Мөж тақырыбы: Кәсіби құзіреттілік ұғымдары Орындаған : Молдабек А. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспары



бет1/8
Дата06.05.2023
өлшемі174.76 Kb.
#473319
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ақерке құзырет


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университеті
Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы





МӨЖ


Тақырыбы: Кәсіби құзіреттілік ұғымдары

Орындаған : Молдабек А.


Тобы: МНК-211
Қабылдаған: Ауезов Б.

Түркістан 2023




Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Құзыреттілік ұғымының педагогикадағы мағынасы

  1. Құзыреттілік түрлері

  2. Құзыреттілікті қалыптастыру жолдары және оның тиімділігі

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Еліміздегі орта білім беру реформасы шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Осыған орай қазіргі білім беру мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып, әлемдік жүйеге жақындастыруда құзыреттілікке бағдарлану бағытын қарастырып отыр. Бүгінгі ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданатын қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы туралы мәселесі күн тәртібіне қойылуда. Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік үдерістердегі басымдылығын мойындайды.


Қазіргі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның болашағы оның алған біліміне, ғылыми таным қабілеті мен белсенділігіне байланысты. Қоғамдағы жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Республикамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын әлемдік деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің әр саласында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын құзіретті тұлға даярлау мәселесі өзекті, әрі күрделі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген.
Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану секілді мəселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде əркімнің өзінің білім алуға деген жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бəсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет