МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………….…..4
І БӨЛІМ Психологияның ежелгі таным ретіндегі ғылыми-теориялық аспектілері.
-
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы………………………8
-
Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері …………………………………………..…..18
-
Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы…………….………………………………………………..27
ІІ БӨЛІМ Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу.
-
Адамның ішкі жан қуатының қайнар көзі ретіндегі эзотерика…..….45
-
Медитация-жаңа оқыту технологиясының үлгісі…………………….56
-
Психологияның ежелгі таным екендігі туралы авторлық нұсқаулар………………………………………………………………...67
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………..70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………….72
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………..75
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. ҚР-сы Президентінің 2004 жылғы 11 қазанда №1459 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» әлемдік тәжірибе мен тұрақты дамуы қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жақсарту басты міндеттердің бірі деп қарастырды. Бағдарламада білім беру процесінің оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру туралы сөз болды. Ал елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әдемдегі жаңа Қазақстан» (28.02.2007ж.) атты халыққа жолдауында осы заманғы білім адамзаттың сана сезімін дамытып, жаңа күш-қуат беретіндей болуы қажет екенін атап өтті.
Қазақ халқы бұрыннан «Жан бар жерде қаза бар», «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың, жаны сау», «Жан кеудеге қонақ» деп жан дүниесініңсыры жайлы пікірлер білдірген. «Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста да жоғарыда көрсетілген мәселелер қарастырылған. Онда барлық адамзаттың жан дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.
Жұмыс барысында астрология ілімінің адам психикасына ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына қатысты мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары; ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның емдік гипноздық техникалары мен әдістері; жаңа заманғы медитацияның технологиялары кеңінен пайдаланылды.
Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.
Диплом жұмысының мақсаты.
Психология ғылымының ежелден келе жатқан танымдық ғылым екендігін ғылыми эксперименталды жолмен дәлелдеу және қазіргі таңдағы дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың әдіснамалық- теориялық аспектілерінің мәнін ашу.
Дипломдық зерттеу жұмысының міндеттері.
-
Психологияның ежелгі таным екендігін және дәстүрлі емес ғылым салаларымен байланыстылығын сипаттайтын шет елдік, Отандық әдебиеттерге терең талдау жасау.
-
Астрологиялық, эзотерикалық ғылымдардың мән -мағынасын саралап талдау.
-
Шығыстық медитация, Эриксондық гипноз сияқты психотехни-калардың үлгілеріне сипаттама беру және оны іс жүзінде қолдану.
-
Медитациялық жаттығулар кешенін іріктеп талдау және қазақ тіліне бейімдеп аудару.
Зерттеу әдістері.
-
Мильтон Эриксонның гипноздық трансқа кіру алдындағы вербалды паттерндері мен гипноздық әдістердің қолданылу жолдары.
-
Шығыстық медитацияларға арналған бірнеше әдістердің орындалу тәсілдері.
Диплом жұмысының әдіснамалық негізі.
Әдіснамалық негіз ретінде А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы, ежелгі дзен шеберлерінің медитациялық әдістері, Шығыстың ұлы шебері Лобсанг Рампаның психологиялық бағытқа негізделген «аура түстерін» тәжірибеде пайдалануының жолдары; әлемге әйгілі Үнді философы Раджниш Ошоның психологиялық көзқарастары мен еңбектері; Эриксонның гипноздық әдістемелерінің элементтері алынды.
Дипломдық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы.
Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастарды терең қарастырған жағдайда ғылыми -әдістемелік тұрғыдан дұрыс басшылыққа алғанда, адам жаны мен тәнінің арасындағы тығыз байланыстың болатындығын дәлелдеуге болады.
Диплом жұмысының теориялық құндылығы мен ғылыми жаңалығы.
1. Психологияның ежелден келе жатқан танымдық ғылым екендігі теориялық әдебиеттерге сүйене отырып талданды.
2. Адам тәні мен жанының құпия-сырлары жайында дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың аспектілері айқындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні.
Қазіргі заман талабына сәйкес адамның өзін-өзі тануна бағытталған эзотерикалық ілімдерді, астрологияны, адамның жан дүниесі мен тәнінің күш-қуаттарына қатысты әдіснамаларды терең басшылыққа алатын құнды материал болмақ.
Зерттеудің объектісі.
Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастар.
Зерттеудің пәні.
Адамның беймәлім құпия сырлары мен қырларын ашуда эзотериялық ілімдердің психология ғылымдарында орын алуы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 79–бет, қолданған әдебиеттер тізімі 65-әдебиеттер қатарынан тұрады.
І БӨЛІМ Психологияның ежелгі таным ретіндегі ғылыми теориялық аспектілері
-
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т.б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т.с.с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі V ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса,төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология –жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XV ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1,6]. Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. Оның біріншісі –шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталған жан дүние жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы көптеген ғұлама ғалымдардың, атап айтқанда, Эразестрат, Герофил, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер, т.б. есімдермен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған айналадағы сыртқы және ішкі заттардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік қабілет, дағды, икем, бейімділік, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология -ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы әр заман ғұламаларының көз-қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай түсініктердің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, мәселен, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, өледі деп тұжырымдаған. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының(Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лао-каль» деген сөзі арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Қазіргі кезеңде тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың дамуы мен функцияларының атқару заңдылықтары туралы ғылым деп те айтады. Нейрофизиология мен биологияның жетістіктері нәтижесінде психологияның өз ғылыми- санаттық аппараты дамыды да эксперименттік жұмыстың өрістеуі арқасында философиядан да, физиологиядан да оқшаулана бастады, өйткені лабораторияларда анықталған психика заңдылықтары анатомиялық-физиологиялық заңдылықтармен үйлеспейтін болып шықты. Тұлғаның сыртқы ортамен әрекеттестігінің өнімі болып табылатын психикалық үрдістердің өздері мінез-құлықтың белсенді себепші факторы болатындығы көрсетілді. XX ғасырдың ортасында физиологиямен аралықта эксперименттік психология (психофизика, психофизиология және т.б.) қалыптасты. 1870-1880 жылдары психологияның физиология мен философиядан бөлінуі аяқталып, психология дербес пән болып қалыптасты. Қазіргі уақытта психологияның зерттеу салалары 40-тан асады. Оның негізгі салаларына: психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық психология, жас ерекшелігі психологиясы, еңбек психологиясы, шығармашылық психологиясы, медициналық психология, патопсихология, нейропсихология, инженерлік психология, психолингвистика, этнопсихология, практикалық психология, дифференциалды психология, эксперименттік психология және т.б. жатады.
Жоғарыда көрсетілген психологияның салалары дәстүрлі тұрғыда қолданылатын болса, ал төмендегі психологияға қатысы бар ғылымдар дәстүрлі емес түріне мысал бола алады. Солардың бірі эзотериялық ілімдер. Эзотериялық мұралармен танысу біздің ойлауымызды өзгертеді.Ол біздің материалисттік бейнедегі ойлауымызға қарсы тұрып, болашақта кездесетін көкейкесті мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Сол себептен бұл көне білім әмбебап және әрқашан түрлі уақыт кезеңі мен мәдениетінде анық көрініс тауып отырған. Мұндай ішкі білім шеңберіне тәуелсіз болу, яғни адамның өзіндік бостандығы негіз бола алады.
Соңғы жылдары көне білім өзіне жаңа формадағы ұғымдарды, әдістерді тез қалыптастыруда. Демек, осы тақырыптарды тақырыптық шеңберге кірістіруге кез келді деген сөз.
Эзотерика - бұл адамның жеке санасы, әлемдік білім мен адам тәнінің, денсаулығының нәтижесін, ақыл мен жанның жиынтығын белгілі тәсілмен тегіс қамти алатын әдістер болып табылады. Грек тілінде «эзотерика» арнаулы адамдарға пайдалануға болатын немесе «құпия ілім» деген ұғымды білдіреді. «Эзотерика» қарама -қарсы ұғымда, яғни құпиядан жалпыға хабарлауға болатын білім ретінде де қарастырылады. Қазіргі таңдағы эзотерика ұғымына кең көлемдегі мәселелер: оккультизм, мистика, альтернативті медицина, шекаралық ғылымдар, кешенді ойлау, метафизика, сананы кеңейту т.б. мысал бола алады.
Эзотерика адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдері мен шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Ол өзінің түсіндіруінде тек рационалды анализ, логикалық ойлау, адам мен әлемді материалисттік тұрғыда қабылдауға негізделмейді. Эзотерика сол жақ жарты шарының қызметінің көмегімен жоғары білімге жетуге болатынын айқындаумен қатар, оң жақ жарты шарлары аймағының да « икемді» қасиеттерге ие, яғни жасырын өмірлік процестерді –интуиция, аналитикалық және интуитивтік ойлауға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Ақиқат жолы мен тегіс қамтитын ұғымға жету тек жарты шарлар қызметіне қатысты болмаған кезде ғана нәтижесін беретініне сүйенеді. Бүгінде эзотерика ақыл орнын басуға, қандай да бір ғылымның, қоғамның алдында жауапкершілікте болуға тырыспайды. Керісінше, біздің көзқарасымызды, білімімізді жетілдіруге, қабілетімізді дамытуға, өзіміз туралы білуге, өз түсінігімізді тереңдету үшін иррационалды, әмбебап тәжірибе арқылы таным әдістерінің көмегімен кеңейтуге ықпал жасайды. Қандай кезеңді алып қарасақ та, қоғамға көмегі тиер физикалық және рухани адамды дамыту актуалды мәселелердің бірі. Сол үшін басты мақсат ретінде эзотериканы жаңа жолдар арқылы түсіндірілуі қажет. Мысал ретінде мына сұрақты алайық. Біз, адамзат әлі күнге дейін өзімізді құпияның бір бөлігі екенімізді түсінбесек немесе танымасақ, өмір құпияларына қалай сенеміз? Жауап: мұндай жағдайда әрбір адамның өзін-өзі тануы, өзіндік жетілдіруіне тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамдағы адамзаттың көкейкесті мәселе ретінде қарастыратын сұрақтары көне эзотерика шеңберінде бұрынғы заманнан орын алған. Оған мысал; әлем мен жеке тұлға арасында қандай байланыстар бар? өзін-өзі тану дегеніміз не ? Бұл ең басты өзімізге қоятын негізгі сұрақтар. Сұрақтарға ғылыми –жаратылыстану, рационалды-философиялық, әлеуметтік және эстетикалық тұрғыда жауап табу ыңғайлы, бірақ рухани, эзотериялық, интуитивті әдістер де құнды. Себебі эзотерика - адамның жаны мен жердегі тіршілік иелерінің үйлесімділігін зерттейтін ежелгі ғылым. Ол рухани ішкі күшті материядан жоғары қоятындығымен ерекшелінеді. Эзотерика гармонияны қалыптастыру үшін рухани тәжірибеге сүйенеді. Әсіресе адамдардың өзінің ішкі қабілеттерін, өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Адамдардың барлық эволюциялық даму жолында эзотериялық білімдер құпия білім деп саналған. Оның құпияда сақталынуының себебі қоғамның санасы оны қабылдауға дайын еместігі мен оны дұрыс пайдалана алмауында еді. Бұрынғы, мейлі қазіргі заманғы адамдар болсын, олардың әлемді өзіне бағындыру үшін бағытталған эзотериялық білімді дұрыс пайдаланбауы өздеріне зардабын тигізуде. Кез келген білімді дұрыс пайдаланбау, адамдарға қауіп төндіреді. Сондықтан эзотериялық білімдер өте күрделі болғандықтан, оны бұрынғы, қазіргі заман адамдары да аз қолданады. Олардың көпшілігі бұл ілімді жоққа шығарады. Себебі ол адамдар өзінің өмірінің терең мағынасы неде жатқанына мән бермейді.
Қазіргі кезде эзотериялық білімдер қоғамда көптеп кездеседі. Олардың құпия болмауының себебі неде деген сұраққа, ол адам жаны туралы әлем деп жауап беру орынды. Эзотерика мен психологияның тікелей байланысты екені өмірлік жағдайлардан жиі көрініп отырады. Бүгінгі қоғамдағы адамдардың жан туралы толық мәлімет алуына санасы толық жететіндіктен, психология мен эзотериканың айырмашылығын еркін түсіндіруге болады. Мәселен, психология адамдарға темпераменттік түсіндіру барысында, сіз – меланхоликсіз, ал сіз-холериксіз. Сіздің үйлесімді немесе неврозға түспей өмір сүруіңіз үшін өз бойыңыздағы кемшіліктеріңізді мінезіңіздің ерекшелігі деп қабылдап, табиғи болмысыңызбен өмір сүруіңіз оңтайлы деп жауап қайтарғанмен, ол адамның бойында не себепті деген сұрақ қалып қояды. Ал эзотерика бұл сұраққа оңай жауап бере алады. Мәселен, сіздің меланхолик болуыңыздың басты себебі-сізде «инь» энергиясы басым, «инь» күш- қуатына пассивтік, тежеулік, тұрақтылық жатады. Ал сіздің холерик болуыңыз «ян» энергиясында қозғалыстың, белсенділіктің, жаңаны жасап шығару мен бұзу өте мол болуынан деп түсіндірсе, адам жауапқа қанағат тұтар еді. Сондықтан эзотерикада барлық мәселе терең себептермен түсіндіріледі. Эзотерика адамдардың өзін-өзі басқаруы мен дамытуына жол ашады. Бірақ бұл жол оңай емес. Себебі адамдардың жанын зерттеу – біздің әлеміміздегі ең нәзік білім. Эзотерика адамның кемшіліктерін жоюына жол сілтеумен қатар, адамды еркін әрі саналы әрекет етуіне үйретеді. Адам неғұрлым өзінің жан дүниесін танып білген сайын, жанды зерттеу өте қиын екенін түсіне бастайды. Ол өзге адамның кемшіліктерін көре тұра оған кедергі жасамауға тырысады. Керісінше, оған түсінушілікпен қарайды. Өзіндік сапаларын қалыптастырып қойған үйлесімді адамда әлсізге сөз ету, оған ауыр тиетін мәселелерді қозғау, агрессия көрсету деген ниет болмайды. Ол әлемді тұтас етіп және өзін оның бір бөлшегі ретінде қабылдайды.Жалпы эзотериялық білімдер адамдардың өзіне көмектесуі мен аса маңызды қажеттіліктеріне қол жеткізуіне мүмкіндік бере отырып, мынадай жеке мәселелермен шектеледі. Біреу үшін эзотериялық жолмен байлықты табу және оны пайдалану басты мәселе болса, екінші адам үшін жаңа ғылымды ашу, ал үшіншісіне отбасындағы жылулықты сақтау басты болып табылады. Яғни әр адам табиғи болмысы мен сана сезіміне қатысты эзотериканы түрлі жағдайларды шешу үшін пайдаланылады.
Астрология (гр. аston –жұлдыз және logos-ілім) –аспан денелерінің жердегі тіршілікке, адамның мінез- құлқы мен тағдырына әсер ететінін зерттейтін ежелгі ілім. Бұл іліммен хиромантия тікелей байланысады. Астрологияны әсіресе ассириліктер, египеттіктер, гректер, арабтар пайдаланған. Кейінірек астрологияның бір бөлігі экзотерия көпшіліктің қолдауына тиімді болып бөлінсе, ал екінші бөлігінің кілті құпияда сақталынып, кейбірі жойылып та кеткен. Жалпы адамның жоғары дамуына Ежелгі Қытай мен Үндістан қол жеткізген. Ал Еуропаға астрология ортағасырларда үнді адамдарының бір түрдегі модификациясы арқылы таралған. Қазіргі таңда оны дәстүрлі астрологияға жатқызады. Астрология ежелгі идеяға сүйене отырып, макрокосм мен микрокосмның ішкі логикалық жүйесін көрсетеді. Оған бірнеше базалық принциптегі аксиомалар кіреді. Ең негізгілеріне: циклмен орындалатын ұстаным, циклдық бейнелерлеулер немесе объекттердің даму фазасы, резонанс ұстанымының өзара байланысқан түрлі циклдарын бейнелейтін заңдылықтары жатады. Астрология Жер мен Ғарышты ұштастыратын ғылым болғандықтан, адамның денсаулығына, психиканың биоритмдік белсенділігіне ғарыштық циклдардың қалай әсер ететіндігіне тоқталады. Астрология тірі табиғаттың Ғарышқа эзотериялық әсерін зерттейді. Ол физикалық денелер заңдылықтары жоғары ақыл –парасатпен басқарылатын концепцияларына сүйенеді. Бұл бағдарламалар физикалық жасағыш принциптері деп аталынады. Адам физикалық және әлемнің толық бөлігінің ең аз бүтін бөлігін құрайды. Адам мен жануардың құлқының аса жоғары деңгейі интуиция болып табылады. Интуиция әр минут сайын өзгеріп отырған сыртқы жағдайда қолайлы, икемді шешім қабылдауға көмектеседі. Сол себептен қарапайым адам логикасы арқылы интуитивтік шешім қабылдауды түсіндіру қиынға соғады. Интуиция арқылы өмір сүру барлық жануарларға тән болса, ал 90%-і адамға тән. Жануарлар физикалық модель, ал адам физикалық және рухани модель. Оның индивидум ретінде өмір сүруге күресі, машақаты тек бір мақсатты көздейді. Ол өзін-өзі жетітдіру, ал астрология өзінің пайда болуынан бері адамның өзін-өзі жетілдіру жолына бағыттайды. Адамды бүкіл әлем қоршайды. Сол үшін әрбір индивидум өзін әлемнің орталығы ретінде қарауына болады. Жалпы бұл ой-пікір кез-келген табиғаттың тірі объектілеріне тән. Себебі әрбір адамда Ғарыштық әсері бар. Адам микрокосм болғанымен, онда барлық макрокосмның элементтері бар. Астрологтар адамның физикалық денесіне жеті сезімтал дене сияды және олар Ғарыштың жеті сезімтал деңгейіне сәйкес келеді деген. Жалпы алғанда астрологияны мынадай бөліктерге бөлуге болады. Астрометеорология (жаратылыстық немесе физикалық) планеталардың атмосфераға, ауа-райына әсері.
Мунданды (әлемдік немесе заң шығарушылық); халықтар астрологиясы, экономикалық және саяси циклдар.
Натальды немесе генетикалық астрология адамдарды жеке тұлға ретінде қарастырады.
Хоральды астрология адам өміріндегі жағдайларға нақты уақытта қойылған сұраққа жауап беру тәсілімен зерттелінеді.
Медициналық астрология.
Ал балалық шаққа қатысты астрология ол баланы гороскоп бойынша тәрбиелеуге, кәсіби бағыт беру мен төтенше жағдайдан шығаруға бағыт береді. Қазіргі қоғамымызда адамды табиғат емес, әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі жеке адамның бостандығын бұзуда. Адам тірі, ойлағыш материя ретінде жердің шегінен шыға алмайды. Ол дүниенің бір бөлшегі болғандықтан физикалық, биологиялық және ақпараттық деңгейде қатынаста болады. Бүкіл адамзаттық сана әлемдік сананың бір бөлшегі. Мұнда қазіргі ғылымның қалыптастырған әлемдік бірлігі, антропты, фундаменталды принциптері көрінеді. Ұстанымның басты элементі адам болғандықтан, дүние жүзі антропты принципін пифагорлықтар жариялаған. Қазіргі кездегі ғылым оны қайта дамытқан.
Астрологтар адам өмірін жеті жылдық циклға бөлген.
Бала жеті жасқа дейін органикалық деңгейде өседі. Ол сыртқы ортаға, отбасына адаптацияланады. 7 -ден 14 жасқа дейін жекелік бейнесі қалыптасуымен қатар өз күші мен қабілеттерін сынай бастайды. 14 пен 21 жас аралығында өзін өзгерту кезеңі. Мұнда бала сексуалдық, агрессивтілік пен ата-ана рөлдерін қайта қарап, жаңа қарым –қатынасқа түсетін ортаға шығуға талпынады. Балалық шақта көптеген планеталар әсерін тигізеді. Мысалы: Меркурий ойлауға жауап беретін болса, ал Шолпан ақыл-ойдың дамуына, Ай рухани, эмоционалды,психологиялық тұрғыда қалыптасуына, ата-аналары мен құрбыларының эмоционалдық қатынаста байланысуына ықпалын тигізеді. Әрине бұл кезеңде баланың жан дүниесін, құлық мотивін анықтау тек ата-ана үшін ғана емес,бала үшін де түсініксіз болып келеді.Сондықтан астрология көмегімен баланы тәрбиелеу абстрактты идеал адамды қалыптастыру емес, керісінше бала бойындағы тума қасиеттерін ашуға көмектеседі. Егер тәрбиелеушілер өзіне бағынушылардың және өзінің тәжірибесі мен интуициясына сенсе, барлық мәселелер қателіксіз шешілер еді. Себебі бір ғана педагогикалық білімге сүйену аздық етеді. Психологиялық немесе гуманисттік астрология өзіне мынадай сұрақтар қояды: Адам жанында қандай күштер бар, оны үйлесімді күшке қалай әкелуге болады? Мұндай түрдегі астрологияны қазіргі уақытта ғалымдар игеруде. Оған адамның өзін жекелік еркін және салыстырмалы түрде ұжымның бір бөлшегі ретінде сезіне бастауы мысал бола алады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |