Зерттеу мақсаты. Қақтығыстың себептерін және шешу жолдарын зерттеу. Зерттеу міндеттері



бет1/4
Дата04.05.2023
өлшемі53 Kb.
#473199
  1   2   3   4
проект 2 топ


Кіріспе
Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады. Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер етеді.
Зерттеудің өзектілігі: адамдар мінезі, темпераменті және басқа да көптеген критерийлері бойынша бірдей емес, сондықтан олар өздеріне тап болған жағдайды басқаша қабылдайды. Адам қанша қақтығыссыз болса да, басқалармен келіспеушіліктен аулақ бола алмайды. Қанша адам – сонша пікір, әр түрлі адамдардың мүдделері бір-біріне қайшы келеді.
Қабылдаудағы айырмашылықтар көбінесе адамдардың белгілі бір мәселе бойынша бір-бірімен келіспеуіне әкеледі. Бұл келіспеушілік жағдай шынымен қақтығыс сипатында болғанда туындайды. Жанжал тараптардың біреуінің (жеке тұлғаның, топтың немесе ұйымның) саналы мінез-құлқы екінші тараптың мүдделерін бұзуымен анықталады. Конфликт түсінігінің көптеген анықтамалары мен түсіндірмелері бар, бірақ олардың барлығы адамдардың өзара әрекеттесуіне келгенде келіспеушілік түрінде болатын қайшылықтың болуын атап көрсетеді.
Зерттеу мақсаты.
Қақтығыстың себептерін және шешу жолдарын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Кикілжің проблемасы зерттелінуінің ғылыми-теориялық аспектілері мәнін кеңінен ашу.
- Мектеп оқушылары арасындағы туындайтын кикілжіңнің түрлерін, туындау себептерін көрсету,
- Кикілжің жағдайларына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
- Кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізін жүйелеу.
- Кикілжің проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік нұсқаулар ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет