Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Шалқар ауданының коммуналдық мүлкін



Дата15.07.2016
өлшемі79.55 Kb.
#200266

Жоба


Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін

Шалқар ауданының коммуналдық мүлкін

жалдау төлемінің есептік ставкаларын анықтау

Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы « Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген

мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының

50 тармағына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:





  1. Қоса беріліп отырған Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін

Шалқар ауданының коммуналдық мүлкін жалдау төлемінің есептік ставкаларын

анықтау қағидалары бекітілсін.



  1. « Шалқар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде осы қаулының орналастырылуын

қамтамасыз етсін.



  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

Е.Шотановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Данағұлов

Шалқар ауданының әкімдігінің

2015 жылғы «___»__________

№___қаулысымен бекітілген

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін

Шалқар ауданының коммуналдық мүлкін жалдау

төлемінің есептік ставкаларын анықтау Қағидалары


  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген , мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді.

  2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы, тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының обьектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемінің есебі келесі формуламен жүзеге асырылады:

Жа=С х К1 х К2 Х К3 х К4 х К5 х К6 х S

Бұнда:


Жа - жылжымайтын мүлік обьектісін пайдаланғаны үшін жылына

жалдау ақысының ставкасы;

С - Ақтөбе облысы бойынша жалдау төлемінің базалық ставкасы

Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет

туралы Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне тең

қабылданады.

К1 - құрылым түрін ескеретін коэффициент;

К2 - инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін

коэффициент;

К3 - тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;

К4 - жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;

К5 - жалдаушының ұйымдастырушылық - құқықтық формасын ескеретін

коэффициент;

К6 – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;

S – жалға алынып отырған алаң, шаршы метр;

3. Тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының жалдау төлемінің ставкаларын

есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:


Р\с


Коэффициент түрі

Коэффициент

мөлшері


1

Құрылым түрін ескеретін К1 коэффициенті:







әкімшілік

1,0




қоймалық, гараждық, қазандық және басқа құрылыстары

0,6

2

Инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін К2 коэффициенті:







барлық инженерлік – техникалық коммуникациялары бар обьектілер үшін;

қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді



2,0




Білім мекемелерінің барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар обьектілері үшін;қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді

1,0

3

Тұрғын емес үй – жайдың түрін ескеретін
К3 коэффициенті:







ғимарат немесе ғимараттағы үй -жай

1,0




ғимараттың цокольдік қабаты немесе жартылай жертөле

0,7




жертөле үй -жайы

0,5

4

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін К4 коэффициенті:







сауда-коммерциялық және жабдықтаушы-өткізу қызметі (өндірістік , азық-түліктік және аралас тауарлар,дәріхана және дәріханалық пункттер) ;банктік қызметтер;полиграфиялық қызметтер;брокерлік қызмет ; сақтандыру және инвестициялық компаниялар;

нотариалдық және адвокаттық кеңселер




2,0




коммуникациялық қызметтер,оның ішінде:

байланыс қызметтері,автоматтандырылған телефон станциялары,почталар


0,7





қызметтер көрсету:

тұрмыстық және мәдени-демалыс қызметтері,

тренажер залдары,фитнес –клубтар, техникалық қызметтер көрсету станциялары,шеберханалар

1,0





қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет:дәмхана,мейрамханалар

1,5




буфеттер мен асханалар

1,5




білім мекемелеріндегі буфет пен асханалар

0,5




білім (мектептен тыс , оқушыларға арналған уйірме қызметі,компьютерлік сыныптар),балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт,денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет көрсету

1,0





өндірістік қызмет

1,0




гараждар ретіндегі үй-жайлар,қойма,сақтау камералары

2,0




өзге де қызмет түрлері

1,0

5

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін К5 коэффициенті:







жеке меншік нысанындағы құрылымдарға арналған (серіктестіктер,акционерлік қоғамдар,ұлттық компаниялар)

1,0





акциялардың (қатысу үлестерінің)елу және одан да көп пайыздарын және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан кірістердің кем дегенде 90 пайызын алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер),егерде акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын жузеге асыратын,

мемлекеттік орган жазбаша растаған жағдайда


0,8





қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер,

үкіметтік емес ұйымдар үшін



0,5




сауда-саттық қызметті есептемегенде,шағын кәсіпкерлік субьектілеріне өнеркәсіп қызметін ұйымдастыру үшін

0,9


6

Аумақтық орналасуын ескеретін К6 коэффициенті:







аудандық орталықтар

1,0




кент,ауыл

0,5

4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын

заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, кезінде жылдық жалдау

төлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

Жа = С х Nam/100 х Кп

бұнда:


Жа – жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын

заттарды бір жылға жалдау төлемінің мөлшерлемесі;

С –бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;

Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын

заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде 100 пайызға тозығын

есептеумен қалдық құны алғашқы (жаңадан құрылған) құнынан 10 пайыз

көлемінде қолданылады.

Nam- Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120- бабына

сәйкес амортизациялаудың деңгейлі нормалары;

Кп - төмендететін коэффициент (жабдықтар,автокөлік құралдары және басқа тұтынылмайтын заттар сексен пайызға тозған кезде - 0,8 мөлшерінде,

шағын кәсіпкерлік субьектілеріне сату-сатып алу (делдалдық) қызметтен

басқа , халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті

ұйымдастыру үшін берілген кезде – 0,5 мөлшерде.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет