Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті.
(8 сынып)
Қашқынбеков Бауыржан Өміржанұлы.
М.Жапақов атындағы негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі.
Айғыржал ауылы, Шет ауданы, Қарағанды облысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімін толықтыру, Қазақтың ұлттық мәдениетінің маңызын түсіндіру, халық композиторларының шығармаларын тарихи талдау.
Тәрбиелік: Балалардың өнерге деген қызығушылығын туғызу эстетикалық талғамын дамыту, ұлтжандылыққа баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қиялын ұшқырлау, түлға ретінде жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясымен аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, лекция
Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбек, сурет.
Көрнекілік құралдар: таблица, сөзжұмбақ, қол өнер бұйымдары, тест сұрақтары, домбыра.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.Тест бойынша үй тапсырмасын тексеру.
Б) Шығармашылық жазба жұмысын тексеру ( реферат, сөзжұмбақ)
2. Жаңа сабақ: Жоспармен таныстыру
Жоспар.
-
Сурет және қолданбалы өнер.
А) қол өнер түрлері
Б) ұлттық қолөнер
2. Музыка өнері.
А) ХlХ ғ. Екінші жартысы халық музыкасының қалыптасуы.
Б) Атақты күйші –сазгерлер
Кіріспе сөзі: Балалар! Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының мол мұрасы қол өнер, күй өнері, музыка мәдениетіне үнілу, талдау, қортынды жасау болып табылады. Сабақтың ерекшелігі басқа сабақтармен тығыз байланыс жасау, басқа ғылым салаларынан мағлұматтар аласындар, бағалау демократиялық жолмен жүргізіледі, яғни әркімнің білім денгеиін өздерің бағалайсыңдар.
Жаңа сабақ бойынша бірінші сурет сабағынан Б.С Смирнов, О.Федченко, В.Верешагин, Н.Хлудовтың суреттеріне шолу жасадым. Әсіресе Қазақстан тақырыбына салынған « лепсі өлкесін қоршаған таулар», « көш», « мал айдау» суреттеріне анықтама бере кеттім. Келесі тоқталған тақырыбым қолөнер саласы бойынша еңбек сабағынан жасалынған текемет, киіз, кілемшелер бойынша жұмыс істеу болды. Оқушыларға бұл заттардың жасалу жолы, күнделікті тұрмыста қолданылуы жайында кеңінен мағлұматтар берілді.Жоспарымыз бойынша тағы тоқталған тақырыбымыз музыка өнері. Әуелі музыка, жалпы қазақ музыкасы туралы балалардың не білетіні жайлы сұрақтар қойдым:
-
Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері шығармаларын ата?
-
Тәттімбет күйлері қай күй саласына жатады?
-
Құрманғазы, Дәулеткерей қай күйдің шебері?
Осы жерде оқушыларды екі топқа бөліп, сын тұрғысынан оқытудың INSERT түртіп алу стратегиясың қолдандым.
Білемін
|
Білмеймін
|
Мен үшін жаңа
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
Екі топ осы кесте бойынша қазақ күйінің түрлерін, орындалу өзгешелігін ,осы кестеге әр түрлі белгілер арқылы өз ойларын білдірді. Екі топтың басшылары тұрып өз тобының ойларын қорғады.
Бұл жерде мұғалімнің көп сөйлемей оқушылардың өзіне жұмыс істетуіне жағдай жасадым.
Көрнекілік бойынша еңбек сабағында жасалған домбыра макеті, қобыз макетін көрсете отырып, домбыралардың жасалу жолына
әр домбыраның әр түрлі күй тартуға арналғанын өзім қосымша музыка сабағынан беретіндіктен тартып көрсеттім. Оқушылар шертпе күймен, төкпе күйдің айырмашылығын өз құлақтарымен естіді. Осы жерде оқушылар өздері білетін халық композиторларының әндерін орындады.( «Балқадиша», «Ақсиса», «Маңмаңгер», «Ләйлім шырақ» әндерінің бір шумағынан орындалды).Осы жерде үйде дайындап келген таблицамды тақтаға ілдім.
Осы таблица бойынша жаңа сабақты пысықтадық.
Оқушылар кезек- кезек шығып әр композитордың шығармаларын таблицаға жазды.Осы таблица бойынша оқушылардың жаңа сабақты түсінгені белгілі болды.
р/с
|
Композиторлар
|
Шығармалары
|
1
|
Тәттімбет
|
|
2
|
Құрманғазы
|
|
3
|
Дәулеткерей
|
|
4
|
Жаяу Мұса
|
|
5
|
Ақан сері
|
|
6
|
Ықылас
|
|
Осы композиторлардың шығармаларындағы ортақ түсініктерді Венн диаграммасы бойынша пысықтадым. Диаграмма тақтаға сызылды.
Тағы бір назар аударатын жағдай мен сабаққа дайындаған тестімді тақтаның арғы жағына іліп қойдым. Оқушылар тест тапсырмаларын жаңа сабақ бойы көре алмады. Қортынды кезенінде уақыт ұту үшін тестіні ашып жіберіп, оқушыларды орынынан тұрғызбайақ тестіні шешкіздім. Әр оқушы өз білім деңгейіне байланысты жауап берді. Сабақ барысында жауап беру, таблица толтыруы, тестке жауап беруі бойынша оқушы білімін бағаладым.
Тест сұрақтары.
1.ХlХ ғасырдағы күйшілер:
А) Құрманғазы
Б) С. Тұрысбеков
В) Дәулеткерей
Г) Н. Тілендиев
2.Құрманғазының күйлері:
А) « Ақсақ киік»
Б) « Қосалқа»
В) « кішкентай»
Г) « Желдірме»
3.Зергелік бұйымдар:
А) текемет
Б) білезік
В) алқа
Г) тұскиіз
4. « Балқадиша» әнінің авторы:
А) Біржан салы
Б) Жаяу Мұса
В) М. Омаров
Г) Ақан сері
5. Сазгер музыканттар: ( ХlХ ғасыр)
А) Ы. Алтынсарин
Б) Ақан сері
В) Ш. Уәлиханов
Г) Ә. Қастеев
Д) Ықылас
6. Ауылымызда жасалатын заттар:
А) сақина
Б) текемет
В) ер- тоқым
Г) киіз
7. Біржан салмен айтысқан ақын қыз:
А) Айнұр Тұрсынбаева
Б) Дина Нұрпейісова
В) Сара ақын
Г) Әсия Беркенова
8. Музыка өнеріне қай сала жатады?
А) Роман
Б) поэма
В) күй
Г) ән
9. Хl ғасырда қазақ қолөнері қай мемлекет көрмесіне қойылды?
А) Ресей
Б) Болгария
В) Франция
Г) Қазақстан
10. Жергілікті ақын- жырау кім?
А) Жаяу Мұса
Б) М. Мақатаев
В) Т. Молдағалиев
Г) М. Жапақов
Оқушылардың білімін бағалау демократиялық жолмен жүргізілді, яғни оқушылар әрқайсының бағаларын өздері дауыс беру арқылы қойды.Үй тапсырмасына шығармашылық жұмыстар, тест құрау, сөзжұмбақ құру § 30, 199 бет оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |