Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Фокус-топтардағы сұхбат (топтық сұхбат)



Pdf көрінісі
бет83/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Фокус-топтардағы сұхбат (топтық сұхбат)
Фокус-топтағы сұхбат – зерттелетін тақырыпты жақсы білетін 
адамдар тобымен ашық пікірталас арқылы белгілі бір зерттеу 
мәселесі бойынша мәліметтер жинау әдісі. Әдетте топтық сұхбатта 
зерттеуші белгілеген нақты бір бағыт болуы керек (осыдан келіп 
«фокус-топ» атауы шыққан). Фокус-топтың құрамы талқыланатын 
тақырыпқа байланысты. Жеке сұхбат сияқты мұнда да фокус-топқа 
19
Аталмыш кесте Дж. Крессуэл, Ш. Мерриам, Э. Тисделл және т.б. еңбектері негізінде құрастырылды.
Құрылымдалған/
Стандартталған
Жартылай 
құрылымдалған
Құрылымдалмаған/
Бейресми
Сұрақтар алдын-ала 
айқындалады
Сұрақтардың реті 
алдын-ала айқындалған
Қосымша сұрақтар жоқ
Сұрақтар аз құрылымды
ашық сұрақтар 
Сұрақтардың реті алдын-
ала айқындалмайды 
Қосымша сұрақтар кейінгі 
сұхбатқа енгізілуі мүмкін
Сұхбаттың көп бөлігі 
тізбеге немесе зерттеу 
мәселесіне сәйкес жүзеге 
асырылады
Сұрақтар алдын-ала анықтал-
майды, ашық сұрақтар 
Сұрақтардың реті алдын-ала 
айқындалмайды 
Қосымша сұрақтар сұхбат 
барысында енгізілуі мүмкін
Әңгімеге көбірек ұқсайды
6.1-кесте 
Сұхбат типтері
19


132
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
зерттеу мәселесін түсінетін және терең білімі бар адамдарды қосу 
үшін мақсатты іріктеуді пайдалану керек. Фокус-топтың көлеміне 
қатысты қатаң бір ереже жоқ: авторлардың көпшілігі өзара бей-
таныс адамдардан құралған алтыдан онға дейінгі қатысушының 
болуын көрсетеді.
Стюарт пен Шамдасани топтық сұхбат әдісінің өзіндік ерек-
шеліктерін талқылай келіп, «фокус-топтағы зерттеулер мен сауал-
нама, жеке сұхбат пен зертханалық эксперимент секілді зерттеу-
дің басқа түрлерінің арасындағы басты айырмашылық – топтық 
зерттеуде деректерді жинау топтық жағдайда өтетінін, бұл оның 
жұмысын жеңілдететінін» атап өтеді (Stewart & Shamdasani, 2015, 
17-б.). Хеннинк өз кезегінде: «Фокус-топтағы сұхбаттың ең айрық-
ша сипаты – деректер жасалатын интерактивті пікірталас, ол жеке 
сұхбаттарда қолжетімді бола бермейтін деректердің басқа түріне 
әкеледі. Топтық талқылау барысында қатысушылар өз пікірлерімен 
бөліседі, басқалардың пікірін тыңдайды және естігендерін ескере 
отырып, өз көзқарастарын нақтылайды», – дейді (Hennink, 2014, 2-3 
бб.). Фокус-топтардағы сұхбат әлеуметтану немесе маркетингтік 
зерттеулерде дерек жинаудың танымал стратегиясы болып қала 
береді. Білім беру зерттеулері мәнмәтінінде фокус-топтарда сұхбат 
әдісін қолдану зерттеушілерге бір мәселе не сұрақ бойынша бір-
неше адамның көзқарасын бірден білуге көмектеседі. Робсон мен 
МакКартан атап өткендей, «топтық динамика ең маңызды тақы-
рыптарға назар аударуға көмектеседі» және адамдардың келісімі 
мен ортақ пікірін анықтау өте оңай болып табылады (Robson & 
McCartan, 2016). Мәселен, егер сіз аймақтық университет ректор-
ларының түрлі басқару стилін зерттеп жүрген болсаңыз, онда ол 
университет ректорларының фокус-топтарынан сұхбат алу олар-
дың университетті басқару стиліне деген көзқарастары мен белгілі 
бір ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Топтық сұхбатқа қатысушылардың бірдей категориядағы адам 
болуы керек екенін ескеру маңызды. Мысалы, бір топ бастауыш 
сынып мұғалімдері, бір топ жетекші мұғалімдер, бір топ декан-
дар деген секілді. Бір фокус-топта зерттеуге қатысушылардың 
әртүрлі категориясын араластырмау қажет, себебі бұл зерттеу де-
ректерінің сапасына кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, мектеп ди-
ректорын мұғалімдердің фокус-тобына қосу мұғалімдер немесе ди-


133
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
ректор жауабының сапасына кері ықпал етуі мүмкін. Мұғалімдер 
өздерінің мектептегі өмірі туралы ыңғайсыз жайтты (шындықты) 
басшылықтың, яғни мектеп директоры мен оның орынбасарының 
көзінше айтқысы келетіні екіталай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет