Музыка сабақтарында тәй-тәй технологиясын қолдану «Музыкалық тәрбие ол-музыкантты тәрбиелеу емес, барлығынан бұрын, адамды тәрбиелеу»



Дата19.05.2022
өлшемі20.46 Kb.
#457283
түріСабақ
user file 5519976ceed57




Музыка сабақтарында тәй-тәй технологиясын қолдану
«Музыкалық тәрбие ол-музыкантты тәрбиелеу емес, барлығынан бұрын, адамды тәрбиелеу»
В.А.Сухомлинский.

Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап-міндеттер қойылуда.Балабақшадағы балалардың жан-жақты,рухани бай,жоғары мәдениетті болып қалыптасуына музыка тәрбиесінің қосатын үлесі зор. Нәзік сезімді жас бүлдіршіндерді өнерлі,мәдениетті,білімді болып өсуіне балабақшадағы музыка тәрбиесінің алатын орны зор.Музыка сабағында балалар:музыка тыңдау,ән салу,аспаптарда ойнау,би билеу тәрізді түрлі іс-әрекеттермен айналысады.Балабақшадағы музыка тәрбиесі баларды дамытуға,оларды мектепке даярлауға бағыттайтын алғашқа саты.Балалардың жеке басындағы дарындылық қасиеттерін,музыкалық ынтасын,қабілетін қалыптастыру процессі бірте-бірте, жүйелі түрде жүргізіледі.Әр жастағы балаларға музыкалық білім беру,оларды жоспарлы түрде мектепке дайындау мақсатымен ұштастыра жүргізіледі.


Музыка сабақтарында балалардың тыңдау,сезіну,орындаушылық, эмоциялық сезімдері қалыптасады. Қазіргі заман музыка жетекшілерінің жұмысы жаңа мазмұнды талап етеді-дербес шығармашылық еңбек ете алатын,белсенді іздеуші тұлғаны ,алғыр адамды тәрбиелеп шығару.Мектеп жасына дейінгі балалардың қуанышының бастауы музыкадан нәр алады.Музыка сабақтарында әртүрлі педагогикалық әдістерді қолдану –ең маңызды мақсаттарды шешеді:балалардың ерте музыкалық тәрбиесінің қалыптасуы,музыкалық компонентінің құрылымы-балалардың музыкаға деген эмоциялық сезімдерінің дамуы.
Музыка жетекшісінің алдына қойылытын талап-міндеттер:
-Баланың музыкалық мәдениетін қалыптастыру,оның рухани өмірін байыту.
-Музыка өнеріне деген саналы көзқарасты қалыптастыру.
-Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-Музыка арқылы балалардың ішкі жан дүниесін байыту.
Осындай міндеттерді орындау үшін педагогтар жаңа бағдарлама мен технологияларды қолданады.Айтып кететін болсам қазіргі «Интеграция», «Жобалау», «Вариативтік», «Тәй-тәй» әдістеріміен қолданып жүремін.
Осындай технологиялардың бірі «Тәй-тәй» халықаралық инновациялық технологиясына ерекше тоқталып кетейін.
«Тәй-тәй» ағылшынша «Step by step» сөзінен аударылған «Демократталған қоғамға жол» деген мағынаны білдіреді.
Коммуникативтік,қоғам,адамгершілік,патриотизм,достық сияқты ұғымдарға сүйене отырып бағдарлама алдына мынадай талаптарды қояды
· Өмір бойы білім нәріне сүйсінетін тұлғаны тәрбиелеу.
· Демократиялық ұстанымы өзара сыйластықпен негізделген тәрбиелік ортаны қалыптастыру.
· Практикалық әдістердің дамуын қамтамасыз ету,әдістердің үзілмеуіне кепілдеме ету.
· Демократталған қоғамда өмір сүруге қажетті көркемдік,этикалық, практикалық білімдерді баланың бойына дарыту.
«Тәй-тәй» технологиясы біздің ұлттық бағдарламаларды жоққа шығармайды,тек жаңа демократиялық бағытпен байытады. Өмір талабына сай,баланың жеке басының дамуына,білім беру үдерісіне жанұясының қатысуын қамтамасыз етеді.
«Әсел» балабақшасы 1997 жылдан бастап халықаралық «Тәй – тәй» бағдарламасын тәжірибеге енгізуші мекемелердің бірі болып танылды. «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша эксперимент 1997 ж. бастап іске асырылып келеді. Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша мекеме Ақмола облысы бойынша тренингтік орталық болып табылады. Сол себептен, мекемеде “Тәй-тәй” бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу және бағдарламаның идеясын тарату жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Мекемеде ата-аналарды бағдарламаның мазмұнымен таныстыру мақсатында бағдарламаның презентациясын жасау дәстүрге айналып отыр.
Мектеп – бақша әр уақытта өз іс – тәжірибелерімен, шығармашылықтарымен бөлісу мақсатында республика,облыс, қала көлемінде ұйымдастырылатын іс – шараларға қатысып, басқарушы ұйымдар атынан әр уақытта тиісті бағасын алуда.
Сондай-ақ мекеме педагогтары өз іс-тәжірибелерін жан-жақты таратып, әріптестерімен бөлісуді алға қойып отыр.Мекемеде оқу-тәрбие үрдісінің сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға үлкен мән беріледі. Атап айтқанда ата-аналарды сабақтарға қатыстыру, оларға өзекті мәселелер бойынша кеңестер ұсыну, қызықты тақырыптағы конференциялар мен семинарлар өткізу.
Мектеп – бақша педагогтары бүгінгі күні балаларға жан – жақты үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, мектеп қабырғасына толық психофизиологиялық дайындықпен баруын қамтамасыз ететін дамытушы ортаны ұйымдастырып отыр. Бұл жұмыстар күні бойы балаға жағымды эмоционалдық жағдайды ұйымдастырудан, педагог пен бала арасындағы өзара түсіністік, достық пен сенім сияқты қарым – қатынастардан көрініс табуда. Оқу – тәрбие үрдісін нәтижелі жүзеге асыру мақсатында мекемеде әр баланың жеке қабілеттері, жеке дара мүмкіншіліктері аса ескеріліп, оның өзіндік “Менін” қалыптастырып, оны жеке тұлға ретінде дамытуға, баланың ойы мен пікірін сыйлауға үлкен мән беріледі.
Музыка сабақтарында «Тәй-тәй» технологиясының элементтерін мен де қолданамын. Мен ән сабақтарында жалпы топпен жұмыс істеймін ,топшаға бөлмеймін өйткені барлық балалар ән де айтып,би де билегісі келеді,сондықтан мен биге икемі бар балаларды жеке бөліп алмай барлығын бірдей үйреткенді жөн көремін. «Тәй-тәй» технологиясы бойынша сабақтан бос уақытта ,мысалы түстен кейінгі уақыттырда жеке дарынды балалармен жұмыс істеп әр баламен индивидуалды түрде жұмыс жүргіземін,әр баланың жасын,қабілетін ескере отырып ата-аналарға да кеңес беремін. Музыка сабақтарына ата-аналарды қатыстырғанды жөн көремін.Ашық есік күндері ата-аналар сабақтарыма қатысып өз балаларының қабілеттерін байқайды,кеңес алады.Үй ішінде қандай музыка тыңдауға болады,қандай шығарамаларды,қалай табуға болады?-деген сұрақтар жиі кездеседі.Өзімнің тарапымнан балалардың жастарына байланысты шығармаларды беруге тырысамын, ата-анасы түсінетіндей етіп қарапайым шығарамаларды ұсынамын.
Биылғы оқу жылында «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
- Отбасына арналған психологиялық кеңестер:
- Ашық есік күндері;
- Семинар, тренингтер;
- Ата-аналар жиналыстары;
- Саулнамалар мен анкеталар тарату;
- Облыстық және қалалық сайыстарға ата-аналармен бірге дайындық жұмыстары;
«Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жүргізілген жоғарыдағы аталған жұмыстар арқылы біздер оқу-тәрбие үрдісін балалар үшін де, ата-аналар үшін де және педагогтар үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз. Орталықтарда сабақтарды өткізу арқылы біздер әр балаға жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасаймыз. Себебі, жалпы топпен жұмыс істеген кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың шағын тобында сабақтарды ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын сезіне отырып, өзін әр қырынан көрсетуге тырысады. Өйткені ол өз ойының басқаларға өте қызықты екендігін сезінеді.
Сонымен қатар “Тәй-тәй” бағдарламасы ата-аналарды балабақшаның тыныс-тіршілігіне тартудың ең бір тиімді жолдарын ашып отыр. Аталған бағдарлама негізінде отбасымен қарым-қатынас жасаудың төмендегідей түрлері іске асырылады:
- бірлескен саяхаттар;
- әкелерді балабақшаға тарту;
- қызықты отбасылық кештер;
- отбасылар арасында өзара достықты орнату т.с.с.
Осындай қызықты түрде ұйымдастырылған жұмыстар ата-аналар тарапынан жақсы көзқарастарды тудырып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет