Министерство по инвестициям и развитию республики казахстан



Дата25.02.2016
өлшемі35.56 Kb.
#25015




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ

МИНИСТРЛІГІ








МИНИСТЕРСТВО

ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН




010000, Астана қ, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 010000, г. Астана, пр. Кабанбай Батыра 32/1

тел.: 8(7172) 24-13-12, факс: 8(7172) 24-14-19, тел.: 8(7172) 24-13-12, факс: 8(7172) 24-14-19,

e-mail: mid@mid.gov.kz e-mail: mid@mid.gov.kz




№ исх: 03-29/Д-1801-И от: 27.11.2014

____________№____________________________

__________________________________________

2014 жылғы 5 қарашадағы

ДС-241 хатқа


Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттары

С. Оразовқа

В. Киянскийге

Е. Тарасенкоға

Ш. Өтемісовке



Құрметті депутаттар!
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздердің депутат С. Оразов жариялаған 2014 жылғы 5 қарашадағы №ДС-241 депутаттық сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Министрлік қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Орал-Астана маршруты бойынша тұрақты әуе қатынасында жиіліктер санын ұлғайту, сондай-ақ Орал қаласынан ұшу географиясын кеңейту мүмкіндігін қарау жөнінде хат жолдады.

Өз кезегінде, «Бек Эйр» авиакомпаниясы қазіргі уақытта Ақтау және Атырау қалаларына аптасына 4 жиілікпен рейстер орындайды және ағымдағы жылғы 24 қарашадан бастап күнделікті Астана қаласына рейстерді жүзеге асыруға, ал ағымдағы жылғы желтоқсаннан бастап Орал-Алматы маршруты бойынша аптасына 3 жиілікпен ұшуды орындауға ниет білдіргенін хабарлады.

Бұдан басқа, 2015 көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Орал-Мәскеу және Орал-Санкт-Петербург маршруттары бойынша жаңа халықаралық әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Орал қаласының әуежайын қайта жаңартудың 2 кезеңінің аяқталуы (2015 жылғы 3-тоқсан) әуежайға әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдауға мүмкіндік беретіндігін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, қазақстандық авиакомпаниялар рейстер санын ұлғайту және жаңа ішкі және халықаралық бағыттарды ашу туралы мәселені қарауға ниетті.

Министрлік өз құзыреті шегінде авиакомпанияларға жедел тәртіпте Орал қаласына/нан ұшуды орындауға тиісті құжаттар мен рұқсаттар алу бойынша жәрдем беруге дайын.


Министрдің

міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

Орынд.: М. Бабиев

тел.: 8 (7172) 24 05 56

 На № ДС-241



от 5 ноября 2014 года
Депутатам Мажилиса Парламента

Республики Казахстан

С. Уразову

В. Киянскому

Е. Тарасенко

Ш. Утемисову



Уважаемые депутаты!
Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее - Министерство), рассмотрев Ваш депутатский запрос оглашенный депутатом Уразовым С. №ДС-241 от 5 ноября 2014 года, сообщает следующее.

Министерство направило запрос казахстанским авиаперевозчикам рассмотреть возможность увеличения количества частот на регулярном авиасообщении Уральск – Астана, а также о расширении географии полетов из г. Уральск.

В свою очередь, авиакомпания «Бек Эйр» проинформировала, что в настоящее время выполняет рейсы в г.г. Актау и Атырау с частотой 4 раза в неделю и имеет намерения с 24 ноября т.г. осуществлять ежедневные рейсы в Астану, а с декабря т.г. полеты по маршруту Уральск – Алматы с частотой 3 раза в неделю.

Кроме того, в период весенне-летней навигации 2015 года планируется открытие новых международных воздушных сообщений по маршрутам Уральск – Москва и Уральск – Санкт-Петербург.

Вместе с тем, сообщаем, что завершение 2 этапа реконструкции аэропорта г. Уральск (3 квартал 2015 года) позволит аэропорту принимать все типы воздушных судов.

В связи с этим казахстанские авиакомпании намерены рассмотреть вопрос об увеличении количества рейсов и открытии новых направлений, как внутренних, так и международных.



Министерство, в своей компетенции готово оказать содействие авиакомпаниям в ускоренном порядке по получению соответствующих документов и разрешений на выполнение полетов из/в г. Уральск.


И.о. Министра Ж. Касымбек

Исп.: М. Бабиев

тел.: 8 (7172) 24 05 56



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет