Араластырғыш құрылғылары бар аппараттардыңқұрылымдық элементтері. Араластырғыш құрылғылары бар аппараттаркорпусы берілген температураны ұстап тұру үшін қабырға жабуымен немесе ирекқұбырлармен жабдықталуы қажет. Қабырға жабынының болуы ақауды тез анықтау мүмкіндігін күрделендіреді, сол себептен әрбір жөндеуден кейін жабу корпустың арасын сумен сығымдаумен тексереді. Аппараттың ішінде орналасқан ирекқұбыр, басқа ішкі құрылғылар сияқты тозуға ұшырайды. Сыртқы беттегі ирекқұбыр ұзағырақ жұмыс істейді. Тоттанудан қорғау үшін араластырғыш корпусын эмаль қабатымен немесе басқада тоттануға қарсы жабулармен қаптайды.
Жетек редуктордың шығу білігіне көлденең күштердің әсерін болдырмайтын аралық құрылғылар көмегімен араластырғыш білігіне бұрау моментін береді. Мотор-редуктор дайындаушы зауытпен араластырғышта жиналуымен жеке жеткізіледі. Бірінші жағдайда жетекті, барлық роторды тасымалдау алдында, олардың сынуын болдырмайтын тіректер орнатады[6]
.
Құрастыру алаңында бұл тіректерді алып тастайды, айналудың жеңілдігін тексереді. Тексерілуден кейін қозғалтқышты іске қосады, бос жұмыс кезінде жетекті роторды тексереді. Мотордың жүктелінуін, мойынтіректің температурасын бақылайды редуктор жұмысына ілесе жүретін шуды тыңдайды. Анықталған ақауды өзіне сәйкестіктегі торапты бөлшектеп шашқаннан кейін дәлдейді. Жетекті бөлек жеткізген кезде оны тасымалдауды, аппаратқа орнатуды 3.2в-суретінде көрсеткендей схема бойынша жетекте арнайы строптық құрылғы көмегімен ғана жүргізеді. Қозғалтқышты негізге орнату кезінде май көрсеткішке, майды құйып алатын тығынға еркін жетуді қамтамасыз ету қажет.
Араластырғыш роторының білігін жетек білігімен муфта көмегімен жалғастырады. Жетектің артында ілінген тік ротордың біліктері үшін көлденең оралған және ұзына бойына оралған муфталарды пайдаланады. Жартылай муфтаны редуктор білігіне алдын ала 120-150оС температураға дейін қыздырып біліктің тірегіне дейін кіргізіп отырғызу қажет. Жартылай муфтаны кіргізіп отырғызу кезінде балғаны пайдалану ұсынылмайды, өйткені күшті соққы кезінде мойынтірек зақымдануы мүмкін. Әрбір муфтаның екі жартысынын тартатын болттар пайда болған қысымдар бұрау кезінберу үшін жеткілікті болатындай тартылуы қажет. Бірақ екі біліккеде шпонкаларды орнатады.
Аппараттың жетегімен корпусын құрастырудың маңызды жағдайы болып біліктің тік болуы белгілі амалдармен тексеріліп, олардың осімен сәйкестігінің дәлдігі бірдей болу қажет. Жетекті құрастырғаннан оның картеріне май құйғаннан кейін 10-15минут аралығында босжүрісті жүргізеді. Әрбір жөндеу кезінде араластырғыш жетегі тексеруден өтеді: ілінісулердегі мойынтіректерді, люфтіні тексереді, моторды редуктормен орталыққа дәлдеуді жүргізеді. Ерекше назарды майлайтын майды беру жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне негізделеді. Анықталған ақауларды белгілі амалдармен дұрыстайды.
Егерде аппарат қысымда немесе вакуумде жұмыс істесе жарылысқа қауіпті және уытты ортаны араластыру үшін арналса, одан ротор білігінің шығу торабындағы аппаратты саңылаусыздандыру жүйесін құрастыруға өте жоғары талаптар қойылады. Ең бір жиі кездесетіндер құрастыруы, жөндеуі бұрынырақ көрсетілген жұмсақ толтырғышы, тығыздалатын жиегі бар сальниктер. Жиналған тығыздағышты сыналатын участоктың сыртына шықпауы қажет тығыздағы сұйықты беру жолымен тексереді.Жиналған немесе жөнделінген араластырғышты, корпусты гидравликалық қысымдаумен жүктелінген жетекті іске қосып тексергеннен кейін пайдалануға тапсырады[6].
Достарыңызбен бөлісу: |