141
эпитетінен де көрінеді
. Мұны екі қайталаулы тұлғаға да, үш қайталаулы тұлғаға
да ауыстыруға келмейді, әйтпегенде өзінің бастапқы мөлшерлік мағынасынан да,
эстетикалық ажарынан да айырылады.
Тұтас өлең ырғағынан шығып, қалыбы
бөтен сөздер жұмағына айналады. Мөлшерлік ұғымдардың осындай көркемдік
өреде, айрықша тәсілдер, сұлу синтаксистік құрылымдар арқылы берілуі қазақы
ойлау жүйесінің өресін, тіл айшықтарының ғаламат кескінін білдірсе керек.
Жыраулар поэзиясында
мөлшер семантикалы анықтауыштар шоғыры
одан сайын түрлене, айшықтала түседі. Өлең ырғағы мен ой ағынының
сұранысына сәйкес синтаксистік құрылымдар құбыла, күрделене түседі.
Эпитеттердің ендігі бір шоғыры –
еселеуіш мөлшер эпитет. Бұл топқа
алты
құлаш ақ найза, (белгілі) биік көк сеңгір, (тарылды) байтақ кең жер, жасыл да
байтақ ну т.б.
ұлғайған эпитеттерді жатқызуға болады. Мұнда зат есімдерге
бірнеше анықтауыштар үсті-үстіне қабатталып, еселеніп келеді. Яғни,
тіркес
құрамындағы
алты құлаш, қаудыр құлақ, биік, байтақ, жасыл сөздері
ақ, шал,
көк, кең, байтақ анықтауыштарға еселеніп тұр. Мұнда
алты құлаш – ұзын әрі
өткірлікті,
қаудыр құлақ – әлсіз әрі кәрілікті,
биік – қашықтықты,
байтақ –
кеңдікті білдіретін мөлшерлік ұғымдар. Сонымен қатар, бұл еселеуіш
анықтауыштар экспрессивтік те қызмет атқарады. Р.Сыздық: «Біздің
байқауымызша,
авторы мәлім, ауызша тараған қазақ поэзиясы тілінде – ХV–
XVIII ғасырлардағы ақын-жырауларда образға алынған сөздерді тұрақты
эпитеттермен беру көркемдеудің нормаға айналған ең бір ұтымды тәсілі болған»,
– дейді [211, 27 б.]. Мысалда берілген ұлғайған эпитеттердегі
найза, сеңгір, жер,
ну сөздері – образға алынған сөздер. Бұларға бірнеше мөлшер семантикалы
анықтауыштар қабаттаса тіркесіп, образдылықты одан сайын арттыра түскен.
Жыраулар поэзиясында
есімді мөлшер эпитеттердің ендігі бір үлкен тобы
қатыстық сын есімдер арқылы жасалады. Бұл топтағы мөлшер эпитеттердің
бағыныңқы сыңарындағы есімдерге
сын есім тудырушы жұрнақтар, етістерге
есімшенің
-ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұлардың
өзі құрамына қарай екі, үш және төрт құрамды болып келеді. Екі құрамды
эпитеттерді
даралауыш мөлшер эпитеттер деп
атауға болатынын жоғарыда
айттық. Олардың қатарына
қарағайлы көдік, қоғалы көл (дер), салуалы орда,
бағаналы орда, бетегелі бел, бетегелі Сарыарқа, қорғанды шаһар, қымбатты
гауһар, әкелі бала, әкесіз бала, өлшеусіз мал, өлшеусіз бас т.б.
мөлшер эпитеттер
жатады. Бұл тіркестерде бағыныңқы сыңарлар (анықтауыштар) сын есім
тудырушы
-лы (-лі), -ды (-ді), -ты (-ті) және
-сыз (-сіз) функционалды
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған.
Аталған жұрнақтардың
семантикалық өрісінің бірі – мөлшер семантикасы. Яғни зат есімдерге жалғанып
заттарда сол түрлі қасиет пен шаманың барлығын, молдығын немесе сол түрлі
зат мен қасиеттің жоқтығын, аздығын білдіреді. Жай ғана білдірмейді, бейнелі
образды түрде білдіреді. Бұл образды ұғымдардың тууында мөлшерлік
семантиканың қызметі айрықша. Нақтырақ айтқанда,
қарағайлы көдік, қоғалы
көл(дер), бетегелі бел эпитеттері өсімдіктері мол,
ырысты мекенді,
қорғанды
шаһар – қорғандары көп әрі берік қаланы,
салуалы орда, бағаналы орда – сән-
салтанат пен салиқалы өмірдің
молдығын,
қымбатты гауһар – құн мөлшерін,
Достарыңызбен бөлісу: