Муканбеткалиева Манар Муратовна



Дата20.06.2016
өлшемі108.8 Kb.
#149097
түріСабақ
Муканбеткалиева Манар Муратовна

Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжінің

биология пәнінің оқытушысы

Тақырыбы: Шығыстың қос шынары

Тақырыбы: Шығыстың қос шынары

Мақсаты: Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша

ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих беттерінде алтын

әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан

қазақтың қос шынары Маншүк Маметова мен Әлия

Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан

соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету.

Студенттерді қазақтың қос аруы, шынары жұлдызы

болған Әлия мен Мәншүк есімдерін қадірлеуге,

қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мәншүк, Әлия портреттері, слаид және

мултимедиа материалдары, ноутбук



Қатысушы топтар: 101 Емдеу ісі

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Кіріспе

Шығыстың қос шынары


Негізгі бөлім

1.1. Соғыс сойқан (Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер)

1.2. Жотадан жау қайтарған жалғыз (көрініс)

1.3. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда (көрініс)

1.4. Әлия, Мәншүк - әнмен, жырмен өрілген шежіре

(Әлия мен Мәншүкке арналған өлеңдер)



Қорытынды

Тағзым етем тәуелсіздік өзіңе! (Тәуелсіздік тақырыбына арналған өлеңдер)


Ұйымдастыру

Мәжіліс залын топ сағатының жоспарына сәйкес жабдықтап, топ сағатына қатысатын оқушыларды және қатысушы көрермендерді орындармен қамтамасыз ету.



Кіріспе

Құрметті ұстаздар, топ студенттері. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Шығыстың қос шынары қос батырымыз Әлия мен Мәншүкке арналады.

Тәрбие сағатын өткізудегі мақсатымыз: Аттары аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімдері тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қос шынары Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету.

Студенттерді қазақтың қос аруы, шынары жұлдызы болған Әлия мен Мәншүк есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.



1 жүргізуші:

Сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баян Сатыбалдықызына береміз.



2 жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар және оқушылар тәрбие сағатымызға «Қос шынар» ұйымының президенті Әлия мен Мәншүк апамыздың өмірін зертттеген Ғалымжан Байдербес ағамызды шақырып отырмыз.



1 жүргізуші:

Мәншүк Мәметова 1992 жылдың қазан айында Орал облысының Орда қалашығында дүниеге келген. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өткен Мәншүк Әмина Сүлейменованың тәрбиесінде болған.



2 жүргізуші:

Әлия Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ аулында дүниеге келген. Әлия нағашы әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде болған.



1 жүргізуші:

Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы мед институтында оқып жүрді. 1942 жылдың тамызында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады.



2 жүргізуші: Әлия 1942 жылдың желтоқсан айының 18 жұлдызында мергендер дайындайтын Орталық қыздар мектебіне оқуға түсіп, үздік бітіріп шығады.

1943 жылдың шілдесінде Әлия өз еркімен соғысқа алғы шепке аттанады. Әлия бұл кезде небары 21 жаста



Негізгі бөлім

1.1. Соғыс сойқан (Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер)

1 жүргізуші: Кәрі жасты шулатып, аналарды боздатып, балаларды еңіреткен Ұлы Отан соғысы қалай басталып еді?

( Магнитофоннан «Священная война» өлеңі ойнап тұрады)

Сахнада студенттер әскери киіммен жүреді. Мултимедиадан окоп, соғыс бейнесі соғысқа балаларын шығарып салып жатырған аналар көрсетіледі, магнитофоннан мылтық дауысы естіледі.



2 жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия опасыздықпен жарияламастан Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс ашты.

1 жүргізуші:

Соғыс келді батар күн жарқынымен,

Өздерінің көк темір толқынымен

Қаратастың қатігез қабағымен,

Сары Құмның сары жез салқынымен

2 жүргізуші:

Қара жерді қапсырып бауыр басқан,

Өртенеді ерте кеш жанып аспан

Қара ағаштар бірге қарауыл боп,

Қара түнді қопарып жалын шашқан.
«Соғыс сойқан» Сырбай Мәуленов – оқитын Көшімова М

Отан қорғау соғысына бүкіл ел, жас та еңкейген кәрі де, өрімдей қазақтың қыздары да қатысты. Солардың бірі - Мәншүк Мәметова


1.2. Жотадан жау қайтарған жалғыз (көрініс)

Сахнада күңіренген музыка ойнап тұрады, мылтық зеңбірік дауыстары.

Сахна қара көлеңке болып тұрады. Ортаға Мәншүк ролінде оқушы шығады

- Отаным үшін! Жерім үшін! Бауырларым үшін!

-Жотадағы жалғыз жаудың бетін тойтарды. Бір мезет пулемет үні шықпай қалды.

-Бірақ бұрынғыдай дәл тигізе алмай,бет алды атып жатты.Нәзік саусақтары пулеметтің шүріппесін жіберместен намыстан жаралған найзағайдан қыршын ғұмыр үзіліп кетті.

-Осы кезде пулеметін құшақтаған күйі Мәншүк аяғы бүгіліп құлап бара жатады.

Сахнаға жас жауынгер шығып Мәншүкті құлатпай көтеріп қолына алады. Күңіренген музыка ойнап тұрады.
(Магнитофоннан Мәншүкті жоқтаған Ана дауысы естіледі)

Мәншүкті жоқтау.

1. Жан пида етіп халқына-ау

Айнымай ата салтынан

Қыршында кетті-ау Мәншүгім,

Жете алмай туған ауылына
2. Жайықтың суын кім ішер

Ордаға енді кім келер

Жар сүйіп бала көрмеген

Ернінен енді кім сүйер.

3.Ғұмырың көктей жапырақ

Өмірің өтті жарқырап

Қойнында қалды сүйегің

Бұйырып содан топырақ


4.Ашығып талған өзегі

Жаманды жүрек сезеді

Айырылдық біз Мәншүктен

Келмеседе кезегі


5.Қара бір тауда қамал бар

Биік бір тауда самал бар.

Айналайын,халқым –ау

Алланың ісіне не амал



1 жүргізуші:

Әлия мен Мәншүк халық үшін егіз есім бір ұғым. Москваның Бабушкино Белый қаласын Молодой Тут Шадина деревняларын Невель Ленинград қалаларын қорғауда үлкен ерлік көрсетті.



2 жүргізуші:

Мәншүк пен Әлия байтақ елдің бостандығы жолында шыбын жанын пида етті,ал тарих оларға өз төрінен орын берді. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда... Олардың бейнесі ерлігі келесі жылдарға ғасырларға бізбен бірге...


1.3. Әлия мен Мәншүк есімі мәңгі жадымызда (көрініс)

Сахнада тұрған баланың бірі

Анаға жақындап,сұрақ қоя сөйледі.

Айтшы ана сезіппедің ,сонда сен

Жақындаған қара бұлтты

Қара бұлтты, қара нөсер дауылды

Естіп пе едің сонда сен

Өз еліңе жақындаған

Үрейді алған сарынды

(Ә.Тәжібаев)



(Сахнаға әсери киімді Әлия мен Мәншүк келеді.)

Ана: (көрермендерге жақындап)

Бір сұмдықтың болатынын сезіп ем,

Елге дауыл тиетінін біліп ем,

Тыныш жатқан берекелі еліме

Қанішердің келетінін сезіп ем

Бірақ, бірақ бейбіт шақтың келеріне

Мен тәңірідей сеніп ем

Ел қорғайтын ерлерімнің

Мәншүк пен Әлиядай

Қыздарымның ерлігіне сеніп ем



Мәншүк (анаға қарап сөйлейді)

Мама, мама күнім деген сенсің ғой

Әрең жетті-ау әлсіреген дауысың

Жыламашы шыдап бақшы ерсің ғой

Бар емеспе бір еркектей намысың

Сағындың ба, менде сені сағындым.

Қандай ана сағынбайды баласын

Қандай бала сағынбайды анасын

Жүрегімде жалғыз өзің ғанасың

Батқан күнмен, батқан түнмен бірге күт

Менде саған оралғанша ынтықпын

Оралмасам қош бол мама көрерсің

Қалған менен соңғы белгі мылтықты.

(Ә.Тәжібаев)



Ана (тебірене)

Тап таза мөп-мөлдір көгілдір,

Жан еді – ау жапырақтай көктемгі

Шырқайтын жыр қылып осынау өмірді,

Әнсің бір жарылып кетердей от кеуде

Жан берді жалғызым өрт топан майданда

Соғыс қой ақмарал аруды сындырған

О, бүгінге жауапты адамдар

Сақтаңдар ұрпақты

Апаттан,қырғыннан

(Ә.Тәжібаев)

(Әлия мен Мәншүк кезектесіп, залға қарап сөйлейді)
Мәншүк:

Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт,елге бақыт тіледік

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Әлия:

Отан –ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедікте

Қолымызға қару алдық ерленіп

Мәншүк:

Қыздың жанын біз білмесек кім білер ,

Көктем келсе құлпырмайма мұңлы жер

Үстімізге біз кимедік ақ көйлек

«Жар-жар» жырын естімедік,сіңілілер

Әлия:

Күліп қарсы ап бал бақыттың ақ таңын,

Айтпадық біз махаббаттың тәтті әнін

Бізге жылы хат жазатын жігіттер,

Қаныменен қарға жазды хаттарын

Мәншүк:

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін тақпадық.
Әлия,Мәншүк:
Қатар тұрмыз қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз,

Біздер өлдік,өлмесіндеп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз

Жетсек деген арманымыз көп еді.

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Біздің туған күнімізді құттықтап

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.


Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

Қолымыздан осы болды келгені

Біздердей ерте солмау үшін басқа қыз.

/Т.Молдағалиев/

/Әлия мен Мәншүк ескерткіш тәрізді тұрып қалады/.

Ана :

Қош бол қыран қыздарым менің! От болып жанып кеткен, ер болып елге танылып кеткен, қос қарлығашым,өздерің ерте солғанмен,соңдарыңда өшпес ерліктің даңқы қалды. Ел мен жерің өздеріңді ұмытпақ емес.


1 жүргізуші:

Олар өлді тек аспан сау болсын деп,

Олар өлді туған жер бар болсын деп.

Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,

Олар өлді өзгелер өлмесін деп.

Олар жұтқан ауаны құлатпадық

Олар жыртқан даланы жылатпадық

Олар өліп кеткенмен өлмейтұғын

Даңқыменен Берлинде бір аттадық.

2 жүргізуші:

1945 жылы 9 мамырда Ұлы жеңіске қолымыз жетті.Қаніпезер фашистер жер жастанды.


1 жүргізуші:

Ешкім де ұмытылмайды.

Еш нәрседе ұмыт қалмайды

Соғыс құрбандарын 1 минуттық еске алу .

1 жүргізуші:

От шашты Отан аспаны

Төгілді көздің жастары

Окоптан шықты солдаттар

Атылды көкке соңғы оқтар

2 жүргізуші:

Теңіз боп адам толқыды

Жалау боп жүзді армандар

Салют боп жанды сол түні

Соғыстан қайтпай қалғандар
«От ішінде» өлеңі Оқитын: Такашев Д.

«Қырық бірінші жылдардан» өлеңі Оқитын: Балжанова А.

«Жеңіс күні» өлеңі Оқитын: Сқақова М.


1.4. Әлия, Мәншүк - әнмен, жырмен өрілген шежіре

(Әлия мен Мәншүкке арналған өлеңдер)

1 жүргізуші:

Әлия мен Мәншүктің жауынгерлік жолыда қысқа. Өмірлері аққан жұлдыздай жар еттіде жоқ болды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырларында ел сүйсінерлік,ерлік жасады.Елінің халқының тарихында аттары алтын әріппен жазылып,мәңгілік есте қалды.



2 жүргізуші:

Әлия мен Мәншүк есімдері қастерлеуге де, ұлықтауғада лайық.Олардың ерлігі ертеңгі күнге ескірмей, кейінгі толқынды тәрбиелейтіндей болып баруы қажет.

Әлия мен Мәншүк - халық үшін егіз есім,бір ұғым.Қос ару шығыс елінің Жанна д Арк атанып ,бүгінгі тарих төрінде бірін–бірі биіктете,бірін-бірі асқақтата түсуде.

Әлия мен Мәншүк әнмен, жырмен өрілген шежіре.



«Әлия жүрегі» өлеңі С. Жиенбаев Оқитын:

«Әлия - ән»өлеңі Сөзі: С. Жұмаділов Әні: А. Сәндібаев Оқитын:

«Әлия Молдағұлова»өлеңі С. Жиенбаев Оқитын:

«Мәншүк»өлеңі Оқитын:

Ән «Әлия» Орындайтын: Оразалиева А.

1 жүргізуші:

Әлия мен Мәншүкке арналған мұражайлар,олардың аттарында көшелер,олардың құрметіне ескерткіштер орнатылды.



Мәншүк Мәметова:

  • Біздің колледжіміз Мәншүк Мәметова атында...

  • Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құрды

  • Невель, Орал, Алматы қалаларында Мәншүк атында көшелер бар

  • Туған жері Ордада Мәншүкке ескерткіш орнатылған

  • Қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады

  • Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» атты көркем фильм түсірілді

2 жүргізуші:

Әлия Молдағұлова арналған ескерткіштер:

- Әлия Молдағұловаға арнап Туған жері бұлақта және Әлпайсайда 1968 жылы

орнатылды

- Ақтөбеде Шернияз көшесінде...

- Новосокольникиде «Псков облысы»

- Новосокольникиде «Мир» кинотеатрының алдында...

- Насова – Казачихадағы орта мектеп алдында...

- Қобда ауданында...

- Қырымдағы «Артек» пионер лагері алдында...
1 жүргізуші:

Әлия Молдағұлова атындағы көшелер:

- Қобда ауданында...

- Ақтөбе қаласында...

- Атырау қаласында...

- Шымкент қаласы,Шымкент облысында..

- Алматы қаласы, Алматы облысында...

- Москва, Ленинград қаласында...

- Ақтөбе педагогикалық колледжі Әлия Молдағұлова атында...

«Әлия ескерткішіне » Зиядан Әбруалиев

2 жүргізуші:

Келесі кезекте «Қос шынар» ұйымының президенті Әлия –Мәншүк өмірін зерттеген Ғалымжан Байдербес ағамызға сөз берейік



1 жүргізуші:

Әлия –Мәншүк!

Бұл есімдер халқымыздың қадір қасиетін ұлттық мінезін,патриоттық қасиетін биіктететін тұлғалар.

Қазақтың екі асыл қызының өмір жолының көз жасының тамшысындай бірдейлігін таңдандырып өмірлерін жақындастырады. Әлия мен Мәншүкті ардақтау иісі қазақты ардақтау.



1 жүргізуші, 2 жүргізуші бірге:

Әлия –Мәншүк ер қыздары елімнің

Әлия –Мәншүк –гүл қыздары жерімнің

Әлия –Мәншүк аттары әнге айналған

Әлия –Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған.
Қорытынды

Тағзым етем тәуелсіздік өзіңе! (Тәуелсіздік тақырыбына арналған өлеңдер)

1 жүргізуші:

Тап келген халқым талай зар заманға

Жем болды қорғау құзғын қарғаларға.

Бодандықтың бұйдасы бас тұқыртып

Барар жер басар тауы қалмағанда

Айырылып атажұрттан,қолда бардан,

Айнала төңірекке толды аларман...

Салтын сақтап қалуы мұңға айналып,

Халқын сақтап қалуы болған арман.
/Туды,елтаңбаны әкеледі/

Тәңірім -табынарым :қолда,қолда

Тағыда жалынамын оңғар Алла.

Түбі бір көк бөрінің ұрпақтары

Тәуелсіз қазақ елі бар ғаламда .
Көк тәңірінің қайсар рухты ұлы едік!

Күнім туып,қайта тағы түледік!

Көгілдір ту! Дархан дала қыраны

Зеңгір көкте самғай ұшып жүр әні


Тәуелсіздік киелі

Халқым мәңгі сүйеді!

Тағзым етем тәуелсіздік өзіңе

Қазақ елі атынан!



«Ән ұран» орындау

- Құрметті ұстаздар, студенттер бүгінгі «Шығыстың қос шынары» Әлия мен Мәншүкке арналған топ сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет