Премьер-министр



Дата09.06.2016
өлшемі23.66 Kb.
#124719

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ




ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН


2014 жылғы Астана, Үкімет Үйі « » 2014 года





данасы экз. №


№ исх: 11-21/4482 от: 08.10.2014


Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына
2014 жылғы 11 қыркүйектегі

ДС-183 сауалға


Құрметті депутаттар!
Алматы облысының Талғар ауданын сумен жабдықтауға қатысты Сіздердің сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын.

2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 032 «Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде Алматы облысының әкімдігіне 12172,3 млн. теңге, оның ішінде:

2015 жылға – 3109,5 млн. теңге;

2016 жылға – 7749,8 млн. теңге;

2017 жылға – 1312,8 млн. теңге көзделген.

«Алматы облысының Талғар топтық су ағызарын реконструкциялау және салу (2-кезең). Талғар топтық су ағызарына 12 ауылдық елді мекенді қосу» ІІ, IV, VI іске қосу кешендері» жобаларын іске асыруға 980 млн. теңге, оның ішінде:

ІІ іске қосу кешені бойынша Алмалық, Амангелді, Байбұлақ ауылдары бойынша 2015 жылға 273,2 млн. теңге;

IV іске қосу кешенібойынша Қызылқайрат ауылы бойынша 466 млн. теңге (2015 жылға – 200 млн. теңге, 2016 жылға – 266 млн. теңге);

VI іске қосу кешені бойынша Бесағаш ауылы (шығыс бөлігі), Тұздыбастау ауылы («Айсұлу», «Тұздыбастау» шағын аудандары) бойынша 2016 жылға 240,7 млн.теңге көзделген.

Жобалау-сметалық құжаттаманың қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1-тоқсанда аяқталатындықтан, Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ, Алтын Дән, Шымбұлақ ауылдарын, Березка санаторийін сумен жабдықтау бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған І және V іске қосу кешендері жөніндегі жобаларға қолдау көрсетілген жоқ.

Талғар ауданын сумен жабдықтау мәселесінің өзектілігін ескере отырып, Алматы облысының әкімдігі ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Белбұлақ ауылын сумен жабдықтау үшін І іске қосу кешенін іске асыруды бастады.

«Ақ бұлақ» бағдарламасының өлшемдеріне сәйкес келмеуіне байланысты ІІІ іске қосу кешені бойынша пайдалану қызметі үшін өндірістік база салу жобасына қолдау көрсетілген жоқ.

Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылы Нұра, Туғанбай, Өстемір, Көктал, Береке ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерін, Талғар қаласының бас су жинағышын және сумен жабдықтау жүйесін, сондай-ақ Талдыбұлақ, Белбұлақ, Тұздыбастау ауылдарының кәріз жүйесін реконструкциялау және салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

ЖСҚ әзірлегеннен және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін облыс әкімдігі кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қарау үшін тиісті бюджеттік өтінімді бюджеттік бағдарлама әкімшісіне енгізеді.



К. Мәсімов


09.06.2016 8:50:52 00000000



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет