Уақыты:
|
Қазақ әдебиеті
|
Мұғалім:
|
Сыныбы: 8
|
Сабақ тақырыбы:
|
«Батыр Баян» поэмасы
|
Жалпы мақсат:
|
а) Білімділік: «Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой- қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның үздік туындысы «Батыр Баян » поэмасы арқылы мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
|
Оқу нәтижесі:
|
Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа тыңдату
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар назарына «Көңілді күн» видеоролигін ұсынылады.
|
Түстер арқылы топтарға бөлу.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
|
Талдау,жинақтау,қорыту
|
Жаңа тақырып
Жаңа сабақ бойынша жұмыс.
1.Зерттеу жұмысы 2.Батыр Баян бейнесі Шығармашылық саты
IV
1 Композиция-қ құрылысы
2. Венн диаграммасы
ІІІ Эвристикалық саты
. 1. Кейіпкерлер жүйесіне талдау
ІІ Алгоритмдік саты
Поэманы оқу
Сұрақтар
І Оқушы деңгейі
І- Оқушы деңгейі.
Мағжан Жұмабаев кім?
Қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы.
«Батыр Баян» поэмасының м азмұны
«Батыр Баян» поэмасындағы оқиға сені қандай іс- әрекетімен ойландырады?
«Батыр Баян» поэмасына сенің өз көзқарасың? (пікірлерін айту)
ІІ. Алгоритмдік саты
Кейіпкерлер жүйесіне талдау
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.
ІІІ. Эвристикалық саты
Композициялық құрылысы.
Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
|
Достарыңызбен бөлісу: |