D-Link модемдеріне арналған Интернет желісіне қосылуды ретке келтіру
DSL-2760U/BRU/D
Модемнің web-интерфейсіне кіру үшін компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру қажет.
-
Компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру мысалы:
Төменде мысал ретінде WindowsXP-і бар компьютердің ретке келтірілуі келтірілген:
Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы > Келесі IP мекенжайды пайдалану:
IP мекенжайы: 192.168.1.50
Бағыныңқы желінің қалқасы: 255.255.255.0
Негізгі шлюз: 192.168.1.1.
Осыдан кейін «ОК» батырмасын басыңыз да желілік қосылу ретке келтірілулерін сақтаңыз.
1. Телефон желісін сплиттердің "Line" портына, телефонды сплиттердің "Phone" портына, DSL-модемнің ADSL портын сплиттердің "Modem"портына қосыңыз.
Құрылғының алдыңғы беттақтасындағы ADSL индикаторының жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. Ethernet-кәбілді компьютердің желілік картасынан модемнің ethernet-портына қосыңыз.
Құрылғының WEB интерфейсіне қолжетімдікті алыңыз. Бұл үшін Internet Explorer-ді іске қосыңыз да, мекенжай тарамында бағдарғылауыштың IP мекенжайын теріңіз: 192.168.1.1 (Құрылғының әдепкілік ретке келтірілулері бар деп болжалады).
-
Құрылғының WEB интерфейсіне қолжеткізуге арналған логин/пароль енгізуге арналған терезе пайда болады, «Пайдаланушы» алаңында admin теріңіз, «Пароль» алаңында да admin теріңіз. «ОК» батырмасын басыңыз.
-
Егер логин мен пароль дұрыс енгізілген болса, келесі терезені көресіз:
-
Пайда болған бетте «Advanced Setup» қосымша бетін басыңыз, жаңа қосылысты құру үшін «Add» батырмасын басыңыз.
-
Пайда болған бетте VPI және VCI параметрлерінің мәндерін көрсетіңіз (0 және 40 сәйкес).
Бұдан әрі Apply/Save батырмасын басыңыз. Интерфейс батырма басылғаннан кейін VPI=0 және VCI=40 параметрлері бар atmO интерфейсін құрғандығыңыз көрінетін бетке оралады.
:
-
Бұдан әрі сол жақтағы мәзірдегі Advanced Setup санатындағы WAN Service тарауына өтеміз
Ашылған терезеде Add батырмасын басамыз, келесі терезеде atm0 интерфейсін таңдаймыз.
PPP over Ethernet пунктін таңдаймыз және Next батырмасын басамыз
Келесі терезеде пайдаланушы атауын және қолжеткізуге арналған парольді толтырамыз. Қалған ретке келтірулерді өзгертудің қажеті жоқ, Authentication Method-ты AUTO-да қалдыру қажет.
-
Құрылғы қайта жүктелгеннен кейін мәртебе беті пайда болады, жемісті қосылғандығын келесі параметрлер куәландырады: Line Rate Upstream/Downstream (ADSL қосылуының орнатылғандығы туралы куәландырады) және PPPoE қосылуының нәтижесінде алынған шлюз бен DNS серверлерінің IP мекенжайлары.
Осымен құрылғының ретке келтірілуі аяқталды.
-
Компьютерде IP мекенжайын және DNS-серверінің мекенжайын автоматты түрде алуды орнату қажет:
Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы:
-
IP мекенжайды автоматты түрде алу;
-
DNS-серверінің мекенжайын автоматты түрде алу.
Ретке келтірулерді қолдану үшін «ОК»-ді басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |