Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 9 қазандағы
№ 1278 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Мұрағаттық анықтамалар беру» 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 215-кабинет, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, сондай-ақ алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы, сонымен қатар осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО), «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары (бұдан әрі – Мұрағат), мекен-жайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген, баламалы негіздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет: еңбек өтілі мен еңбекақысын, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық марапаттауларды, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуді, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері туралы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде беріледі.
Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабының 5-тармағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның www.mki.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» кіші бөлімінде;
2) порталда;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – «ХҚКО» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес Орталықтардың ғимараттарында қойылған стенділерде орналастырылады.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығы телефоны (1414) арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) қағаз тасығышта мұрағаттық анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
2) порталда – мұрағаттық анықтаманың дайын екендігі туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Анықтама өтініште көрсетілген мекенжай бойынша поштамен жіберіледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
уәкілетті органға, ЖАО-на немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда уәкілетті органның, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады.
орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді.
2) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 минут.
Уәкілетті орган, ЖАО, Мұрағат мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын береді. Портал арқылы өтініш білдіргенде – күнтізбелік он бес күн ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда уәкілетті орган, ЖАО немесе Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет:
1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
2) ЖАО немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
3) Орталыққа өтініш білдірген кезде «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін, үзіліссіз, аптасына алты күн. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады; бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;
1) порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
уәкілетті органда, ЖАО және Мұрағатта құқықтық тәртіпті қолдау үшін бөлмелерде тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберістері дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
Орталықта мемлекеттік қызметті алушылардың таңдауы бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай көзделген, күтудің тиімді жағдайлары мен күту залы және қажетті құжаттарды дайындау үшін толтырылған бланк үлгілері мен ақпараттық стенділері бар.
Порталда – жеке кабинетте.
Достарыңызбен бөлісу: |