Молдағалиева София
Жазушының жары едім.
Жұбақанмен (Жұбан Молдағалиев) мен Алматыда қазіргі 28 панфиловшы-гвардияшылар паркіндегі офицерлер үйінің клубында таныстым. Сұңғақ келген капитан дәрежесіндегі жас офицер мені биге шақырды. Ол кезде Жұбақан офицерлер үйінде қызметте еді. Арада екі-үш күн өтісімен маған хабарласып, «бір үйге қіріп шығайық» деп өтініш жасады. 18-дегі бойжеткен қыздың көңілі әлгі офицерге ауып калғаны да рас еді, ойда еш нәрсе жоқ. Айтылған мерзімде баратын үйге Жұбакаң мені ертіп кедді. Сөйтсем, анасына көрсетейін деген ойы екен. «Иә, иә, маған дәл осындай келін керек. Айттым - бітті, осы қызды аласың» деп болашақ енем кесіп бір-ақ айтпасы бар ма? Мен ыңғайсыз жағдайда қалсам да ақ ниет ананың, адал жардың маған табылғанын сезіп өзіме-өзім тәубе жасадым. Арада 7 күн өткенде, атап айтканда 1947 жылдың 22-ші қарашасы күні он-он бес отбасын шақырып, үйлену рәсімін өткіздік.
Қырық жыл бірге ғұмыр кештік. Қашанда әділдік жақга болатын Жұбақан, тікелей өзіме, балаларына, немерелеріне, туыс-туғандарына парасаттылығымен танылса, халқына ақын ретінде белгілі болды. Қоғамдық жұмыстары басынан асып жататын. Өлендерін көбіне ертеңгісін, кешкісін қайта ықшамдап, редакциялайтын. Ымырашылдарды, жағымпаздарды жаны жек көретін. Әрине, қызмет барысында сөзге келіп қалатын қаламдастарын өзіне жау деп санамайтын. Қайта олармен араға күн салып акжарқын сөйлесіп жатқанын білемін.
Өз басыма деген ақ ниеттілігі, адал жар екендігін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы деп ойлаймын. Шәй дескен жоқпыз. Бір бірімізді қас-кабағымыздан танитынбыз. Әрине, ақындардың мінезін түсінесің. Бірде түнеріп, бірде жадырап дегендей.
Бізге қонақ көп келуші еді. Ол кезде Қазақстан Жазушылар Одағына Одақтас республикалардан қонақтар жиі келетін. Түрлі симпозиумдер, конференциялар ұйымдастырушы еді ғой. Сондағы кәделі қонақтар, әсіресе, Сәбит, Ғабит ағалардың, Әнуардың отбасыларында және біздің үйде жиі болатын. Әрине, қонақ күту де бір сын. Ол сыннан сүрінбей өткен кездерді қалай ұмытайын. Енемді мама дейтінмін. Өз қолымда болды өмірінің соңына дейін.
1988 жылы Жұбақаң өмірден өтті. Соңында уш улы. бір қызы, бәрі аяқганған. Мен кенже ұлымыз Азаматтың қолында тұрамын. Жұбақаңның өмірден өтуіне 1986 жылғы желтоқсан окиғасы әсер етті десем қателеспеймін. Ұлымыздың біреуі ішкі істер министрлігінде істеуші еді. Болған оқиғаны ұлынан естіген Жұбақаң қатты ренжіді. Реніші жүрегіне эсер етті. Г.В.Колбиннің Жазушылар одағында шығармашылық топпен кездесуі кезінде Жұбақаңның сөйлеген сөзінен соң оған деген ниет өзгеріп сала берді. Әрине, тірі адам тіршілігін жасайды ғой. тыныш жүруіне де болар еді. «Қыздарымыздың арын таптап, ұлдарымызды мұзға отырғызуы несі!» деп ашуланды Жұбакаң. Колбиннің алдында пікірін сол сөзінде де айтты емес пе!
Менің арманым - Жұбакаң өлендерінің толық томын шығаруға бас-көз болу еді. Әдеби мұраға деген жауапкершілік менің мойнымда ғой. Қазір Жұбақаңның әдеби мұрасының шырақшысы болып отырған жәйім бар.
Балаларым да, өзім де Жұбақаңның кітаптарының жаңа варианты халқымен қауышуына қызмет етеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |