«Могучая кучка»



Дата25.02.2016
өлшемі48.64 Kb.
#19221
«Могучая кучка»
50 - жылдардың екінші жартысында Ресей – Қырым соғысындағы жеңілістен кейін әлеуметтік өмірмен қатар өнерден де өзгерістер күтумен болды. Жазушыларды, суретшілерді, музыканттарды толғандырған сұрақтардың бастылары: шығармашылықтың өмірдегі маңызы неде? Өнер, әсіресе, музыка, өмір шындықтарын баяндауы керек пе, және әлеуметтік, рухани мәселелерді шешуі мүмкін бе?

Көркем әдебиет пен әдеби журналдар бұл сұрақтарға жақсы жауап берді. Осы жылдары “Русский вестник” журналында М.Е.Салтыков–Щедриннің “Губернские очерки”, “Смерть Пазухина”, Н.С.Тургеневтің “Накануне”, “Отцы и дети” романдары басылды. “Современниктің” айналасында Н.А.Некрасовтың, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың басшылығымен құрылған әдеби топ пайда болып, журналдың “гогольдік бағыты” айқындалды.

1855 ж. Н.Г.Чернышевский “Өнер мен шындықтың эстетикалық қатынастары” атты диссертациясын қорғады. Онда көркем ойдың шындықты баяндауға қарай жаңа бұрылысын көрсетті және әлеуметтік қарама-қайшылықты бейнелеудің басын ашты.

Суретшілер, музыканттар, ақындар, жазушылар өнер жолында жаңа жолдарды табуды ізденумен болды.

50-жылдардың аяғында халық тұрмысын және ұлттық тарихты оқыту басты орын алды. Осыған байланысты халық шығармашылығының басылымы артты. Тарихи зерттеулердің ірге тасы : С.М.Соловьев, Н.Н.Костомаровтың еңбектері пайда болды. 50-жылдардың аяғы мен 60 - жылдардың басында “Древнерусская литература ” журналы жарық көрді. 60-жылдары көркем өмірдің бастауы көркем үйірмелермен байланысты болды. Мысалы, Л.Н.Шаповаловтың үйірмесі А. Н.Островский пьесаларының қойылуынан басталды.

1863 ж. А. Н. Островский “Әртіс үйірмесі” құрды. Үйірме қатарында Садовский,

А. Рубинштейн, Одоевский болды. Кейінірек оған П. Чайковский де кірді.

1863 жылы Көркем өнер академиясының бір топ түлегі «Валлгалдағы тойды» дипломдық жұмыстың тақырыбы қылып алуға қарсы шықты. Бірақ олардың көрсеткен наразылықтары көңілсіз қалып, И. Н. Крамскойдың басшылығымен 14 адам Академиядан кетіп, көркем артель ұйымдастырды. Бұл оқиғаны «Он төрттің наразылығы» деп атайды. Кейінірек (1870 ж.) Крамскойдың айналасында «Жылжымалы көркем өнер көрмелерінің серіктестігі» атты топ ұйымдасты. «Жылжытушылардың» аттары енді әрқайсымызға белгілі: В. Г. Перов, В. И. Суриков, И. Е. Репин, И. И. Шишкин, В. М. Васнецов, И. И. Левитан және т. б.. Өздерінің шығармашылықтарында сыни реализм әдісін және халықтың тарихы мен өмірін шынайы супеттеуді көздеді. «Жылжытушылардың» шығармалары психологизмімен ерекшеленеді.

«Жылжытушылардың» қызметі орыс көркем өнеріндегі жаңадәуірді қалай анықтаса, музыкада дәл солай «Могучая кучка» ұжымы өз маңызын атқарды. Бұл ұжым бес композитордан құралды: М. А. Балакирев, М. П. Мусоргский, А. П. Бородин, Н. А. Римскмй – Корсаков, Ц. А. Кюи. Үйірменің басшысы – Милий Алексеевич Балакирев өз пәтерінле жеті сайын сенбі күні 1861 – 1862 жж. Қыс кезінде музыкалық жиналыстар өткізіп тұрды. Ұжымға қатысушылардың қатарында музыкалық сыншы В. В. Стасов, суретші Т. Т. Мясоедов, Пургольд апалы – сіңілілері, әнші А. Н. Арсеньев және т. б. болды.

Ұжы»мның атауы бірден пайда болған жоқ. Ол Стасовтың мақаласында: «...қаншама поэзия, сезім, дарын мен шеберліктің иесі! Ол шағын болса да құдыретті ұжым!» - жазылған шықты. «Могучая кучка» атауы бірте – бірте халық арасында жиі қолданылып, көпшілік санасында бекіді. Ол «Балакиревский кружок» атауын ығыстыра бастады.

Балакирев ұжымының құрылуына орыс қоғамында пайда болған жиналып музыка орындау дәстүрі ықпал етті. Мысалы, Глинканың айналасына музыкалық сыншы және көрнекті композитор А. Н. Серов, Стасов ағайындылары және Даргомыжский сияқты бірқатар адам топтасқан еді. 1855 жылы орыс помещигі, Моцарт туралы кітапитың авторы А. Д. Улыбышев жас Балакиревті соында йжиналыстың біреуіне алып келді. Балакирев Глинканың, Даргомыжскийдің және өзінің шығармаларын концерттерде пианист ретінде тамаша орындады. Оның ойнына таңданып, халық бүкіл жерге шақырды. Балакирев осы кезден бастап жұлдыз ретінде таныла бастады. Балакирев үшін бұл кезең нағыз музыкамен, шығармашылықпен танысуға мүмкіндік туғызды. Ол Рубинштейннің, М. Ю. Виельгорскийдің, В. Ф. Одоевскийдің және А. С. Доргомыжскийдің салондарында өтетін музыкалық кештерге қатысып жүрді. Глинка мен Даргомыжский Балакирев пен «Могучая кучка» көзқарасының қалыптасуына үлкен ықпал еткені мәлім.

Балакиревтің үйірмесі біртіндеп қалыптасып 1862 жылы нақты орнықты. Үйірменің жинақталуына, Балакирев, Мусоргский, Кюи және Римский – Корсаковтарға шеелден келіп қосылған жас ғалым – Бородиннің қосылуы себеп болды. «Могучая кучка» шығармашылық бірлестігі басқа музыкалық салондардан айрықша көзге түсіп тұрды. Ол типтік жақындыққа қарамастан Доргомыжскийдің үйірмесінен де ерекшеленді. Бұл «Могучая кучка» мүшелерінің назары шығармашылық процесінде даңа профессионалды дағдыларды іздеуге және әр композитордың дара профессионалдығын сақтауға бағытталғаннан болды.

«Могучая кучка» музыкадан нені талап етті? Олар музыкадан көркемдік, шындық, анық – айқындылық, әдемілік, ұлттық дәстүрде жазылуды талап етті. Бұл ұмтылыстарын балакиревтіктер өздерінің шығармашылығында және концерттік өмірінде жүзеге асырды. 1862 жылы Балакирев пен Ломакиннің ашқан Ақысыз музыка мектебінде берілетін концерттерде олардың ұмтылыстарының жүзеге асырылып жатқаны байқалды. Бұл концерттерде көбінесе орыс музыкасы орындалды, Орыс музыкалық қоғамындағы концерттерде енді Глинканың, Даргомыжскийдің және «кучкалықтардың» шығармалары орынлды.

Әрине, бұл ізденістер оңай жолмен дамыған жоқ. Мысалы, консервативті лагерге жататын Орыс музыкалық қоғам Балакиревті концерттік басқармадан шығарып тастады. Балакиревтіктер шығармашылыққа және өз музыкасына деген көзқарастарын рутинерлар, консерваторлармен қайшылықта қорғауға мәжбүр болды. Мысалы, Санкт – Петербург консерваториясының профессоры А. С. Фамцын, басқа көзқарастардың иелері А. Н. Серов немесе профессионалдық музыкалық білім алу туралы «кучкалықтармен» көп дауласқан Рубинштейн. Уақыт өте келе бұл мәселе жайында Рубинштейннің пікірі дұрыс екені айқындалды. Бұл қайшылықтар Ресейде бірінші музыкалық сот процесінің өтуіне әкелді. Онда Фамицын Стасовты орыс музыкасын бекер сынға ала береді және «Жизнь за царя», «Руслан и людмила», «Русалка» атты опералардың бар екенін білмейтін надан деп жала жапқаны үшін айыптады. Бірақ Стасов ақталды. Кейінірек, Мусоргский бұл оқиғаларды «Раек» деген шығармасында қатал сынға алды. Сонымен қатар «кучкалықтар» өздерінің пікірлестерін таба бастады. Олардың бірі, Чайковский шығармашылық ынталарының түрлілігіне қарамастан 60 – жылдардың соңында балакиревтіктермен көңілі жақындасты.



«Могучая кучка» қызметтерінің гүлдену жылдары 1862 – 1867 жж. Сәйкес келді. Жас музыканттар жиі бас қосып отырды. Олар шығармашылық ойға және шығармашылық күшке толы болды. Олардың өнерге деген көзқарасы бірігіп тұрса да, әрқайсысы өз жолдарын тауып, өзіндік стиль құрып жатты. Олардың әрбіреуінің тарихтағы рөлдері бірдей емес. Мысалы, Ц. А. Кюи атақты сыншы болды. Ел арасында таралған құнды шығармалардың бірі «Вильям – Ратклиф» операсы және тамаша романстарын атауға болады. Осы үйірменің ұйымдастырушысы – Балакиревтің өмірі басқаларынан қайғылы болды. Оның керемет «Тамара» атты симфониялық поэмасы, күйсандыққа арнап жазылған «Исламей» фантазиясы, тамаша романстары және тағы көптеген шығармалары бар. Ол уақытша өнер жолындағы игіліктерін тоқтатты. Өнерге қайта оралғаннан кейін ескі шығармаларымен жұмыс жасады. Жаңа шығармалар аз жазды. Балакирев орыс музыкасына жаңа бағыт ашу үшін өзінің шығармашылығын және өмірін құрбан еткенін, жасаған ісінің ұлылығын, қандай құлдық ерлікке барғанын аяғына дейін түсінбей, өкініп жүрді.

М. П. Мусоргский В. В. Стасовқа 1872 жылы 18 қазанда жазған хатында: «Жаңа жағалауларға аттан! Батылдықпен, дауылдарға қарамастан, су асты театрына, жаңа жағалауларға аттан!» - деп жазды. Бұл «Могучая кучканың» ұраны еді...

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет