ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1.Майды өндіру әдістері
2. Май өндіру үшін шикізатты дайындау
3. Кілегейді шайқау
4. Май дәнін жуу
5. Майды тұздау
6. Майды механикалық өңдеу
7. Әртүрлі май технологиясы
8.Май ақаулары
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
САРЫ МАЙ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
КІРІСПЕ
Сары май - сиыр сүтінен өндірілген тағамдық өнім. Майдан басқа сары майдың құрамына сүттің барлық құрамдық заттары: фосфатидттер, ақуыздар, сүт қанты, дәрумендер мен су кіреді. Құрылымы бойынша сары май майлы орта болып табылады. Сары майдың басты қасиеті – оның конситенциясы. Сары майдың консистенциясы деп өнімнің түзілуіне тәуелді оның компоненттерінің өзара байланысын, олардың физикалық және агрегаттық жағдайының, құрылымды-механикалық қасиеттерінің жиынтығын айтады. Сары майдың ассортименті майдың сан түрлерін өндіруге бағытталған: диеталық пен балалар тағамы үшін, профилактикалық және емдік мақсат үшін, қуыруға арналған, кондитер өнеркәсібінде қолдану үшін, сонымен қоса ұзақ сақтау үшін. Зерттеу екі бағытта жүреді.
құрғақ майсыз сүт қалдығының массалық үлесі мен плазманы бір уақытта жоғарылатқан кезде майдың құрамы төмендейді де, май фазасы мен плазманың арақатынасы өзгереді.
біртіндеп сүт майын өзге майлардың комбинацияларымен (өсімдік, жануар немесе олардың комбинациясы) алмастырып, одан кейін оларды арнайы өңдеуден өткізу, рафинирлеу, дезодарацияда өңдеу.
Сурет-1
1. Май өндіру әдістері
Майды өндірудің технологиялық процесіне майдың құрамындағы сүт майын қажетті мөлшерге дейін қанықтыру және өнімнің құрылымын қалыптастыру кіреді. Сүт майының түйіршіктерін және майдың құрамында қажетті мөлшерге дейін сүт майын қанықтыру мен өнімнің құрылымын қалыптастыруды іске асыруға быйланысты май өндірудің екі әдісі бар: 30-35% кілегейді шайқау әдісі (дәстүрлі) және жоғарғы майлылықтағы кілегей алу әдісі. Кілегейді шайқау әдісі арқылы май алу кезінде сүт майын қанықтыру сүтті сеператорлап, алынған кілегейді шайқау және механикалық өңдеу кезінде түзілетін май дәндерін қалыптастыру арқылы іске асырылады. Майды жоғарғы майлылықтағы кілегейді алу арқылы өндірген кезде сүт майын қанықтыру сүтті сеператорлап алынған кілегейді қайтадан сеператорлау арқылы жүргізіледі. Кілегейді шайқау әдісімен сары май өндірген кезде кілегей алдын ала эмульсия күйінен суспензия күйіне өту керек. Жоғарғы майлылықтағы кілегейді алу әдісімен май өндірген кезде алдын ала сүт майын майдың құрамына қажетті етіп қанықтыру керек, қанықтыру кезінде май сұйық күйде болу керек. Кілегейді шайқау әдісімен май өндірген кезде ылғалдылығы бойынша нормалау, оны механикалық өңдеу кезінде жүреді,ал жоғарғы майлылықтағы кілегей алу әдісімен май өндірген кезде, онда нормалауды термохимиялық өңдеуге дейін жүргізеді. Шайқау әдісімен май өндірген кезде сүт майының глицеридтерінің кристализациялануы кілегейді шайқауға дейін физикалық жетілдіру уақыты кезінде және майды механикалық өңдеген кезде аяқталады. Жоғарғы майлылықтағы кілегей алу әдісімен май өндірген кезде сүт май глицеридтерінің кристализациялануы жоғарғы майлылықтағы кілегейді термохимиялық өңдеу кезінде және осы өңдеу кезінде де аяқталмайды. Өндіру әдісіне байланысты майды өндіру үшін әр түрлі құрал-жабдықтар қолданылады. Шайқау әдісімен май өндірген кезде периодты және үздіксіз жұмыс істейтін май дайындағыштар қолданылады, ал жоғарғы майлылықтағы кілегей алу әдісімен май өндірген кезде цлиндрлі немесе қатпарлы типті немесе ваккумді май тудырушылар қолданылады.Технологиялық процесстердің ұзақтығы неғұрлым қысқа болса, дайын өнімнің сапасын жоғарылатуға көп мүмкіндіктер болады. Бұдан басқа жоғарғы майлылықтағы кілегей алу әдісімен май өндірген кезде технологиялық процесстен кілегейді сепараторлау операциясын алып тастауға болады, егер өнеркәсіпте сүттен жоғарғы майлылықтағы кілегейді алуға арналған қуаттылығы жоғары құрал-жабдықтар бар болса. Технологиялық процестің кестесі өндірілтін майдың түріне байланыстыжеке операцияларды алып тастау немесе қосу қажет болған кезде өзгеріп тұрады. Мысалы, қышқыл сары май өндірген кезде кестеге биологиялық жетілдіру енгізіледі, тұзды май өндірген кезде майды тұздау операциясы кіреді. Қышқыл сары май өндіруге арналған желіде жеке құрал-жабдықтар болады. Мысалы, шайқау әдісімен май өндірген кезде желіге кілегейді физикалық жетілдіруге арналған сыйымдылықтар енгізілген, бұл сыйымдылықтар жоғарғы майлылықтағы кілегей алу әдісімен май өндіру желісінде болмайды. Жоғарғы майлылықтағы клегей алу әдісімен май өндіру желісіне жоғарғы майлылықтағы кілегей алуға арналған сепараторлар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |