Морфологиялық пәндер кафедрасы ПӘн бойынша білімді, іскерлікті және дағдыларды бақылаушы-өлшегіш қҰралдар


Тегіс және көлденең жолақты қаңқалық бұлшықет тіні, олардың құрылысы мен қызметтік ерекшеліктері. Бұлшықеттердің дамуы (филогенез, онтогенез)



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#125424
1   2   3   4   5

19.Тегіс және көлденең жолақты қаңқалық бұлшықет тіні, олардың құрылысы мен қызметтік ерекшеліктері. Бұлшықеттердің дамуы (филогенез, онтогенез).


20.Бұлшықет ағза есебінде. Сіңірлер, апоневроздар. Бұлшықеттердің пішініне, құрылысына және қызметтеріне байланысты жіктелуі. Бұлшықеттер — синергистер және антагонистер. Бұлшықеттердің қосымша аппараттары: шандырлар, сіңірлердің (синовиальдық) қынаптары, синовиальдық қаптар, бұлшықет шығыршықтары, сіңірлі доғалар, сүйек-фиброзды өзектер (каналдар).

21.Бұлшықеттердің анатомиялық және физиологиялық көлденең кесінділері; бұлшықеттердің жұмысы мен күші туралы негізгі деректер; рычаг туралы түсінік. Қызметтердің бұлшықеттер мен сүйектердің құрылысына әсері туралы П.Ф.Лесгафтың ілімі.

22.Тұлғаның бұлшықеттері және шандырлары. Беткей және терең арқа бұлшықеттері. Шүйде асты бұлшықеттері.

23.Кеуденің бұлшықеттері мен шандырлары, құрылысы, топографиясы,

қызметтері. Көкет (диафрагма), оның анатомиясы, топографиясы, қызметі. Кеуде бұлшықеттерінің тыныс алу қызметіне қатынасуы.



24.Іштің бұлшықеттері және шандырлары: қиғаш, көлденең және

тік бұлшық еттер. Іштің тік бұлшықетінің қынабы. Пирамидалық бұлшықет. Шап өзегі. Ақ сызық, кіндік сақинасы. Белдің шаршы бұлшықеті. Іш қысымы (прессі). Кеуде және іш аймақтарының топографиясы. Құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері.



25.Мойынның бұлшықеттері және шандырлары. Мойынның

Беткей бұлшықеттері. Тіл асты сүйегінің үстінде, астында орналасқан бұлшықеттер. Мойынның терең бұлшықеттері.

26. Топографиясы (үш бұрыштар). Мойын шандырлары.

27.Бастың бұлшықеттері және шандырлары. Мимикалық және шайнау бұлшықеттері. Құрылыс және қызмет ерекшеліктері.

28.Қол бұлшықеттері. Иық белдеуі (қол белдеуі) бұлшықеттері және шандырлары. Иықтың, білектің, қол ұшының (басының) бұлшықеттері мен шандырлары; алақан апоневрозы. Қолтық шұңқыры (қуысы), оның топографиясы: төрт жақты және үш жақты тесіктер. Иық-бұлшықеттік өзек. Шынтақ шұңқыры. Кәрі жілік және шынтақ жүлгелері. Сүйек — фиброздық өзектер. Бүгетіндер мен жазатындарды ұстағыштар, білезік өзегі. Саусақтарды бүгетін және жазатын бұлшықеттер сіңірлерінің (синовиальды) қынаптары. Синовиальды қаптар.

29.Аяқ бұлшықеттері. Жамбас белдеуінің (аяқ белдеуінің) бұлшықеттері мен шандырлары. Санның, сирақтың, аяқ ұшының (басының) бұлшықеттері мен шандырлары. Бұлшықеттік және тамырлық тесіктер, олардың топографиясы. Сан және әкелетін өзектер, тақым шұңқыры, сирақ-тақым өзегі, жоғарғы және төменгі бұлшықет-кіші жіліншік өзектері. Аяқ бұлшықеттері сіңірлерінің синовиальды қаптары және қынаптары. Аяқ ұшының (басының) күмбезін нығайтатын ырықсыз (байламдар) және белсенді (бұлшықеттер) анатомиялық құрылымдар.
ІҮ. СПЛАНХНОЛОГИЯ — ішкі ағзалар туралы ілім

30.Ішкі ағзалардың және сірлі қабықтардың дамуы. Дене қуыстарының пайда болуы. Ішкі ағзалардың дамуына, топографиясына, құрылысына, қызметіне байланысты бөлінуі.

31.Қуыс ағзалардың жалпы құрылыс принциптері. Паренхиматоздық ағзалардың құрылысы. Бездер: олардың жіктелуі, дамуы, құрылысы және қызметі.

32.Ас қорыту жүйесі.

Ас қорыту жүйесінің онтогенезі. Алдыңғы, ортаңғы, артқы ішек және олардың туындылары. Ас қорыту түтігі қабырғасының құрылысы: шырышты қабық, шырыш асты негізі, бұлшықетті қабық, сыртқы қабық (адвентициальды қабық және сірлі қабық). Ас қорыту бездерінің дамуы, құрылысы, қызметтері, олардың жіктелуі.



33.Ауыз қуысы, оның қабырғалары; ауыздың кіреберісі мен меншікті ауыз қуысы. Бет пен ауыз қуысының даму ақаулары. Үстіңгі ерін жырығы, таңдайдың бітпеуі.

34.Тістер. Тістердің дамуы және құрылысы. Сүт тістер, олардың шығу және түсу мерзімдері. Тұрақты тістер. Тістердің жанасуы (тістем); қызыл иектер, тістердің даму ауытқулары.

35.Тіл: құрылысы (шырышты қабығы, тіл бұлшықеттері); тіл бадамшасы. Тілдің анық сөйлеудегі ролі.

36.Ауыз бездері. Ірі сілекей бездері: шықшыт, төменгі жақсүйек асты, тіласты бездері, майда сілекей бездері. Сілекей бездерінің құрылысы.

37.Жұмсақ таңдай: жұмсақ таңдайдың бұлшықеттері. Таңдай бадамшалары.

38.Жұтқыншақ, оның топографиясы, бөліктері, құрылысы: шырышты қабығы, жұтқыншақтың фиброзды негізі, бұлшық еттері. Аңқа, жұтыну қимылы (актісі). Жұтқыншақ және түтік бадамшалары. Лимфа-эпителиальдық сақина.

39.Өңеш, оның топографиясы, бөліктері, қабырғасының құрылысы. Өңештің тарылған жерлері. Рентгенанатомиясы.

40.Асқазан, оның топографиясы, асқазанның іштің алдыңғы қабырғасындағы проекциясы. Асқазанның бөліктерінің анатомиялық және рентгенанатомиялық номенклатурасы. Асқазанның қасында жатқан ағзалармен арақатынасы. Дененің орналасуына байланысты асқазан синтопиясының өзгеруі. Асқазанның анатомиялық (мүрдедегі) және рентгенанатомиялық (тірі адамдағы) пішіндері. Асқазанның дене құрылысы әртүрлі адамдардағы пішіндері. Асқазанның байламдары. Асқазан қабырғасының құрылысы. Асқазанның сірлі қабығы. Асқазанның бұлшықеттік қабығы, оның қызметі: перистоласы және перистальтикасы. Шырышты қабықтың рельефі және құрылысы.

41.Жіңішке ішек. Он екі елі ішек, оның пішінінің варианттары және орналасуы. Он екі елі ішектің рентгенанатомиясы. Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігінің (аш ішек, мықын ішек) анатомиясы және топографиясы. Жіңішке ішектің әр бөліктерінің шырышты қабықтары мен шырышасты негіздерінің құрылыстарының ерекшеліктері: дөңгелек қатпарлар, ішек бүрлері, жекеленген және топталған лимфалық түйіншелер. Бұлшықеттік қабық. Жіңішке ішектің сірлі қабығы.

42.Бауыр, оның топографиясы, пішіні, құрылысы (бауырдың үлестері, сегменттері, бауыр үлесшесі), қызметтері, ішастарға қатынасы, бауырдың ұстап тұратын аппараты. Дененің сыртқы бетіндегі бауырдың проекциясы.

43.Өт түтіктері және өт қабы, олардың құрылысы, қызметтері. Бауырдағы қан тамырларының ерекшеліктері. Өт түтіктері мен өт қуығының рентгенанатомиясы.

44.Ұйқы безі, топографиясы, құрылысы, қызметтері, ішастарға қатынасы. Ұйқы безінің түтіктері. Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі.

45.Тоқ (жуан) ішек, оның бөліктері. Жуан ішектің қабырғасының

құрылысы (шырышты қабық,шырышасты негізі, бұлшықеттік, сірлі қабықтар).



46.Соқыр ішек, оның пішіні, орналасуы. Илеоцекальды клапан. Илеоцекальды тесік. Құрт тәрізді өсінді, ішастарға қатысы, орналасу варианттары.

47.Жиек ішек: оның бөліктері, ішастарға қатысы. Орналасу варианттары.

48.Тік ішек: оның бөліктері, құрылысы, топографиясы, ішастарға қатысы, тік ішектің сфинктерлері.

49. Жуан ішектің рентгенанатомиясы. Тірі адамдағы жуан ішектің әртүрлі бөліктерінің пішіндері және орналасуы.

50.Ішастар (ішперде). Париетальды және висцеральды ішастар. Іш қуысы және ішастар қуысы. Іш қуысының алдыңғы қабырғасындағы париетальды ішастардың топографиясы, оның кіндік сақинасына, шап және сан өзектеріне қатынасы. Шажырқайлар. Үлкен және кіші шарбылар. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы қуыстар. Ішастардың іш қуысының артқы қабырғасындағы және кіші жамбас астауы қуысындағы топографиясы. Байламдар, қатпарлар және шұңқырлар. Ағзалардың экстра- интра- және мезоперитонеальды орналасуы, жіңішке және жуан ішектердің орналасуының және бекітілулерінің анатомиялары.

51.Тыныс алу жүйесі Тыныс алу ағзаларының филогенезі мен онтогенезі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдары.

52.Мұрын, мұрын қуысы. Мұрын маңындағы қойнаулар. Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі.

53.Көмекей. Топографиясы, құрылысы: шеміршектері, байламдары, буындары, көмекейдің бұлшықеттері, олардың қызметтері. Көмекей қуысы.

54.Дауыс қатпарлары және кіреберіс қатпарлары, көмекейдің эластикалық конусы. Дауыс саңылауы, көмекей қарыншасы. .

55.Кеңірдек, бронхтар, олардың топографиясы және құрылысы.

56.Өкпелер, олардың пішіні, топографиясы (синтопиясы мен скелетотопиясы), құрылысы, қызметі. Өкпе қақпасы және түбірінің элементтері.Бронхтардың өкпе ішіндегі тармақтануы. Өкпенің үлестері, бронхөкпе сегменттері және үлесшелері. Өкпенің құрылымдық және қызметтік бірлігі (өлшемі) — ацинус. Өкпе шекараларының дене сыртындағы проекциялары. Кеңірдектің, бронхтардың және өкпенің рентгенанатомиясы.

57.Өкпеқап: висцеральды және париетальды өкпеқаптар. Өкпеқап қуысы. Өкпеқап қойнаулары, олардың функциональдық маңызы. Өкпеқап шекараларының дене сыртындағы проекциясы.

58.Көкірекаралық (көкірекорталығы), оның жоғарғы және төменге бөлінуі. Төменгі көкірекаралықтың алдыңғы, ортаңғы және артқы болып бөлінуі.

59. Несеп шығару жүйесі

Несеп және жыныс ағзаларының филогенезі және онтогенезі. Құрылыстары мен қызметтерінің ерекшеліктері.



60.Несеп ағзалары (несеп шығару жүйесі).

Бүйрек, оның дамуы, құрылысы, қызметі. Бүйрек сегменттері. Нефрон — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі (өлшемі). Бүйректің қан тамырларының ерекшеліктері. Бүйректің топографиясы (синтопия, скелетотопия) оның ішастарға қатынасы. Бүйректің қабықтары, бүйректің бекітетін аппараты, бүйрек сабағы (аяқшасы) элементтерінің топографиясы. Бүйректің рентгенанатомиясы.

61.Несеп шығаратын жолдар. Бүйрек тостағандары (кішкене және үлкен) бүйрек түбекшесі. Несепағар, оның бөліктері, топографиясы, ішастарға және қан тамырларына қатынасы; несепағар қабырғасының құрылысы, оның қысыңқылары (тар жерлері).Несеп қуығы: оның пішіні, орналасуы, қабырғасының құрылысы. Қуықтың ішастарға қатынасы (функциональдық жағдайына байланысты). Еркек пен әйелдің несеп шығаратын өзектері. Несеп шығару жолдарының рентгенанатомиясы. Несеп жүйесі ағзаларының даму кемістіктері.

62.Жыныс ағзалары

Сыртқы және ішкі жыныс ағзаларының дамуы. Еркек және әйел жыныс ағзаларының гомологиясы, даму аномалиясы (гермафродитизм). Әйел және еркек жыныс ағзаларының құрылысы және қызметтерінің ерекшеліктері.



63.Еркек жыныс ағзалары. Атабез, оның топографиясы мен құрылысы. Атабез қосымшасы. Атабездің қабықтары. Ұма. Атабездің түзілуі (пайда болатын жері) мен төмен түсуі. Шәует (ұрық) шылбыры, шәует шығаратын және шәует лақтыратын түтіктер. Қуық асты безі. Шәует көпіршіктері. Буылтық-несеп шығаратын өзек (буылтық-уретралық) бездері, оның топографиясы, құрылысы. Еркек жыныс ағзасы, оның құрылысы.

64.Әйел жыныс ағзалары. Анабез, оның топографиясы, құрылысы, ішастарға қатысы. Анабездің циклдік және жасқа байланысты өзгеруі. Анабездің қосымшалары. Жатыр, оның топографиясы, пішіні, бөліктері, ішастарға қатысы, қабырғаларының құрылысы. Жатыр байламдары. Жатыр түтігі, оның бөліктері, топографиясы, құрылысы. Ішастарға қатысы. Қынап, қынап күмбезі, қынап қабырғасының құрылысы. Әйел жыныс ағзаларының рентгенанатомиясы.

65.Әйелдің сыртқы жыныс ағзалары: үлкен және кіші жыныс ернеулері. Қынап кіреберісі. Кіреберістің үлкен, кіші бездері. Деліткі. Қыз қынабының жарғағы.

66.Еркек пен әйелдің кіші жамбас астауындағы ағзалардың топографиясы.

67.Шат (бұтаралық): жамбас астау көкеті. Еркектер мен әйелдердің несеп-жыныс көкеттері.

Y. ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ

68.И.П.Павлов және П.К.Анохиннің (фунциональді жүйелер) физио-логиялық еңбеңтерінде нерв жүйесінің функциональды мінездемесі.

69.Нерв жүйесінің организмдегі басты орны, органдар функциясына маңызы, организмнің бөліктерінің біртұтастығы және организмнің сыртқы ортамен байланысы. Нерв жүйесінің филогенезі мен онтогенезі. Нерв жүйесінің құрылыс элементтері. Нейрон. Нейроглия. Жұлын мен бас миының ақ және сұр заты; ядролар, түйіндер (ганглийлері). Нерв талшықтары, шоғырлары, түбірлері. Әртүрлі функциялардың орталығы және өткізуші жолдары. Жұлын мен бас миының элементарлы және интеграциялық аппараттары. Нерв жүйесінің дамуына, құрылысына және орталық пен шеткі жүйелердің қызметіне байланысты, сондай-ақ соматикалық және вегетативті (автономды) болып бөлінуі.

70.Жұлын. Пішіні, топографиясы, ішкі құрылысы — сұр, ақ заттары, орталық өзек. Жұлын сегменті. Түбіршіктер, жұлын түйіндері. Жұлын нервтерінің құрылуы.

71.Ми. Ми сабауы, оның ішкі құрылысы, жұлынға ұқсастығы және айырмашылығы.

72.Сопақша ми, оның беттері, ішкі құрылысы. Ядролары мен өткізгіш жолдары.

73.Артқы ми. Көпір, оның беттері, құрылысы. Ядролары, өткізгіш жолдары. Мишық, оның пішіні, беттері, бөліктері, ішкі құрылысы. Мишық ядролары. Мишықтың аяқшалары, олардың құрамы.

74.Төртінші қарынша. Ромбтәрізді шұңқыр, оның рельефі. Ромбтәрізді шұңқырдағы бассүйек нервтері ядроларының проекциясы.

75.Ромбтәрізді мидың қылтасы, оның бөліктері.

76.Ортаңғы ми, оның бөліктері. Ортаңғы мидың қақпағы, оның құрылысы. Мидың аяқшалары, оның құрылысы. Ядролары және өткізгіш жолдары. Ортаңғы мидың суқұбыры.

77.Торлы формация. Оның құрылысының негізгі белгілері.

78. Аралық ми. Таламус, эпиталамус, метаталамус. Гипоталамус, оның ядролары. Үшінші қарынша, оның тамырлық негізі.

79.Соңғы ми. Үлкен ми сыңарлары. Үлкен мидың үлестері, жүлгелері мен қатпарлары. Иіс сезу миы. Сүйелді дене, күмбез, күмбез дәнекері, алдыңғы дәнекер. Соңғы мидың ақ және сұр заттары. Базальды ядролар. Ішкі капсула. Бүйір қарыншалар, олардың ішіндегі тамырлы өрімдер, бүйір қарыншаларының үшінші қарыншамен қатынасуы. Үлкен мидың қыртыстары, қыртыстың цито-миелоархитектоникасы.

80.Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары.

Рефлекторлық доға — нерв жүйесінің анатомдық-физиологиялық өлшем бірлігі. Орталық нерв жүйесінің төменгі бөліктерінде (жұлында) тұйықталатын қарапайым рефлекторлық доға. Күрделі рефлекторлық доға мидың сабаулық бөлігінде, қыртыс астындағы құрылымдарда және үлкен мидың қыртысында аяқталады.



81.Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдарының анатомиялық-функционалдық жіктелуі:

  1. Қысқа және ұзын ассоциативтік жолдар

  2. Комиссуралық жолдар

  3. Проекциялық жолдар

а)жоғарылаған (афференттік) талшықтар жүйесі (экстероцепторлық, проприоцепторлық, интероцепторлық жолдар).

б)төмендеген (эфференттік) талшықтар жүйесі (пирамидалық және экстрапирамидалық жолдар).



82.Жұлын мен мидың қабықтары (қатты, торлы, жұмсақ). Торлы қабық астындағы кеңістік. Жұлын-ми сұйықтығының түзілуі мен оның ағуы.
ҮІ. ЭСТЕЗИОЛОГИЯ — сезім ағзалары туралы ілім.

83.Сезім ағзаларының анатомиялық-функционалдық сипаттамасы. Анализаторлардың шеткі қабылдайтын, өткізетін бөліктері және қыртыстық орталықтары. Олардың функциональдық бірлігі (И.П.Павлов).

84.Көру ағзасы. Филогенез және онтогенез. Топографиясы, құрылысы, қызметі. Көз алмасы. Көз алмасының қабықтары: фиброзды, тамырлы, торлы

(торлы қабық). Көз алмасының камералары: алдыңғы, артқы. Шынытәрізді дене, көз бұршағы. Сулы ылғал. Көздің аккомодациялық аппараты. Көздің қосымша ағзалары: қабақтар, конъюнктива. Көз алмасының бұлшықеттері, шандыры. Көз жас аппараты: көз жас безі, көз жас өзекшесі, көз жас қабы, мұрын-көз жас түтігі. Көру импульсінің өткізгіш жолдары және көз қарашығының рефлексі.



85.Тепе-теңдік және есту ағзасы. Филогенез және онтогенез. Құрылысы мен қызметі. Кіреберіс-ұлу ағзасының сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ болып бөлінуі.

86.Сыртқы және ортаңғы құлақтардың анатомиясы және топографиясы. Ортаңғы құлақтың мұрын-жұтқыншақпен байланысы. Жарғақты және сүйекті лабиринттер. Даму аномалиялары. Ішкі құлақ, оның құрылысы, топографиясы.. Дыбысты қабылдау және өткізу механизмі. Есту және тепе-теңдікті сақтаудың өткізгіш жолдары.

87.Иіс сезу ағзасы. Мұрын қуысының шырышты қабығындағы иіс сезу аймағы. Иіс сезу ағзасының өткізгіш жолдары.

88.Дәм сезу ағзасы. Тілдің дәм сезу бүртіктері, олардың топографиясы. Дәм сезу ағзасының өткізгіш жолдары мен анализаторлар орталығы.

89.Жалпы жамылғы. Тері. Дамуы, құрылысы, қызметі. Тері сезімінің жанасу, затты қолмен тану, ауырсыну, температура т.б. түрлері. Теріден дамыған ағзалар (шаштар, тырнақтар). Сүт безі.
VІІ. АНГИОЛОГИЯ — тамырлар туралы ілім
90.Жүрек-тамыр жүйесінің жалпы анатомиясы, дамуы мен функциясы.

Жүрек. Артериялар, капиллярлар, веналар. Лимфа жүйесі. Артериялардың тармақтануы мен веналардың құрылуының заңдылықтары. Магистральды, ағза сыртындағы қан тамырлары. Микроциркуляция жолдары. Ірі, орташа, майда артериялар, капиллярлар және веналар қабырғаларының құрылысы.

Қан тамырларының тармақтанулары мен ағзалардың құрылысының арасындағы сәйкестік. Артериялық, веналық және артерия-веналық анастомоздар. Веналық өрімдер. Қан ағынының жанама (коллатеральді) жолдары.

91.Тұқымның (нәрестенің) қан айналымы. Жүректің, ірі артериялар мен веналардың дамуының негізгі аномалиялары.

92.Қантамырлар жүйесі Жүрек. Жүректің дамуы. Кеуде қуысындағы жүректің орналасуы мен пішіні. Жүрекшелер мен қарыншалар, олардың құрылысы. Эндокард, миокард, эпикард. Жүректің жарты ай тәрізді және жармалы қақпақшалары. Жүректің бүртік (емізік тәрізді) бұлшық еттері. Жүректің өткізгіш жүйесінің түйіндері мен будалары.

93.Жүректің артериялары және веналары. Алдыңғы кеуде қабырғасындағы жүрек шекараларының және оның тесіктерінің проекциясы.

Жүректің жасқа байланысты және типтік анатомиясы. Жүрекқап (перикард). Кеуде қуысындағы ірі тамырлар: қолқа, өкпе сабауы, өкпе веналары, жоғарғы және төменгі қуыс веналар.



94.Артериялар Кіші қан айналымының артериялары - өкпе сабауы, оның дамуы, топографиясы. Өкпе ішіндегі оң және сол өкпе артерияларының негізгі тармақтары. Үлестік, сегменттік және үлесшелік артериялар.

95.Үлкен қан айналымының артериялары. Қолқа, оның дамуы, топографиясы, бөліктері: қолқа буылтығы, қолқаның жоғарылаған бөлігі, қолқа доғасы, қолқаның төмендеген бөлігі. Жүректің тәжді артериялары. Қолқа доғасының тармақтары.

96.Мойын мен бас артериялары. Жалпы, сыртқы және ішкі ұйқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Сыртқы ұйқы артериясы, оның тармақтары, топографиясы. Ішкі ұйқы артериясы, оның тармақтары мен топографиясы. Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз етілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизи) шеңбері. Бұғанаасты артериясы: топографиясы, олардың оң және сол жақтағы орналасу айырмашылықтары; бұғанаасты артериясының тармақтары.

97. Қол артериялары. Қолтық, иық, шынтақ, кәріжілік артериялары, олардың топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциялары. Алақанның (беткей және терең) артериялық доғалары, оларды түзетін артериялар, топографиясы, алақан бетіндегі проекциясы.Бұғанаасты, қолтық, иық және қолдың басқа артерияларының тармақтары арасындағы маңызды анастомоздар.

98.Мойын мен бас артериялары арасындағы анастомоздар.

99.Кеуде қолқасы, оның топографиясы. Париетальды және висцеральды тармақтары, олардың арасындағы анастомоздар.

100.Іш қолқасы, париетальды және висцеральды тармақтары, топографиясы, арасындағы анастомоздар.

101.Жалпы мықын артериясы, топографиясы, сыртқы және ішкі мықын артерияларына бөлінуі. Сыртқы мықын артериясы, топографиясы, тармақтары.

Ішкі мықын артериясы, париетальды және висцеральды тармақтары, олардың арасындағы анастомоздар.



102.Аяқ артериялары. Сан артериясы, топографиясы, тармақтары. Тақым артериясы, оның топографиясы, тармақтары.Алдыңғы асықты жілік артериясы, аяқ ұшының (басының) сыртқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Артқы асықты жілік артериясы, топографиясы, тармақтары. Аяқ ұшының (басының) артериялық доғалары. Аяқ артерияларының сыртқы проекциялары. Сан, тақым, алдыңғы және артқы асықты жілік артерияларының және басқа артериялардың араларындағы анастомоздар. Адам денесіндегі артериялардың шығатын жерлерімен тармақтануының варианттары. Қан ағуын тоқтату үшін артерияларды сүйекке басатын және тамырдың пульсін анықтайтын жерлер.

103.Веналар.

Веналардың құрылысы, олардың артериялардан айырмашылығы.Веналардың құрылу заңдылықтары. Веналардың жеке бөліктерінің құрылыс ерекшеліктері (вена өрімдері, вена қойнаулары, эмиссарлық веналар). Қанның веналармен жүрекке дейін ағуын қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдар. Артериялардың қасында қатар жүретін және жеке жүретін веналар.



104.Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің веналары.

Өкпе веналары. Жоғарғы қуыс вена, оның құрайтын

құйылыстары,олардың топографиясы, кеуде қабырғаларындағы проекциялары. Мидың веналары. Мидың қатты қабығының қойнаулары. Бассүйектің ішіндегі, сыртындағы веналардың қосылыстары (диплоилық және эмиссарлық веналар). Бас пен мойынның беткі және терең веналары. Ішкі, сыртқы және алдыңғы мойындырық веналары, олардың құйылыстары, топографиясы, сыртқы проекциялары.

105.Бас-иық веналары, олардың түзілуі, топографиясы. Бұғана асты венасы, оның құйылыстары, топографиясы. Қолдың беткі және терең веналары. Қолтық венасы, оның топографиясы, құйылыстары.

106. Қабырғааралық веналар. Сыңар және жартылай сыңар веналар. Омыртқа бағанасының веналық өрімдері.

107.Төменгі қуыс вена, оның құрылу түбірлері. Аяқтың беткі және

терең веналары. Сыртқы мықын венасы. Ішкі мықын венасы. Төменгі қуыс венаға құятын висцеральды және париетальды веналары. Аяқтың терең және беткей веналары. Жоғарғы және төменгі қуыс веналарға құятын анастомоздар - кава-кавалды анастомоздар.



108.Қақпа венасы: оның топографиясы, құйылыстары. Қақпа венасының жоғарғы және төменгі қуыс веналарымен анастомоздары - порто-кавальды анастомоздар.

109.Лимфа жүйесі Лимфа жүйесінің дамуы, оның вена тамырларымен байланысы. Лимфа жүйесінің түбірлері — лимфакапиллярлық тамырлар (лимфа капиллярлары), олардың құрылысы, қан капиллярларынан айырмашылығы, қызметі. Әртүрлі ағзалардағы лимфа капиллярлары торының құрылыс ерекшеліктері. Лимфа тамырлары.Ағзаның ішіндегі және сыртындағы лимфа тамырларының өрімдері. Ірі лимфа тамырлары, басты лимфа коллекторлары. Лимфа түйіндері. Ірі лимфа тамырлар мен түйіндерінің жеке адамдағы және жасқа байланысты құрылыс ерекшеліктері. Лимфаны жүргізетін факторлар.

110. Лимфа бағаналары. Басты лимфа сабауларының мойындағы веналарға құятын жерлері.Кеуде түтігі, оның басталуы, топографиясы, оң лимфа түтігі.

111.Бас органдарына және мойынға баратын лимфа тамырлары. Тілден лимфаның ағу жолдары.

112.Қолдың беткей және терең лимфа тамырлары. Қолтық асты және шынтақ лимфа түйіндері. Сүт безінен лимфаның ағу жолдары.

113.Жамбас астауы мен іш қуысындағы париетальды және висцеральды лимфа түйіндері. Жамбас астауы мен іш қуысынан лимфаның ағу жолдары.

114.Асқазанның, жіңішке және жуан (тік ішектің) ішектің, бауырдың, бүйректің, жатырдың лимфа тамырлары және аймақтық түйіндері.

115.Кеуде қуысының париетальды және висцеральды лимфа түйіндері. Өкпеден, жүректен, өңештен лимфаның ағу жолдары.

Аяқтың беткі және терең лимфа тамырлары. Тақым және шап лимфа түйіндері.

116.Лимфаның коллатеральды ағу жолдары.

VІІІ. ЭНДОКРИНДІ АҒЗАЛАР МЕН ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ

117.Қалқанша без: дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.

Қалқанша маңы безі: дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.

118.Гипофиз, оның дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі. Томпақ дене (эпифиз); дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.Бүйрек үсті безі, қыртысты заты, милы заты (хромофиндік немесе адреналдық жүйе). Дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметтері. Бүйрек үсті безінің дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі. Параганглилер – хромафиннді денелер.

119.Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі (ұйқы без аралшықтары): құрылысы, қызметтері.Жыныс бездерінің эндокриндік бөліктері – аналық және аталық бездер.

120.Сүйек кемігі (майы): дамуы, құрылысы, қызметі. Қызыл сүйек кемігі, сары сүйек кемігі.

121.Иммундық жүйенің ортаңғы және шеткі ағзалары.

122.Тимус: дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.

123.Жіңішке ішек пен құрт тәрізді өсіндінің жеке және топталған лимфа түйіншектері: дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.

124.Көк бауыр: дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.

125.Лимфа түйіндері, бадамшалар, лимфа түйіншектері. Дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет