Н. Н. Оспанова п.ғ. к., Пму профессоры



Дата02.07.2016
өлшемі106.1 Kb.
#173073
ӘОЖ 37.018.4
Қашықтықтан оқытудың әлемдік тәжірибесі

Н. Н. Оспанова

п.ғ.к., ПМУ профессоры

А. О. Садыкова,

С. Торайғыров атындағы ПМУ магистранты, Павлодар қ.
Жаңа, 21-ғасырдың басында адамзат маманның біліктілігіне деген талаптарының әрдайым өсуі және оқу орындағы алған білімнің тез арада ескіруі арасындағы өткір қарама-қайшылыққа тап болды. Осы қарама-қайшылық жалпығылыми және арнайы білім көлемінің үздіксіз және қарқынды өсуінің салдары. Осы қарама-қайшы жағдайдан шығу жолы негізгі саладан ауыспай-ақ ақпараттық технологиялар көмегімен білім алу мүмкіндігі, ол – қашықтықтан оқыту жүйесі деп аталады. Оның дамуына жол беретін шарттардың бірі оқыту саласындағы технологияларға қол жеткізу болып табылады, ол оқытудың жоғары және сапалы дәрежесін қамтамасыз етеді. Олардың ішінде компьютерлік және ақпараттық технологиялар, байланыстың спутниктік жүйелері, оқу теледидары, ақпараттық жүйелерге қосылуын қадағалайтын бұқаралық телефония, нарықтың компьютерлік оқу бағдарламаларымен қамтылуы және т.с.с. [1]

Соңғы жылдары қашықтықтан оқыту одан әрі таралған болып келеді, себебі ол уақытты және материалды шығындарды үнемдеп, сапалы білімді алуына мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әлемде қашықтықтан оқыту жүйесінің кең ауқымды тәжірибесі жиналған. Әрбір мемлекеттегі қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымын атап өтейік:



  • Америка құрама штаты. Қашықтықтан оқыту жүйесінде 1 миллион адамға жуық оқиды. Мысалы, 90-жылдардың өздерінде 1100 студенттердің қашықтық әдістерінің көмегімен магистр дәрежесіне дайындығын орындаған, 40 инженерлік мектептің консорциумін ұсынатын, Халықтық Технологиялық Университет. Университеттердің жартысынан аса бөлігі қашықтықтан оқыту технологияларын үлкендерді оқыту үшін қолданады.[2]

Мұнда қашықтықтан оқыту үшін телебейне кеңінен қолданылады. PBS-TV бұқаралық телекөрсетілім жүйесі шегінде миллионнан аса студент оқытылады. Үлкендерді қашықтықтан оқыту бағдарламасына ғылым, бизнес, басқару курстарын қосады.

  • Испания. Испанияда 20 жылдан астам қашықтықтан оқытудың Халықтық Университеті (UNED) жұмыс істеуде. Оның құрамында мемлекет ішінде 58 және 9 шет елдегі оқу орталығы бар. Үлкендерге арналған сырттай жоғары білімді ұйымдастыру мақсатымен 1988 ж. құрылған, ол білім беру министрлігінің бөлімшесінің бірі болып табылады және жоғары білім беру бойынша мемлекеттік хатшыға тікелей бағынады. Оның құрылымында орта мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру жүйесі бар.[2]

  • Франция. Қашықтықтан оқытудың Франция Халықтық Орталығы әлемнің 120 мемлекетінде 35000 пайдаланушының қашықтықтан оқытуын қамтамасыз етеді.[2]

  • Германия. 1976 жылы негеізі қаланған Хагене қаласындағы ашық университет білімді қашықтықтан алуына және біліктілікті арттыруға жол береді. Университет дипломдарды табыстайды және ғылым докторын қоса ғылыми дәрежелерін береді. Тюбинген қаласындағы қашықтықтан оқыту институты оқытуға арналған бағдарламаларды радио және теледидар қолдануымен құрады. 2500 оқу курстың дайындығында 5000 оқытушы қатысады.[2]

  • Швеция. Швециядағы Балтия Университеті балтия ауданының елуден астам университетінің күшін біріктіреді. Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша Уасалы, Лунда, Гетеборга, Умео және Линчепинг қалаларының университеттерінде білімді алуға болады. Барлық оқу тапсырмалары университеттен тыс арнайы құрылымдар негізінде және оқытушы кеңесімен орындалады. Емтихандарды тапсыру үрдісі тікелей ЖОО-да жүргізіледі.[2]

  • Финляндия. 70-жылдардан бастап Финляндияда 10 университет бойынша қашықтықтан оқыту орталықтары, сонымен қатар 30000 студенттер санымен 20-дан аса жазғы университеттер құрыла бастады.[2]

  • Туркия. 1974 жылдан бастап, Туркияда алшақталған аудандардағы тұрғындарға білім алуына мүмкіндік беру мақсатымен Ашық университет жұмыс істейді. Тындаушылар университеттен қажетті оқу материалдар пакетін алады, оларға қосымша оқу радио- және телебағдарламалар өткізіледі, жазғы курстар ұйымдастырылады, сабақ кешке және демалыс күндері де өткізілуі мүмкін. Мұнда 120000 тындаушы қамтылған. [2]

  • Швейцария. Швейцариядағы қашықтықтан оқытудың білім беру мекемелері қалыптасу кезеңінде. [2]

  • Австралия. Австралияның қашықтықтан оқытудың білім беру мекемелері алшақталған аудандардағы студенттерге білім алуына көмектеседі. Студенттер университеттен қажетті оқу материалдар пакетін алады, сонымен қатар оларға қосымша оқу радио- және телебағдарламалар өткізіледі.[2]

  • Андорра. Андоррада қашықтықтан оқыту жүйесін құру бағдарламасы құрылымдалуды.[2]

  • Қытай, Үндістан, Иран, Корея, ОАР, Тайланд. Қашықтықтан оқыту әлемнің басқа да аймақтарында дамып келеді. Қашықтықтан оқытуды дамытатын университеттер мысалы ретінде келесілерді келтіруге болады:

  1. Қытай телеуниверситеті (Қытай);

  2. Индира Ганди атындағы Халықтық ашық университет (Индия);

  3. Пайнам НООР университеті (Иран);

  4. Корея халықтық ашық университеті (Корея);

  5. Оңтүстік Африка университеті;

  6. Сукотай Тампариат ашық университеті (Тайланд).[2]

  • Жапония. 80-жылдар басынан бастап Жапонияда мемлекеттік «Эфирдегі университет» жұмыс істеуде. Бұл мемлекеттік бюджеттегі мекеме ағарту министрлігінің қатаң бақылауында, оның бірнеше гуманитарлық және ғылыми факультеттері бар. Белгілі бір уақыттарда теледидардан және радиодан дәрістер хабарландырылады. Әрбір таңдалған пән бойынша оқушы аптасына екі рет бір сағаттық дәрісті тындайды. Кеңестер әрбір префектурада құрылған арнайы оқу орталықтарында беріледі. Тыңдаушылардың негізгі бөлігі бес жыл аралығында оқытылады және емтихандарды сәтті тапсырғаннан соң, бакалавр дипломын алады. Ашық университеттің сынақ бірліктері барлық басқа университеттердің сынақ бірліктеріне тең.[2]

Оқу үрдісінің техникалық қамтылуы төменділігі қашықтықтан оқытудың дамуын тежейтінін атап өткен жөн, мысал ретінде Орталық Америка және Таяу Шығыс мемлекеттерін белгілеуге болады.

  • Қазақстан. Қазақстандағы қашықтықтан оқыту жүйесіне тоқталайық. Біздің еліміздегі қашықтықтан оқыту жүйесі пайда болған ең алғашқы ЖОО – Қазақстан пайдаланушылар одағының Қарағанды экономикалық университеті болып келеді.[1] Қазақстан пайдаланушылар одағының Қарағанды экономикалық университетіндегі (ҚПОҚЭУ) оқу үрдісінің қашықтықтағы білім беру технологиялары бойынша жүзеге асырылуы университет миссиясына сай орындалады, ол 2004 жылдың 26-қазанында Оқу Кеңесінде бекітілген. 2008 жылдың 7-наурызындағы №113 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жарлығына сәйкес, Қарағанды экономикалық университетіне қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша зерттеулерді жүргізуге рұқсат етілді, ЖОО қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша базалық ұйымдастырушы мекеме болып келеді.[1]

Соңғы 10 жыл ішінде университет білім берудің қашықтық технологияларын сәтті дамытып келеді.

Нормативтік құжаттарға сәйкес университетте – Қашықтықтан оқыту орталығы (ҚОО) құрылымдық бөлімшесі ұйымдасқан, ол ректор бұйрығымен құрылған болатын.

ҚОО-ның негізгі міндеттері [1]:


  1. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырулық-әдістемелік жетектеушісі;

  2. Қашықтықтан оқыту жүйесінің бағдарламалық-техникалық жетектеушісі;

  3. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу үрдісін қамтамасыз ету;

  4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің оқу үрдісі бөліміндегі ректорат бұйрықтарын орындалуын бақылау;

  5. Қашықтықтан оқыту жүйесін жетілдіру және дамыту;

  6. Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша нормативтік құжаттардың, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың шығуы туралы университет кафедраларын ескерту;

  7. Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқу үрдісінің өтуін бақылау;

  8. ДОО жұмысының әдістемелік қамтамасыз етілуін жоспарлау және ұйымдастыру;

Барлық ағындық дәрістік аудиторияларда сымсыз технология көмегімен Интернетке қатынау мүмкіндігі бар.

Бұл университеттегі оқитын студенттер саны 2007-2008 оқу жылдарында 5829 болып, 2009-2010 оқу жылдарында 281343-ке дейін артты.



Алматы экономика және статистика академиясы (АЭСА). Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі ақпараттық және техникалық қамтылуын ұйымдастыру үшін АЭСА-да қашықтықтан оқыту орталығы (ҚОО) құрылды. Оның құрамында қашықтықтан оқыту үрдісінің әкімшілік қызметтері, қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын құру, ақпараттық-техникалық қамтылуы бар.[1]

Корпоративті және Интернет желісіндегі білімнің тәуелсіз бағалануы, оқу үрдісін ұйымдастыру, сонымен қатар дәстүрлі оқыту түрін толықтыру үшін «Промитей-4.2» қашықтықтан оқыту жүйесіндегі платформасындағы http://study.aesa.kz білім беру порталы қолданылады.[1]

«Промитей 4.2» қосымшасы ретінде MOODLE http://moodle.aesa.kz қашықтықтан оқыту жүйесі қолданылды.[1]

Осы университеттің телекоммуникациялық қамтылу негізін қашықтықтан оқыту орталығының аппараттық кешеңінің орталық бөлігі құрайды. 12 физикалық сервер, оның ішінде: Power Edge R610 Rack Server. Power Edge R710 Rack Server. Power Edge R710 Rack Server. Intel 5000P, Tyan. Intel. Fujitsu-Siemens TX300 S3 және 32 виртуалды сервер қолданылады.[1]



Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ШҚМТУ). ШҚМТУ-нің қашықтықтан оқытудың негізінде желілік технологиясы ең прогрессивті болып және кейстік технологиясын қолданбалы ретінде қолданылады.[1]

ЖОО-ның ішкі нормативтік ережелер бөлімшелердің және қызметкерлердің әрекеттерін, қашықтықтан оқыту технологиясының ресурстарын қолданылуы және құрылымдалу реттілігін регламентациялайды.[1]

2009-2010 оқу жылдарына дейін қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып кез-келген оқыту түріндегі студенттер оқи алатын. 2009-жылдан бастап, 5.03.004 ҚР МЕМСТ енгізілген соң, ШҚМТУ-дағы қашықтықтан оқытуға келесі студенттер қабылдана бастады:[1]

а) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша;

б) қозғалыстағы физикалық мүмкіндіктері шектелген (инвалидтер);

в) «Болашақ» степендианттарынан басқа, оқытушыларды айырбастау бағдарламасы бойынша шетел мемлекеттеріне кеткен студенттер;

г) сыртқы түрдегі білім беру бойынша жедел әскери қызметіне шақырылғандар.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқытылу 26 білім беру бағдарлама бойынша орындалады. 2011-жылы 2 мамандық бойынша қашықтықтан оқытылу ұйымдастырылды. Шетел мемлекеттерін студенттерді айырбастау бағдарламасы бойынша кеткен магистранттар шетел біліммен қатар, қазақстандық білім беру бағдарламасын да меңгеріп отыр.[1]



Қазақстан-Ресей университеті. Қазіргі гуманитарлы академия – қашықтықтан оқыту технологиясымен қазақстандықтарды ынталандырды. ҚГА-мен жемісті қызмет ету нәтижесінде Казақстан-Ресей университетінің оқу үрдісі қашықтықтан оқытудың ақпараттық-спутниктік білім беру технологиясында негізделген Қазақстандағы алғаш университет.[1]

Қашықтықтан оқытудың негізі ретінде телепорты бар ақпараттық-спутниктік білім беру технологиясы құрылған.



С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті. Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып 7 мамандық бойынша 579 студент оқиды.

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес қашықтықтан оқыту жүйесінің желілік технологиясын қамтамасыз ететін «Tamos University Suite» (ОАЖ “TUS”) технологиясы оқу үрдісінде оқытуды басқару жүйесінің автоматтандырылған жүйесі қолданылады.[1]

Қашықтықтан оқытудың желілік жүйесі сырттай оқитын студенттерге ендіру де қарастырылып отыр.

Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Бүкіл өмір арқылы өтетін білім беру» принципі бойынша жұмыс істейді және түрлі жастағы және түрлі біліктілікті адамдарға тиесілі оқытудың түрлі формаларын ұсынады. Пайдаланушылар оқыту мерзімін және орнын өздері анықтайды. Университетте e-Learning электронды ақпараттық технологиясы бойынша оқытылуы бекітілді. Ол ақпараттық технологияларды қолдануында негізделген жаңа, әрі ыңғайлы оқытылу түрі.[1]

Академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының ірі ЖОО-ның бірі, Ұлы Хартия университеттері, USAID EDNET білім беру желісі, менеджмент саласындағы Орталық Азия даму қоры, университеттердің Еуразия ассоциясы, жоғары мектептің ғылым академиясы, GUIDE қашықтықтан оқытудың әлемдік университеттер ассоциациясы халықаралық білім беру ассоциацияларының мүшесі.[1]

Бүгін университеттің педагогикалық, гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, техникалық бағыттары бойынша 13 факультетінде 77 мамандық бойынша 12 мыңнан аса студент оқытылады.

ҚарМУ-нің қашықтықтан оқытылуы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша сырттай оқыту жүйесінде жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытылу технологиясы ретінде:


  • желілік – оқытушының оқушымен желілік байланысы арқылы орындалады;

  • кейстік – оқу-әдістемелік құжаттамалар дайындалған кешеңдер ретінде табысталатын технологиялар қолданылады.

Қарағанды мелекеттік техникалық университеті. Электронды білім беру саласын тиімді пайдалану үшін «Қазақстан Республикасының бірінші президенті атындағы оқытудың электронды технология орталығы» ашылған. Ол 2010 жылдың қарашасында электронды білім беру технологиясының ғылыми-зерттеу институтына (ЭББТҒЗИ) қайта ұйымдастырылды.[1]

Желілік қашықтықтан оқитын студенттер қосымша ақпаратты http://www.kstu.kz университет сайтынан ала алады. Ол ЭББТҒЗИ мамандарымен MOODLE еркін таралатын жүйесі негізінде құрылған.



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Қашықтықтан оқыту және IT-promotion бөлімі ректордың 2012 жылдың 13 тамызынан №1-02-07/528 бұйрығына сәйкес құрылды және қашықтан оқытудың және  IT-жобаларды ұйымдастырушылық әрекетін қамтамасыз ететін университеттің оқу-ғылыми бөлімшесі болып табылады [3].

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қашықтықтан оқыту және IT-promotion бөлімі университеттің оқу үрдісіне заманауи  телекоммуникациялық және ақпараттық мүмкіншіліктерді қолданумен компьютерлік техника базасында жаңа білім беру технологияларын ендіруге арналған және оқытуға өндірістік емес шығындарды қысқарту кезінде жаңа мамандарды даярлаудың және қайта даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етумен байланысты жоғары білім берудің негізгі мақсаттарын ұйымдастыруға бағытталған [3].

Қашықтықтан оқытылу білім берудің халықтық жүйелері шегінде ғана емес, сонымен қатар басым бағытпен бизнес саласында дайындайтын жеке коммерциялық компаниялармен де дамып келеді, ол жоғарғы білім берудің барлық бағдарламалардың төрттен бір бөлігін құрайды.

IBM, General Motors, Ford, Cadence сияқты өнеркәсіптік алыптар жеке корпоративті білім беру желілерін құрып, белсенді қолдануда. Осы қашықтықтан оқытудың білім беру жүйелерінің көбісі университетте құрылған ұқсас жүйелерден күрделілігі және саны жағынан озып кетеді.

Мекемелердің басшылары қашықтықтан оқытудың инвестицияларын ғылыми-зерттеу құрылымдаулар инвестициясына арттырды. Қызметкерлерді өз орнынан белгілі кезеңге алаңдатуға жол беретін оқыту жүйесі компания үшін жоғалтуларды әкеледі.

Қатаң бәсекелестік оқытуды орталықсыздандыру қажеттілігіне әкеледі, оны кәсіпорын жүзеге асырады. Оқытуды орталықсыздандыру қызметкерлердің оқыту орталығына орын ауыстыруынан қашықтауға мүмкіндік береді, осының салдарынан уақыт бойынша ұтыста болады, көлікке шығынның үнемделуі және қызметкерлердің жұмыстан көңілдердің бөлуі орындалады. Осымен, қашықтықтан оқытуды орталықсыздандыру – бұл ірі кәсіпорын үшін өнімнің үнемі модернизациясы шарттарында жаңа тауарлардың нарыққа жылдам енгізілуін қамтамасыз етудің бірден-бір мүмкіндігі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Анализ состояния дистанционного обучения в Республике Казахстан, Караганда 2011

  2. Обзор мирового опыта создания обучающих средств и методов для подготовки специалистов в области изучения структуры материалов с помощью мёссбауэровской спектроскопии, Зубрило А.А., 2011

  3. http://www.psu.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет