Мүкарам ТАЙЖАНОВА, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры.
Еуразиялық ықпалдастық ғылымды дамытады
2014 жылдың 29 мамыры айрықша тарихи оқиғамен айшықталған күн болды. Ол Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған күн ретінде ел тарихында қалды. Бүл құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан кұшіне енетін болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы 15-20 жылға арналған негізгі стратегиялық даму бағыттарын айқындап берді. Ол ұлттық экономикалардың және Еуразиялық интеграцияның барлық кеңістігінде бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлерін құру мен барынша басым бағыттар бойынша бірқатар индустриалдық консорциумдар қалыптастыру арқылы инновациялық технологиялық серпінді жеделдетудің жолдарын белгіледі.
Нақты жобалар экономикалық интеграцияның қозғаушы күші болуы керек: бәсекеге қабілетті өнімдер, жұмыс орындарын құрып, ұлттық бюджетке бөлінген қаржыны арттыру қажет. Осыған орай біздің университеттің ғылыми зерттеулерінің бағыттары өңіріміздің сұраныстарына қарай ғылымды дамытудың басымдықтарына негізделген іргелі де қолданбалы жұмыстарға байланысты ұсынылды.
Университеттегі ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыруда ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, факультеттер, кафедралар, студенттік ғылыми қоғамдар негізгі болып табылады.
Өңіріміздің түрлі құрылымдары және университет ғалымдары арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу орталықтары мен білім ошағындағы зертхана базасында үстіміздегі жылы ғылыми-технологиялық парк құрылды.
Біздің білім ошағы гранттық қаржыландыру аясында 15 ғылыми-зерттеу жобасы бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.
Ғылым саласыңцағы бірлескен жүмыс аясында Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми-нистрлігінің "Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет" бағдарламасы бойынша ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Мәселен, Ресей Федерациясының Пущино қаласындағы "Перфторан" ғылыми-өндірістік фирмасы, Алтай өңіріндегі Бийск қаласындағы "Алтайвитамины" фармацевтикалық зауыты, тағы басқаларын атап өтуге болады.
Университеттің ғылыми зерттеулерінің өзектілігі білім мен инновациялық даму саласындағы ұлттық саясаттың басымдықтарынан туындап, қамтамасыз етіледі. Бүгінде таяу және алыс шетел мемлекеттерінің 67 ғылыми мекемесімен және ұйымдарымен іскерлік қарым-қатынас орнаттық. Университетте ғылыми-техникалық жұмыс, емдеу препараттарын жасау, жерді қашықтықтан барлау, сутектік отын элементтерінің диагностикасы сияқты бірқатар жобалар аясында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың арасында электр қуатын үнемдеу мен энергоэкология, ақпараттық ком-муникативтік технологиялар, астрофизика және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу, өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар жасау, машина механикасы және робот техникасы жүйесі, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, тағы сол сияқты салалар бар. Ғылыми жобаларды орындау кезінде Қазақстан және алыс-жақын шетелдермен бірлескен жұмыстар да қорғалады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері білім беру үдерісінде студенттер мен магистрлерді даярлауға бағытталған арнайы оқу курстарында пайдаланылады.
2014-2015 оқу жылында Томск политехникалық университетімен бірлесіп нанотехнологиялар бойынша ғылыми-зерттеу зертханасын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен қосдипломдық білім беру магистрлік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынбақ.
Болон үдерісінің және білім сапасы деңгейін арттырудың негізгі параметрлерінің бірі ретінде академиялық ұтқырлықты алға жылжыту мақсатында Ресей Федерациясының жоғары оқу орындары және ғылыми үйымдарымен 48 шарт жасалды. Новосібір мемле-кеттік техникалық университеті, Томск политехникалық университеті, Түмен мемлекеттік университеті, Есіл мемлекеттік педагогикалық институты, Омбы гуманитарлық академиясы, тағы басқалары білім ордасының негізгі серіктестіктері болып табылады.
2011 жылдан бастап біздің университет Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетел ғалымдарын тарту женіндегі республикалық бағдарламаны жүзеге асыруда.
Бірыңғай экономикалық одақ құру - бұл жаһандық тарихи үдерістегі заманалық маңызы бар оқиға. Ол Қазақстанның тұрақты болашағы үшін мол экономикалық мүмкіндікпен орасан зор әлеуетке жолашады.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 17 маусым
Достарыңызбен бөлісу: |