Рефераты ғылыми жетекшісі: т.ғ. к., Аханов С. М. Қызылорда, 2013 ж



Дата13.06.2016
өлшемі229.52 Kb.
#131490
түріРеферат
ӘОЖ.631.374:631.354:626.82 Қолжазба құқығында


ИМАНҒАЗИЕВ ПАЗЫЛБЕК ОРАЗБЕКҰЛЫ

Инженерлік суармалы егістіктен астық тиеу тасымалдау жұмыстарының технологиясын жетілдіру

(Қызылорда облысы жағдайында)
6М080600 – Аграрлық техника және технология мамандығы бойынша «Ауылшаруашылық ғылымының» магистры академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Аханов С.М.

Қызылорда, 2013 ж

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

«Агроинженерия және көлікті пайдалану» кафедрасында орындалған


Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Аханов С.М.

Ғылыми оппоненті: т.ғ.к., доцент Рысбеков А.

Қорғау 2013 жылы « 8 » маусым

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Жаратылыстану және аграрлы технологиялар институтында өтеді. (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, №4 оқу ғимараты, ауд 201).


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Астық өнімдерін процесінде өндіру процесінде транспорттық тасымалдау жұмыстарының алатын орны үлкен. Бұл процес жұмыстардың арасындағы технологиялық байланысты қамтамасыз етеді. Тасымалдау жұмыстарында автомобильдік транспорттарды қолданумен қатар ауыл шаруашылық және басқа да өнімдерді тасымалдау кезінде транспорттық транспорттың үлкен роль атқарады. Тракторлық транспорт әсіресе инженерлік суармалы егістік жағдайында өтімділігі жоғары болуына байланысты, автомобильдік транспортқа қарағанда қолдану аясы жоғары. Соңғы жылдарда шаруашылықтардағы автомобиль транспортының санының азайуына байланысты облыстың шаруашылығында тракторлық тіркемелік транспорт құралдарын көптеп пайдалануда.

Астықты инжерлі суармалы егістіктен тасымалдау жұмыстарындағы тракторлық тіркемелік агрегаттарды пайдалану ерекшеліктеріне әртүрлі топ жағдайларымен олардың сол процесіндегі жұмыс режимдері жатады.

Тракторлық – транспорттық құралдардың пайдалану тиімділігін арттыруға көптеген жұмыстар арналған.

Шаруашылықтардағы егістіктен астық тасымалдау жұмыстарында доңғалақты тракторларды пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі жолдарына олардың жетекші доңғалақтарының жермен іліктеуін арттыру болып табылады.

Қызылорда облысындағы шаруашылықтарда өндірілетін негізінен ауыл шаруашылық дақылына инженерлік-суармалы егістік жүйесінде егіліп өсірілетін күріш дақылы жатады. Бұл инженерлік-суармалы егістікте ауыспалы егіс тәсілі қолданылады. Осыған байланысты негізгі тасымалданатын ауыл шаруашылық өнімдеріне күріш жатады. Күріштің астық жинау комбайындарынан қырманға тасымалдау кезінде ауыспалы тракторлық тіркемелер кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз бункерлері астыққа толған комбайндар егістік шетіне қалдырылып кеткен тракторлық тіркемелерге астықты төгіп, қайтадан жұмыстарын жалғастыра береді.

Соңғы жылдары егістіктен астықты тасымалдау процесін жетілдіру мақсатында шет елдерде кеңінен қолданылатын жинағыш-тиегіштерді қолдану арқылы тасымалдау жұмысының сапасын арттыру жолдары қарастырылады.

Комбайндардың бункерлері толған кезде транспорт құралы немесе тракторлық тіркеме болмай қалған жағдайларда арнайы астық жинағыш-тиегіштерге астықты төгеді. Жинағыш-тиегіштер астықты келген транспорт құралына тиеп жіберіп отырады.

Қазіргі кезде автомобильдік транспорт құралдарын негізінен шаруашылық орталығындағы қырмандардағы тазаланған астықты аудан және облыс орталығындағы элеваторларға тасымалдауға қолданылады.

Диссертациялық жұмыс инженерлік суармалы егістіктен астықты тиеу мен тасымалдау жұмыстарының технологиясын жетілдіруге бағытталған.

Астық тасымалдау кезіндегі транспорттық агрегаттардың тиімді параметрлері мен жұмыс режимдерін анықтауға бағытталған.

Инженерлік суармалы егістіктен астықты тасымалдауға арналған транспорттық агрегаттардың тиімді параметрлеріне олардың қораптарын толтыру уақыты мен жүк көтерімділігін толық пайдалану мен жұмыстық жылдамдықтары алынған.

Зерттеудің мақсаты – инженерлік суармалы егістік жағдайында астықты тиеу мен тасымалдау жұмыстарды орындау барысында траснпорттық агрегаттардың тиімді параметрлері мен жұмыс режимдерін негіздеу.

Зерттеу объектісі – инженерлік суармалы егістіктен астық өнімдерін тасымалдау жұмыстарында қолданатын транспорттық технологиялық агрегаттары.

Зерттеу тәсілдері – алға қойылған мәселені шешу үшін транспорттық жұмыстарды орындау процесін математикалық моделін қолдану арқылы зерттеулер ұсынылған.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

- тасымалдау жұмыстарында қолданылатын жылжымалы құрамға

талдау жасау;

- жаңадан шығарылған тіркемелер мен жартылай тіркемелердің

конструкциялық ерекшеліктерін талдау;

- астықты егістіктен тасымалдау технологияларын зерттеу;

- астық жинайтын агрегаттардың жұмыстарының сапасын анықтайтын

көрсеткіштер зерттеу;

- стационарлы жинақтағыштар мен жинақтағыш алаңшаларды

қолдану зерттеу;

- көлік транспорттық агрегаттарының тиімді экономикалық

көрсеткіштерін анықтау.



Жұмыстың мазмұны – Диссертациялық жұмыс бойынша 3 ғылыми мақала жарияланаған.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс бөлімнен, жалпы қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.



Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылық дақылдарын жинау технологиясы – еңбек сыйымдылығы өте күрделі өндірістік процесске жатады. Онда көптеген жинау агрегаттары, транспорт құралдары, стационарлық жабдықтар, сонымен қоса механизаторлар мен жүргізушілер және басқа да қызмет көрсету қызметкерлері жұмыс атқарады.

Өндірістік процесс деп – уақыт ішінде немесе орындалу операцияларының жағдайларына байланысты бір-бірімен тығыз байланыста болатын және солардың салдарынан бастапқы өңдеу объектісі аралық немесе соңғы өнімге айналуын айтады. Өндірістік жинау процесі бірінен кейін бірі жүретін технологиялық, транспорттық, дайындау және көмекші операциялардың (процесстердің) жиынтығынан құралады. Технологиялық операциялар өңдеу объектісіне оның қасиеті мен күйінің өзгеруіне бағытталған (әртүрлі техникалық, физикалық немесе химиялық) әсерлерден тұрады. Бұл жағдайда өнім өзінің бастапқы күйінен аралық немесе соңғы өнім түріне ауысады. Транспорттық операциялар өсірілген өнімді және оның өңделген өнімін, жанар-жағар майларды, басқа да материалдарды және жұмысшыларды тасымалдауға арналған. Дайындау операцияларын жиналатын өнімнің қажетті қасиеттерін алу үшін және технологиялық операцияларды тиімді орындау үшін жүргізеді. Өз кезегінде технологиялық және транспорттық операцияларды орындау барысында бірнеше көмекші операциялар қоса жүргізіледі. Онда машинаны жұмысқа дайындау, агрегаттарды құрастыру мен оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және механизаторларды мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жұмыстары орындалады.

Технологиялық, транспорттық, дайындау және көмекші операцияларды орындау ретін технологиялық процесті орындау үшін қажетті болатын жағдайда оларды орындау мерзімін, орындайтын құралдарды, материалдарды шығындау нормаларын, агротехникалық талаптарды, өндірістік процеске қатысатын әрбір агрегаттың өнімділігін және күнделікті жалпы өнімділік негізінде жинау технологиясын анықтайды.

Еліміздегі табиғи-өндірістік және топырақты-климаттық жағдайлардың көп болуына байланысты, әртүрлі аудандарда дақылдарды жинаудың өз технологиялары қалыптасты. Табиғи факторлар үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан технологияларды үнемі жетілдіріп отыру арқылы олардың әсерін азайтуға немесе мүлдем болдырмауға бағыттау қажет.

Алдыңғы қатарлы технологиялар мен машиналарды дұрыс таңдаудың арқасында өнімді жинау мөлшері артып, еңбек шығындары азайады. Бірақ та техникаларды тиімді пайдалану технологиялық, транспорттық және көмекші процесстерді тиімді ұйымдастырмай қол жеткізуге мүмкін болмайды. Сондықтан жинау жұмыстарының технологиясын таңдап алған кезде, егістіктің күйінің жағдайын ескеру қажет. Сонымен қоса жинау және транспорттық машиналарға түсетін жүктемелерді де ескеру керек.

Дәнді дақылдарды жинау кезінде бірінен кейін бір өзара тығыз байланыспен орындалатын комплекстік технологиялық, транспорттық және көмекші операциялар аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі жұмыстарды орындауға бағытталған. Еңбекті ең тиімді тәсілмен ұйымдастыруға және өсірілген өнімді барынша жоғарғы сапамен, оған аз еңбек шығынын жұмсауға бағытталған іс шаралар жиынтығы келесідей:



  1. Жинау жұмыстарын әрбір дақылға тиімді болатын қатаң агротехникалық мерзім ішінде орындау;

  2. Ақаусыз және өнімділігі жоғары техникаларды қолдану;

  3. Біліктілігі жоғары мамандарды даярлау оның ішінде алдымен механизаторларды;

  4. Жинау агрегаттары мен транспорт құралдарын жоғары өнімділікпен пайдалану;

  5. Барлық операциялардың орындалуының ағындық жағдайын қамтамасыз ету;

  6. Жинау агрегаттар мен транспорт құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  7. Жинау жұмыстарына қатысатын жұмысшыларды мәдени-тұрмыстық және медициналық жағдайлар мен қамтамасыз ету;

  8. Жоғары квалификациялық диспетчерлік қызметті жасау;

  9. Арнайы марапаттау мен ынталандыру жүйесін жасау;

Жоғарыда келтірілген жағдайлар дәнді дақылдарды жинауды рационалды ұйымдастыру болып табылады және оны сақтау жағдайы еңбек өнімділігін арттырумен жұмысты орындау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайлар бір-бірімен тығыз байланысқан және оның бірін орындамау барлық технологияның бұзылуына, яғни өнімді ысырап қылу мен оның сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бірінші жағдай –негізгі. Ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша дәнді дақылдарды жинаудың агротехникалық мерзімдерінің бұзылуынан жыл сайын дәнді жоғалту шығындары өте жоғары болып отыр. Осыған байланысты бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін дәнді дақылдарды бастыруды бастау мен аяқтау мерзімдерін дұрыс анықтау және барлық операцияларды орындаудың беріктігімен ритімін сақтау қажет. Ауа-райы жағдайының өзгеруіне байланысты дәнді дақылдарды жинау мерзімінде біраз көлемде ауытқулары мүмкін және соған байланысты дәннің де шығыны өзгеруі мүмкін болады. Бұл мерзімдерді азайту үшін шаруашылықтарға жоғары өнімділікті техникалар алулары, біліктілігі жоғары механизаторлар мен орта буындағы мамандарды дайындау қажет.

Дәнді дақылдарды жинаудың барлық мерзімінде еңбек өнімділігн жоғары етіп ұстау үшін бір-бірімен байланысқан технологиялық, транспорттық және көмекші операцияларды орындаудың ағындылығын қамтамасыз ету мен олардың уақыт аралығында келісу қажет.




Жинау-тасымалдау кешендер жұмыстарының тиімділігін

арттырудың негізгі жолдары

Егістіктегі транспорт құралдарының ағыны астық толған бункерлерге қарағанда үлкен біркелкілікпен тұрақсыздықпен сипатталады. Бұл жағдайда жұмыс істеп жатқан машиналардың санының аздығына байланысты автомобильдердің өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Ғылыми зерттеулер мен алдыңғы қатарлы технологиялық транспортты пайдаланудың мәндеріне талдау жасау негізінде, тиімді жүк айналымын келесідей принциптерді қолдану кезінде қалыптастыруға болады: өңделетін өнімнің технологиялық қорларын жасау арқылы аралық операциялардың тәуелсіз өтуін қамтамасыз ету; өңделетін материалдардың партияларын ірілендіру арқылы машиналардың өнімділігін артыру және материалдық, еңбек шығындарын азайту; жоғары жүк көтерімділікті транспорт құралдарын астықты төгетін жерлерде бөлу; жиналатын астықты уақытша сақтайтын жинағыштарды қолдану. Транспорт құралдарының ауыспалы жүк тиейтін бөлігіне контейнерлер, тіркемелер, жартылай тіркемелер және ауысатын кузовтар жатады. Бұл жағдайда астықты тиеу операциясын тіркемелер мен жартылай тіркемелерді жегу арқылы ауыстыруға болады.

Бұндай принциптерді іске асыру үшін әртүрлі технологиялар мен техникалық құралдарды қолдану қажет. Келесі 1-ші және 2-ші суреттерде жинау машиналарының бункерлік және бункерсіз жұмыс істеу жағдайларында жүк ағынын қалыптастырудың негізгі тәсілдері келтірілген.

Жоғарыда келтірілген суреттерге талдау жасау арқылы жүк ағынын қалыптастырудың негізгі тәсілдерін қолдану жинау машиналарын мен транспорт құралдарының арасындағы функционалдық байланысты бұзуды қамтамасыз ететіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда жинау мен транспорттық машиналардың бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеуі жиналатын дақылды уақытша жинау ыдыстарына төгу бойынша жүргізіледі.

Жинау-тасымалдау комплекстерінің жұмысын жоғарғы тиімділікпен қамтамасыз ету үшін өңделетін материалдың ағынын төмендегідей шарттарға лайық болуы тиіс: берілген уақыт ішінде нақты өнімнің көлемін өңдеуге, толассыз болуы, біркелкі және ритмдік, әрбір звенода шоғырланып қалмауы тиіс.

Осыған байланысты жоғарғы өнімділікті жинау-транспорттық процесстерді жобалау мен құру кезіндегі негізгі сипаттамаларды және ауыл шаруашылық дақылдарын жинау мен тасымалдау кезіндегі жүк ағымының қалыптастыру заңдылықтарын мен сипаттамалары болуы қажет.

Жинау-тасымалдау комплекстерінде жүк ағымдарынының қозғалыстарының заңдылықтарын бағалау үшін комбайндардың бункерлерінің толу ағыны, транспорт құралдарының егістікпен қозғалысын, транспорт құралдарының қырманға дейінгі жүрісін қарастырамыз.



Сурет 1. Астықтың ағынын қалыптастырудың негізгі тәсілдері


Сурет 2. Астықты жылжымайтын транспорт құралдарына төгу
Астықты егістіктен тасымалдау технологиялары

Егістікте трактор тартатын ауыспалы тіркемелерді пайдалану. Осындай технология кезінде комбайндардағы астық автомобильдермен жиналады. Егістікте автомобильдер болмай қалған жағдайда астық тракторға тіркелген ауыспалы тіркемелерге жиналады.

Тіркемелер толған сайын тракторлар оларды жақын орналасқан жолға дейін жеткізіп береді. Егістіктен қырманға дейін астық автомобиль поездарымен жеткізіледі (сурет 3).

Сурет 3 Ауыспалы автомобиль тіркемелерін қолданатын технологиялық схема.

а – автомобильге тиеу; б – тракторга тіркелген ауыспалы тіркемеге тиеу; в – магистральдағы ауыспалы тіркемеге тиеу.
Астық өнімдірін тасымалдаудың үміт күтетін бір де бір әдісі - жүк көтерімділігі жоғары автомобиль-аударғыштардың ауыстырмалы кузовтарын пайдалану. Көлік құралдары ретінде жүк көтерімділігі жоғары КАМАЗ- 65117 автомобиль-аударғыштарды қолданады, олардың әрқайсысы үш ауыстырмалы кузовтармен келесі технологиялық схемамен жабдықталған:


  1. Кузовтарды түсіретін магистральдарда орналастырады, оларға астық комбайын бункерлерінен тиеледі (сурет 4 а).

  2. Кузовтарды егістікке жақын жолдың шетіне орналастырады. Оларды алдын ала астықпен автомобиль аударғыштармен тиейді (ГАЗ-САЗ-5302 типтес автомобильдер) (сурет 4 б). Аударғыштар тұрақты түрде егістікте орналасады және қайта тиегіш қызметін атқарады.

  3. Кузовтарды тиеу магистральдарында орналастырады, тиеу аралас әдіспен жүргізіледі, яғни комбайн бункерлерінен немесе алдын ала кузовты көтерумен автомобиль-аударғыштардан (сурет 4 в).

Егістіктен астықты жинау ұшін кәдімгі автомобиль-аударғыштарды қолдануға болады. Бұл кезде ауыстырмалы кузовтарды арнайы жылжымалы эстакадалардан тиеген жөн болады (сурет 4 г).



Сурет 4. Көтерімділігі жоғары ауыстырмалы кузов-контейнерлерді пайдаланудың технологиялық схемасы:
а – комбайн бункерінен тиеу; б – автомобиль қайта тиегіш көмегімен тиеу; в – аралас тиеу; г – автомобиль-аударғыштармен қайта тиегіш эстакадалардан тиеу.
Автомобиль тіркемелерін пайдалану. Бастырылған астықты жеке есепке алу кезінде тіркемелерді екі магистральға кояды, біреуі егістіктің шетіне, ал екіншісі егістік ортасына қойылады (сурет 5).

Сурет 5 Ауыспалы жоғары жүкті жартылай тіркемелер мен трактор тіркемелерін пайдалану технологиялық схемасы.
а – комбайн бункерінен тиеу; б - автомобиль тиегіштермен тиеу;

в – эстакадалар арқылы тиеу; г – дөңгелекті тракторлармен жартылай тіркемелерді тарту.



Астықты тасымалдауға қажетті транспорт құралдарының санын анықтау.
Жинау тасымалдау звеносының егістіктен өнімді жинау мен оларды тасымалдаудың ритмділігін қамтамасыз ету басты мәселе болып табылады. Бұл жағдайда ритмділікті қамтамасыз етудің басты жағдайына комбайндардың және транспорт құралдарының сағаттық қосындының өнімділіктерінің теңдігіне тұрады:
, (1)
Мұндағы - комбайн мен транспорт құралдарының сағаттық

өнімділігі, т/сағ;



- комбайндар мен транспорт құралының саны.
Транспорт құралының өнімділігін келесі өрнек бойынша анықтаймыз:
, (2)
Мұндағы: - транспорт құралының нақты жүк көтерімділігі, Т;

-транспорттың технологиялық циклының ұзақтығы,

сағат;


- автомобильдің немесе тіркеменің көлемі, .

Астықты комбайндардан тасымалдауға қажетті транспорт құралдарының санын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:


. (3)
Астық жинайтын комбайндардан сабанды тасымалдауға қажетті тіркемелер санын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:
= -. (4)
Транспорт құралының сабанды тасымалдау циклі уақытының мәнін келесі өрнек бойынша анықтаймыз:
= , (5)

Мұндағы - тіркемелі комбайннан тасымалдау орнына апару мен

қайта әкелуге жұмсалатын уақыт, сағ.

, - тіркемені тіркеуге және оны төгуге жұмсалатын

уақыт, сағ;

Тіркемені тасымалдауға жұмсалатын уақыттың мәнін келесі өрнек бойынша анықтаймыз:

, (6)

Мұндағы: - тасымалдау қашықтығы,км.



- транспорт құралдарының орташа техникалық

жылдамдықтары, км/сағ.



- тасымалдардың ара қашықтығына байланысты

жылдамдықтың өзгертуін ескеретін коэффициент.

Транспорт құралымен астықты тасымалдау уақытының циклын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:

= , (7)

Мұндағы -транспорт құралына егістікте толтыруға және оның

қырманға дейін жүру уақыты.

Әртүрлі технологиялық схемалар бойынша тасымалдауды ұйымдастырғанда транспорт құралының егістікте толық толуына дейін күшті тұру уақытында ескереді. Тікелей тасымалдау жағдайында бұл уақытты келесі өрнек бойынша анықтайды:


, (8)

Мұндағы - астықты бункерден төгудің ұзақтығы, сағ.



- транспорт құралының қорабына сиятын астық толған

бункерлер саны;



- транспорт құралына брезентті жабумен ашуға кететін

уақыт, сағ.

Комбайндардың бункерлеріндегі астықты транспорт құралдарына төгуге кететін уақыттың мәнін келесі өрнек бойынша анықтаймыз:
, (9)

Мұндағы: - астықты төгетін шнектің өнімділігі, кг/с.


Егер де астықты автомобильдерге жинақтаушы-тиегіштен алып тасымалдаған жағдайда, оның егістікте болу уақытысын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:
+ , (10)

Мұндағы: - жинақтаушы-тиегіштің өнімділігі, т/сағ.

Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша транспорт құралдарын астықпен толық толтыру уақытты комбайндарға әртүрлі схема бойынша қызмет көрсетудің жағдайында анықталған.

Транспорт құралының қырманда болу уақытын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:



, (11)

Мұндағы: - машинаның өлшеудің және ондағы астықты төгуге

кететін уақыт,сағат.

- құжаттарды толтыру мен төгуді күтуге кететін уақыт,

сағат.


Автотранспорт құралдарының құрамында қырманда болу уақыты - қолданылатын машиналардың мүмкіндіктеріне және ондағы астықты төгу тәсіліне (қолмен, механикаландырылған) байланысты болады.
Стационарлы жинақтағыштар мен жинақтағыш

алаңшаларда теңіректе орналастыру
Стационарлы жинақтағыштар мен жинақтағыш алаңшаларын шаруашылықтың қырманынан қашықтау жерде орналастырған тиімді. Есептеулер бойынша олар қырманнан 9...10 км қашықтықта орналасқаны тиімді. Тереңіректе оларды орналастырғанда келесі жағдайды ескерген жөн: «жинау машиналары-жинақтағыш» және «жинақтағыш-қырман» жүйесінде жүк айналым денгей қосындысы төмен болу керек. Көп жағдайларда осыған жинақтағышты қырманға жақын орналасқан егістік массив шетіне орналастыру арқылы қол жеткізуге болады. Осындай нұсқа астықтың теріс тасымалдауын жоққа шығарып көлік құралдарының шығынын төмендетеді.

Шаруашылықта стационарлы жинақтағыштар, алаңшалар және басқада жинақтағыш бекеттер мен түрлі ауылшаруашылық жүктерді қайта тиеу пункттерінің тиімді санын «Ауылшаруашылық өнім, аралық жинақтау бекеттерді орналастыру орындарын арттыру» бағдарламасы көмегімен анықтауға болады.


Астық жинайтын агрегаттардың жұмыстарының сапасын анықтайтын көрсеткіштер
Инженерлік суармалы егістіктен астықты тиеу мен тасымалдау жұмыстарының өндірістік процесстерінің әсер ететін көрсеткіштеріне комбайндардың астықты бастыруы, бункердегі астықты төгу уақытысы, транспорт құралдарының жүрісінің жұмыстары қарастырылды.

Егістіктегі агрегаттардың жұмыстарына жүргізілген хронометраждық бақылаулардың қорытындылары өңделіп графиктері тұрғызылды.

6-шы және 7-ші суреттерде бункерлері астыққа толған комбайндардың транспорт құралдарына келу мен бір бункерді транспорт құралдарының қорабына төгу уақыттарының көрсеткіштері келтірілген. Бұл жағдайда комбайндар үшін негізгі сандық сипаттамаларын келесідей болды: математикалық күту мәні с, орташа квадраттық ауытқуы с, және вариация коэффициенті % болды.

Астық жинайтын комбайндардың бір бункеріндегі астықты транспорт құралдарының қорабына төгу уақытының сандық сипаттамаларын келесідей болды: математикалық күту мәні с, орташа квадраттық ауытқуы с, және вариация коэффициенті % болды.






Сурет 6. Комбайндардың транспорт құралдарына келу уақыты



Сурет 7. Бір бункер астықты транспорт құралының қорабына төгу уақыты


Инженерлік сурамалы егістіктің гон ұзындықтар 100...120 метр аралығында болады. Осыған байланысты комбайндардың транспорт құралдарына бункерлері төгіп болғаннан кейін олардың кету уақытының мәндері анықталды (сурет 8). Кету уақытының сандық сипаттамаларын келесідей болды: математикалық күту мәні с, орташа квадраттық ауытқуы с, және вариация коэффициенті % болды. Инженерлік суармалы егістіктегі транспорт құралдарының қорабының астықпен толтыру уақытысын анықтау кезіндегі сандық сипаттамаларын келесідей болды: математикалық күту мәні с, орташа квадраттық ауытқуы с, және вариация коэффициенті % болды (сурет 9).



Сурет 8. Комбайндардың транспорт құралдарынан кету уақыты


Сурет 9. Транспорт құралының қорабының астықпен толу уақыты





Транспорттық агрегаттардың өнімділігі анықтау нәтижелері
Егістіктен астықты тасымалдау кезіндегі транспорт құралының өнімділігін (2) өрнек бойынша анықталды (сурет 10). Бұл суреттен байқайтынымыз транспорттық агрегаттың өнімділігін оның жүк көтерімділігімен тасымалдаудың циклының мәніне тікелей байланысты болады. Транспорт құралының жүк көтерімділігі Q = 15 тонна болған кезде және тасымалдау циклының уақыты 0,2 сағат болған кезде оның өнімділігі ең жоғарғы болады. Ал транспорт құралының жүк көтерімділігі Q = 5 тонна және тасымалдау циклы 0,4 сағат болған кезде оның өнімділігі ең төменгі мәніне тең болады.

Инженерлік суармалы егістіктен астықты тиеп оны тасымалдауға қажетті транспорт құралдарының санын анықтау есептері (3) өрнек бойынша жүргізілді. Тасымалдау жұмыстарын атқаруға қажетті транспорт құралдарының саны олардың жүк көтерімділігі мен егістікте жұмыс атқарып жатқан комбайндар санына тікелей байланысты болатындығы анықталды. Келтірілген суретте егістікте жұмыс атқаратын комбайндардың саны көп болған сайын және олардың өнімділіктері артқан сайын қажетті танспорт құралдарының саны да артады. Бұл жағдайда траснпорт құралдары ретінде ауыспалы жүк көтерімділігі жоғары тіркемелерді қолданған тиімді болады. Транспорттық агрегаттардың жүк көтерімділігі Q = 10 тонна болған кездегі қажетті саны келесі 11-ші суретте және жүк көтерімділігі Q = 15 тонна болған кездегі қажетті саны 12-ші суретте келтірілген.


Сурет 10 Астықты тасымалдау кезіндегі транспорт құралының

өнімділігі


Сурет 11 Жүк көтерімділігі Q = 10 тонна болған кездегі қажетті транспорттық агрегаттар саны

Сурет 12 Жүк көтерімділігі Q = 15 тонна болған кездегі қажетті транспорттық агрегаттар саны
Инженерлік суармалы егістіктен астықты тракторлық және автомобильдік тіркемеледі қолдану арқылы тасымалдау тиімді болып саналады. Ауыспалы тіркемелерді егістіктің шетіне қалдырып кетуге болады. Оған бункерлері толған комбайндар астықты төгіп отырады. Сонымен қатар тиелген астықты қайтанадан транспорт құралдарына тиеуге арналған жинағыш-тиегіштерді қолдануға болады.

Егістіктен астық тиелген тіркемені тасымалдауға жұмсалатын уақыттың мәнін (6) өрнек бойынша анықталды (сурет 13).




Сурет 13 Астық тиелген тіркемелерді тасымалдау уақыты

ХТЗ-1721 маркалы доңғалақты тракторы мен 1ПТС-9+3ПТС-12 маркалы тіркемеден құралған ТТА-ның тиімді пайдаланудың анықталған мәндері 1 кестеге толтырамыз.


ХТЗ-1721 маркалы тракторлық транспорттық агрегатымен астық тасымалдаудың жанармай-энергетикалық бағалауы.(МДж/т.км)

кесте 1


Көрсеткіштер

Қолданыстағы

жағдай


Ұсынылған

жағдайда


Тікелей еңбек шығындары

113.14

97.54

Еңбек шығындары

0.061

0.047

Трактор мен тіркеменің қосымдылық энергия сыйымдылығы

5.96

5.17

Толық энергия шығындары

119.12

102.3

Толық энергия шығындарын үнемдеу

-

8.25


ҚОРЫТЫНДЫ

1. Қызылорда облысындағы шаруашылықтар астықты негізінен инженерлік-суармалы егістік жүйесінде жүргізеді. Инженерлік-суармалы егістіктің ауданының көлемінің кішкентай болуына байланысты тракторлық тіркемелерді пайдаланған тиімді болады.

2. Инженерлік-суармалы егістіктегі астықтың ағынын қалыптастырудың негізгі тәсілдері анықталды. Сонымен қатар астықты егістікте жылжымайтын транспорт құралдарына төгу технологиялық әдісі анықталған.

3. Бункерлері астыққа толған комбайндардың транспорт құралдырына келу мен бір бункерді транспорт құралдарының қорабына төгу уақыттарының көрсеткіштері келтірілген. Бұл жағдайда комбайндар үшін негізгі сандық сипаттамаларын келесідей болды: математикалық күту мәні с, орташа квадраттық ауытқуы с, және вариация коэффициенті % болды.

4. Инженерлік сурамалы егістіктің гон ұзындықтар 100...120 метр аралығында болады. Осыған байланысты комбайндардың транспорт құралдарына бункерлері төгіп болғаннан кейін олардың кету уақытының сандық сипаттамаларын келесідей болды: математикалық күту мәні с, орташа квадраттық ауытқуы с, және вариация коэффициенті % болды.

5. Транспорт құралының жүк көтерімділігі Q = 15 тонна болған кезде және тасымалдау циклының уақыты 0,2 сағат болған кезде оның өнімділігі ең жоғарғы болады.



Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі

1. «Методика экспериментальной оценки распределения подачи хлебной мссы по ширине молотильно-сепарирующего устройства», //Материалы международный научно – практический конференции// (Балгария, г. София) 16-18 ст.

2. «Ауылшаруашылық машиналарының жұмыс құралын диффузиялық қатыру кезінде түйіспенің пайда болуын зерттеудің теориялық алғы шарттары», Наука и технологии: Шаг будущее – 2013., 27.02.2013-05.03.2013. //Материалы международный научно – практический конференции// (Чехия)

3. «Ауылшаруашылық машиналарының жұмыс құралын балқытып қатыру тәсілінің технологиясы», Актуальные проблема современных наук. 2013г. 19-21ст. (Польша)

4. «Оптимизация вместимости технологических емеостей хлопкоуборочного комбайна», Наука и технологии: 27.04.2012-05.05.2012. //Материалы международный научно – практический конференции// (Чехия) 75-79 ст.

5. Егістіктен астықты тасымалдау жұмыстарының технологиясы. //Материалы международный научно – практический конференции// (Балгария, г. София) 23-25 ст.



РЕЗЮМЕ
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ТЕХНОЛОГИИ ПОГРУЗКИ ЗЕРНА ПРИ ПОГРУЗОЧНО-РАЗГРУЗОЧНЫХ РАБОТАХ ИЗ ИНЖЕНЕРНО-ОРОСИТЕЛЬНОЙ СИСТЕМЫ
Актуальность темы. Актуальной проблемой является повышение эффективности использования агрегатов при перевозке зерна с инженерно-оросительной системы при высокоэффективном взаймодействии соответствующих технических средств.

Обект исследования. Технологии и транспортные агрегаты используемые при перевозке зерна из инженерно-оросительной сиситемы.

Цель исследования. Совершенствование технологии погрузки зерна при погрузочно-разгрузочных работах из инженерно-оросительной системы.

Результаты исследования.

1. Предложены технологические схемы использования сменных тракторных прицепов, сменных кузовов-контейнеров большой грузоподъемности и погрузка зерна на оставленные в поле агрегаты.

2. Проведенные исследования времени разгрузки бункеров комбайнов составило : математическое ожидание с, среднее квадратическое отклонение с, и коэффициент вариации % .

3. При грузоподъемности транспортного средства Q = 15 тонн и времени цикла транспортировки зерна 0,2 часа получено найвышая производительность транспортных средств.



Практическая значимость. Рекомендации по обоснованию оптиальных технолгических схем при погрузке и транспортировке зерна из инженерно-оросительной системы.

Экономическая эффективность. Топливно энергетическая оценка тракторного транспортного агрегата марки ХТЗ-1721+1ПТС-9+3ПТС-12 составила 102,3 МДж/ т.км.

RESUME
IMPROVEMENT OF GRAIN LOADING TECHNOLOGY UNDER THE LOADING AND UNLOADING WORKS FROM ENGINEERING AND IRRIGATING SYSTEM

Subject relevance. The actual problem is an increase of efficiency units’ using grain transportation from engineering and irrigating system at a highly effective interaction of appropriate technical means.

Object of research. Technologies and transport units using in grain’s transportation from engineering and irrigating systems.

Purpose of research. Technology improvement of grain’s loading under the loading and unloading works from engineering and irrigating system.

Results of research.

1 . Technological schemes of replaceable tractor trailers’ using, replaceable bodies-containers of big loading capacity and grain loading on the field left units have been offered.

2. The conducted researches of unloading combines’ bunkers time are following: mathematical expectation - с, the average quadratic deviationс, and the variation coefficient - % .

3 . The highestat productivity of vehicles has been received at Q = 15 tons vehicle’s loading capacity and 0,2 hours of grain’s transportation cycle time.



Practical importance. Recommendations on optimal technological schemes under the loading and grain transportion from engineering and irrigation system.

Economic efficiency. Fuel and energy rating of ХТЗ-1721+1PTS-9 + 3PTS-12 tractor transport unit brand is 102.3 Mj/tonne kilometres.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет