Молдабек е. Б



Дата17.06.2016
өлшемі84.5 Kb.
#143219
УДК 902.2(574.52):378.4(574-25)

МОЛДАБЕК Е.Б.

Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ

Археология, этнология және музеология кафедрасының магистранты
УНИВЕРСИТЕТ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 1983 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Анотация

Мақалада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіУниверситет археологиялық экспедициясының (УАЭ) 1983 жылы Жамбыл облысындағы жүргізген зерттеулері жөнінде айтып өтеді.УАЭ-83 М.Елеуовтың басшылығымен ертеректе белгілі болған(Жуантөбе, Тоймакент, Оххум жәнеҚонысбай) және әлі белгісіз(Қара-Қыстақ, Алғабас, Күделі І,ІІ, Көк-төбе, Қызылқорған І,ІІ, Ақтөбе, Атбайлар, Ақ-кесене) ертеортағасырлық қалашықтар мен қоныстардың қорғаныс жүйелерін және стратиграфиясын зерттеу мақсатында арнайы отряд құрылды. Мұнда негізінен археологиялық барлау жұмыстары, шурф-кесік және басқа да далалық жұмыстар атқарылды. Ол қалашықтар мен қоныстардың өмір сүрген уақыты мен олардың құрылыс объектілері жөнінде табылған заттар мен қазба жұмыстарының нәтижесінде анықталды.



Кілт сөздер: археология, қазба, кесік, ертеортағасыр, қалашықтар, бекіністер, Шу, Талас, облыс, аудан, Ақ-кесене, зерттеу, нәтиже.
1974 жылы жоғарғы оқу орындарында практиканы жандандыру мәселесіне сәйкес профессор У.Х.Шәлекенов пен аға оқытушы Н.О.Алдабергенов Жамбыл облысыны іссапарға барып, Шу өзенінің бойындағы Қысымшы, Құлан, Тасқала, Шыштөбе, Ақтөбе секілді ортағасырлық қала орындарын аралап шығады. Шу өңіріндегі ең үлкен қалашық Ақтөбе университеттің база салатын нысаны ретінде таңдап алынады. Сол жылы Университет археологиялық экспедициясы ұйымдастырылып факультет студенттері ортағасырлық Ақтөбе қаласының қазба істеріне жұмылдырылады. 1974 жылы ортағасырлық Ақтөбе қаласының цитаделінде №1 және №2, шахристандв №2 қазба жұмыстары және қаланың гидрологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Жүргізілген стратиграфиялық қазба жұмыстары мен онан табылған көптеген керемикалық, нимзматикалақ және басқа да археологиялық жәдігерлердің негізінде ортағасырлық Ақтөбе қаласының өмір сүрген уақыты V-ХІІ ғасырларды қамтитыны анықталды.

1980 жылдан бастап УАЭ тек ортағасырлық Ақтөбе қаласы ғана емес, оған іргелес жатқан басқа да елді мекендерді барлау, зерттеу істерін қолға ала бастады.Ол жұмыстар мысалы «Шу өңірінің археологиялық ескерткіштеріне барлау» атты жұмыспен ғылыми есепте көрсетілген [1, с.28-32]. 1982 жылы археологиялық барлау жұмыстары Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында жүргізіледі [2, с.28-53]. 1983 жылы УАЭ басшысы М.Елеуов экспедицияның негізгі бағыты етіп осы өңірдегі ертеректе белгілі болған және әлі белгісіз ескерткіштердің қорғаныс жүйелерін зерттеуді қойды. Маршрут Аспара өзенінің шатқалын, Мерке, Қара-Қыстақ және басқалары, Қырғыз қыратының солтүстік төменгі жағы мен қазіргі Тараз қаласына дейін анықталған [3, с.29-55].

Экспедицияның сол жылы ашқан жаңа ескерткіштеріне келетін болсақ, Аспара өзеніне кіре берістегі шатқалдан ортағасырлық белгісіз болған екі ескерткіш табылды.

Бірінші елдімекен Нововоскресеновка ауылынан 8 км оңтүсткте, Гранитогрскіге баратын жолдың оң жағында орналасқан. Оның көлемі 30х40 м, биіктігі 4 м.бұрыштарында, әсіресе солтүстік-шығыс және оңтүстік шығысында биіктігі 0,5-0,8 м мұнараның орындары сақталған. [3, с.29].

Екінші елдімекен бірінші елдімекеннің оңтүстік жағынан 1 км жерде орналасқан. Көлемі 40х40 м, биіктігі 2-2,5 м. Оны қоршаған жалдың ені 5-6 м, сақталған биіктігі 1м. Шығыс жағындағы мұнарасы 0,5-1 м биіктікте сақталған.

Елдімекеннің стратиграфиясын және қорғаныс жүйесін зерттеу мақсатында шурф, кесік салынды [3, с.30]. Шурф солтүстік-шығыс мұнарадан 10 м жерде 1,5х1 м көлемде, 1 м тереңдікте жасалынды. Нәтижесінде құрылыстардан құлаған тастардың үйіндісі ашылды. Қорғаныс жалға салынған көлемі 9х1, тереңдігі 3 м болатын кесіктің нәтижесінде екі құрылыс кезеңін өткерген құрылыстары ашылды.

Мерке өзенінің шатқалының сол жағында, көлемі 36х36м болатын шаршы тәріздес бұрын белгісіз болған бекініс табылды. Ол биіктігі 1 м қамалдармен қоршалған, төрт бұрышында 0,5 м мұнаралар бар. Оны айнала ені 2 м, тереңдігі 0,5 м ор қазылған.

Мұнараның солтүстік-шығыс бұрышына 7х6,5 м көлемінде қазба жүргізілді және қорғаныс қабырғасынан 1,25 м басталатын диаметрі 4,5 м мұнара іспеттес конструкция шықты. Қалыңдығы 3 м болатын пахсадан қорғаныс қабырғасы салынған, сақталған биіктігі 1,25 м. Оның үстіне мұнара салынған [3, с.31].



Қарақыстақелдімекені Қара қысты шатқалынан шыға берісте орналасқан. Оның цитаделінің көлемі 70х70 м, биіктігі 4-4,5 м батыс қабырғаға жақын орналасқан. Цитадельдің солтүстік бөлігінде құлаған тас қаландыларының төбешігі бар. 9,5-10 м көлемінде, тереңдігі кей жерлерде 2 м болатын қазба барысында қабырғаларының қалыңдығы 1 м, биіктігі 1 м, пішіні 7х6,8 м болатын жай толығымен ашылды.. Қабырғалар пахсадан ерте мәдени қабатта салынып, оның жоғарғы жағы 0,7 м қалыңдықта, 0,3 м биіктікте тастан қаланған [3, с.32].

Алғабас елдімекені Алғабас совхозының жерінде орналасқан. Ол екі қорғаныс жүйесі мен орталығы тығыз орналасқан құрылыстардан тұрады. Ішкі қорғаныс жүйесінің көлемі 170х170 м,биіктігі 2-2,5 м.табанынан аналғандағы ені 18х20 м. Батыс, оңтүстік және шығыс жақтан үш кіре беріс бар. Сыртқы қорғаныс жүйесі күрделі құрылыс ізі бар үлкен аймақты алып жатыр.

Елдімекеннің оңтүстік-шығыс бұрышына таман көлемі 10х1 м, тереңдігі 3 м жүргізілген қазбадан екі қабырғаның қалдығы табылды. Біріншісінің биіктігі 2 м, ені 5 м монолитті пахсадан салынған. Қабырғаның ішкі жағындағы күл іздері қалған. Оған жапсарлас екінші қабырғаның ені 8,5 м, биіктігі 2,5 м. Ол жерден де Х-ХІІ ғасырларға жататын құмыра қалдығы, кесе, шырақ секілді керамикалық ыдыс қалдықтары табылды.



Наурызбас елдімекені Қонысбай бекінісінен солтүстікке 3 км жерде орналасқан. Тікбұрышты пішінді келген елдімекеннің көлемі 45х30, биіктігі 2-3 м. Барлық бұрыштарында мұнараның іздері байқалады. Қалашықтың үстіңгі қабатынан Х-ХІІ ғасырларға жататын керамикалық заттардың сынықтары табылды.

Күделі ІОххум қалашығынан6 км оңтүстікте,көлемі 110х90 м, бұрыштарында мұнара іздері бар елдімекенді үш жақтан қоршаған ені 5-7 м, тереңдігі 0,5 м болатын ор қоршап жатыр. Оңтүстік жағынан кіре беріс бар. Үстіңгі қабатынан Х-ХІІ ғасырларға жататын керамикалық ыдыстардың қалдықтары табылды.

Күделі ІІ Оххум қалашығынан батысқа қарай 0,5 км жерде, көлемі 32х33, биіктігі 1-1,5 м. Қалашықтың шығысынан батыс бұрышына дейінгі мәдени қабаты ауыл шаруашылығы жұмыстарында ұзындығы 15 м, ені 6 м, тереңдігі 1-1,5 м болатын траншеяның салдарынан бұзылған. Елдімекен ені 5-7 м, тереңдігі 0,5-0,7 м ормен қоршалған. Қалашықтың стратигрфикалық құрылымын анықтау мақсатында оңтүстік жағынан ұзындығы 5 м, биіктігі 1,5 м болатын траншея тазаланды. Тазалау барысында ені 3,3 м,сақталған биіктігі 1,4м болатын қабырғалармен қоршалғаны белгілі болды. Ол жердегі мәди қабаттан Х-ХІІ ғасырларға жататын құмыра, кесе қалдықтары табылды [6, с.65].

Көк төбе елдімекені «Бостандық» совхозының солтүстік жағында, көлемі 55х55 м, биіктігі 2-2,5 мшаршы пішінді болып келеді. Мәдени қабаттың үстіңгі жағынан Х-ХІІ ғасырларға жататын Шу және Талас өңірлерінде таралған кубок тәрізді ыдыстың түбі, құмыра мен көзелердің тұтқалары мен қалдықтары табылды.

Қызылқорған Іелдімекенінің көлемі 40х30, бұрыштарындағы мұнаралар қабырғадан сыртқа 3 м шығып тұр. Кіре беріс солтүстік-батыс жақтан білінеді. Мәдени қабатының үстіңгі жағынан Х-ХІІ ғасырларға жататын керамикалық заттар жиналып алынды. Елдімекеннің стратиграфикалық құрылысын анықтау мақсатында солтүстік-батыс қабырғадан 6 м жерде 1,5х1,5м көлемінде шурф салынды. 1,5 тереңдіктен еден ашылып, ол 10 см қалыңдықтағы күлмен жабылған [6, с.66]

Қызылқорған ІІ Қызылқорған І ден солтүстік-шығысқа қарай 60 м жерде орналасқан. Көлемі 65х70 м болып, бұрыштарында мұнаралардың іздері білінеді. Солтүстік-шығыс жағында лабиринт тәрізді мұнаралармен қорғанған кіріс бар. Қорғаныс қабырғасының биіктігі 2м, мұнара-3-3,5 м. Мұнара 9-10м, кейде 15 м дейін қабырғадан алшақ тұр. Ені 20м, тереңдігі 2-2,5 м болатын ормен айнала қоршалған. Ордың солтүстік-шығыс жағынан кіріс жағына жол салынған.

Ақтөбеелдімекені Талас ауданының «Кеңес» совхозының орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде,көлемі 70х75 м, биіктігі 3 м., бұрыштарында мұнара іздеріне ұқсас дөңестер бар, ені 15 тен 25 м дейін, тереңдігі 1-1,5 м айнала ормен қоршалған. Кіріс шығыс қабырғасында, солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан. Мәдени жоғарғы қабатынан Х-ХІІ ғасырларға жататын керамикалық ыдыстардың сынықтары табылды.

«Күлтөбе» бекінісі Тек-Тұрмас елдімекенінен солтүстік-батыс жағынан 3 км жерде табылды. Бұл қатты көшкінді болған төбешіктің көлемі 50х48 м, биіктігі 2,5 м. Одан солтүстік-батыс жақта қатты көшкін көрген «Адасқантөбе» төбешігі бар. Көлемі 37х32 м, биіктігі 2 м. Жиналған деректерге сай Күлтөбе мен Адасқантөбе Х-ХІІ ғасырларға жатады.

Ақ-кесене бекінісі Талас ауданының «Үшарал» колхозының жерінде орналасқан. Бекіністің көлемі 21х22 м, биіктігі 2,5-3 м болатын дуалдармен қоршалып, бұрыштары мұнарамен күшейтілген. Шығыс бұрышында Ақ-кесене қарауыл мұнарасы орналасқан. Оны 1898 жылы В.А.Каллаур тарапынан зерттелген. Мұнараның диаметрі негізінен бастап 11 м, көлемі 40х17х7 см болатын өңделмеген кірпіштен қаланған, биіктігі 12,6 м.Бекініске кіре беріс жергілікті рельфке сай оның оңтүстік-шығыс қабырғада, Ақ-кесене қарауыл мұнарасына жақын болған жеген жорамал бар.

Бекіністің батыс мұнарасының пішіні мен көлемін анықтау мақсатында 7х5 м көлемінде қазба 1материктік топыраққа дейін жүргізілді [7, с.45]. Мұнара диаметрі 4,3 м болатын дөңгелек пішінде болып, қалыңдығы 11 см дейін (жалпы қабаты - 58) пахса қабаттарынан тұрғызылған. Оның сақталған биіктігі 4,5 м, қорғаныс қабырғаларымен бір кезеңде салынған.



Қазба 2 5х5,6 көлемінде кіре беріс деп шамаланған жерде салынып, кей жерлерде 1,5 м тереңдікке дейін жеткізілді. Қазба кезінде қорғаныс қабырғасы тазаланып, оның қалыңдығы 3 м, сақталған биіктігі 2,9 м пахса қабаттарындай салынғаны белгілі болды. Ақ-кесене қарауыл мұнарасына 3 м жерде ені 1 м болатын қабырға ашық болған.

Ақ-кесене қарауыл мұнарасының табаны мен биіктігін анықтау мақсатында көлемі 1х3 м, тереңдігі 1,7 м болатын шурф жүргізілді [7, с.54]. Шурфтың профиліне сай қарауыл мұнарасы фундаментсіз материкте тұрғызылған. Мұнараның сырқы жағынан материктен қалыңдығы 15-20 см болатын күл шықты. Шурфтың негізінде Ақ-кесене қарауыл мұнарасының биіктігі 14,3 м болғаны анықталды.

Қазба 1 және қазба 2 кезінде Х-ХІІ ғасырларға жататын керамикалық ыдыстардың сынығы табылды.

Бұрыннан белгілі болып келген ескерткіштерге экспедиция тарапынан жасалынған жұмыстарға келсек:



Жуан-төбе елдімекені Талас өзенінің оңтүстік жағында, Свердловск ауданының Михайловка ауылының жерінде орналасқан. Оны 1936 жылы ОАЭ (А.Н.Бернштам басқарған) ашып, 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қарастырған болатын.

Экспедиция тарапынан елдімекеннің солтүстік қабырғасына 11х1 м көлемінде, 2,5 м тереңдікте қазба жүргізілді. Қазба барысында ені 10м, биіктігі 2 м, қалыңдығы 25 см болатын пахсадан салынған қорғаныс қабырғасының қалдығы ашылды. Ол жерден ХІ-ХІІ ғасырларға жататын хум, құмыра, шарақ қалдықтарымен қатарқалыңдығы 1,5 см болатын өсімдік жапырақтары бейнеленген декоративті плита табылды[3, с.34].



Түймекент қалашығы Талас өзенінің оң жағында Ақжар ауылының жерінде орналасқан. Оны 1936 жылы ОАЭ (А.Н.Бернштам) зерттеп ІХ-ХІІ ғасырларға жатқызған болатын[4, с.40].

Қалашық 220х310м көлемінде, 3-3,5 м биіктіктегі қорғандармен қоршалған, барлық бұрыштарында мұнаралары бар, оңтүстік-батыс бөлігінде тікбұрышты пішіндегі цитадельіорналасқан. Қорғанды ені 20м, тереңдігі 1,5-2 м болатын ор қоршап жатыр. Экспедиция тарапынан елдімекеннің бекініс қабырғасына ұзындығы 9 м, тереңдігі 5 мсалынғанкесіктің нәтижесінде қабырғасының қалыңдығы 7 м, биіктігі 3,8 машылып, оның қалыңдығы 15 см пахсадан салынғаны белгілі болды [3, с.40]. Кесік салу кезінде құлаған қабырғалардың арасынан Х ғасыр – ХІ ғасырдың басына жататын құмыра мен қазанның қалдықтары шықты. Елдімекеннің оңтүстік-шығыс қабырғасынан көлемі 22х12 м болатын қазба нәтижесінде ені 5 м болатын қала өмірінің соңғы уақытына жататын жол ашылды. Оған 7х1 м көлемінде шурф жүргізілді. Одан ені 5 м, тереңдігі 2 м болатын керамикалық су құбырына арналған қазынды (траншея) шықты. Бұдан ұзындықтары63 см, диаметрі 15 см, ұзындығы 50 см, үлкен жағы 29 см, кіші жағы 24 см болатын тұрбалар қалаға су жеткізіп тұрған. Х-ХІІ ғасырларға жататын муфтасы бар мұндай тұрбалар 1962 жылы Тараз қаласынның 5 қазбасында М.С.Мерщиев тапқан болатын [5, с.202].



Қонысбай бекінісі «Кеңес» колхознан 2 км жерде орналасып, оны 1936 жылы ОАЭ (А.Н.Бернштам) қараған болатын.

Бекіністің көлемі 240х240 м, барлық бұрыштарында мықты мұнаралары бар, әр жағында 6 мұнарадан. Оңтүстік қабырғасының ортасына таман «Г» тәрізді кіріс болған. Бекініс үш жағынан ені 15 м, тереңдігі 1,5 м ормен қоршалған, ал солтүстік жағы қамыс өсіп кеткен ескі су арнасына келеді. Қонысбай бекінісінің мәдени қабатын анықтау мақсатында солтүстік қабырғадан 40 м, солтүстік-шығыс бұрышқа таман көлемі 2х2 м, тереңдігі 1,5 м болатын шурф салынды [6, с.60]. 0,2-0,3 м тереңдікте тек қиранды-қоқыс материкке ұласып жатты



Оххум қалашығы Қрабақыр өзенінің төменгі ағысынан 1,5 км, Талас өзенінің сол жағында орналасқан. 1936 жылғы ОАЭ (А.Н.Бернштам) зерттеулеріне сай ол ІХ-ХІІ ғасырларға жатады. Ол тікбұрышты пішінді болып, үш қорғаныс жүйелерімен қоршалған көптеген мұнаралардың іздері қалған [4, с.42].

Бірінші қорғаныс қабырғасының көлемі 200х220 м, биіктігі 3 м, онда 20 мұнара сақталған. Батыс және шығыс қабарғаларында кіріс болған. Қабырға ені 20-24 м, тереңдігі 3-3,5 м болатын ормен қоршалып, оңтүстік-шығыс бұрышында биіктігі 15 м болатын цитадель орналасқан.

Екінші қорғаныс қабырғасының көлемі 440х440 м, биіктігі 2-2,5 м, онда 18 мұнара сақталған.Оны ені 18-20 м, тереңдігі 2,5-3 м ор қоршап жатыр. Батыс және шығыс қабырғаларының ортасына таман, бірінші қорғаныс дуалына қарама-қарсы кіре берісіне жасалынуы өзгеше болған кіріс орналасқан.

Үшінші (сыртқы) қорғаныс қабырғасының сақталған бөліктерінде ені 10-12 м, биіктігі 1-1,5 м.

Экспедиция тарапынан екінші қорғаныс қабырғасына жасалынған көлемі 13х1 м, тереңдігі 2,7 мқазбадан ені 5 м, сақталған биіктігі 2,3 м қалыңдығы 10-15 см пахсыдан салынған қорғаныс қабырғасы ашылды [6, с.63]. Қабырғаларды ашу барысында ХІ-ХІІ ғасырларға жататын күлдермен аралас керамикалық ыдыстардың қалдығы шықты.

Атбайлар бекінісі Тек-Тұрмас қалашығының сотүстігіндегі 5 км жерде орналасқан. Ол 1898 жылы В.А.Каллаур тарапынан зерттелген.

Платформа мен бекіністің жалпы көлемін анықтау мақсатында солтүстік және батыс қабырғаның төменгі жағына 3х1 м көлемінде салынған шурфтың нәтижесінде платформаның көлемі 28х21 м, биіктігі 0,5 м болғаны анықталды [6, с.68].

21х5,5-10 м болатын қазбада бекіністің оңтүстік жиегі анықталып, бекініс екі бөлімнен: төменгі – солтүстік және оңтүстіктен тұратыны белгілі болды. Қазба барысында Х-ХІІ ғасырларға жататын диаметрі 40 см, қалыңдығы 1,5 см шеберханада жасалынған хум табылды [8, с.50].

Көк-кесенеАқ-кесене бекінісінен солтүстік-батысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Бекініс 1896 жылы В.А.Каллаур тарапынан зерттелген. Бекініс төбешік алаң ретінде тікбұрышты пішінде көлемі 45х45, биіктігі 2 мболып келеді. Бұрыштарында қабырғадан 1 м биіктікте мұнаралардың іздері білінеді. Олардың арасында солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс мұнаралары айрықша тұр. Оңтүстік-шығыс мұнарасы дөңгелек пішінде 40х17х17 см болатын өңделмеген кірпіштерден қаланған. Бекініске кіріс көтерелі пандус ретінде шығыс жағында сақталған. Бекіністің айналасында ордың іздері байқалады.

Қорыта айтқанда, экспедицияның атқарылған жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысының осы бөлігінеон бес шақты ортағасырлық жаңа ескерткіштер қосылып, бұрыннан белгілі ескерткіштердің жалпы көлемі мен өмір сүрген уақытын анықтайтын жаңа деректермен толықтырылды. Олардың барлығы есепке алынып, облыстық тарихи-өлкетану кітапшасына енгізілді. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың, бекеттердің қорғаныс жүйесіне қатысты жаңа мағлұматтар алынды.


Әдебиеттер

1.Научный отчет. Раскопки средневекового городище Актобе в 1980 году.– Алма-Ата, 1980 //Архив института Археологии имени А.Х.Маргулана.– Опись №2.– Дело№1822. – 76 с.

2. Отчет. Шифер темы КАЭ-079. Археолого-этнографическое изучение Чуйской долины (1982).– Алма-Ата, 1983. //Архив института Археологии имени А.Х.Маргулана.– Опись №2.– Дело№ 1957. – 117 с., илл

3. Отчет. Шифер темы КАЭ-079. Археолого-этнографическое изучение Чуйской долины (1983).– Алма-Ата, 1984 //Архив института Археологии имени А.Х.Маргулана МОН РК.– Опись №2.– Дело№2002. – 116 с.

4.Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана // Известия АН КазССР.– №67. Серия археологическая. – Вып. 2. – 1949. – С.23-38

5. Мерщиев М.С. Дополнительные данные по керамике городища Шаушукумтобе // Поиски и раскопки в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1972. – С.198-205.

6.Елеуов М.К вопросу о системе обороны раннесредневековых городов и поселений Чуйской долины // Средневековые города Южного Казахстана. –Алма-Ата, 1986. – С.54-70.

7.Елеуов М. Некоторые итоги исследования укрепления Ак-кесене//Тезисы конференции молодых ученых Алма-Атинской области , проведенной на базе КазГУ, посвещенная 40-летию Победы советского народа в Великой Отечественной Войне. – Алма-Ата, 1985.– С.42-54.

8.Елеуов М. Средневековая культура городов и поселений Чуйской долины VІ- начало ХІІІ веков /вопросы типологии и фортификации/. Специальность – 07.00.06. – археология. Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук.– Алма-Ата, 1991. – С.231.
Referenses

1.Nauchniyotchet. RaskopkisrednevekovogogorodisheАкtоbе v 1980 godu.Alma-Ata, 1980 . // ArhivistitutaArheologiiimeni А.H.Margulana.– Opis №2.–Delo № 1822. – 76 s.

2.Otchet.ShifertemiКАE-079.Arheologo-etnograficheskoeizuchenieChuiskoidolini (1982).–Alma-Ata, 1983 //Arhiv istituta Arheologii imeni А.H.Margulana.– Opis №2.–Delo № 1957. –117 s.,ill

3.Otchet.ShifertemiКАE-079.Arheologo-tnograficheskoeizuchenieChuiskoidolini (1983).Alma-Ata, 1984. //Arhiv istituta Arheologii imeni А.H.Margulana.MON RK- Opis №2.– Delo № 2002. –116s.

4. Bernshtam А.N. Problemi drevnei istoriiI etnogeneza Ujnogo Kazahstana // Izvestia АN КаzSSR.№67. Seriaarheologicheskaya.Vipusk2. –1949. –S.23-38

5.MershievМ.S.DopolnitelniedanniepokeramikegorodishaShaushkumtobe // PoiskiIraskopkivKazahstane. – Alma-Ata: Nauka, 1972. –S.198-205.

6.Eleuov M. K voprosu o sisteme oboronirannesrednevekovyh gorodov I poselenii Chuiskoi dolini // Srednevekovie goroda Ujnogo Kazahstana. –Alma-Ata., 1986. –S.54-70.

7.Eleuov M.Nekotorie itogi issledovaniyaukrepleniya Ak-kesene.//Tezisi konferensiimolodih uchenih Alma-Atinskoy oblasti, provedennoi na baze KazGU,posveshennaya 40-letiu Pobedi sovietskogo naroda v Velikoy Otechestvennoy Voine. – Alma-Ata,1985. –S.42-54.

8.Eleuov М. Srednevekovaya kultuta gorodov I poseleniy Chuiskoi doliny VІ- nachalo ХІІІ vekov /voprosi tipologii i fortifikatsii/. Spetsialnost – 07.00.06. – arheologia. Dissertatsia na soskaniye uchenoi stepeniykandidata istoricheskih nauk.- Alma-Ata, 1991.–S.231.
МОЛДАБЕК Е.Б.

Магистрант 2 курса кафедры Археологии, этнологии и музеологии


ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ РАБОТА АРХЕОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕДИЦИИ УНИВЕРСИТЕТА В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ (1983)
Резюме

В статье рассматривается работа Университетской Археологической Экспедиции (УАЭ) в Жамбылской области в 1983 году Казахского Национального Университета им.Аль-Фараби. Целью экспедиции УАЭ-83 под руководством М.Елеуова было исследовать системы обороны ранее известных (Жуантобе, Тоймакент, Оххум и Конысбай) и неизвестных (Кара-Кыстак, Алгабас, Кудели І,ІІ, Кок-тобе, Кызылкорган І,ІІ, Актобе, Атбайлар, Ак-кесене) раннесредневековых городов и поселений в этом регионе. В основном здесь велись археологические разведки, шурфы-обрезы и другие полевые работы. Приводились поностью данные время их существование и о строительстве этих объектов по найденным предметам и по результатам раскопка.



Ключевые слова: археология, раскопка, шурфь, разрез, раннесредневековые, города, поселение, замок, Шу, Талас, область, район, Ак-кесене, исследование, результат.
MOLDABEK E.B.

Al-Farabi Kazakh National University.Republic Kazakhstan.


RESEARCH UNIVERSITY ARCHAEOLOGICAL EXPEDITION IN ZHAMBYL REGION (1983)


Summary

The article discusses the work of the University archaeological expedition (UAE) in Zhambyl region in 1983, Kazakh National University named Al-Farabi. The purpose of the expedition was to explore defense system previously known (Zhuantobe, Toymakent, Ohhum and Konysbaev) and unknown (Kara Kystak, Algabas, tow I, II, Kok-Tobe, Kyzylkorgan I, II, Aktobe, Atbaylar, Ak-Kesene) early medieval cities and settlements in the region. Basically there were archaeological exploration, pits and other field work. Cited ponostyu data during their existence and the construction of these facilities found objects and the results of excavations.



Key words: archeology, excavation pits, cut, early medieval, town, village, castle, Shu, Talas, region, district, Ak-Kesene, study, results.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет