ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Әдебиет және фольклористика кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Орындаған:
4-курс студенті С.Сейдикенова
Ғылымы жетекшісі:
Доцент С.Қалқабаева
Норма бақылаушы:
Доцент Ж. Мәмбетов
Қорғауға жіберілді:
" " 2010ж.
Әдебиет теориясы және
фольклористика кафедрасының
меңгерушісі,профессор Б.Майтанов
Алматы 2010
Реферат
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Дипломдық жұмыстың көлемі:
Пайдаланған әдебиеттер саны:
Тірек сөздер: Өмір шындығы және көркем шындық, көркемдік шешім, көркемдік жинақтау, тақырып, характер, пейзаж, көркемдік деталь, тарихи роман, портрет, психологизм, баяндау. .
Жұмыстың құрылы: Кіріспе
I тарау. Сал-серілері жайындағы қазақ романдары.
II тарау. С. Жүнісовтің "Ақан сері" дилогиясындағы Ақан образы.
III тарау. З. Ақышевтің "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - жазушылардың сал-серілер бейнесін өз шығармаларында қалай суреттеді, қандай негізге сүйеніп жасады. Сал-серілер образын жасауда жазушылар ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бірінші тарауда жалпы қазақ әдебиетіндегі проза жанрындағы өнер адамдары туралы жазылған тарихи романдар жайында жалпы сипаттама беру.
Екінші тарауда "Ақан сері" романы, ондағы автор идеясы, басты кейіпкер - Ақан сері образын жасаудағы жазушы шеберлігі, характер жасау тәсілдері, ақынның жан дүниесін берудегі психологизмге бару жолдары, ақын туындыларының туу сәттеріне суреттеледі.
Үшінші тарауда II тараудағы сөз етілген жайлар "Жаяу Мұса" романынан қарастырылады. Романда тарихи шындық, заман шындығы қалай көркемдік шешім тапқан, Жаяу Мұса өнер адамы ретінде қалай бейнеленгені жайлы сипаттама беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |