Құлжанов Айбек 03-083-20-02 : №3-6 Әдістемелік нұСҚау тақырып



Дата16.12.2023
өлшемі19.92 Kb.
#486816
Құлжанов Айбек 20 02 (1)


Құлжанов Айбек 03-083-20-02 (:

3-6 ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Тақырып: Төлдеуден кейінгі патологияларды диагностикалау, емдеу және алдын алу.


Бакылау сұрақтары.
1. Акушерлік диспансеризация жұргузу әдісінің ұлгісін атаныздар?
Уақытылы - ертелік акушерлік диспансерлеу ол мал туғаннан кейінгі 7-8 немесе 14-15 күндері өткізіледі. Малдың төлдегеннен кейінгі жағдайын анықтап, төлдеуден кейінгі ауруларын алдын-алып, емдеу шараларын қамтиды.

2. Жатырдың тұсуынын себебтерін атаныздар?


Буаз малды серуенге шығармай бір орында ұзақ мерзімде байлап ұстағанда, тұрған орны артқа қарай еңкіш болғанда, рационы құнарсыз, жеткіліксіз болғанда, іштөл өте үлкен болып, немесе қағанақ қабықтары әсерінен жатыр созылып кеткенде, іштөлді жылдам тартып шығарғанда, жатыр атониясында, түспей тұрған шуға ауыр зат байлап қойғанда, бұзаудың кіндігі қысқа болып туғанда жатырдың айналып түсуі кездеседі.

3. Сиырдың жатырың орнына салу әдісі?


Ол үшін алдымен эпидуральды /сакралды/ анестезия жасайды, содан кейін жатырды таниннің немесе марганец қышқылды калийдің ерітіндісімен тазалап жуып, шіріген жерлерін алып тастап орнын йодпен күйдіреді, содан кейін жатырды түгелдей стрептоцид эмульсиясымен майлап ішіне қарай итеріп орнына салады. Жатырдың көлемін кішірейту үшін оның қабырғасына жалпы дозасы 40-50 ӨБ окситоцин егеді.
Тапсырма сұрақтары.
1. Сиырдың жатып калуында көтеру техникасың орыңдау ұлғісі?
Аурудың бірінші күндерінде қолданылған емдерге қарамастан мал тұрмаса, онда аурудың аяғына төлдеуден кейінгі уақытты есептеу керек. Жатып қалу болмау үшін аяқтарына, бүйірлеріне және сауырға массаж қолданады, абайлап малды күнде 2-3 рет бір бүйірден екінші бүйірге аударады. Рацион концентраттар және витаминдермен бай азықтардан тұру қажет, осымен бірге күре тамырға 200-300 мл 20%-дық глюкоза ерітіндісін енгізеді. Балық майы және кальций мен фосфор тұздары жақсы нәтиже береді.
2. Жатырды бірку техникасың орыңдалуы калай?
Жатыр ұлпасында терең өзгерістер болмай тұрғанда, тез арада оны орнына салу керек. Ол үшін алдымен эпидуральды /сакралды/ анестезия жасайды, содан кейін жатырды таниннің немесе марганец қышқылды калийдің ерітіндісімен тазалап жуып, шіріген жерлерін алып тастап орнын йодпен күйдіреді, содан кейін жатырды түгелдей стрептоцид эмульсиясымен майлап ішіне қарай итеріп орнына салады.
3. Жатырдың айналып түсуінін клиниқалық белгілері қандай?
Алғашқы кезде сиыр құйрығын көтеріп, белін бүкірейтіп, қайта-қайта күшеніп, түйнек болған мал сияқты мазасызданып тұрады. Бұл кезде жатырдың айналып шығып бара жатқанын анықтау қиын, уақыт өте келе жатыр біртіндеп сыртқа қарай айналып шыға береді де, бір кезде толығымен түседі. Сиырдың сарпайынан тілерсегіне дейін салбырап, сыртында үлкендігі тауық жұмыртқасындай көптеген түйіндері бар қанталап тұрған қызыл-қоңыр түсті денені көруге болады. Сиыр жатқан кезде оның айналып түскен жатыры зәр-нәжіс, шөп-шаламмен ластанып, ісініп ұлпасы өлі етке айнала бастайды. Қысты күні үсікке шалынып, жазды күндері тез іріп-шіри бастайды да, сепсиске айналады.
4. Патологиялық ауруларды диагностикалық әдістерінің принциптерің атаңыздар?
Бірінішіден, анамездік мәліметтерге мәліметтерге сүйенеді; екіншіден, клиникалық белгілеріне қарайды; үшіншіден, ректальды және вагинальды тексеру жүргізу; төртіншіден, кейбір ауруларды растау үшін арнайы (құрал арқылы) әдістер қолдану арқылы патологиялық ауруларды диагностикалайды.
Құлжанов Айбек 03-083-20-02:)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет