Бөлім:
|
Мәдени мұра
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нәтиже сабақ
45 сабақ Мен не үйрендім?
( Қазақ тілі. 1- бөлім 96 - 98 бет, «Атамұра» баспасы, 2019 ж.)
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
4.3.2.1.тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Өтілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды
|
Бағалау критерийі
|
Өтілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды
|
Құндылық
|
Ұлттық мүдде: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
кезеңі\уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
2 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Сабаққа дайынбыз ба?
Көңіл – күйіміз қандай?
Ендеше сабағымызды бастайық?
|
Оқушылар сәлемдеседі.
Кезекші оқушы сыныпты түгендейді
Сабаққа назарын аударады.
Керемет! Тамаша! Ғажап! Алақай!
Оқушылар сабаққа зейінін салады
|
Керемет!
|
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тренинг ережесі
2 минут
|
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді жүрекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Сабағымыз сәтті болсын!
Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттейік!
Сабақта бір - бірімізді
Сабақта уақытты:
Сабақта тапсырмаларды:
Сабаққа қатсықанда:
Белсенділік танытып, жақсы баға аламыз!
|
Өлеңді айтады
Сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Үнемдейміз!
Нақты, дәл жауап береміз!
Шапшаңдықты, тапқырлықты көрсетеміз!
|
Керемет!
|
|
Сабақтың
ортасы
33 минут
Ұжымдық жұмыс
11 минут
Қызығушылы
ғын ояту
|
45 сабақ. Мен не үйрендім
Сабақтың мақсаты:
Өтілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды
Күй қадірін кім білген? Тыңдадым. Ұққан сияқтымын. Бірақ көкірегіме құя алмадым. Домбыра қонбай қойды маган. Не істемеді дейсіз?! Қай пернеден соң қай пернені басу керегін, қай тұста неше рет қағу қажетін жаттап та көрдім. Бір жаттайсың. Екі жаттайсың. Қашанғы жаттай бересің. Басыма шелпек жастап, қойныма домбыра алып ұйықтап та көрдім. Менің түсіме домбыра да, шелпек те кірмеді. Әйтеуір, сол күні өзіме домбырашылық өнердің ешқашан дарымайтынына нық сеніп ояндым...
Мұхтар Мағауин
1.Автор не тыңдады?
2.Домбырашы болу үшін не істеді?
3.Қалай ойлайсың, ол домбырашылық өнерді таңдады ма? Таңдамаса, неліктен таңдамады?
Ойыңды дәлелдеу үшін керек сөз тіркесін таңда.
талантты болу керек жаттығу керек
Ойыңды дәлелдеп жаз. Жазғанынды парталасыңа оқып бер. Оның жазған жұмысына пікірінді білдір. Қате кездесті ме? Оны қалай түзетуге болады?
|
Өтілген білімін қорытындылайды
Түсінік бойынша сұраққа жауап береді
Автор күйді тыңдады
Қай пернеден соң қай пернені басу керегін, қай
тұста неше рет қағу қажетін жаттады
Ол домбырашылық өнерді таңдаған жоқ. Себебі
бұл өнердің дарымайтынына нық сенімді болды.
Менің ойымша адам талантты болу керек
Бірақ, ол өз талантын аша білетін өнерді таңдау керек деп ойлаймын. Ол өзі бірден талантты болып кетеді деген пікір жоқ
|
Дескриптор
1.Жаңа білімді меңгереді
|
Оқулық 93 бет
|
ұжымдық жұмыс
15 минут
жеке жұмыс
7 минут
|
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
«Көркем жаз» әдісі
Сынып жұмысы
45 сабақ. Мен не үйрендім
Жж Жж Жж
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. У. Гэзлит
Жазылым; 96 бет 1 жаттығу
Ойыңды дәлелдеп жаз. Жазғанынды парталасыңа оқып бер. Оның жазған жұмысына пікірінді білдір. Қате кездесті ме? Оны қалай түзетуге болады?
Жазылым; 96 бет 2 жаттығу
Жоғарыдағы мәтіннен сызбаға сәйкес сөйлемдер құрап жаз.
Сөйлем мүшелеріне талда. Қайсысы дара, қайсысы күрделі мүше екенін айт.
Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сыз
Төмендегі сөйлем түрлерінің айырмашылығы неде? Ойыңды дәлелде
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Оқулықпен жұмыс
2-тапсырма
«Талда» әдісі
Айтылым; 96 бет 2 жаттығу
Бірыңғай мүшенің күрделі мүшеден өзгешелігі неде? Анықтамалықтан сұраққа жауап болатын мәлімет жина
|
Күн ретін жазады. Тақырыпты жазады
45 сабақ. Мен не үйрендім
Жж Жж Жж
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы. У. Гэзлит
Жазылым; 96 бет 1 жаттығу
Менің ойымша адам талантты болу керек
Бірақ, ол өз талантын аша білетін өнерді таңдау керек деп ойлаймын. Ол өзі бірден талантты болып кетеді деген пікір жоқ
Сызба бойынша сөйлем құрап жазады
күрделі мүше
күрделі мүше
Жай сөйлем бір немесе бірнеше сөз бен
сөз тіркесінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді
Айтылым; 96 бет 2 жаттығу
Мәтіннен сызбаға сәйкес бірыңғай мүшелері бар
сөйлемді табада
Менің түсіме домбыра да, шелпек те кірмеді
Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады
|
Дескриптор
1.Сөздерді көркем жазды
2. Монологті өз ойын дәлелдеп жазады
Дескриптор
Мәтіннен сызбаға сәйкес бірыңғай мүшелері бар
сөйлемді табада
|
Оқулық 96 бет
дәптер
Оқулық 97 бет
|
Сабақтың
Соңы
3 минут
Бекіту
ұжымдық жұмыс
|
Сабақты қорыту
Айтылым; 97 бет 4 жаттығу
Мақаланы оқып, бөліктерін қалпына келтір.
Қала орталығында орналасқан өлкетану мұражайы қазіргі заманның талабына сай безендірілген. Мұражайда өте көп тарихи жәдігер сақталған. Мұражай кызметкері әр жәдігердің ерекшелігіне тоқталып, қызық ақпараттар берді. Әсіресе «Алтын адам» туралы ақпараты балаларды ерекше қызқтырды. Туған табиғатымыздағы түрлі аң-құстың қатырылған бейнесін кәдімгі тірі аң - құстардан ажырату қиынға соқты.
Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында 4*а* сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды.
Балалар мұражайдан көңілді қайтты. Әрқайсысы өз көргендерімен бөлісуге асықты.
Мұражайға қашан, кіммен барганыңды, не көргеніңді айтып ,мақала жаз. Жазған мақалаңды сыныптастарыңа оқып бер.
Үйге тапсырма :
|
2019 жылдың 30 қазанында отбасымен С. Сейфуллин мұражайына бардым.
Мұражай 2 ғимараттан тұрады. Таза сүргіленген бөрене ағаштардан құралған.
Мұражайдың өзі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. 1920 жылы С. Сейфуллин осы ғимаратта редакция бөлімінде қызмет еткен.
Екінші ғимарат – мұражайдың әкімшілік үйі. Бұрын С. Сейфуллиннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі, кейін бухгалтерлік мектеп болған.
Мұражай – Қазақ ССР министрлер кеңсінің жарлығы бойынша 1988 жылы 21 ақпан ашылыпты.
Мұражайда С. Сейфуллиннің кіаптары, суреттері, өлеңдері, құжаттары және басқа да түрлі бұйымдары сақталған.
Мұражай қызметкері жеті бөлменің ерекшелігіне тоқталып, қызық ақпараттар берді. Әсіресе С. Сейфуллиннің «жатын бөлмесі» туралы ақпарат бергенде, ақын тіріліп келген сияқты сезімде болдық.
Мұражай қатты ұнады. Бәріміз мұражайдан көңілді шықтық. Үйге жеткенше мұражай туралы әңгімелестік.
|
Дескриптор
Мақаланы оқып, бөліктерін қалпына келтіреді
|
Оқулық 97 бет
|
Рефлексия
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта түсінгенім:
Қызықты болған сәттері:
Түсінбеген тұстары:
|
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін ойымен бөліседі
|
|
|