартты тарылтушы құрылғылардың типтері.
16.Автоматтық реттеу және басқару схемасын көрсетіңіз.
17.Автоматтық бақылау, автоматтық қорғау, автоматтық басқару, автоматтық реттеу мәнін түсіндіріңіз.
18. Реттеу объектілерінің статикалық сипаттамаларының түрлерін атаңыз. Реттеу объектісін беру коэффициенті.
19. Статикалық сипаттамаларын салудың аналитикалық және эксперименталды әдістерінің мәні неде?
20. Кіріс және шығыс сипаттамаларының түсініктері. Кез- келген технологиялық процесті сипаттайтын шамалар. Сыртқы ауытқу ұғымы.
21. Ажыратылған және тұйықталған САР құрылымды схемасын келтіріңіз және оның енгізгі элементтеріне сипаттама беріңіз.
22.Автоматтық реттеуіштерді жіктеу. «Реттеу заңымен».
23. Стандартты реттеуіштердің өтпелі сипаттамаларын келтіріңіз және оларға түсініктеме беріңіз.
24. Отынды беруді реттеу мақсатын, жылу агрегаттарындағы отын –ауа қатынасын түсіндіріңіз. Отын (мазут) – ауа қатынасын автоматтық реттеудің схемасын көрсетіңіз және жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
25. Пештегі қысымды реттеу мақсатын түсіндіріңіз. Қысымды автоматтық реттеуішінің схемасын көрсетіңіз және жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
Әдебиет
1.Фарзане Н.Г. Технологические измерения и приборы: Учебник для вузов/Л.В.Илясов, А.Ю. Азим-заде.-М.: Высшая школа, 2009.-456 с.
2.Котов К.И. Средства измерения, контроля и автоматизации технологических процессов. Вычислительная и микропроцессорная техника/ М.А. Шершевер.- М.: Металлургия, 2009.- 496 с.
3. Гольцман В.А. Приборы контроля и автоматики тепловых процессов.-М.: Высшая школа, 2000.-240 с.
4.Автоматическое управление металлургическими процессами: Учебник для вузов./А.М. Беленький, В.Ф. Бердышев, О.М. Блинов, В.Ю. Каганов.- М.: Металлургия, 2009. - 384 с.
5.Глинков Г.М., Маковский В.А. АСУ технологическими процессами в агломерационных и сталеплавильных печах. - М:. Металлургия, 2011.- 360с.
6.Брюханов В.Н. и др. Автоматизация технологических процессов. -М.:
Колос С., 2004. - 344с.
Есептердің үлгілері
№ 1. Күрделі –кернеулі жағдайда жұмыс істейтін 35ХНМ болатының термиялық өңдеуін тағайындау және режимін негіздеу. Болат маркасын шифрын ажырату, термиялық өңдеу кезінде жүретін барлық фазалы айналуларды, легірлеуші элементтердің фазалы түрленуге ықпал етуін, түпкілікті термиялық өңдеуден кейін болаттың құрылымы мен қасиетін көрсету.
№ 2. Шектелген ерігіштігі бар және эвтектикалық түрленетін компоненттер үшін күйдің қос диаграммасын салыңыз. Диаграммада барлық түрлену мен фазаларды сипаттаңыз. Кез –келген екі фазалы облыста қорытпа үшін фаза ережесінің әрекеті мен кескінін көрсетіңіз
№ 3.Кубтық кристалда , жазықтығын салыңыз. Түсіндіріңіз.
№ 4. λ = 0,85 Вт/м ·оС жылуөткізгіштік коэффициентімен δ = 510 мм қалыңдығымен бөлменің кірпіш қабырғасының 1 м2 арқылы жылу ағынын анықтау. Бөлме ішінің ауа температурасы = 18оС, ішкі бетке жылу беру коэффициенті α1= 7,5 Вт/м2·Со. Сыртқы ауа температурасы = - 30оС, желмен үрленетін сыртқы беттен жылу беру коэффициенті α2= 20 Вт/м2·Со. Сондай –ақ беттегі және температурасын есептеу.
ММ және Н кафедрасының отырысында бекітілген
Хаттама № 15 01.04.2015 ж.
ММ және Н кафедрасының меңг. ________________ Саркенов Б.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |