Мусин Қапан Әубәкірұлы



Дата03.07.2016
өлшемі8.14 Kb.
#174879

Мусин Қапан Әубәкірұлы.

1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған. 1961–1969 жылдар аралығында Алматы консерваториясы жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі.

Қапан Мусин халық аспаптары оркестріне поэмалар, симфониялық оркестрге арналған үш симфония және атақты «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын, «Халық бақыты үшін», «Мереке» поэмаларын жазды. Ол - тұңғыш симфониялық ірі шығарма жазған ұлттық композитор.


Қазақ музыка мәдениетінің ірі өкілдерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет