Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы Мамандығы «Музыкалық білім беру»


Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс биіктілігі) - әуенді есту сезімі және оның ролі



бет2/8
Дата05.03.2016
өлшемі0.69 Mb.
#43784
1   2   3   4   5   6   7   8

2.6 Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс биіктілігі) - әуенді есту сезімі және оның ролі

Музыканың алғаш шығуы – ол интонация, дәлірек айтса – интонациялық әуенді есту қабілеті. Ал, әуен – құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және музыкалық ойдың бейнелеушілігі.

Сондықтан, интонацияны-әуенді есту қабілеті – адамның музыканы қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қауымдасқаны, байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем образдардың түрлері.

Интонацияны - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі.



... интонацияны-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады, дамиды. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация, оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін ... оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады.

Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс, мықшыңдаудың дәрежесі (степень напряжения).

Қорытындыласақ, интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа сапалылығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі.

3 Музыкалық қабілеттілік
3.1 «Музыкалық қабілеттілік» түсінігі. «Музыкалық әесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі

Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.

Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.

Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.

«Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).

Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.

Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
3.2 Музыкалық қабілеттің құрылымы. Музыкалық қабілеттің деңгейі. Музыкалық қабілет кешенін ауыстыру, өтемақысы

Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.

Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?

Н.А.Римский-Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.

Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі.

Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.

Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы.

Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе?

Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады.

Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.

Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.

Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.

Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):

- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);

- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы, бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);

- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);

музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).
3.3 Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның ұжырымдамасы

Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.
3.4 Музыкалық ырғақты сезіну және оның әр кезеңдегі қалыптасуы

Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.

Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 2,5 – 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3 - 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды.

Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және ырғақтық сурет – міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 – 7 жасар балалар). Метр - 2/4, 4/4 және ¾ ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі – дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам). Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық әрекетіндегі басты және тез алда дамуы – ол музыкамен музыкалық жүріс. Музыкалық жүріс бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің дамуы, алда жүретіні – ырғақ сезімі.

Музыкалық жүріс – халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық гимнастика мен аэробика т.б.


3.5 Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш оқушыларында қалыптасуы

Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.

Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.

Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді.

Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.

Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады.

Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады.

Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.
3.6 Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі

Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды, әуендерді жаңадан сезінуі.

Екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.
3.7 Есте сақтау қабілетінің дамуы және қалыптасуы

Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс-әрекетте қолдануы музыкалық есте сақтауы болып табылады.

Мектепке дейін және бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.

Кәсіби-музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта орындауы.




3.8 Түсінік арқылы есте сақтауы. Оқушы-музыканттың орындаушылық есте сақтау тәсілінің жолдары және дамуы

Музыканы есте сақтау процесіндегі маңызды ерекшеліктері - мазмұны, сипаты, осы әрекетті орындау тәсілдері.

Қысқаша – музыкант-оқушының музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта-қайта қайталау мен орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.

Қайта-қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда адамның миы жұмыс істеу керек.

Көркем-интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.

3.9 Баланың көркем-шығармашылық мүмкіншілігі

Адамның көркемділік дарындылығы неде? Бала дарынды болу үшін қалай білім беру керек? Баланың көркем-шығармашылық бейнесін қалай көруге болады және де қалай бағалауға болады? Өйткені ол (көркем-шығармашылық бейнесі) өнермен ұштастыру деген мағынада.


3.10 Көркем-шығармашылық қабілеті: іс-әрекетте қалыптаса ма, әлде одан пайда бола ма (шыға ма)?

Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің «таңбасы».

Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, «аспаннан жерге, уақыт талабына» түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.

Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде жеткізу, «айтып беру» болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.

Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде, «музыкант» болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.

Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті, оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесінің меңгеруі – деген.

Шығармашылық қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: «Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында «жұмысы» нәтижелі болды» - деген пікірді айтқан.

Ал, келесі бір дәстүрлі психологиялық қасиеттің бірі - адамның қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері, әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.

«Негізгі», «басты» қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың бірлігі, оның ішіндегі бөлімдерінің психика сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа музыкалық мінездеме бергенде «толық» түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, «оның көз елестетуі музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық» болды. Мынандай қорытындыға келді: оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып сезілген.

Осы кезде екі кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды кезең – не бір белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның үстем болғаны, адамның түрлі психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.

Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық, көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай тәсілмен онда эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.

Сондықтан, әлемдік қатынас дамуы мен оянуы және өзінше бір бөлшек ретінде өнер педагогикасының бірінші мақсаты, әр-түрлі өнердегі мақсатты іс-әрекетінде жүзеге асыру болып табылады.

Ізденушілердің дәлелдеуінше, әлем эстетикалық қатынасында әрбір адамда, әрбір балада жүзеге асыру барысында өзіндік потенциалы бар. Сондықтан бала кезеңінде осы мәселені қабылдай алады да, жалпы білім беру кезінде жүзеге асыра алады.
4 Ойлау
4.1 Өмірде, жеке дамуындағы музыкалық ойлаудың тууы.

Баланың музыкаға бірінші реакциясы және алғашқы музыкалық

тілдің элементтерін меңгеруі

Музыкалық ойлау – күрделі эмоциялық сенсорно - интелектуалдық білімділік процесс және музыкалық шығарманы бағалауы. Күрделі деген, әлі де не музыкатануда, не психологияда, не педагогикада ортақ шешім жоқ деген сөз. Оны не «интелектуалды қабылдауы», «музыкаға адамның сәулесі», «музыканы меңгеру» дейді т.с.

Сондықтан, 4 пен 7 жас кезінде баланың музыкалық - қабылдау ойлауы бірлік пен қарым - қатынасы екі негізгі бағытта дамиды: а) өз-өзіндік интонациялық қабылдауда және музыканы сезінуі; ә) өмірлік пен тәжірибе алған баланың жеке қабылдаушылығы.

Музыкалық импровизация - өнімді көркем іс-әрекетінің формасы, одан жаңа туынды туады. Осы әрекетте баланың шығармашылық музыкалық ойлауы жатыр, ол музыкалық тіл арқылы қалыптасады.

Музыкалық тіл – бұл арнайы құрал, ол арқылы музыкалық «ақпаратты» жеткізеді және сақтайды. Музыкалық тіл – «грамматикалық норма» жүйесі, қолдану ережесі, «сөз-моделді» қосуы. Музыкалық тіл – барлық дыбыс құрылысының байланыс жүйесі, оның нақты мағынасы. Музыкалық тіл – музыкалық әрекетінің фундаменті және музыканы жүзеге асыру.

4 жасында бала музыкалық-шығармашылық қабілеті бастапқы жағдайда және де музыкалық ойлауының өнімі ретінде қалыптасады. Бұл кезеңді «байқау, сынау» дейміз.

5 жасында бала өзінің музыкалық импровизациясында кең мағынадағы мазмұнын қолдана алады. Бұл кезеңді «ырғақтық кезең» деуге болады.

7 жасар бала музыкалық импровизациясының бейнелеу мазмұны кеңейе түседі: көңіл-күй сюжетінің кеңдігі байқалады. Сондықтан, мектепке дейін және мектеп кезеңінде оқушыда көркем-бейне, музыкалық ойлау қалыптасады. Бала шығармашылығында кең және аяқталған әуендер пайда болады (период формасындағы - әуендік кезеңнің дамуы).

Балалардың музыкалық шығармашылығында қалыптасуы ол: түрлі және сұлу әуендегі музыкалық аспаптар; балалар алдында қызығушылық музыкалық-танымдық мақсат қою, олардың өмірлік және көркемдік әсемдігінің актуалдығы, қор жинау т.б.; үлкен кісілердің бала шығармашылығына қатынасы, баланың музыкада өз-өзінің әсерлігі.
4.2 Музыкалық ойлаудың негізгі параметрі

Музыкалық ойлау жүйесі (әлеумет мәдениет қатегориясы) әлеуметтік қоршаған ортада қалыптасады, адамдардың өзара қарым қатынасы. Сондықтан, ұлттық мәдениет өзінің ерекше музыкалық мәдениетінің болуы, музыкалық бейненің түрлі тәсілдерінің айырмашылығы, музыкалық ойлаудың ерекшелігі.

Сондықтан, шығыс музыкасының сипатына музыкалық ойлаудың жалпағынан (по горизонтали) дамуы саздың көптілігінен, бірақта ырғақтық құрылысының көптілігі, дыбыс қатынасы.

Ұстаз-музыкант – музыкалық тілді меңгеру мен әрекетінің икемділігі мен дағдысын қадағалайды.

Кәсіби музыкант – интонация жүйесін анықтайды, мәнерлеушілік құралдары басымды.

Музыкант – орындаушы – тәжірибе әрекетінде.

Композитор - өмірлік сезімді жүзеге асыру.
4.3 Ойлау - әрекет білімі

Адамның қандай да болсын ойлау әрекеті - өзінің тамырын зат туралы білімі, материал туралы түсінігі мен ойы.

К.Д.Ушинский: ... адамның миы білім әрекеті, шынайы ...

П.П.Блонский: ... қуыс бас пайымдамайды, тәжірибе білімділігі (осы баста) көп болса, сол бас пайымдай алады ...

Музыкалық ойлаудың мән-мәңызы - өз табиғатында, құрылысында, айырмашылық ерекшелігінде, эволюция принципінде және дамуында.
4.4 Интонация, формалары, бейне

Қазіргі психологиялық ғылымда жалпы ойлау концепциясы әлі де белгісіз. Әсіресе музыкалық көркем-бейнелі ойлауда.

Музыкалық ойлауды генетикалық жоспарда қарастыру (интонацияны түйсіну және уайымдау). Генетика – бұл алғашқы материя (жүрістің, өзгерістің). Генетика – организмнің өзгеруі, музыкалық - эстетикалық реакцияның ең алғашы.

Б.А.Асафьев «Музыка – интонация» ғылыми жұмысында былай дейді: «Интонация – (дыбыс биіктігінің дәолдігі) – ең негізгі жүргізуші – музыкалық мазмұнда, музыкалық ойда, ол және көркем ақпаратының тасушысы, эмоциялық қуаты, рухының жүрісі т.с.с.

Келесі ... дыбыс материалдың конструктивті - логикалық ұйымдастыруы.

... көркем ойлау құрылымында екі жақтың бір-бірімен байланысы: ерекше және жалпылогикалық.



Ерекше – берілген өнердің мәнерлеушілік құралдардың заңдылық байланысы (музыкада - әуен, гармония және ырғақ, поэзияда – ырғақ пен буын, теорияда - әрекеттің барлық компоненттері).

Жалпылогикалық – уақыт көлемінде, кеңестікте (пронстранство) құрастыруы (көркем мәтінінің кеңдігі, бейнесі). Осының барлығы (конструктивті - логикалық заңдылықтар) адамның музыкалық сезімінде сәулеленуі.

Біріншіден екінші қалыптасады, екіншіден (қайта байланыс принципі) біріншіге қайта оралуы.

Сондықтан, ойлау – адамның сезімінде музыкалық бейненің сәулеленуі, логикалық және эмоцияның диалектикалық бірлігі (диалектика – ғылым - табиғат дамуының заңдылығы және ойлаудың қарама-қайшылық бірлігі.

Сондықтан, музыкалық ойлау музыкалық бейнеге сүйенеді.

Бейне – ол қиялдану, түсінік, идея, идеал, осыны адамдардың қатынас «құралы» сияқты.

Ең негізі – музыкалық ойлау, ол шығармашылық ойлау.


4.5 Оқу - білімділік процесінің интилектуалдық бағыты.

Сөз және көрнекі-суреттеу әдісі музыкант-педагогтың тәжірибе

жұмысындағы негізгі құрал ретінде

Г.Г.Негауз: Қандай да музыкалық аспапта мұғалім ойнайтын болса, ең бірінші мұғалім ретінде ол музыканы түсіндіруші және мағына беруші: томенгі оқушы-музыканттардың дамуында кешенді түрде үйрету әдісі қолданады, жалғыз музыканың мазмұнын жеткізу емес, оның поэтикалық мазмұнын, нақты формаға талдау бере тұра, оның құрылымының бүтінде не жеке-жеке, гармониясын, әуенін, полифониясын, фактурасын, ол (мұғалім) бір жағынан музыка тарихшысы, теоретик ретінде, сольфеджио, гармония, контрапункт және фортепиано үйрету мүғалім болу керек.

Ал, «кешенді» түрде музыкалық білім беру, ол мұғалім-педагогтың жан-жақты болуы (шығармашылық жағынан).

... міндетті түрде Бахтың фугаларын талдау және сөз арқылы мағынасын жеткізе білу ... дейді;

... е-е! бала музыканы «түсінеді» екен деген баға, ең жоғарғы баға –жетістік деп есептейміз ...

... ең біріншіден Николаев қолды «қою» емес, студенттің басын.

Бір проблема ойда ... аспапта ойнау - үйретудің екі әдіс бар:

1) көрсету (көрнекі-иллюстративтік әдіс);

2) ауызша түсіндіру.

Сондықтан педагогтың сөзі не береді? Оқушыға қоршаған ортаның шындығының ең негізгі ақпараты. Білімнің бір адам мен екінші адамға көшуі (мұғалімнен оқушыға). Музыкалық ойлауының қалыптасуы – оқушыда көрінісі мен түсінігі, теориялық дамыту, тереңдету, олардың арасында ішкі байланысы мен қатынасын байқау, оны күрделі жүйеге келтіру. Оны оқушыға эмоциялық импульс беру деп санаса, ал сөз арқылы – музыка құбылысын ойда сақтау, кәсіби сезімі пайда болады және теориялық бекітуі деуге болады.

Музыкамен шұғылдану – оқушыға кешенді түрде әсер бере алатындығы. (Д.Д.Блага). Сондықтан педагогтың сөзі музыкалық аспапта ойнау процесінде маңызды роль атқарады.

«Қалай орындау керек?» деген сөз, нені орындау керектігін түсінуі.

Оқушыға ақпарат бере тұра педагог оны күрделі жағын ескеру керек, көбірек болуымен кем болуынан. Қазіргі педагогикалық психология жағдайы – оқушының миын «тиелгендей емес», «тиелгеннен» сақтау. Егер оның көркемдік елесіне тиетін болса, оқушыға айтылған сөз пайда бере алады, онда оның қиялы «күміс жібімен оранды» деуге болады.
5 Қоғамның және тұлғаның музыкалық санасы
5.1 Көркем - эстетикалық тәрбиенің түрлері және типтері

Интонация – күшейту, күш салу, жігерлік, (ашық, жарқын қою). Аксиология – бастапқы ғылым, дәлелдеусіз теория гуманитарлық білім беру бағытында мамандар қазіргі кезде (фил. пед. псхол. социалог.) теориалық негізінде білім берудің үш түрі бар:

1. Бірі - ішкі білім беру, ол деген - адамның ішкі әлемі, қоршаған ортаның үстемі, кәсіби білімі.

2. Келесі – мазмүнды «мен» дегенді дамытады, табиғи дарындылығына байланысты.

3. Үшінші – «өз өзін құтқару», білім беру, адамның рухының құңдылығының негізінде.

(1) Пушкин. Царскосельский лицей. Бәрі дарынды болды (жүйе білім), гуманитарлық білім – қоғам сапасына әсер етеді (көркем мәдениетіні, өнер). «Дарынды» мектеп, гимназия, лицей, ауыл мектебі т.б.т.с. (Ресейде-шіркеу әншілік). Сондықтан – қандай да болсын көркем тәрбие мен білім жүйесі, музыкалық сүйемелдеусіз болмайды (мейрам, салт-дәстүрлер, басқадай шаралар). Ресейде – отбасылық білім беру болды, қазақтарда да от басы тәрбиесі болды (қыздарға үй жинау, тамақ пісіру, тамақ өнімдерін істеу, іс тігу, іні-сіңіліне қарау, бағу, тәрбиелеу. Ұлдарға үй шаруасына көмектесу, мал бағу т.с.с. Қазіргі уақытта музыка мектебі, колледж, ЖОО, бала-бақша, музыкалық қонақ үйі, музыкалық театр, опера және балет театры т.с.


5.2 Тұлғалық - тұлға музыкалық сана психология педагогикалық категория: ерекшеліктері, қасиеттері, белгі

айырмашылығы

Қоғамдың музыкалық сана – құбылмалы, түсініксіз, көптүрлі, анықтаусыз болса, ал тұлғалық санада – нақты көрсеткіші бар, ол тұлғалығы ішкі, сыртқы ажары арқылы білеміз.

Жеке тұлғалық сана көп қырлы, өнертабысты: бір музыкалық құбылысты қабылдай алады, қуанышты жағдайда, басқаларына – теңрухсыз, келесісі – кері қабылдайды, бірақ уақытша, кейде мүлде болмайды.

Тұлғалық музыкалық сана – адамның музыканы қабылдауы, оған эмоционалды жауап беру, қысқасы – музыкалық тілін түсіну. Ол тіл сезімнен бөлек болмайды. Сондықтан музыкалық сананың дамулы болу үшін ішкі есту сезімінің қалпы болу керек: «өз бетінше» бір нәрсені есту, өз бетінше (ішінде) музыканы сезу. Осы кезде тұлғаның музыкалық мәдениетінде өз-өзіндік позициясы туады, «құбылысты» меңгеру, тұрақтау, тұтас субьектілік қатынасы туады (жауап береді), табиғат құбылысына есеп беру, сол қатынастарға сипаттама, туу туралы анықтау, көркем-эстетикалық реакцияға талдау, пайымдауы. Келесі музыкалық сананың жоғары деңгейі – бұл деңгей өзі арқылы ішкі, адамның рухани өмірінің байланысын табады, тұрақтайды (рух мазмұны мен мәнерлігі).

Рух бастауы адамда психологиялық белсенділік пен шындығының шыңының бастауы, «сезімі». «Баспалдақ» сияқты, төменгі баспалдақ –қабылдауы, эмоция - сезім реакциясы мен адамның музыкалық көрінісі, ал жоғары «баспалдағы» - ол рух қатары, байланысы – нақты байқауды жасыру, адамның ішкі психологиялық өмір әрекеті деуге болады. Осының бәрі адамды жоғары деңгейде рухын көтереді, кей-кезде, өкінішке орай, төмендетеді (осындай жағдай өмірде кездесесді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет