166
Қазақтардың этногенез мәселелері және ру-тайпалық құрамы туралы ең
алғашқы зерттеуі 1894 жылы «Живая странна» журналының беттерінде «Опыт
и выяснения этнического состава киргиз-кайсаков Большой Орды и кара-
киргизов на основании родословных сказаний и сведений о родовых тамгах, а
также
исторических
данных
и
начинающихся
антропологических
исследований» деген ғылыми мақала түрінде жарық көрді. Бұл еңбегінде Н.А.
Аристов қазақ халқының негізін құраған тайпалар мен рулардың
генеологиясына тоқталып, олардың таңбаларын көрсеткен. Тайпалар мен
рулардың
этимологиясын да зерттеді, алайда олардың атауларын біршама
бұрмалап көрсетті. Мұның өзі автордың кейбір мәліметтерді ауызша тарих
айтудан алып, естуі бойынша жазғандығын дәйектейді. Н.А. Аристовтың 1897
жылы Петерборда жарияланған «Заметки об этническом составе тюрксих
племен и народностей и сведения об их численности» еңбегінің маңызы зор.
Осы іргелі зерттеуінде ғалым қазақ халқын құраған әрбір ірі тайпаның шығу
тегі мен ішкі рулық бөлімдерін қарастырып, өзіне дейінгі зерттеушілерді
пайдаланып, тың тұжырымдар түйіндеді. Соның нәтижесінде еңбегінің
құндылығы арта түсті. Автор қазақ шежіресіне мән беріп,
оның дерек ретінде
маңызын көрсетті. Қазақтың этникалық тарихын зерттей отырып, автор
жүздердің шығуына тоқталды. В.В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздері XV-XVI
ғасырларда қалыптасты деген тұжырым жасаса, Н.А. Аристов бұл үдерісті
XVIII ғасырдың бас кезі деп көрсетті. Қазіргі уақытты қазақ халқының
шежіресін тарқататындар кеңінен пайдаланады.
Н.Аристовтың «Заметки об этническом составе тюрксих племен и
народностей и сведения об их численности» еңбегі В.Бартольд жоғары
бағалады: «Аристов мырзаның кітабы, күмән жоқ, шығыстану бойынша
әдебиетіміздің қуантарлық жайларының бірі болып табылады...
Адал ниетті
зерттеушінің (оның үстіне, ресми өкілдерге жатпайтын адамның) еңбегі,
зерттеу объектісінің әдебиетінің толық біліп жазылған және бірнеше жыл
жұмысты керек еткен еңбегі, тіпті, үлкен құрметке ие болуға тиіс».
Орыс ғалымы
Г.Н. Потанин қазақ этнографиясын зерттеуге баса назар
аударған. Шығармаларының артықшылығы да, құндылығы да сонда, автор өз
көзімен көріп, құлағымен естіген мәліметтерін қағаз беттеріне түсіріп отырған.
Орыс елінен өзіне мүлде жат ортаға келген ғалымға бөтен қоғамдағы әрбір
нәрсе ерекше болып көрінгені даусыз, десек те басқа біреу оларға назар салып
қарағанымен байыбына бара бермеген болар еді. Ал Г.Н. Потанин болса,
барлығына қызығушылық танытып, жан-жақты байқап, мұқият назар аударып,
құнды тұстарын ой зердесінен өткізіп, хатқа қондырып алған. Сонымен қатар өз
зерттеулерінде Омбы мұрағат қорларынан жинақтаған
көптеген құжаттарды
қоса көрсетіп отырған. Сондықтан да ғалым жазбаларының тарихи, ғылыми,
мәдени деңгейі өте жоғары. Сондай тыңғылықты еңбегінің арқасында көптеген
құбылыстар мен оқиғаларды, үдерістерді танып, өзін әлемге танытты. Қазақ
халқының көшпелі мал шаруашылығын арнайы зерттеу нысанына айналдырған
Г.Н. Потанин бұл шаруашылық түрінің өзге кәсіптің арасында басты, әрі негізгі
орынды иеленгендігін, қазақтардың төрт түлік малды өсіргендігін, байлардың
167
үйір-үйір жылқысы, қора-қора қойы, табын-табын түйесі, олардың санын иесі
мөлшермен ғана білетіндігін тамсана жазған. Төрт түліктің ішінде қазақтар қой
мен
жылқыға ерекше мән беріп, басын көбейткен. Ғалым пікірінше, түйені
көбінесе ауқатты, бай қазақтар ұстаған. Малды ұстау мен өсірудің тәжірибесіне
тоқтала отырып, ғалым жылдың төрт мезгіліндегі қазақтардың кәсібін кеңінен
сипаттаған. Көшпелі қазақтар жұттың ең ауыр қасірет екендігін, мұндай апатта
олардың қарап отырмайтындығы дәйекті түрде түсіндірілген. Зерттеуші
назарынан қазақ байларының жомарттығы мен қонақжайлығы тыс қалмаған.
Г.Потанин өзінің еңбектерінде қазақ халқының төрт түлік малды өсіріп,
көбейтуі, оларды тағам және киім, ыдыс-аяқ ретінде пайдалануы, дайындау
жолдары, халықтық салт-дәстүр туралы егжей-тегжейлі жазып, құнды
мәліметтер қалдырған. Әсіресе сүт, құрт және
ірімшікке кеңінен тоқталып,
олардың түрлері, жүннен, әсіресе тоқты жүнінен дайындалатын киімдер
жайында тартымды сипаттама жасаған.
Қазақтар тұрмысының аса тартымды мәліметтері қызықтырған, әрі орыс
қоғамын
қазақтардың
тарихы
және
мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен
таныстыруды мақсат еткен Г.Потанин сапары Қазақстанның шығысынан,
Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай сынды табиғаты көркем жерлерден басталды.
1864 жылы Карл Струвемен бірлесіп жазған «Поездка по Восточному
Тарбагатаю» деп аталатын еңбегінде қазақтардың көшіп-қоны, салт-дәстүрі,
шаруашылығы бойынша қомақты жадығат жинақтаған.
ХІХ ғасырдың соңына қарай жарық көрген еңбектердің арасында ғылыми
құндылығы және шынайлығы жоғары зерттеулер де кездеседі. Солардың
қатарына белгілі түркітанушы
В.В. Радловтың еңбектерін жатқызуға болады.
Василий Васильевич Радловтың ғылыми өмірін шартты түрде үш кезеңге бөліп
қарастыруға болады. Алғашқысы 1859-1871 жылдарды қамтыған Алтай, Сібір,
Қазақстан, Орталық Азия аймақтарына экспедиция ұйымдастырып, көптеген
деректер жинаған кезеңі. Бұл кезеңде Ресей Ғылым Академиясын, Азиялық
Музейді, Антропология және этнография музейін басқарған. Ең бастысы
Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеді. Екіншісі – Қазан кезеңі
(1871-1884) кезеңі, бұл уақытта ол педагогикалық қызметпен шұғылданды.
Үшінші Петербор кезеңінде бірқатар зерттеулер жазып, академик атағын алып,
өзін фольклортанушы ретінде танытты. Осы кезде «Түркі тайпалары халық
әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегін дайындады. Еңбектің үшінші
томында қазақ халқының даналық үлгілері: өлеңдер, ертегілер, батырлар жыры,
тарихи жырлар, ғашықтық жырлар, аңыз-әңгімелер, қисса-дастандар, айтыстар
жинақталды. В.В. Радлов қазақ жеріндегі сапарын 1862 жылы бастаған. Осы
кезде ол Шығыс Қазақстанда,
Іле өңірінде болып, Ыстықкөлге дейін жеткен.
Сапарында қазақ тілі мен әдебиеті, тарихына, археологиясына байланысты
жадығаттарды жинақтаған. 1868 жылы қазақ даласына ұйымдастырылған
экспедиция жұмысына белсене қатысып, Қапал, Алтын Емел, Түргенді аралап,
Верныйға келген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «Краткий отчет о
поездке в Семиреченскую область на Ыссык-куль летом 1869г.» еңбегін
дайындаған. Ғалым Сібірдің және Орталық Азияның түркі тілдес
168
халықтарының этнографиясын, тарихын, археологиясын, көшпелі халықтардың
шаруашылығын, аңшылығын, түркі халықтарының ру-тайпалық құрамын
зерттеді. Ол қазақтардың
мал көшпелі шаруашылығын, төрт түлік малды
өсіруін, тұрмыс-тіршілігін, тағамын, дайындау технологиясы туралы құнды
мәліметтер қалдырған. Осы орайда оның «Қазақ малдары» еңбегінің маңызы
зор. Сонымен қатар қазақтың дұрыс этникалық атауын көрсетудегі пікірі
орынды.
Достарыңызбен бөлісу: