УДК 372.878
ББК 74.266.7
Д 86 (на каз)
Дүкенбай
Н.С., Әміренов Ә.Д.
Д 86 Музыкалық білім беру теориясы: Жоғарғы педагогикалық оқу
орындарының студенттерінің оқулығы / Н.С.Дүкенбай,
Ә.Д.Әміренов. ПМУ баспасы, 2009. - 138 бет.
ISBN 9965-802-13-0
Құрастырып аударған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті Н.С.Дүкенбай
және ПМПИ доценті, ф.ғ.к. Ә.Д.Әміренов.
Оқулықта жалпы білім беру мекемелері жүзеге
асыратын
музыкалық білім беру негіздері мазмұндалады. Музыкалық білім беру
теориясы педагогика ғылым саласы ретінде музыкалық білімге
қатысты қарастырады. Білім процесіндегі музыка өнеріне, баланың
тұлға
ретінде дамуына, музыкалық білім беру негізгі
компоненттеріне, жеке тұлғаға, музыка мұғалімінің әрекетіне
арнайы көңіл аударылады.
Оқулықтың барлық бөлімдері
оқу мақсаттарына байланысты
және де студенттің кәсіби ой-өрісінің дамуына, тұлғалық
позициясының қалыптасуына бағытталып,
арнайы тапсырмалармен
бірлікте берілген.
Оқулық арнайы музыкалық білім беретін жоғарғы оқу орындары
мен музыкалық колледждердің студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне
және музыкалық білім беру мәселелері қызықтыратын жалпы
оқырмандарға арналады.
ISBN 9965-802-13-0
2
© Н.Дүкенбай, Ә.Әміренов, 2009
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009
КІРІСПЕ
Музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының бір
бөлігіне жатады. Білім процесінде музыкалық өнерге деген арнайы зейін
түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық
білім беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері
мен іс-әрекеттері өте маңызды. Музыкалық білім беру бір елде дамуына,
әр дәуір, әр уақытта болған музыкалық тәрбие мен білімнің қалыптасуы,
даму тарихы,
белгілі ғалым-педагогтардың, музыканттардың осы
бағыттардағы ізденістеріне байланысты.
Әр түрлі мемлекеттерде музыкалық білімнің пайдалану өрісі, өсуі,
дамуы, тарихы, әдісі, әдіснамасы өзара байланыста қаралады. Оның
ішінде Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру дамуына
ғалымдар тарапынан зерттеген: М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, Б.Ғизатов, С.А.Ұзақпаева, Ө.Байділдаев, П.М.Момынов,
Р.Р.Жәрдемәлиева, А.Райымбергенов, М.Х.Балтабаев, Ш.Құлманова т.б.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегідей мәселелерді
қарастырады:
- музыканы оқыту теориясы мен
музыка тарихын пән ретінде
оқыту;
- білім процесіндегі музыкалық өнердің орны;
- музыкалық білім беру жүйесіндегі баланың тұлға ретінде
қалыптасуы;
- музыкалық білім берудің мақсаттары, талабы, принциптері;
- музыкалық білім берудің негізгі мазмұнының элементтері;
- музыкалық іс-әрекеттердің түрлері, музыкалық білім беру
әдістері;
- музыкалық білім беру формасы;
- музыка мұғалімінің музыка-педагогикалық іс-әрекеттері;
- музыка мұғалімінің тұлғалылығы, кәсіби сапасы мен сипаты.
Осы мәселелермен
бірге баланың жас ерекшелігі, музыкалық
икемділігі мен дағдылары, іс-әрекеттерінің түрлері, музыка сабағы,
сыныптан-мектептен
тыс жұмыстары, тарихы, вокалды, аспапты іс-
әрекеттері, музыка бағдарламаларына шолу, репертуар, тыңдау,
орындаушылық шеберлігі, ізденіс ретінде іс-әрекеттері т.б.
3