1.2. ЖЕМІС ЖӘНЕ ЖИДЕК ӨСІМДІКТЕРІНІҢ
МОРФОЛОГИЯСЫ
Жеміс-жидек өсімдіктерінің барлығында негізгі үш өсінді мүше бар: тамыр, сабақ және жапырақ. Өсімдіктің басқа бөліктері – бүршіктері, гүлдері, жемістері және тағы басқалары негізгі мүшелердің түр өзгерістері болып саналады. Жеміс және жидек өсімдіктерінің морфологиялық және анатомиялық құрылыстары өздерінің атқаратын іс-әрекеттерімен, соншалық жекелеген тұқымдықтар мен сұрыптардың өсу және жеміс салу ерекшеліктерімен тығыз байланыста. Жеміс және жидек өсімдіктерінің мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін зерделеу, олардың іс-әрекеттерінің көп жақтарын білуге мүмкіндік береді және отырғыларды күтіп-баптаудың агротехникалық кешенді шараларын дайындауды ғылыми негіздеуге негіз бола алады.
Топырақ үстілік бөлігі
Жеміс-жидек өсімдіктері топырақ үстілік бөлігінің морфологиялық құрылысы, оның көлемі, ұзақ өміршеңдігі және т.б. белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді (1-кесте).
1-кесте. Жеміс тұқымдықтарының көлемдері, ұзақ өміршеңдігі және морфологиялық өсу ерекшеліктері бойынша бөлінуі
Топ
|
Тұқымдықтар
|
Өсу ерекшеліктері
|
1
|
2
|
3
|
1. Ағаштәрізділер
|
Грек жаңғағы, пекан, талшын, алмұрт, тәттішие және т.т.
|
Өте биік және діңді жуан ағаш
|
Алма, өрік, алхоры және т.б.
|
Діңі аса байқалынбайтын, шамалы бойшаң ағаш. Бұл топтың өсімдіктерінің тіршілік кезеңі ұзақ, бірақ жемістенуді кеш бастайды
|
2. Бұта тәрізділер немесе түптенетін ағаш тәрізділер
|
Анар, орман жаңғағы, шырғанақ, жиде, шабдалы және т.б.
|
Әдетте, бірнеше немесе бір діңі әлсіз байқалатын болады. Ағаш тәрізділермен салыстырғанда өміршеңдігі ұзақ емес, бірақ жемістену кезеңі тез басталады.
|
3. Бұталы өсімдіктер
|
Таңқурай, қарақат, қарлыға
|
Нөлдік реттегі бірнеше бұтақтан тұратын, бойшаң емес бұта. Негізгі және сабақтық біліктерін топырақ астынан жандандыруға қабілетті. Әдетте тез жемістенгіш, бірақ ұзақ емес.
|
4. Шырмауықты-лар
|
Жүзім, лимондық, актинидия
|
Оралғыш (лимондық, актиндия) немесе өрмелегіш (жүзім) көп жылдық ағаш тәрізді өсімдіктер.
|
5. Көп жылдық шөптесін өсімдіктер
|
Бүлдірген, құлпынай, мүк жидек, морошка, тас бүлдірген (қойбүлдірген, костяника)
|
Топырақ үстілік ағаштанған білігі болмағандықтан, өркендері жерге төселе өседі. Өте тез піскіштігімен және қысқа өміршеңдігімен, әсіресе қолдан өсіргенде, ерекшеленеді.
|
Ағаштың топырақ үстілік бөлігі діңінен және бөркбастан тұрады (1-сурет).
Дің – ағаштың ең дамыған, бірінші реттегі бұтақтардың тарайтын, негізгі бөлігі. Дің үш бөліктен: сүңгектен (сидамнан), орталық жетекшіден (өткізгіштен) және жалғастырғыш өркендерден тұрады.
Сүңгек – тамыр мойнынан төменгі бірінші қаңқалы бұтақтануына дейінгі діңнің бөлігі.
2-қат-қабат
1-қат-қабат
дің
1-сурет. Жеміс ағашының құрылысы:
1
дің
-сүңгек, 2-ортаңғы өткізгіш; бірінші реттік бұтақтанудың негізгі өркендері (3), екінші реттік (4); 5-жалғастырушы ортаңғы өркен, 6-негізгі бұтақтағы жалғастырушы өркен; 7- ортаңғы өркендегі бәсекеші, 8-жалғастырушы өркенінің бәсекешісі, 9-жаппай өсетін бұтақтар, 10-жеміс салатын қаптап өсетін бұтақтар, 11-балақ сабақ-бұтақшалар, 12-сүңгектік балапан бұтақшалар, 13-телу орны, 14-тамыр мойыны, 15-тамырлық балапан бұтақшалар, 16-негізгі немесе орталық тік тамыр; көлбеу негізгі тамырлар: бірінші реттік (17), екінші реттік (18), 19-ортаңғы бүйірлік тамырлар, 20-қаптай өсетін тамырлар.
Тамыр мойыны – ағаштың топырақ астылық бөлігі мен топырақ үстілік бөлігінің арасындағы өту аймағы. Тамыр мойыны сабақ пен тамырлардың түстері, сондай-ақ жоғарғы бүйірлік тамырлардың таралу орны бойынша жеңіл ажыратылады. Жалғыз тамыр мойынды өсімдіктер (алманың, алмұрттың, өріктің және т.т. тұқымдық телітушіге телінгендері) тереңдетіп отырғызуға шыдамайды; егер тамыр мойыны топырақ деңгейінен 10-15 см терең болса, олар нашар өседі немесе опат болады.
Орталық жетекіші немесе лидер-сүңгектің жалғасы – бірінші қаңқалы тармақтан бір жылдық өсімнің негізіне дейінгі діңнің бөлігі.
Жалғастырушы немесе ұластырғыш өркен – орталық жетекішінің бір жылдық өсімі.
Бөрікбас – діңдегі барлық бұтақтардың жиынтығы. Бұтақтану орталық жетекшіден басталатындықтан, оны нөлдік реттегі бұтақтануы деп санайды. Орталық жетекшіден тарайтын бұтақтарды бірінші реттегі бұтақтар, бірінші реттегі бұтақтардың бүйірлік тарамдарын – екінші реттің бұтақтары және т.т. деп атайды. Ересек (жетілген) ағаштарда 7-8, кейде одан да көп реттегі тармақтанулар (бұтақтанулар) болуы мүмкін.
Жас ағаштарда өсу қарқындылығы және ересек ағаштарда даму қуаты бойынша бөрікбаста бұтақтардың үш тобы болады: қаңқалы (аналық), жартылай қаңқалы және жаппай өсетін жемісті бұтақшалар.
Қаңқалылар (аналықтар) немесе бұтақтар – бұтақтанудың бірінші, екінші және сирек үшінші реттік ең ірі бұтақтары. Ағаштың ең ірі бұтақтары бөрікбастың сүйегін (тұлғасын) құрайды. Қаңқалы бұтақтардың негізгі міндеті сүректің (ағаштың) саңылауы, серіппелі және тағы да басқа түтікті элементтерімен тамырдан жапыраққа суды және онда еріген минералды қоректік заттарды тасымалдау; талшықтың електі түтікшелерімен органикалық заттарды жапырақтан сабақтың және тамырдың бүкіл тірі жасушаларымен өткізу; өзекшенің, сүректің және талшықтың паренхималық жасушаларында қорлық органикалық заттарды жинақтау; камбийдің іс-әрекетінің арқасында талшық пен сүректің жаңа ұлпаларының пайда болуын, механикалық ұлпаларының болуының арқасында бөрікбастың жаппай өсетін бөлігін сәйкес жағдайда ұстап тұру.
Жартылай қаңқалы бұтақтар – қаңқалы бұтақтарға қарағанда аса ірі емес, әдетте бұтақтанудың үшінші немесе төртінші реттегілері.
Жаппай (қаптай) өсетін бұтақтар – төртінші, бесінші және одан да жоғары реттегі бұтақтанудың ұсақ бұтақтары. Олар өсетін және әртүрлі жастағы жемісті бұтақшалардан және өркендерден тұрады.
Өркен деп діңнің (сабақтың) жасы бір өсінді кезеңінен артық емес бөлігін айтады. Өркен сабақтық бөліктен, бүршіктерден және жапырақтардан тұрады. Өркенде буын және буынаралығы болады. Жапырақтары түскен, яғни өткен жылғы өскен өркенді, бұтақ дейді.
Буын деп сабақтың бүйірлік жаңа пайда болатындармен (бүршіктер, жапырақтар және т.б.) байланысты бөлігін айтса, екі буынның арасындағы сабақ бөлігін буынаралық дейді. Буынаралықтар ұзын – бірнеше сантиметрге дейін, қысқа – бірнеше миллиметрге және өте қысқа - әзер байқалатындар болады.
Сабақтың жапырақ бекіген жерін жапырақ жастығы дейді, ол біршама жуандау келеді. Жапырақ түскеннен кейін жапырақ жастығында бүршіктен төменірек ойық немесе дақ – жапырақ тыртығы қалады.
Өркендерді өсу қарқындылығы және морфологиялық ерекшеліктері бойынша ұзын және қысқа, кеңістіктегі орны бойынша тік және көлбей өскен, ал бүршіктерінің түртегі бойынша өсінді және генеративті деп бөледі. Өсінді өркендерде барлық өркендері өсуші, ал генеративтілерде – ұштығы (жоғарылары) немесе бүйірлік бүршіктері гүлді болады.
Өркендер бүршіктен өсіп шығады. Өркеннің негізінде бүршікше жапырақ іздері өте жіңішке, үздіксіз сақина тәрізді орналасады. Бүршікше қауызының сақиналы ізі сыртқы жылдық сақина деп аталынады. Олар бірнеше жылдар бойы байқалатындай сақталады және солар бойынша жекелеген бұтақтардың, тіпті бүтін өсімдіктің жасын анықтауға болады.
Жеміс өсімдіктерінің сабақтары үдемелі жоғары қарай өсумен және бұтақтардың ұзаруымен қатар екінші өсуге немесе жуандана өсуге де қабілетті. Бұтақтар мен діңнің диаметрінің ұлғаюы камбийдің іс-әрекетімен жүреді. Сабақ ішіндегі жасушалардың бөлінуінің арқасында ксилеманың (сүректің) жаңа қабаттары, сыртынан – талшықтың (қабықтың) ұлпалары қыртыстанады. Бір өсінді кезеңде әдетте, ішкі бөлігі ірі жасушалы, сыртқысы ұсақ жасушалы сүрек қабаты пайда болады. Мұндай қабат жылдық сақина деп аталынады. Бұталар мен діңдердің көлденең қиындысына жылдық сақиналар анық көрінетіндіктен, ағаштың немесе бұтаның жасын, ал сақинаның ені бойынша жекелеген жылдары өсімдіктің өсу жағдайын анықтау қиынға түспейді.
Бұтақтың немесе ағаштың жалпы жасын жылдық сақина бойынша анықтағанда жылдық өсіндіні жоғарғы ұшынан негізіне қарай санайды. Өркенжайғыштығы бір көктемдік тасқынды өсу түрінде болса жылдық сыртқы сақиналар саны мен бұтақ жасы үйлеседі. Егер жекелеген жылдар немесе жылма-жыл өркендердің өсуі бірнеше толқынмен өтсе, ондайда жылдық сыртқы сақина мен бұтақтың немесе ағаштың жасы үйлеспейді. Міне, сондықтан жасты жылдық сыртқы сақиналар бойынша анықтағанда оны сүректің жылдық сақинасының санымен салыстыру керек, яғни бұтаны көлденең кескеннен кейін.
Бұтақтың жас шағының (бір-екі-үш-жаздық және т.т.) атауын, осы бұтақтың орталық білігінің пайда болуынан өткен жылдары бойынша анықтайды және ол бір жылғы өсіндінің жасымен тұстас болады.
Өсуінің басталу уақыты және пайда болу орнына, сондай-ақ аналық бүршіктердің түртегіне және іс-әрекетінің (функциясының) ерекшеліктеріне байланысты өркендердің бірнеше түрлерін ажыратады (2-сурет).
Көктемгі немесе қалыпты өркендер, ерте көктемде өткен жылғы қыстап шыққан жоғарғы және бүйірлік өсінді бүршіктерден, өсудің бірінші толқынында пайда болады.
2-сурет. Өсімдіктердің өркендерінің түрлері.
1 – көктемдік өркендер; 2 – жалғастырушы өркен; 3 – бәсекелес өркен; 4 – алманың екі жылдық екпе көшетінің жуандаушы өркендері; 5 – алманың бір жылдық өркенінің жаздық өркендері; 6 – балақ-сабақ өркендері; 7 – қара қарақаттың жеміс байлайтын бұтақшасының орынбасар өркендері; 8 – алманың орынбасар өркендері; 9 – қайта жанданатын өркендер; 10 – таңқурайдың тамырлық өркендері.
Орынбасар өркендер көктемдік болғанымен, шекілдеуікті және кейбір жидектік (қара қарақат және т.т.) дақылдарда, генеративті – өсінді бүршіктерден дамиды.
Жаздық өркендер немесе екінші және кейінгі толқындарда өскендер, алдыңғы толқынның ұштық өркенінен екінші немесе үшінші толқын түрінде, анық байқалатын тыныштық күйінен соң пайда болады. Мұндай құбылыс шекілдеуіктілерде сирек, сүйектілерде жиі және әдеттегідей, цитрусты дақылдарда байқалады.
Олардың өсуіне қозғаушы себеп – экологиялық жағдайдың өсімдіктердің өсу үдерістерінің ырғағына сәйкес келмеуі.
Балақ-сабақ бұтақшалар – сабақтың ертеректе пайда болған, ересек бұтақтарында, әдетте тік өсетін, мол жапырақты қуатты өркендер, балақ-сабақ бұтақшалардың пайда болуы өсімдіктің өсуінің өзара байланысының бүлінуіне жауабы: азды-көпті ұзын (көп) кесуге, бұтақтың сынуына, үсуге, қоректену жағдайының өзгеруіне және т.т. Қалыпты балақ-сабақшалар ағаштың (табиғи) қартаюына байланысты бөрікбастың белгілі бір теліміндегі жаппай өскен жемісті және қаңқалы бұтақтардың опат болуы күшейгенде пайда болады. Балақ-сабақшалар жасарта кесу кезінде бөрікбастың жоғалған (сынған,бүлінген) телімдерінің орнын толтыру және қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Жандандыру өркендері жидектік дақылдарда топырақ астылық бүршіктерінен өсіп шығады. Кейіннен олардан бұтақтанудың нөлдік реттегі тамыр маңайлық бұтақтар дамып, бірте-бірте қурай бастаған ескі бұтақтардың орнын басады.
Тамырлық балапан өркендер, кейбір жеміс және жидек дақылдарында, тамырында қалыптасқан қосалқы бүршіктерден өсіп шығады.
Жуандану өркендері деп тұқымбақта, өсімдіктердің телінген аймағынан дамыған өркендерді айтады.
Бәсекелес-өркендер жоғарғы бүйірлік өркендерден пайда болады. Олар сүйір бұрыштанып тарамдалады(негізгі және бүйірлік сабақтың арасындағы бұрышы), жиі қуатты, ал кейде жалғастырушы өркеннен қуаттырақ өседі. Сүйір бұрышпен таралуының арқасында және өркендердің матасуы болмағандықтан-бәсекелестер ағаштың бөрікбасында әлсіз тарамдардың пайда болуына әкеледі.
Сүңгектік балапан бұтақшалар – сүңгектік өркендер немесе бұтақшалар, олар аластатылуға тиіс, бірақ егер бөрікбас опат болса (айталық, үсіктен) сүңгекті және бөрікбасты қалпына келтіру үшін телінген орынның (жердің) үстінен жақсы бұтақтарды қалдырады.
Жаппай өсетін бұтақтар, әдетте жемістік құрылымдардан тұрады (3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |