Сабақтың әдісі: ішіне -сыртына әдісі, топпен жұмыс. Сабақтың типі: аралас Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту



Дата09.07.2016
өлшемі33.72 Kb.
#186785
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Түстер. Жылы және суык түстер.
Білімділік: Оқушыларға түстер туралы жаңа мәліметтермен

таныстыру, тақырып бойынша өз ойларын айта

білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының өз бетіншн жұмыс еріктілігін, өз күшіне

сенімділігін қалыптастыру.



Тәрбиелік Оқушылардың көркем өнерді қабылдау сезімдерін

дамыту, шығармашылыққа, сұлулықты сезіне білуге

баулу.

Сабақтың әдісі: ішіне –сыртына әдісі, топпен жұмыс.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнетаспа , бояу түстері, қосымша мәліметтер.
Болжамдалған нәтиже: Оқушылар өз беттерінше жаңа сабақты меңгере біледі, топпен, жұппен жұмыс жасай алады.

Сабақтың жоспары:

I . Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

1.2 Сыныптың назарын сабаққа аудару;

1.3 топтастыру ( түстер бойынша)


II. Үй тапсырмасын тексеру:

    1. 1. Сұрақ –жауап.

2. Үлкен шеңбер ( ішіне –сыртына)
III. Жаңа сабақ

3.1 Мәтінмен жұмыс

( Түстер туралы мәтін)

- Жеке жұмыс

- Жұппен жұмыс

- Топпен жұмыс( плакатқа өз ойларын түсіру)

- Топ басшылары өз жұмыстарын қорғайды.

IV Жаңа сабақты бекіту.

4,1 Мұғалімнің түсіндірмесі

4.2 Үрлеу әдісі ( бояулар жұмыс)




    1. Түстермен әйнек бетінде сурет салу әдісі.


V. Сабақты корытындылау және оқушыларды бағалау.

5.1 Бейнекөрініс ( қорытындылау)



VII. Үйге тапсырма:

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру;

Сұрақ - жауап

    1. Графика дегеніміз не?

    2. Графика қалай орындалады?

    3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?

    4. Графиканың түрлерін ата?

    5. Гравюра дегеніміз не?

    6. Графиканың ең карапайым түрі?

Графиканың ағашқа салынған түрін қалай атаймыз?

Гравюраның тасқа қашап салынған түрі қалай аталады

Гравюраның линолеумге жасалган түрін линогравюра дейміз?


  1. Жаңа сабақ.

3,1 Мәтінмен жұмыс

Егер көктемде табиғаттағы алуан түсті өсімдіктерге зер сала карасақ, жаңа өмір басталып тіршілік атауының бәрі оянып келе жатқан кезде бүршік атқан бұдыр пішіндердің,ашық та таза түстер реңдерін көре аламыз. Жасыл түстерден көк немесе сарғыш реңдерді, ал жеміс ағаштарынан сарғыш, қызыл, күлгін сары бүршіктерді аңғарамыз. Әр түрлі көк жасыл түстер жиынтығы жалпы жасыл болып көрінгенмен зер сала карағанда олай емес. Күзде табиғат түлелімен өзгеріске енеді. Жазгы желмен бірге шайқалған көк шөптер суык түсімен көптеген құбылмалы түстерге енеді. Сары жасыл түстен- сары қызғылтқа, қызыл сары түстен – күлгін түске дейін құбылады.

Түрлі түстер ерекшелігін жақсы білу үшін оны кескіндеме, сәндік өнерде пайдаланып суреттер салу қажет. Күн сәулесінде түстердің барлық толқынының құрамы бар. Ақ түстер көп қырлы шыны призма арқылы өтіп, құрамды бөліктерге жайылады , бұл спекр деп атайды. Әр түстің өзінің қосымша түсі болады, мысалы қызыл түстің ортасынан диаметр сызығын қарама - қарсы жатқан түске, яғни жасыл түске өткізсе, шеңбер ішіндегі қызыл түстің қарама –қарсысына жасыл түс келіп түскен, ал оптикалық араласу кезінде олар ақ түске айналады, мұндай түстер қосымша түстер деп аталады. Сары түстің қосымша түсі – күлгін түс, көк түстің қосымшасы- қызыл сары, күлгін түске –сары, қызыл сары түске – көк түстер қосымша түс бола алады

Түстік шеңберді екі бөлікке бөлуге болады. Оның бір жағына қызыл, сары, тоқ сары түстер орналастырылады. Олар от пен күнге ұқсас болып келеді. Ал екінші бөлігіне ашық көк, көкшіл жасыл, көк, сия көк түстер кіреді. Олар суық түстерге жатады. Себебі ; олар мұз бен суды еске түсіреді.



IV . Сарамандық жұмыс

Түстерді үрлеу әдісі:



  1. Қағаз бетіне қылқаламның көмегімен бірнеше түрлі – түсті тамшылар түсіреміз.

  2. Енді осы тамшыларды ауызға жақындатып, айналдыра үрлейміз.

  3. Балалар тамшылардан пайда болған бейнелерді айналдыра қарап, өздерінің қиялдарына байланысты неге ұқсайтынын айтады.

1. Түстермен әйнек бетінде сурет салу әдісі.

- Сары, қызыл, көк

- ал енді балалар , Біз осы түстерге байланысты бір әдісін пайдаланып сурет саламыз. Кәдімгі әйнек немесе айнаны алып, бетіне екі –үш бояуларды араластыра немесе кез келген сурет салып, оны қағаз бетіне жабыстыру арқылы сурет саламыз.
V. Жаңа сабақты бекіту:

1. Қызыл, сары, көк


Жылы және суық түстер

Негізгі түстер + қосымша түстер

VI . Сабақты қорытындылау және бағалау.

Бейнетаспа (қорытындылау)



VI I. Үйге тапсырма:

Үрлеу әдісі бойынша сурет салып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет