Ms-dos туралы жалпы мәліметтер



Дата04.03.2016
өлшемі116.67 Kb.
#40537
MS-DOS туралы жалпы мәліметтер
MS-DOS 1.2 операциялық жүйесі программаның сыртқы құрылғымен және бірімен-бірінің арасындағы өзара іс-әрекетін, жедел жадының үлестірілуін (таралуын), жұмыс процесі кезінде пайда болатын әртүрлі оқиғаларды айқындау және оларға сәйкес өзінің реакциясын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы тіл директивасы жәрдемімен дербес ЭЕМ-на жалпы басшылық жасайды. Бұл жағдайда мынандай амалдар жасалуы мүмкін: дискілерді белгілеу, файлдардың көшірмесін алу, каталогты қарап шығу, көру, программаларды жіберу, дисплей, принтер жұмыстарының режимін орнату. MS-DOS ұсынатын әдістер (тәсілдері) бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу үшін ыңғайлы операциялық жағдай жасайды және қолданбалы пакеттерді, бағдарламаны соңғы пайдаланатындарға автомат-талындырылған жұмыс орнын әзірлеу үшін жаңа тәсілдермен ену негіздерін құрады.

MS-DOS операциялық жүйесі мынадай компоненттерден тұрады: енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS), бастапқы жұмысқа жүктеу блогі (BOOT RECORD), енгізу-шығару база-лық жүйесінің кеңес модулі, үзілікті өңдеу модулі, командалық процессор, утилиттер.

Жұмысқа жүктеу ДК-ді ток көзіне қосудан немесе бір мезгілде ALT-CTRL-DEL пернелерін басудан басталады. Бұл кезде тест жүреді және қандайда бір параметрді енгізуді талап етуі мүмкін, мұндай енгізу (ENTER) пернесі пернелерге, параметрге мән берілмесе де басылғанда жұмысқа жүктеу процесі жүре береді.

MS-DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай бөліктерден (модульдерден) тұрады:

BIOS модулі — компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль комьпьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС-тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орындайды;

Операциялық жүйенің жүктеуіші — бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS операциялық жүйе модульдерін комьпютер жадына (IO.SYS,MSDOS.SYS) оқуды іске асырады;

IO.SYS сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта, дис-плей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;

MSDOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екенін белгілі;

COMMAND.COM — пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор. Ол ЭЕМ іске қосылған кезден пайдаланушынын талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе ішкі командаларды қамтамасыз етеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалық файлды іздеп, егер табылса, оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді. Программа жұмысы аяқталған соң коммандалық процессор оны жадтан жойып, экранға әрі қарай жұмысқа даяр екндігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.

DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) коман-далары — операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек модульдер түрінде берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар кірме командалар ретінде әртүрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т. с. с.

Құрылғылар драйвері — DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын арнайы программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен бірге жүктеледі де, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файылы оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық AUTOEXEC.BAT файылын іске қосып, оның ішіндегі командалық программаларды біртіндеп орындай бастайды.

Егер ай-күнін енгізу керек болса, көбінесе европалық стандарт қолданылады: күн, ай, жыл (америкалық стандарт: ай, күн, жыл), ДД-ММ-УУ немесе ДД\ММ\УУ форматында ДД-күн, ММ-ай, УУ-жыл. Уақытты мынадай форматпен беруге болады: HU:MM:SS немесе HU:MM, мұнда HU-сағаттар, MM-минуттар, SS-секундтар.

ДК дискісі өте қатаң (винчестер)-құрылғылары С;Д;Е;F:2 дискет үшін қоры-құрылғылары А:В: қажет болғанда конверттегі дискет қор саңылауына кіргізіледі (орналастырылады) пердесі жабылады және қор жұмес істеуге дайын. Жұмыс бастауға шақыру: С:\>.

КАТАЛОГ (директорий) – дискідегі арнаулы орын: ішкі каталогтың аттары, файлдың аттары, файлдың өлшемі туралы мәліметтер, олардың жаңартылуын көрсететін уақыттар және т.б. Әр дискіде түпкі (негізгі) каталог болады. Барлық каталогтар ағаш бұтақтары тәрізді құрылымды құрады.

Мысал: D дискісіндегі STUD2KK каталогіндегі EM 96 ішкі каталогының аты D:\STUD2KK\EM 96k.

ФАЙЛ – дайын программаларды, олардың текстерін, берілгендерді және басқаларды сақтайтын дискідегі аты аталған облыс. Файлдың құрама аттары да болуы мүмкін:

Файлдың – аты [түрі],

мұндағы [ ] квадрат жақша ішіндегі параметрдің міндетті емес екенін білдіреді, яғни болмауы да мүмкін. Аты әруақытта әріппен басталады және әріптер мен цифрлар (8 символ) жиынынан тұрады. Кеңеюі 3 цифрға дейін болады, файлдың мақсатын нұсқайды:

.com,.exe – дайын программалар,

.bak – файлдың ескі хабары,

.dos – құжат,

.bat – команда беруші файл (әмірші файл),

.pas,.for,.c.asm,.bas – Паскальдағы, фортрандағы, Cu-дегі, Ассемблердегі және Бейсиктегі программалар.

Файлдардың аттарына мысалдар: ааа, asber.pas, kutt ll.com, a2ww, asber.bak.



ЖОЛ - бұл каталогтар аты немесе символдар тізбегі: ..-кезектегі каталогтан немесе \-негізгі каталогтан. Мысалдар: \Y\AST,\STUD2k\EK96,..\EK96.

Файлдың толық атының түрі:

[Дисковод] [жол\] файлдың аты

Мысалдар: а:ter,c:\Y\AST\aaa.bak, d:\Stud2k\EK96\Sabit.

Әрбір ДК 3 арнайы файл бар:


  1. CONFIGSYS - конфигурация файлы, мұнда берілген параметрлер VS-DOS-тың файлмен, жадымен, қолданбалы программамен және аппараттық құрылғыларымен қалай жұмыс істейтінін анықтайды.

  2. AUTOEXEC.BAT-MS-DOS-ті іске қосқаннан кейін бұл файл жазылған нұсқауларды іздейді және орындайды, әрі бұл әмірлер күйге келтіру параметрлерін анықтайды, мысалы, орыс драйверін іске қосу, жолды орнату және т.б.

  3. COMMAND.COM- бұл әмірлік процессор. Мұнда құрамында MS-DOS әмірі бар, ол арқылы әмірді өңдеу орындалады.


DOS операциялық жүйесінің сыРтқы (транзитті) командалары
1. FORMAT - дискіні форматтау (белгілеу) командасы. Кез келген жаңа диск қолданардың алдында форматталуы тиіс, яғни ОС талаптарына сай арнаулы құрылым бойынша оның беті белгіленуі (жолдарға, секторларға бөлінуі) қажет. Егер дискінің бетінде дефектілі (ақау) секторлар бар болса, онда FORMAT командасы ондай жолдарды пайдаланылмайтын етіп, дискінің іске жарамды бөлігін азайтады. Әдетте қатты дискі форматталмайды, өйткені ол заводта жасалған кезде форматталады да, сол күйі оның кейінгі жұмыс істеуін толық қамтамасыз ете алады. Дискетті форматтау мысалдары:

С:> format__a: - A: дискжетекке салынған дискетті форматтау. Бұл командадан кейін экранға DOS версиясына байланысты ағылшын не орыс тілінде мынадай хабар шығарады


Insert new diskette for drive A, and strike ENTER when ready
(А дискжетегіне жаңа дискет салыңыз да, ENTER пернесін басыңыз).

Осы операцияларды орындағаннан кейін дискіні форматтау басталады. Егер форматтау процесі дефектілі секторларсыз дұрыс аяқталса, экранға келесі мәтін шығады:



Format complete

362496 bytes total disk space

362496 bytes available on disk

Format another (Y/N)?

Форматтау аяқталады. Дискіде барлығы 362496 байт бар. Оның жұмысқа жарамдысы 36296 байт. Тағы да диск форматтайсыз ба? (Y/N)?

Егер тағы дискет форматтау керек болса, Y (немесе у) - әрпін, қажет болмаған жағдайда N (немесе n) әрпін енгізу керек. Дискетті келесі жолы пайдаланарда қажеті жоқ, форматтау кезінде ондағы барлық информация жойылатынын есте ұстаған жөн.

FORMAT командасында мәлімет жинақтаушының атынан кейін «/» таңбасын қойып, төмендегі параметрлерді көрсетуге болады:

/1 – дискінің бір жағын форматтау;

/4 - сиымдылығы үлкен дискіқозғағышта (1,2 Мб) 360 кбайт көлемге арнап дискіні форматтау;

/8 - дискі структурасын сегіз секторлы түрде ұйымдастыру, яғни әрбір жолға сегіз сектордан жазу мүмкіндігін орнату;

/V – дискіге белгілі бір ат беру;

/S – операциялық жүйенің арнаулы файлдарын дискіге көшіре отырып форматтау. Мысалы, мынадай команда:

С:\> format__a: /s - жүйелік (системалық) дискет дайындайды, яғни DOS операциялық жүйесі жазылған компьютерді іске қосу ісін атқара алатын дискет жасайды.

С:\> format__a: /v/4 - A: ұясында форматталатын дискетке белгілі бір ат қою, ол ат ешқандай жұмыс атқармайды, тек қағазға жазылған белгі тәрізді бір дискетті екіншісінен ажырату үшін қолданылады. Оның үстіне 1,2 Мбайт көлемге форматтай алатын дискжетекті 360 кбайт көлемді дискет дайындауға пайдаланып отырмыз, дискет сапасыз болған жағдайда осылай істеледі.



Ескерту: қатты дискіні форматтап жүрмеңіз, онда винчестрге жазылып жинақталған барлық мәліметтерді өшіріп аласыз.

2. DISKCOPY - дискінің толық көшірмесін алу командасы. Команда параметрі ретінде 1-ші көрсетілген жинақтауыштағы (1-ші аргумент) мәлімет бар дискінің ішіндегі информациялар дәл сол күйінде 2-ші жинақтаушыға (2-ші аргумент) таза дискіге жолма-жол көшіріледі. Бұл команда дискіге барлық файлдарды көшіргенде ыңғайлы.

A:\>diskcopy_b_a: - b: дискінің мәліметін толық күйде а: дискісіне көшіру. Егер командада екінші дискі атауы көрсетілмеген болса, онда ол ағымдағы жұмыс істеп тұрған диск деген ұғымды береді. Дискілердің аттары бірдей, болса, онда команда екінші дискетті (көшірмесін алатын) ауыстыруға мүмкіндік беріп тосады; егер көшірме дискет форматталмаған болса, бұл процесс көшіру барысында орындалады.

3. MODE командасы мәлімет шығару құрылғыларының (принтердің) жұмыс параметрлерін өзгерту ісін атқарады, мысалы,

C:\> mode LPT1:132,8 – қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын кішірейтеді және бір жолға 132 символды орналастырады;

C:\> mode LPT1:80, 6 – қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын үлкейтеді және бір жолға 80 символды орналастырады.

4. TREE командасы көрсетілген дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранға шығарады. Ал /F параметрі каталогтармен қоса олардың құрамындағы файлдарын да көрсетеді.

C:\> tree - C дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранға қарап шығу;

C:\> tree a: - A дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;

C:\> tree /f - C дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын олардың ішіндегі файлдар тізімімен қоса қарап шығу.



5. ATTRIB командасы - файлды кездейсоқ жоюдан немесе өзгертуден сақтауды тағайындау және қажет болмағанда алып тастау. Кездейсоқ жоюдан сақтау атрибуты R параметрі арқылы беріледі. Параметрдің жанындағы «+» таңбасы сақтауды тағайындайды, «-» таңбасы сол тәртіпті алып тастайды, мысалы,

A:/> attrib ___ r__program.txt - файлды сақтау режимін тағайындау;

C:/> attrib ___ r__probal.txt - сақтау тәртібін алып тастау.

6. ASSIGN командасымен дискілердің логикалық аттарын өзгертуге болады, яғни уақытша аттары алмастырылады.

ASSIGN А = С

Бұдан кейін А: дискісінің орнына С: дискісі қолданылады, жазылған команда А: дискісін көрсеткенмен ОС С: дискісін пайдаланады.

ASSIGN командасы осчы команда арқылы бұрын өзгертілген дискілер аттарын алғашқы қалпына келтіреді.

Компьютер конфигурациясын (құрамын) баптау
Компьютердің конфигурациясы (құрылғылардың құрамы мен құрылымы) оның құрамына кіретін барлық шеткері құрылғылардың жиынтығымен анықталады. Конфигурацияны баптау деп ОС-тің кейбір жұмыстық параметрлерін тағайындауды айтады. ОЖ жүктелгеннен кейін ол автоматты түрде бұрын «келісілген шарттар» бойынша осы параметрлердің мәндерін тағайындайды. Әйтсе де, әрбір пайдаланушы қажет болған жағдайда ол мәндерді өз қалауынша өзгерте алады.

Бұл мақсатта компьютерді пайдаланушы арнайы екі жүйелік файл даярлайды, олар:

- конфигурациялық CONFIG.SYS файлы;

- автоматты түрде атқарылуы AUTOEXEC.BAT файлы.

Бұл екеуі де ОС жазылған жүйелік дискінің түпкі каталогына орналастырылады. ЭЕМ жадына ОС жүктелгенде алдымен конфигурациялық файлды, сонан соң автоматты түрде атқару файлын іске қосады.

Конфигурациялық файл компьютерге қосылған шеткері құрылғыларды сипаттап, олардың жұмысының параметрлерін өзгертіп, ОС-тің мүмкіндіктерін кеңейтеді.


CONFIG.SYS конфигурация файлының кейбір командаларын қарастыралық:

1. BREAK командасы пайдаланушы адам Ctrl+Break (Ctrl+Scroll Lock) пернелер комбинациясын басқанда кез келген программа жұмысы тоқтайды.

BREAK = ON – жолы осы режимді қосады, ал

BREAK = OFF – жолы осы режимді алып тастайды.

2. FILES командасы бір мезетте ашық күйде қатар жұмыс істей алатын файлдар санын анықтайды. Бұл файлдар мәліметтер базасын басқару, электрондық картотека және т.б. сол сияқты программалар жұмысы кезінде керек болады. Әдетте келісім бойынша ашылатын файлдар санын 15 етіп бекітеді.

3. BUFFERS командасы ЭЕМ-нің жедел жадында информацияны уақытша сақтай тұратын буферлер (қосалқы сақтау орны) санын анықтайды, ол информация соңынан дискіге жазылады немесе дискіден оқылады. Бір буфер жедел жадынан 512 байт орын алады. Буфердің санын көбейту дискімен информация алмасудың жылдамдығын арттырады, бірақ ол жедел жадтағы өзімізге керекті пайдалы орынды азайтатынын да есте сақтаған жөн. Буфердің саны тиімді шамадан артып кетсе, программалардың орындалу жылдамдығы төмендеп кетеді. Буфеодің жиі қолданылатын саны көбінесе 20 болады.

4. DEVICE командасы компьютерге жаңа құрылғылар қосқан кезде қажет болады. Бұл командада жаңа құрылғыны басқаратын драйвер деп аталатын программа орналсқан файл аты жазылады. Мысалы, gmouse.sys файлы «тышқан» тәрізді тетікті, ал ansi.sys файлы - ЭЕМ пернелігі мен дисплейді басқаруда қосымша мүмкіндіктер беретін драйверлер болып табылады.

Компьютерге бірнеше құрылғылар жалғануы мүмкін, сондықтан конфигурациялық файлда мұндай команда саны да бірнеше бола береді. Енді config.sys файлының бір мәтінін мысал етіп келтірейік:

break = on

files = 15

buffers = 20

device = 2:\gmouse.sys

device = c: ansi.sys

ЭЕМ іске қосылғанда автоматты түрде жіберілетін autoexeс.bat файлы ОС-тің бастапқы параметрлерін тағайындауға арналған және тізбектей орындалатын бірнеше командалары болады. Солардың кейбірін қарастырайық.



1. ЕСНО (жауап беру) командасы экранға әртүрлі хабаршыларды шығара алады. Егер ЕСНО ON командасы берілсе, онда autoexeс.bat файлының атқарылатын әрбір командасы экранға шығады, ал егер ЕСНО OFF командасы бар, онда командалар экранға шықпайды. Әдетте экранды бөгде информациямен толтырмау үшін ЕСНО OFF командасы пайдаланылады.

2. PROMPT (айту, шақыру) командасы ОС-жүйесінің жұмысқа шақыру түрін анықтайды. Шақыру түрі мынадай басқару символдары арқылы жүзеге асырылады:

$p – шақыруға ағымдағы каталог атын шығарады;

$g – “>” символын ажыратқыш ретінде шығарады;

$t - ағымдағы уақытты шығарады;

$d – ағымдағы мерзімді (дата) шығарады.

3. PATH (жол) командасы ОС-тің орындалуға тиіс керекті файлдарын іздейтін каталогтар тізімін береді. Егер сіздің жиі пайдаланатын файлдарыңыз бір каталогта орналасса, сол каталог атын осы командадағы тізімге енгізіп қою қажет.

4. SET (орнату, орнақтыру) командасы қолданбалы программаның файлдары орналасқан каталог атын көрсетіп тұрады.

Оның үстіне автоматты түрде атқарылатын autoexes.bat файлының ішіне бірден орындалуға тиіс программа аттарына сәйкес әртүрлі ОС-тің командаларын жазуға да болады. Енді AUTOEXEC.ВАТ файлының бір нұсқасынан мысал келтірейік:

echo off

prompt $p$g

path = = c:\;c:\exe;c:\dos

set lib = c:\lib

set include = c:\tc\include

cd \


Конфигурациялық файл мен автоматты түрде атқарылатын файлға өзгертулер енгізгеннен кейін Ctrl+Alt+Del пернелері арқылы компьютерді қайта іске қосу керек.
Сұрақтар


  1. Файл мәтінін экранға немесе принтерге қалай шығарамыз?

  2. Каталогтың бұтақ тәріздес құрылымын қалай көреміз?

  3. Принтер параметрлерін қалай өзгертуге болады?

  4. Дискетті форматтау деген не және дискіні қалай форматтайды?

  5. Дискетті қалай толық көшіреді?

  6. Файлды қорғау дегеніміз не, оны қалай қорғайды немесе қорғамайды?

  7. Компьютер конфигурациясы қалай бапталады?

  8. Автоматты түрде орындалатын файлдың қажеттілігі.


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1-вариант
1. А: дискісіне AGRO деген каталог құрып, оның ішінде AGRO 1 деген каталог ашыңыз.

2. С: дискісінің түпкі каталогынан COMMAND.COM және BASIC каталогынан GWBASIC.EXE файлдарын A:\AGRO\AGRO1 каталогын көшіріңіз.

3. А: дискісіндегі COMMAND.COM файлының атын COMA.COM деген атқа, GWBASIC.EXE файлының атын BAS.EXE деген атқа өзгертіңіз.

4. А: дискісіндегі COMA.COM және BAS.EXE файлдарын жойыңыз.

5. AGRO каалогын жойыңыз.
2-вариант
1. А: ұясына жаңа дискет салып оны форматтау қажет.

2. А: дискісінде NORTON каталогын құрыңыз.

3. С: дискісіндегі NORTON каталогындағы NC.MNU, NE.COM, NC.EXE файлдарын А: дискісіндегі NORTON каталогына көшіріңіз.

4. NORTON каталогындағы типі EXE файлдарын COM типіне өзгертіңіз.

5. NORTON каталогындағы COM типті файлдарды жойыңыз.

6. NORTON каталогындағы жойыңыз.


3-вариант
1. А: дискісінде SERIK каталогын ашыңыз.

2. SERIK каталогында AGA каталогын ашыңыз.



3. С: дискісіндегі BASIC каталогының барлық BAS типі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет