Әдемілік , сұлулық туралы нақыл сөздер
Өмір енді бір мағынада шыраққа ұқсайды: оған жақындаған сайын оны көру қиын. Өмір сұлулығын танығымыз келсе алысырақ тұрып күзетейік.
— Артур Шопенгауэр
Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан.
— Теодор Драйзер
"Сұлулық үшін үш шарт қажет: тұтастық, үйлесімділік, жарықтық.“
— Джеймс Джойс
Сұлулыққа құмартып, бағалай білген жаман ба? Мен де жақсы көрем сұлулықты. Несін жасырайын, сұлу сұлу әйелдерді де бағалай білем.
— Алдияр Бақытжан
Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.
— Франсуа де Ларошфуко
Болған шақтың өз сұлулығы бар, өз қызуы ұшқырлығы бар.
— Ғабит Мүсірепов
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
— Ғабит Мүсірепов
Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.
— Ғабит Мүсірепов
Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.
— Ғабит Мүсірепов
Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.
— Бөкен би
Сұлулық деген - бақытты уәде ету.
— Стендаль Фредерик
Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
— Пабло Пикассо
Достарыңызбен бөлісу: |