Министерство здравоохранения рк



бет1/3
Дата14.06.2016
өлшемі421.11 Kb.
#135182
  1   2   3

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ЛЕКЦИЯЛАР КЕШЕНІ


Пәннің атауы: Менеджмент теориясы мен тәжірибесі


Мамандық 050507 Менеджмент

Құрастырушы: э.ғ.к., доцент Қалғанбаев Н.Ә.

АЛМАТЫ

2009


«Менеджменттің теориясы мен тәжірибесі» пәні бойынша лекциялар кешені «Денсаулық сақтау мен фармацияда құқық негіздерімен маркетинг және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
_________ 200__ жыл, №__ хаттама

Кафедра меңгерушісі _______________ э.ғ.к., доцент Сыздыкова К.Ш.



1-тақырып. Басқару ғылымының міндеті, әдісі және пәні

Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.

Менеджментте басты нәрсе, кез келген адамдық қарым қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ – та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаы менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін процесті білдіреді.

Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.

Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік - әкімшілік, технократиялық, жоспарлы – директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.

Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:



  1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.

  2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.

  3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.



2-тақырып. Басқару табиғаты және менеджмент эволюциясы

Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст.кіші-Джордждың (басқару саласының американдық теоретигі) "Басқару ойларының тарихы" атты кітабындағы "Басқару континуумы" тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 жылдан бастап менеджменттің дамуы суреттелген. Ол туралы мәліметтер төмендегідей:




Жылдары

Жеке тұлға немесе

этникалық топ

Менеджменттің дамуына қосқан

негізгі үлестері

Біздің дәуірге дейінгі 5000ж.

Шумерлер

Жазу; фактілерді тіркеу

4000

Мысырлықтар

Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды

2600

Мысырлықтар

Басқаруды орталықсыздандыру

1100

Қытайлар

Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттігін мойындайды

400

Сократ

Менеджмент әмбебаптығының принциптерін қалыптастырады

900

Әл-Фараби

Басшылыққа талап қояды

1832

Чарльз Баббедж

Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есептеу

Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль, Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь А , Майкл Портер және тағы да басқа.


II. "Классикалық" («ғылыми менеджерлеу мектебі») кез келген ұйымды басқаруға принциптерін әзірлеуге ұмтылды.

Бұл мектеп ең алдымен XX ғасырдың басында Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады. Оның негізгі теориялық ережелері "Управление фабрикой" (1903 г.); "Принципы научного упревления" (1911 г.); "Показания перед специальной комиссией конгресса" (1912 г.) еңбектерінде баяндалған.



Фредерик Уинслоу Тейлор (20.03.1856 – 21.03.1915 жж.), көрнекті өнертапқыш, ол өз өмірінде 100-ден аса патент алған. Ол басқару ғылымының негізін қалаушы ретін,де аталады. Оның құлпытасында былай деп жазылған: "Менеджент ғылымының атасы".

Ф. Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша рөлін көрсетуге болады:



  • тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғадан зерттеу;

  • ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;

  • еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;

  • әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті және еңбекті тең бөліп беру.

"Классикалық" мектепке зерттеудің осы бағытының негізін Анри Файоль (1841-1925 ж.ж..) қалады.

Ол өзінің "Общая и промышленная администрация" атты негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды. Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрамақ: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кредиттік, есептік-бухгалтерлік, әкімшілік.

Басқарудың "классикалық мектебі" одан әрі екі негізгі бағытта дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін зерттеу.

Бұл арада Г.Эмерсонның, Л.Урвигтің, М.Вебердің және Г.Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады.

Г.Эмерсон "Двенадцать принципов производительности труда" еңбегінде кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырады.

Л.Урвиг басты назарын формалды тұрғыдан ұйымдастыруды құратын принциптерді әзірлеуге аударды. Оның тұжырымдамасының негізгі ережелері – құрылымдағы адамдардың сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық және т.б. Бұл тұжырымдамалар әлі күнге дейін өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.

Осы мектептің өкілі, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер (1964-1920 ж.ж) – ұйымдағы биліктің құрылымы мен лидерлік мәселелерге жете назар аудару. Ол "бюрократия" терминінің авторы.

"Форд моторс" компаниясының негізін қалаған американдық кәсіпкер Генри Форд (1863-1947 ж.ж) "Мои достижения, моя жизнь" еңбегінде өз өндірісінің негізгі принцептерін қалыптастырды.

"Адамдық қарым - қатынастар" мектебі. Басқару теориясындағы жаңа бағыттың негізін қалаған американдық ғалым – Элтон Мэйо (1880-1949 ж.ж.).Ол жұмысшылардың тобымен бірлесіп 13 жылдай жүогізген тәжірибенің нәтижесінде мынадай қорытынды жасады : еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшілік әрекетке ғана байланысты емес, сондай – ақ, жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік климатына да тәуелді.

Ф.Херцберг, Рл.Ликарт, Дуглас Макгрегор, Фоллет Мэри Паркер және т.б. осы мектептің көрнекті өкілдері.

Бұл бағыттың негізігі ережесі – бейформалды шағын таптарға қатысты рөлді анықтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардың психологиялық және әлеуметтік ерекшелігін анықтап, пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру.

"Эмпирикалық" басқару мектебі. Бұл мектеп өкілдерінің мәлімдеуінше, басқару саласындағы ғалымдардың негізгі міндеті – тәжірибе материалдарын жинап алу, қорытындылпу әрі осының негізінде басқарушының ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.

"Эмпирикалық мектеп" өкілдерінің пікіріне сүйенсек, басқарушының еңбегі кәсіпроынның басқа қызметкерлерінде болмайтын екі еркшелікпен сипатталады.

Бірінші ерекшелік – басқарушы қолдағы бар ресурстардан тұтас бір бүтін жасауы керек.

Екішші ерекшелігі – ол әрбір шешімі мен әрекетінде болашаққа, яғни ұйымды дамытудың келешегіне бағдарлануы қажет.
3-тақырып. Басқарудағы қоғам және табиғат заңдары

Басқарудың ғылыми негіздері қоғамдық өндірісті басқару туралы білімнің бүкіл жүйесін қамтиды және келесі 3 құрамдан элементтен турады:

1 Өндірісті басқару проблемалары зерттеуді қамтитын іргелі қоғамдық ғылымның (философия, саяси эконмика) сондай-ақ жалпы басқару заңдарын зерттейтін ғылымның (кибернетика, жүйелер теориясы т.б.) теориясы.

2 Басқарудың жекеленген жақтарымен функциялары туралы нақты ғылымдар (маркетинг, бух. учет) жатады.

3 Өндіірістік басқару заңдылықтарын өзін зерттейтін басқару теориясы.

Тұтас кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдық өндірісті басқару заңдары басқару теориясының пәні б.т. Басқару теориясы басқару тәжірибесінде объект заңдарды саналы пайдаланудың формасын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын тұжырымдауға тиіс.

3 Басқару ғылымының пәні экономиканы басқару үрдісінде п.б. қызметкерлердің қатынасы б.т. Басқаша айтқанда басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады. Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік-экономикалық категория б.т.

Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын себебі оны зерттейтін пәні басқару қатынастарының болып табылуында.

Басқару қатынастары келесі ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді:

1 Басқарушы және басқарушы жүйелер арасындағы яғнм тікелей басқару субъектісі және тікелей өндіріс объектісі арасындағы қатынастар.

2 басқарылушы жүйенің өз ішіндегі басқару қатынастары.

а) басқару сатылары арасындағы. мысалы: учаскелерді, цехтарды, кәсіпорындарды және т.б. арасындағы қатынастар.(бұл байланыстар тік байланыстарға жатады)

ә) сатыны басқару арасында. мысалы: учаскелердің басшылығы арасындағы цехтардың аппаратының арасындағы қатынастар. (бұл көлбеу байланыс)

б) басқарушы жүйелердің әр түрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары арасындағы қатынастар. (бір қызмет түрімен айналысады)

3 Басшылармен әрбір басқару буындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординация қатынастары)

4 басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координация қатынастар)

Сонымен бірге басқару қатынастары:


  • салалық;

  • территориялық немесе аймақтық;

  • салааралық;

  • аймақаралық;

  • аймақтық салалық.

Басқару қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қатынастардың сипаты және жасаушылық санына қарай оларды:

  • жүйеаралық;

  • жеке адамдар арасындағы;

  • аралас;

  • ұжымдық;

  • жеке қатынастарға қарай бөлуге болады.

Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді.

Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей қатынастар және жанама қатынастарға бөлінеді.

әлеуметтік басқаруға талдау жасау үрдісінде оның 2 түрін;


  • адамның қандай да болсын еңбек қызметінің элементі ретінде басқару;

  • адамның өзара қатынасының элементі ретінде басқаруды атап өту қажет.

Өндірістік басқару ғылыми басқару қатынастарды зерттей отырып басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, қағидасын әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны - өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесімен басқарылатын жүйелердің бірлігі мен арақатынастарын зерттеу, өндірісті басқару үрдісіндегі адамның нысаналы қызметінің қағидалары функциялары мен әдістерін әзірлеу б.т.

4-тақырып. Басқарудағы жүйелік көзқарас

Өндірістік басқару ғылыми басқару қатынастарды зерттей отырып басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, қағидасын әзірлеу жолымен оның теориясы мен методологиясын жасауға тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны - өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесімен басқарылатын жүйелердің бірлігі мен арақатынастарын зерттеу, өндірісті басқару үрдісіндегі адамның нысаналы қызметінің қағидалары функциялары мен әдістерін әзірлеу б.т.

Өндірісті басқару теориясының мазмұны оның объектісін анықтайды. Оны өндірістің б.б. саласымен аясында болатын жеке заңдылықтар емес, қацта жалпыв жүйе ретіндегі қоғамдық өндірістің жұмыс істеуі қызықтырады. Сондықтан өндірісті басқару теориясының пәні қай салаға жататынына немесе қандай қызмет ететініне қарамастан, өндірісті басқару қатынастарына тән ортақ нәрсені зерттеу б.т.

Басқарушылық іс-қимыл өндірісті де, басқаруды да ұйымдастырудың б.б. формалары жағдайында еңбек қызметіне қатысушының арасында пайда болатын б.б. нақты байланыстарды бейнелейді. Осы байланыстар мен ұйымдық формалардың жиынтығы экономиканы басқару механизмін құрайды.



Өндірісті басқару ғылымы мыналарды қамтиды:

  • өндірісті басқарудың теориясы мен иетодологиясы;

  • өндірісті басқарудың объектісі мен субъектілердің құрылысын ұйымдастыру;

  • басқарушылық ықпалда қалыптастырудың әдістерін анықтау;

  • басқару үрдісі;

  • басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру жүйесі.

Басқару теориясына талдау жасау жалпылама, жалпы және жеке әдістер жүйесіне негізделеді. Жалпылама әдіс – диалектикалық әдіс. Бүкіл қиындықтарға қарамастан басқару қатынастары тек қана диалектика тұрғысынан ғана зерттелуі мүмкін.

Диалектика дегеніміз – кез келген құбылыс, қозғалыс, даму негізінде қарастыру.

Басқару қатынастарын зерттеуге диалектикалық көзқарас танымының талдау мен синтез, индукция мен дедукция, гипотеза мен эксперимент, бақылау мен салыстыру және т.б. сияқты әдістері қолданылады.

Диалектиканың барлық заңдарының басқаруға қатысы бар. Өмірдің нақты процестерінде орын алады. Сондықтан да материалистік диалектика өндірісті басқару ғылымының методологиясы б.т. Әрбір нақты жағдайдан басқару әдістерін таңдаған кезде басқару органдары келесілерді негізге алады:

1 басқару аппаратының қызметкерлерінің және де тікелей өндіріс процесінде істейтін қызметкерлердің де қажеттерін, мүдделерін, мотивтерін ескеру қажет.

2 атқарушыларға ықпал етудің қандай әдісвтерін қандай ретпен және қандай арақатынастарда пайдалану керек екенін анықтау. Атқарушыларға алдағы кезде ықпал ету әдістерінің ықтимал әсерін мүмкін болған дәрежесінде болжай білу керек.

- Әдістердің жиынтығында нақты тарихи көзқарас айтарлықтай орын алады. Ол өндірісті басқару проблемаларын ғылыми талдау жасаудың міндетті талабы б.т. Басқару қатынастары өздеріне әсер ететін факторлардың ықпалымен даму және өзгеру жағдайында болатын үрдістер ретінде зерттелуі керек. Бұл басқаруды қолдану саласының ерекшеліктерімен байланысты.

- Кешенді көзқарас мынадан: өндірісті басқару ұйымдық техникалық және әлеуметтік-экономикалық жақтардың тығыз бірлігі ретінде зерттеледі. Бұл орайда, әлеуметтік-экономикалық аспект жетекші рөл атқарады. Бірақ басқарудың әлеуметтік-экономикалық аспектісінің өзі де экономикалық және саяси, әлеуметтік және психологиялық, базистік және қондырмалық аспектілердің өзара іс-қимылы ретінде қарастырады.

- Жүйелі көзқарас басқарылушы және басқарушы жүйелерді өзара байланысты ортақ мақсат біріктірген элементтердің тұтас кешені ретінде қарастырылған, жүйелердің қасиеттерін, оның ішкі және сыртқы байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Өндірісті басқарудың ұйымдастырылуын жетілдіру үшін экономикалық, ұйымдық және техникалық сипаттағы өзара байланысты шаралар қажет
5-тақырып. Басқарудың құрылымы мен функциялары

Өндірістің иерархиялық жүйесі жалпы халық шаруашылығынан бастап (ең жоғарғы буын) жұмыс орнымен аяқталады (бастауыш буын).

Бұл иерархиялық тізбекте буындар өзара дәйекті түрде байланысты ұялар б.т. Өндірістің иерархиялық жүйе ретінде болуының басқаруды дамыту үшін және ең алдымен басқаруда жүріп жатқан құбылыстар және үрдісітерді үйлестіру үшін ерекше маңызы зор. Бұл орайда жүйеде қарапайым буындар неғұрлым аз және олар һзінің табиғаты жағынан неғұрлым тұрақты болса, оларды үйлестіру соғұрлым оңайға түседі.Өндірістік функционалдық мазмұны бойынша басқару объектісі ретінде технологиялық, ұйымдастырушалақ, әлеуметтік және экономикалық кіші жүйелер деп қарастырылады.

Техникалық жүйе – белгілі өндірістік міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін жабдықтардың өзара байланысқан кешені.

Тезнологиялық жүйенің адамда ғылым мсен техника жетістіктерін тәжірибені ескере отырып жасаған ғылыми техникалық жаңалықтары.

Өндірісті ұйымдастыру жүйесі өндірісті ұтымды ұйымдастыруға кәсіпорынның бүкіл өндіргіш күштерін ұтымды пайдалануға және т.б. мүлікітік береді.

Экономикалық жүйе экономикалық үрдістердің сондай-ақ өндірістің барлық жақтарындағы экономикалық байланыстардың бірлігі б.т.

Әлеуметтік жүйені қарастырғанда бірлескен еңбек жүйесін қарастырамыз.



Бірлескен еңбек жүйесі жекеленген еңбек түрлерінің саны және сапасы жағынан б.б. пропорциясы, олардың өндіріс үрдісіндегі өзара байланысы.

Бірлескен еңбек жүйесі өндіріс көлемімен өндірістің күрделілігі қатысты болады. Бұл жүйені басқаруға әдетте басты назар аударылады. Себебі бұл арада әңгіме адамдарды орналастыру үлкен немесе шағын ұжымдар құру ретінде болып тұр.

Кіші жүйелер – техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық әлеуметтік және экономикалық жүйелер – жинақтап алғанда біртұтас басқарылатын жүйе б.т.

Басқарудың иерархиялық қағидасының мәні – басқару жүйесінің көпсатылы болуында. Онда бастауыш өндіріс жүйелер басқаруды келесі деңгейдегі органдар жүргізеді және бақылайды.

Кері байланыс қағидасы жүйелік тұрғысынан алғанда басқару үрдісі, басқару әмірі және кері байланыс ақпараттар тасқындары саны берілетін және өздігінен реттелетін нобайда болуы мүмкін. Егер жүйеде байланыс болмаса , мұндай жүфе басқарылудан қалады. Экономикалық жүйелерде кері байланыс формалары алуан түрлі сипатта болады. Олар өндірістік қуаттар туралы өндіріс ішіндегі резервтер және т.б. туралы есеп деректері, қосымша мәліметтер және т.б. Басқару сатысы неғұрлым жоғары болса, басқарылатын жүйенің басқару жүйесімен кері байланысын жүзеге асыру соғұрлым қиындай түседі.

6-тақырып. Басқарудың экономикалық механизмі

Барлық адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Қарапайым анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. Бизнес – бұл іс. Тари-хи "іс" - "бизнес" ұғымын білдіреді.



Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет. Ол әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірісте және тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру қорында, көліктік, жалға беру қызмет түрі ретінде болатын басқа да операцияларды жүзеге асырады. Субъектінің айналымға түсіретін капиталының болуы бизнесте маңызды орын алады. Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.

Кәсіпкерлік қызметке қарағанда бизнестің ұғымы кең, өйткені бизнеске табыс (табыс) алуға бағытталған кез-келген қызмет саласындағы кез-келген бір жолғы коммерциялық мәмілені жасау қатысты болады.



"Субъект" бизнесте – бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.

Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:



  • мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын

кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;

  • кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың

дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.

Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар.



Бизнестің стратегиялық мақсаты - әр түрлі мәмілені жүзеге асыру процесінде пайданы (табысты) ең көп шамаға жеткізу.

Тактикалық мақсаты - әр контрагентпен әрбір нақты себеп бойынша мәміленің нақты мерзімі мен мазмұнын, жүзеге асыру шарттарын пайдалану осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге асыру.

Бизнес – істі жүргізу жүйесі. Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау. Бизнес – бұл біздің әлеуметтік – экономикалық жүйеміздегі орталық магистраль.

Бизнес субъектілеріне мыналар жатады:



  • кәсіпкерлер;

  • кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;

  • өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;

  • келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:

  • мемлекеттік құрылымдар.

Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды.Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік, кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.

Кәсіпкерлік меншіктің үш негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:



  • өнім өндірісі;

  • коммерция (сауда);

  • коммерциялық делдалдық.

Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл жөнінде Г.Форд былай дейді: «... өнімді дайын күйінде алып – сату (алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін (пристойный вид) ғана танытады».

Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына – тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске ықпал етеді. Кәсіпкерге – пайда (табыс) қажет болса, тұтынушыларға - өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны қажет.

Іскерлік қатынастарға қатысушылардың үшінші категориясына – жалдамалы жұмысшылар, яғни жалданып жұмыс істейтін азаматтар жатады. Бұл категориядағы азаматтар кәсіпкерлермен жасасқан мәміледен табыс табу арқылы өздерінің еңбек мүдделерін жүзеге асырып, өзіндік ерекшелігі бар еңбек бизнесін қалыптастырады.

Іскерлік қатынастарға қатысушылардың төртінші категориясына – мемлекеттік органдар жатады. Олар нарыққа іскерлік ұсыныстарымен тікелей шыққан жағдайда ғана осы категорияға жатады. Осы тұрғыдан алғанда бұл органдар іскерлік қатынастағы басқа қатысушылармен тең құқылы болады.

Мемлекеттік бизнезтің негізін мемлекет меншігіндегі өндіріс құралдары, ақпарат, ой еңбегінің өнімдері, құнды қағаздар, ақша ресурстары құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет