ӘОЖ 94(574) «14/17»
Н.Н. ҚҰРМАНАЛИНА
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты
Т.Ә. ТӨЛЕБАЕВ
Тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
«ОЙРАТ» ЭТНОНИМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН
Теги: автор, тайпа, ойрат этнонимі, дербен-ойрат одағы, тұжырым.
Аннотация:
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі – ел тарихындағы өзекті оқиғалардың бірі. Зерттеушілердің еңбектерінде жоңғарлар «жоңғар», «ойрат», «қалмақ», «елеуіт» және басқа да атаулармен алмаса кездесіп отырады. Сондықтан бұл этнонимдерінің мағынасын, шығу тегін айқындау, олардың айырмашылықтары мен ұқсастығының ара жігін ашу қажет. Мақалада тарихнамалық зерттеу объектісі ретінде аталған терминдердің ішінен «ойрат» терминінің зерттелу мәселесі жеке қарастырылатын болады.
Содержание:
Қазіргі таңда қазақ елінің тарихындағы елеулі орын алған «Аңырақай», «Бұланты» шайқастары, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» және т.б. оқиғаларды зерттеу барысында ең алдымен жоңғарлар еске оралады. Осы жоңғарлар қазірде тарихи еңбектерде, басқа жанрдағы әдебиеттерде «жоңғар», «ойрат», «қалмақ», «елеуіт» және басқа да атаулармен алмаса кездесіп отырады. Сондықтан бұл этнонимдерінің мағынасын, шығу тегін айқындау, олардың өзара айырмашылықтары мен ұқсастығының ара жігін ашу қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі проблемасы тұрғысынан өзекті әрі қажетті мәселенің бірінен саналады. Бұл мақаланың тарихнамалық зерттеу объектісі ретінде аталған терминдердің ішінен «ойрат» терминінің зерттелу мәселесі жеке қарастырылатын болады.
ХІХ ғ. бас кезінен бастап ғылыми ортада «ойрат» терминінің негізінде моңғолдың «ойра» – «жақын» сөзі жатқандығы, ал «дербен» сөзі - «төрт» мағынасын беретіндігі жайлы көзқарас біршама қолдау тапты. Сөйтіп «дербен-ойрат» сөз тіркесі «төрт ойрат одағы» мағынасын беретіндігі туралы тұжырымдар басымдыққа ие болды (А. Ремюза, И. Шмидт). Алайда бұл концепцияға алғаш рет қарсы болып Д. Банзаров шыққандығын И. Златкин атап көрсетеді [1, с. 30].
Дәлірек айтар болсақ, Д. Банзаров 1849 ж. Қазан қаласында жарық көрген «Об ойратах и уйгурах» мақаласында былай деп келтіреді: «Обыкновенно объясняют название ойрат через «ближний», «союзник», производя его от монгольского ойро – «близко» (Nachricht über die Mong. Völk., 6; Шмидта: Forschungen, 45; Записки о Монголии, І, 134; Истор. обозрение ойратов, 3, 24), не стесняясь тем, что это производство не только грамматически невозможно, но не согласно с историей» [2, с. 181]. Тарихшының осы сөздерінен оның бірнеше зерттеушілерді сынап, олардың ойрат атауын «жақын» және «одақтас» сөздерімен байланыстыруы тек грамматикаға ғана қайшы емес, тарихқа да сай емес екендігі туралы тұжырым жасағанына куә боламыз. Автор ойрат атауына қатысты: «Поэтому я думаю, что ойрат происходит вовсе не от ойро, а составлен из слов ой-арат, которые соответствуют Рашидову ойн ирген и турецкому агачери, т.е. «лесной народ», - деген тұжырымын ұсынған. Оның «ойрат» сөзіне басқа ғалымдардан өзгешеленіп, орман халқы мағынасын таңуы ерекше қорытынды болғандығы анық байқалып тұр. Д. Банзаров: «...Мы выше видели, что ойраты до Чингис-хана, живя в Баргуджин-Тукуме, принадлежали к лесным народам. Таким образом, вероятно, они жили в лесах Южной Сибири и в известную эпоху, задолго до Чингис-хана, присвоили себе нарицательное «ойрат» в виде собственного имени» [2, с. 182]. Бұл сөздерден Д. Банзаровтың тіпті Шыңғысханға дейін-ақ ойраттар «ойрат» атауын иеленгендігі туралы өз көзқарасын жазып кеткендігі жөнінде қорытынды жасай аламыз.
Көкунор тарихын зерттеуші В. Успенский «дербен ойрат» концепциясына қарсы болған. Ол өз зерттеуінде: «…нельзя искать основанія для счисленія именно Четырехъ-Ойратовъ, каковыхъ никогда на лицо не находилось; следуетъ только принять во вниманіе моментъ единенія Ойратовъ съ Дурбэнами, когда образуется одна община подъ именемъ Дурбэн-Ойратъ, и оставить слово Дурбэнъ не переводимымъ, какъ терминъ этнографическій, а не количественный. Гораздо позднее двухъ помянутыхъ родовъ появлется, причисляемый къ Ойратамъ, родъ Тургутъ (Тургутъ или Торгаутъ мусульманскихъ историковъ). Самый позднейшій родъ, присоединявшійся и зачислившійся въ Ойраты едва ли уже не при Минской династіи, когда среди Монголовъ появились раздоры и усобицы, есть родъ Хошотъ, причмсляемый къ Борджигитамъ, то-есть, прямым потомкамъ рода Чингисханова», - деп көрсеткен [3, с. 86-87]. Автор нақты төрт ойраттың болғандығын ешуақытта дәл негіздеуге келмейтіндігін, тек қана ойраттардың дербендермен біріккен кезін ғана атап өтуге болатындығын ескертеді. Себебі дәл сол уақыттарда «Дербен-ойрат» атанған біртұтас қауым құрылған. Осыған орай, ол дербен сөзін сан көрсеткіші, яғни төрт деген мағынасын беретіндігі туралы пікірден бас тартып, бұл сөзді этнографиялық термин ретінде аудармасыз қолданған жөн екендігін атап өткен. Автор алдымен дербендердің ойраттарға бірігіп «дербен-ойратты» құрағаннан кейін ғана оларға торғауыттардың, ал ең соңынан хошоуттардың ойраттарға қосылғандығын сөз еткен.
Зерттеуші Г. Грум-Гржимайло былай деген: «Имя «ойрат» как племенное становится известным в век Чингисхана; тогда же образовался и тот союз дурбенов с ойратами, который дал впоследствии повод монгольским и китайским историкам писать о «четырех ойратах (дурбэн-ойрат)» [4, с. 551]. Ол «ойрат» тайпа атауы ретінде Шыңғысхан уақытынан бастап белгілі болған және сол кезде дербендер мен ойраттардың одағы қалыптасқан деген қорытынды жасайды. Байқап отырғанымыздай, кейініректе моңғол және қытай тарихшыларының «төрт ойрат (дербен-ойрат)» туралы жазуына осы жағдай себеп болған. Г. Грум-Гржимайлоның басты тұжырымы «ойрат» тайпа атауын білдірген дегенге сай келеді.
Г. Рамстедт ойрат этимологиясына қатысты еңбегінде: «Не намереваясь пытаться объяснить значенія имени Ойратъ – можетъ быть оно никакого переводимаго значенія вовсе не имело, - я хочу лишь на почве лингвистическихъ фактовъ доказать, что Ойратъ или собственно Оjiрад точь въ точь то же самое что древнее турецкое наименованіе Оƽуз», - деп жазған [5, с. 550]. Автор ойрат сөзінің еш мағына бермеуі мүмкін екендігін айтқан және лингвистикалық талдауларға көп мән берген. Оның ойынша, ойрат сөзі көне түріктің оғыз (огуз) сөзімен мағыналас. Сол себептен ол өзінің аталған тұжырымын лингвистикалық фактілерді қолдана отырып, дәлелдеуге бет бұрған. Г. Рамстедт «Со временъ ослабленія монгольской власти, и особенно после изгнанія монгольской династіи изъ Китая, имя Ойратъ делается все более и более известнымъ; ойрат’ы и дöрбöн-ойрат’ы, «четыре ойрата» выступаютъ въ виде враговъ восточныхъ монголовъ и стремленія ихъ направлены на добываніе самостоятельности и независимости отъ «сорока» монголовъ. При этомъ ойрат’ы и сами все же народъ, говорящій чисто монгольскимъ языкомъ и соединяющій себя съ монголами подъ общимъ именемъ дöчін дöрбöн – «сорокъ и четыре, сорокъ-четыре». Эти монгольскіе «четверо ойратовъ» являются самыми западными монгольскими племенами...», - деп атап өткен [5, с. 547]. Г. Рамстедттің бұл жерде ойраттардың таза моңғол тілінде сөйлегендігін және ойраттардың өздерін ортақ «қырық төрт» (дöчін дöрбöн) атанған моңғолдармен байланыстырғаны жайлы қорытындысын көреміз.
Г. Авляев пен В. Санчиров бірлескен еңбегінде: «Очень важным для нас является вопрос о последствиях введения военной системы монголов для этногенеза ойратов послечингисовского периода, в частности, появления в их составе новых этнических образовании – торгоута, хошоутов, дербетов и зюнгаров, отсутствовавших ранее. Насаждение военной системы Чингис-хана среди покоренных народов сказалось и на ойратах, они обязаны были выставлять 4 тумена (40 тысяч) войск в общемонгольскую армию и поэтому их иногда нарекают и как «дербен тумен ойрат» (ойраты 4-х туменов) вместо традиционного имени «дербен ойрат». И, видимо, с Чингисовой эпохи вошла в употребление известная формула «дӧчин дӧрбен хойер», что значит «сорок и четыре», т.е. имеются в виду сорок туменов войск монголов и 4 тумена ойратов», - деп жазған [11, с. 236]. Авторлардың бұл жерде Шыңғыс хан заманынан бастап «дӧчин дӧрбен хойер», яғни «қырық және төрт» формуласының енгендігі жайлы тұжырымы ерекше боп тұр. Зерттеушілер моңғолдардағы әскери жүйені енгізудің салдары ойраттардың этногенезі үшін аса маңызды болғандығын ерекшелеген. Сонымен бірге қалмақ зерттеушілері тұжырымдарын жалғастыра келе: «Отдельные подразделения гвардейского корпуса позже превратились в одноименные этнические группы монголов и ойратов... ...в послеюаньский период уже формируются этнические объединения – торгоуты и хошоуты, оформившие свои феодальные удельные княжества в рамках союза «Дербен-Ойрат», т.е. «Союз 4-х племен» [11, с. 238], - дейді. Тарихшылар гвардиялық корпустардың жекелеген бөлігі кейіннен өзімен аттас моңғол және ойрат этникалық топтар атауына айналғандығын сөз еткен. Олардың аталған тұжырымынан «дербен ойрат» теориясы бойынша төрт ойрат одағы мағынасын қолдайтынын байқай аламыз.
Иакинф есімімен танылған Н. Бичуриннің «ойрат» атауына қатысты ойын өз сөзімен берсек: «В Чжунгарии хотя находились три сильные Поколения: Чорос, Хошот и Торгот, но владетели оных порознь не могли равняться с Элютэем в силе. Итак, желая соперничествовать с прочими на политическом поприще, они соединились между собой под названием Ойрат и Чоросского князя Махмуда, как старшего между ними, объявили Главою сего союза. Таково было происхождение титула Ойратов, которым Чжунгарские Монголы гордились более трех веков с половиною» [6, с. 25]. Автордың пікірі бойынша Жоңғариядағы шорос, хошоут және торғауыт атты мықты тайпалар саяси жағынан өз үстемдігін жоғарылату мақсатында өзара «ойрат» атауымен біріккен. Ал басшысы етіп, жасы үлкені болғандықтан шорос кнәзі Махмұдты сайлаған. Н. Бичурин ойрат титулының шығу тарихын осылайша түсіндіріп, оның негізінде жатқан Жоңғария моңғолдарының үш ғасырдан астам билік құрғандағы үлесін де атап өткен.
К. Костенков ұзақ жылдар бойы Еділдегі қалмақтардың арасында өмір сүріп, олардың өткен тарихын зерттеген. Ол: «Возникшіе около половины ХІV столетія въ Китае беспорядки, окончившіеся с низверженіем монгольской династіи, были причиною страшныхъ кровопролитій; страна была раздираема междоусобіями, вследствіе которыхъ образовалось множество не зависимыхъ одно отъ другаго мелких владеній. Для поддержанія своей независимости, въ виду этой неурядицы, три монгольскія племена: Чоросъ, Хойтъ, Хошотъ, кочевавшія на северо-западе Китая, сопредельное съ владеніями Азіатской Россіи, въ нынешней Зюнгаріи, или Джунгаріи, образовали въ конце ХІV столетія, между собою союзъ, известный подъ названіемъ Ойратскаго; впоследствіи къ нему присоединилось еще одно монгольское племя Торгоутъ и союзъ этотъ сталъ известенъ подъ названіемъ Дербенъ-Ойратъ четырехъ союзіе (по монгольски дербенъ – четыре)» [8, с. 1]. Автор ХІV ғ. Қытайда орын алған ахуал салдарынан моңғол династиясы құлап, ел ішіндегі өзара талас-тартыстар нәтижесінен бірнеше жекеленген ұсақ иеліктердің пайда болғандығын көрсетеді. Осы кезеңде өз тәуелсіздігін сақтау мақсатында Қытайдың солтүстік-батысында көшіп-қонып жүрген шорос, хойт және хошоут тайпалары өзара бірігіп, ойрат атауымен одақ құрғандығы туралы қорытынды жасаған. К. Костенков кейіннен бұларға моңғолдың тағы бір торғауыт тайпасы қосылып, тайпа бірлестігі енді «дербен-ойрат» атауымен шыға бастайды - деп есептейді.
Қалмақ тілінде еркін сөйлеген, көне қалмақ тілін меңгерген және ұзақ жылдар бойы «қалмақ істеріне» араласып отырған В. Бакуниннің «Описание калмыцких народов, а особлибо из них торгаутского, и поступков их ханов и владельцев» еңбегінің өзіндік маңызы бар. Ол осы жұмысында: «Но сие достоверно, что в ХVІ в. калмыцкий народ назывался на их языке ойрот (ойротами назывались поколения западных монголов, объединенных под главенством чоросского князя Махмуда), а по-мунгальски ойлиот, и от мунгал научился грамоте и арифметике, а разделялся между себя на четыре части и назывались: 1. Хошоут, 2. Баргу Бурат, 3. Зенгор, 4. Торгоут» - деп көрсетеді [15, с. 180]. В. Бакуниннің айтуынша ХVІ ғ. қалмақ халқы өздерін ойрот атымен атаған. Ойрот деп шорос кнәзі Махмұдтың басшылығымен біріккен батыс моңғол ұрпақтарын атаған. Ойрот моңғолша ойлиот атанған. Олар өзара төрт бөлікке бөлініп, 1. Хошоут, 2. Баргу Бурат, 3. Зенгор, 4. Торғауыт аталған.
В. Терентьев өзінің мақаласында: «Ойраты являются одной из составляющих современной монгольской нации и приобрели в Новое время национальное и региональное своеобразие...», - деп жазған [16]. Автордың ойынша, ойраттар қазіргі моңғол ұлтының бір бөлігі және олар жаңа заман тұсында ұлттық және аймақтық өзіндік сипатына ие болған. Ол зерттеуінде «ойрат» этнониміне қатысты бірнеше концепцияларды келтіріп, қосымша қалмақ лингвисті, Н.Н. Убашевтың «ойрат» термині «қасқыр» мағынасында тотемдік тегіне сай келетіндігі туралы нұсқасын ұсынған [17, с. 203].
Зерттеуші Т. Борисов та өзінің «Калмыкия» еңбегінде қалмақ, елеуіт этнонимін қарастырады. «Дербен-ойрат» туралы ол: «В ХІV веке четыре монгольских рода: Чоросы, Дербеты, Торгоуты Хошеуты образовали союз, во главе которого стал чоросский тайши, владетель Джунгарии. Союз получил название дербен-ойрат, т.е. союз четырех соединенных», - дейді. Автор өз қорытындысында зерттеушілер арасында кең тараған дербен-ойрат концепциясын қолдаған [18, с. 5].
Қалмақ ғалымы У. Эрдниев «ойрат» терминін бірлескен тайпалар атауы ретінде ұғынған дұрыс деген қорытындысын жасаған. Ол: «ойраттар» атауының өзі тайпалардың жиынтық аты болып табылады», - дейді [19, 2-б.].
В. Бартольд: «...в конце ХІV в. возвысился союз четырех поколений (Чорос, Хошот, Торгот и Хоит)», - деп көрсеуі, ойрат одағы ХІV ғ. соңында құрылғандығы жайлы көзқараста болғандығының нақты белгісі [9, с. 72]. Автордың пікіріне сәйкес, бұл одақ әу бастан-ақ төрт мүшелік, яғни шорос, хошоут, торғауыт және хойт ұрпақтарынан құралған.
С. Козин: «Еще при Чингис-хане ойратский четыреединый каганат вошел в организованную этим завоевателем Монгольскую державу и оставался в составе империи чингисханидов, которая в Китае называлась вплоть до ее падения династийным именем Юань или Да-Юань (Великая Юань)», - деп жазғаны арқылы оның ХІІІ ғасырдардан бастап-ақ ойраттың төрттік қағанаты Шыңғысхан империясының құрамында болғандығы туралы тұжырымдағанын көреміз [10, с. 3]. Автор ойрат одағы сонау Шыңғысхан тұсынан ғұмыр кешкендігі туралы көзқарасын ұсынған.
Еурапалық зерттеуші Рене Груссе: «Впоследствии, после смерти их хана Эсен-тайджи, к 1455 г., единство ойратов подошло к своему концу. Четыре ранее объединенных народа, составлявшее достаточно долгое время единое западно-монгольское ханство, провозгласили свою независимость друг от друга. Эти четыре народа, если мы проследим историю по свидетельству императора Цянь-Луна, составляли: чорос, или цорос, дорбод, дорбот, или турбет, торгут, или торгхут; и хошот, затем хоит, вассалы дорботов. Чорос, дорбот, торгхут и хошот, хотя политически и тали разрозненными, но продолжали в целом называться «Четыре объединенных» («Дорбен Ойрат»). Их именовали также людьми «левого крыла», буквально, «левая рука», «дзагун гар», или джунгар, откуда и произошел западный термин «джунгары», - деп жазған [11, с. 204]. Автордың байқағанындай, 1455 ж. Есен тайшының өлімінен соң ойраттар ыдыраған. Салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бойы біртұтас батыс-моңғол хандығын құраған бірлескен төрт халық бір-бірінен жеке-жеке тәуелсіздігін жариялайды. Автордың тайпа құрамын әр түрлі етіп көрсеткені түсінікті. Себебі бұған дейін де осы мәселені қарастырған зерттеушілер әр алуан кезеңді сипаттағандықтан, жасаған қорытындылары да бір-бірінен ерекшеленіп отырған. Ойын түйіндей келе француз шығыстанушысы тайпалар саяси жағынан жекеленсе де, жалпы түрде «дербен ойрат» атала бергендігін айтады. Және бұл атауға тарихшы синоним ретінде «сол қанат», «сол қол», «дзунгар» терминдерін келтіріп, осыдан кейін «жоңғар» этнонимі дүниеге келгенін қорытындылаған.
Белгілі моңғолтанушы И. Златкин «ойрат» этнонимінің шығуын ғылыми деңгейде зерттеуге өз үлесін қосқан. Ол өзінің «История Джунгарского ханства (1635-1758)» еңбегінде В. Рязановский, Г. Ховорс, Д. Банзаров, Э. Бретшнейдер сияқты басқа да көптеген авторлардың жұмыстарын талдап қарастырған. И. Златкин «ойрат» терминіне қатысты: 1) «ойрат» этнонимнің шығу тегі мен оның мағынасын; 2) ойрат одағының құрамы мен дүниеге келу жағдайларын; 3) ойраттардың ел ретінде қалыптасу уақытын, себептерін саралау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Өзі жасаған ғылыми ізденістер нәтижесінде ол аталған проблемалар бойынша бірнеше қорытындыларын ұсынады. Автор: «Вопрос о происхождении и значении термина «ойрат» остается открытым до настоящего времени», - деп көрсеткен. Яғни бірнеше зерттеушілердің пікірлерін зерттей келе ол «ойрат» терминінің пайда болуы және мағынасы туралы мәселе әлі де ашық тұрғандығы туралы тұжырым жасаған. Дегенмен де тарихшы «ойрат» - «одақтас», ал «дербен-ойрат» - «төрт ойрат одағы» мағынасын беретіндігі туралы теория дәлелденбегенін ескерткен [1, с. 31]. И. Златкин ойрат одағының құрамы мен дүниеге келу жағдайларына байланысты бірнеше авторлардың түрлі пікірлерін қарастыра келе соңында: «...вопрос о составе ойратского союза и времени его образования всегда был неясен и запутан», - деп, ойрат одағының құрамы және оның қалыптасу уақыты әрқашан түсініксіз әрі шытырман болғандығын түйіндейді. И. Златкин осылай деп түйіндеуіне қарамастан ойрат одағының қалыптасу мақсаты мен себептері бойынша зерттеушілер арасында көп айырма болмағандығын ескерте отырып, ол зерттеушілердің барлығы бұның себебін шығыс моңғолдарына қарсы күрес үшін ойраттар күш біріктіруге, тұтас Моңғолияда үстемдік құруға, шыңғыстықтар империясын қалпына келтіруге тырысқандықтарынан көргендігі туралы қорытынды жасаған [1, с. 35].
И. Златкиннің неліктен Жоңғар хандығын мекендеген елге таңылған көп атаулардың ішінен (жоңғар, ойрат, қалмақ, елеуіт және т.б.) басқа емес, «ойрат» сөзінің мағынасы айналасында зерттеу жүргізген деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның себебі автор В. Котвичтің: «Для обозначения западных монголов в русской и иностранной литературе употребляются чаще всего три термина: ойраты – из монгольских источников, калмыки – из мусульманских, которым следуют и старые русские источники, в том числе архивные документы, и элюты (öлöты, eleuths) – из китайских. Здесь принят монгольский термин ойраты; за термином же калмыки сохранено его специальное употребление для обозначения той группы ойратов, которая проживает по рекам Волге, Дону и Уралу и усвоила себе это наименование, забыв старое имя ойраты», - деп жазған ойын қолдағанынан туындаған. Бұндағы көзқарас бойынша батыс моңғолдарын әр деректерде әрқалай атап отырғаны айқындалған. Моңғол деректерінде – ойрат, мұсылман деректерінде, сонымен қатар ескі орыс деректерінде, мұрағаттарында – қалмақ, ал қытай деректерінде – елеуіт атымен кездесетіндігі түйінделген. Мұнда моңғолдық «ойрат» термині қабылданып, ал қалмақ атауы Еділ, Дон, Орал өзендері бойын мекендеген ел бөлігінде сақталып, ескі «ойрат» атауы ұмытылғандығы сөз болады. И. Златкин В. Котвичтің соңғы пікірімен келісе отырып, Жоңғар хандығын мекен еткендерді ойрат атап, ал олардың XVІІ ғ. Еділ бойына тұрақтаған тобын қалмақ атайтындығы туралы қорытындысын келтірген [12, с. 4].
В. Котвичтің осы тұжырымын қолдап, сілтеме беруші зерттеуші тек И. Златкин ғана емес, сонымен қатар В. Моисеев [13] пен Ж. Құндақбаева [14] да бар екенін нақты көрсетуге болады. В. Моисеев «Джунгарское ханство и казахи (XVII-XVIII вв.)» еңбегінде: «Соседним народам ойраты были известны под различными названиями. Так, в китайских исторических сочинениях ойратские племена фигурируют под названием элетов (олотов, элитов), валатэ и т.д.; мусульманские народы уже в XV в., а вслед за ними и русские, назыали ойратов калмыками (калмаками)» - деп өз ойын келтіріе отырып, соңынан В. Котвичтің жоғарыдағы тұжырымын келтіріп, сілтеме жасаған. В. Моисеев батыс моңғолдарының: ойрат, қалмақ, елеуіт этимологиялық атаулары туралы мәселе бойынша ғылыми басылым беттеріндегі пікірталастар бар екенін ескерте кеткен [13, с. 7].
Тәуелсіз еліміздің тарихшысы Ж. Құндақбаева да «Семантика терминов «ойрат и «калмык» в трудах русских востоковедов» мақаласында ресейлік шығыстанушылардың еңбектерінде «ойрат» және «қалмақ» терминінің семантикасын қарастырады. Ол В. Бакунин, П. Паллас, И. Георги, Н. Бичурин, В. Бартольд еңбектеріндегі аталған мәселе бойынша мағлұматтарға талдау жасай отырып, В. Котвичтің де ойын сөзбе-сөз келтірген. Автор В. Котвич сөзімен келісе отырып: «Исходя из сказанного, употребление данных названий в трудах русских востоковедов значение слово «ойрат» можно определить как самоназвание западно-монгольских племен. В этом плане все исследователи единодушны, хотя высказывают различные мнения по этимологии данного слова, о существовагии ойратского союза племен [14, с. 9]. Қорыта келгенде, В. Котвичтің батыс моңғолдарын әр деректерде әрқалай атап отырғандығы, моңғол деректерінде – ойрат, мұсылман деректерінде, сонымен қатар ескі орыс деректерінде, мұрағаттарында – қалмақ, ал қытай деректерінде – елеуіт атымен кездесетіндігі туралы ойы зерттеушілердің көбінің тарапынан қолдау тапқан, тұрақтаған тұжырым ретінде бағалауымызға болады. Автордың сонымен бірге Жоңғар хандығының халқына моңғолдық «ойрат» терминін таңып, ал қалмақ атауы Еділ, Дон, Орал өзендері бойын мекендеген ел бөлігіне тән екендігі жайлы пікірін де тарихшылар көп қолдаған.
Ж. Құндақбаева зерттеу соңында мынандай қорытындыға келген: «Употребление данных названий в трудах русских востоковедов значение слова «ойрат» можно определить как самоназвание западно-монгольских племен». Оның тұжырымдауынша, орыс шығыстанушылары өз еңбектерінде «ойрат» сөзін батыс-моңғол тайпаларын, яғни Жоңғария хандығындағыларды атау үшін қолданған.
«Термин «калмык» первоначально, начиная с первой половины XV в., обозначал ойратов, вторгавшихся на территорию мусульманских государств Средней Азии и Воcточного Туркестана, в первую очередь Могулистана. Другими словами, калмык был названием этнографической группы. Затем в XVІІ-XVІІІ вв. Слово «калмыки» применяется для обозначения особой сложившейся в XVІІ в. народности: ойраты – предки, калмыки – потомки, т.е. для обозначения ойратов, которые обосновались в 30-х г. XVІІ в.», - деген автор [14, с. 9]. Автордың бұндағы қорытындысы бойынша «қалмақ» термині алғашында ойраттарды білдірген, этнографиялық топ атауы болса, кейінірек XVІІ ғ. қалыптасқан ел атауын белгілеуде қолданылған, яғни ойраттар – ата-бабасы, ал қалмақтар – олардың ұрпақтары дегенге саяды. Автордың бұл қорытындысы У. Эрдниевтің тұжырымымен сәйкес келеді. Ойымыз дәлелді болу үшін оның сөзінен үзінді келтірейік. У. Эрдниев мақаласында: «қалмақтар – ежелгі моңғол тайпаларының бірі ойраттардың ұрпағы...», - деп жазған [19, 2-б.].
Сонымен, айналып келгенде, Ж. Құндақбаева да XVІ-XVІІІ батыс моңғол тайпаларын (Жоңғар хандығын құраған елге - авт.) «ойрат» атауын қолданып, ал Еділ бойына қоныстанған олардың бір бөлігін «қалмақ» деп атау орынды екендігі туралы қорытынды жасаған.
Қорыта келгенде, «ойрат» этнонимі бүгінгі күнге дейін көптеген зерттеушілерді ойландырған тартымды әрі даулы мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Тарихшылар «ойрат» терминінің мағынасын ашу бойынша қолда бар деректерін пайдалана отырып, өз тұжырымдарын ұсынған. Авторлардың ішінен Д. Банзаров «ойрат» сөзін – «орман халқы» мағынасында түсіндірсе [2], Г. Рамстедт көне түріктік «оғыз» сөзімен байланыстырған [5], Н. Убашев тотемдік «қасқыр» мәніне сәйкестендірген [17]. Р. Груссе, Т. Борисов «дербен-ойрат» концепциясын қолдаған [11] [18]. Н. Бичурин, К. Костенков, У. Эрдниев тайпалар бірлестігінің атауы деп қабылдаған [7] [8] [19].
И. Златкин мен В. Моисеевтің «ойрат» термині мәселесі әлі де ашық тұрғандығы туралы ойларын жеткізген [1] [13].
И. Златкиннің «ойрат» - «одақтас», ал «дербен-ойрат» - «төрт ойрат одағы» мағынасын беретіндігі туралы теория дәлелденбегендігі туралы қорытындысын өз тарапымыздан қолдаймыз. Оған себеп зерттеушілер ойраттар одағына кірген нақты төрт тайпаны көрсетпеген, олар одақ құрамында бірде үш, бірде төрт, кейде алты т.б. санды тайпаларды біріктіріп қарастырған.
В. Успенскийдің «дербен-ойраттағы» алғашқысын этнографиялық термин ретінде қабылдауы және ойраттарға дербендер қосылғаннан кейін «дербен-ойрат» атауы дүниеге келгендігі туралы қорытынды көңілге қонымды деп есептейміз. Себебі өзіміз қарастырған авторлардың бірнешеуі – Г. Грум-Гржимайло, В. Бакунин, С. Козин, Ж. Құндақбаева, Г. Авляев пен В. Санчиров «ойрат» сөзін тайпа, этникалық топ атауы ретінде түсіндірген [4] [15] [10] [6] [14]. Біздің пікірімізше, «ойрат» та, «дербен» де тайпа атаулары, осы екі беделді тайпалар біріккен тұстан бастап, оларды «дербен-ойрат» атай бастаған. «Ойрат» сөзін тайпалық бірлестік атауы ретінде қарастырған У. Эрдниев: «Олардың (ойраттардың – авт.) құрамына, біздің ойымызша, өзара туыс, қандас аталар: цоростар, шарадтар, шарнұдтар, замұдтар, харнұттар, батұттар, бағұттар, тұқтұндар, хойттар және т.б. кірген тәрізді. Бұлардың арасында серкелік танытқаны, айрықша ықпалға ие болғаны, ақсүйегі (аристократы), саяси жағынан қуаттысы ойраттар болған-ды. Сондықтан, олардың аты осынау қуатты Ойрат одағына кірген барлық тайпаның ортақ атауына айналды», - деп пікірін білдірген [19, 4-б.]. Тарихшы одақ атауы неліктен «ойрат» аталды деген сұраққа жауап беріп тұр. Ол осы бірлестік құрамындағы ең беделді тайпа болып ойраттар танылғандығының салдары еді. Автордың бұл көзқарасын қолдаймыз. Тарихымызда белгілі бір елді жаулап алу болмаса басқыншылыққа қарсы күш біріктіру мақсатында тайпалар, елдер өзара ассимиляцияға түскен. Осындай үрдістер барысында тайпалардың ішіндегі мықтысы, беделдісі екіншісін өзіне қосып, сіңіріп алатыны белгілі. Сол себептен тек солардың ішіндегі ірісінің атауы сақталып отырған. Осы сияқты ойраттар батыс моңғол тайпаларының ішіндегі беделдісі болып, өз атауларын жалпы тайпалар бірлестігінің атауына айналдыра алған. Ол тайпалардың барлығы бірлесіп, Жоңғар хандығы халқының негізін құраған.
Әдебиеттер
-
Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). – Москва: Издательство «Наука», 1964. – 482 с.
-
Банзаров Д. Об ойратах и уйгурах // Доржи Банзаров Собрание сочинений. – М.: Издательство Академии наук СССР, 1955. – 374 c. С. 180-186.
-
Успенский В.М. Страна Кукэ-норъ или Цинъ-хай, съ прибавленіемъ краткой исторіи ойратовъ и монголовъ, по изгнаніи последнихъ изъ Китая, въ связи съ исторіею Кукэ-нора (Преимущественно по китайскимъ источникамъ). – С.-Петербургъ: в типографіи В. Безобразова и комп. (Вас. Остр., 8 л., д. №45), 1880. – 140 с.
-
Западная Монголия и Урянхайский край. Т.2. Исторический очерк этих стран в связи с историей Средней Азии / составлен Г.Е. Грум-Гржимайло. 1926. – 898 с.
-
Рамстедт Г.І. Этимологія имени Ойратъ. – С.-Петербургъ: Типографія В.Ө. Киршбаума (отделеніе), Новоисаакіевская, 20. 1909. – С. 550.
-
Авляев Г.О., Санчиров В.П. К вопросу о поисхождении торгоутов и хошоутав в этниеском составе средневековых ойратов Джунгарии (к проблеме этногенеза калмыков). // Век казахско-джунгарского противосотояния / Сост. Е.Б. Касенов. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – 248 с.
-
Бичурин Н.Я. Историческое обозрение ойратов или калмыков с ХV столетия до настоящего времени. 2-е издание. – Элиста: Калмыцкое книжное издательство, 1991. – 128 с.
-
Историческія и статистическія сведенія о калмыкахъ кочующихъ въ Астраханской губерніи / составилъ главный попечитель калмыцкаго народа генерал-маіоръ К. Костенковъ. – С.-Петербургъ: Типографія Нусвальта, Литейная №13, 1870. – 171 с.
-
Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. – Фрунзе: Киргизгосиздат, 1943. – 104 с.
-
Козин С.А. Джангариада. Героическая поэма калмыков. – М.-Л.: Издательство Академии наук СССР, 1940. – 252 с.
-
Груссе Р. Империя степей. Аттила, Чингисхан, Тамерлан. Последние монголы. Часть ІІІ. // Век казахско-джунгарского противосотояния / Сост. Е.Б. Касенов. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – 248 с.
-
Котвич В.Л. Русские архивные документы по сношениям с ойратами в ХVІІ-ХVІІІ вв. – ИРАН. Пг.,. – 1919. – №12-15. – С. 791; Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). – Москва: Издательство «Наука», 1964. – 482 с.
-
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (XVII-XVIII вв.). – Алма-Ата: Гылым, 1991. – 238 с.
-
Кундакбаева Ж.Б. Семантика терминов «ойрат и «калмык» в трудах русских востоковедов // – Вестник КазНУ. Сер. Вост. – №1. – 2002. – С. 6-10.
-
Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особлибо из них торгаутского, и поступков их ханов и владельцев (отрывки). // Век казахско-джунгарского противосотояния / Сост. Е.Б. Касенов. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2006. – 248 с.
-
Терентьев В.И. Ойраты: этнокультурная состаляющая политонима и контуры современной этноисторической общности // Вестник Томского государственного университета. История. – 2013. – №3(23). – С. 202-205.
-
Сайт «Хамаг монгол» [электронный ресурс] // URL: http://www.hamagmongol.narod.ru (дата обращения: 15.02.2013); Терентьев В.И. Ойраты: этнокультурная составляющая политонима и контуры современной этноисторической общности // Вестник Томского государственного университета. История. – 2013. – №3(23).
-
Борисов Т.К. Калмыкия: историко-политический и социально-экономический очерк / Т. К. Борисов. – М.; Л.: Гос. изд-во, 1926. – 97 с.
-
Эрдниев У. «Қалмақ» атауы қайдан шыққан? // Көк аспан – қара жер. №2(20). – ақпан., 1995. –2-4 бб.
References
1 Zlatkin I.Ya. Istoriya Dzhungarskogo hanstva (1635-1758). – Moskva: Izdatelstvo «Nauka», 1964. – 482 s.
2 Banzarov D. Ob oyratah i uygurah // Dorzhi Banzarov Sobranie sochineniy. – M.: Izdatelstvo Akademii nauk SSSR, 1955. – 374 c. S. 180-186.
3 Uspenskiy V.M. Strana Kuke-nor' ili Tsin'-hay, s' pribavlenIem' kratkoy istorIi oyratov' i mongolov', po izgnanIi poslednih' iz' Kitaya, v' svyazi s' istorIeyu Kuke-nora (Preimuschestvenno po kitayskim' istochnikam'). – S.-Peterburg': v tipografIi V. Bezobrazova i komp. (Vas. Ostr., 8 l., d. №45), 1880. – 140 s.
4 Zapadnaya Mongoliya i Uryanhayskiy kray. T.2. Istoricheskiy ocherk etih stran v svyazi s istoriey Sredney Azii / sostavlen G.E. Grum-Grzhimaylo. 1926. – 898 s.
5 Ramstedt G.I. EtimologIya imeni Oyrat'. – S.-Peterburg': TipografIya V. Kirshbauma (otdelenIe), NovoisaakIevskaya, 20. 1909. – S. 550.
6 Avlyaev G.O., Sanchirov V.P. K voprosu o poishozhdenii torgoutov i hoshoutav v etnieskom sostave srednevekovyih oyratov Dzhungarii (k probleme etnogeneza kalmyikov). // Vek kazahsko-dzhungarskogo protivosotoyaniya / Sost. E.B. Kasenov. – Pavlodar: TOO NPF «EKO», 2006. – 248 s.
7 Bichurin N.Ya. Istoricheskoe obozrenie oyratov ili kalmyikov s HV stoletiya do nastoyaschego vremeni. 2-e izdanie. – Elista: Kalmyitskoe knizhnoe izdatelstvo, 1991. – 128 s.
8 IstoricheskIya i statisticheskIya svedenIya o kalmyikah' kochuyuschih' v' Astrahanskoy gubernIi / sostavil' glavnyiy popechitel kalmyitskago naroda general-maIor' K. Kostenkov'. – S.-Peterburg': TipografIya Nusvalta, Liteynaya №13, 1870. – 171 s.
9 Bartold V.V. Ocherk istorii Semirechya. – Frunze: Kirgizgosizdat, 1943. – 104 s.
10 Kozin S.A. Dzhangariada. Geroicheskaya poema kalmyikov. – M.-L.: Izdatelstvo Akademii nauk SSSR, 1940. – 252 s.
11 Grusse R. Imperiya stepey. Attila, Chingishan, Tamerlan. Poslednie mongolyi. Chast III. // Vek kazahsko-dzhungarskogo protivosotoyaniya / Sost. E.B. Kasenov. – Pavlodar: TOO NPF «EKO», 2006. – 248 s.
12 Kotvich V.L. Russkie arhivnyie dokumentyi po snosheniyam s oyratami v ХVІІ-ХVІІІ vv. – IRAN. Pg.,. – 1919. – №12-15. – S. 791; Zlatkin I.Ya. Istoriya Dzhungarskogo hanstva (1635-1758). – Moskva: Izdatelstvo «Nauka», 1964. – 482 s.
13 Moiseev V.A. Dzhungarskoe hanstvo i kazahi (XVII-XVIII vv.). – Alma-Ata: Gyilyim, 1991. – 238 s.
14 Kundakbaeva Zh.B. Semantika terminov «oyrat i «kalmyik» v trudah russkih vostokovedov // – Vestnik KazNU. Ser. Vost. – №1. – 2002. – S. 6-10.
15 Bakunin V.M. Opisanie kalmyitskih narodov, a osoblibo iz nih torgautskogo, i postupkov ih hanov i vladeltsev (otryivki). // Vek kazahsko-dzhungarskogo protivosotoyaniya / Sost. E.B. Kasenov. – Pavlodar: TOO NPF «EKO», 2006. – 248 s.
16 Terentev V.I. Oyratyi: etnokulturnaya sostalyayuschaya politonima i konturyi sovremennoy etnoistoricheskoy obschnosti // Vestnik Tomskogo gosudarstvennogo universiteta. Istoriya. – 2013. – №3(23). – S. 202-205.
17 Sayt «Hamag mongol» [elektronnyiy resurs] // URL: http://www.hamagmongol.narod.ru (data obrascheniya: 15.02.2013); Terentev V.I. Oyratyi: etnokulturnaya sostavlyayuschaya politonima i konturyi sovremennoy etnoistoricheskoy obschnosti // Vestnik Tomskogo gosudarstvennogo universiteta. Istoriya. – 2013. – №3(23).
18 Borisov T.K. Kalmyikiya: istoriko-politicheskiy i sotsialno-ekonomicheskiy ocherk / T. K. Borisov. – M.; L.: Gos. izd-vo, 1926. – 97 s.
19 Erdniev U. «Kalmak» atauyi kaydan shyikkan? // Kok aspan – kara zher. №2(20). – akpan., 1995. –2-4 bb.
КУРМАНАЛИНА Н.Н.
PhD докторант КазНУ им. аль-Фараби
ТУЛЕБАЕВ Т.А.
Доктор исторических наук, профессор КазНУ им. аль-Фараби
ИСТОРИОГРАФИЯ ЭТНОНИМА «ОЙРАТ»
Резюме
Борьба казахского народа против джунгарского нашествия является одним из основных событий в отечественной истории. В трудах исследователей джунгары обозначаются разными названиями, таких как «джунгары», «ойраты», «калмыки», «элюты» и т.д. Поэтому необходимо определить значение и генезис этих этнонимов, различить их сходства и отличия. В данной статье в виде историографического объекта, вопрос исследования термина «ойрат» рассматривается в отдельности от других вышеназванных этнонимов.
Ключевые слова: автор, род, этноним ойрат, союз дербен-ойратов, концепции.
KURMANALINA N.N.
PhD student of the al-Farabi KazNU
TULEBAEV T.A.
Doctor of Historical Sciences, Professor of the al-Farabi KazNU
HISTORIOGRAPHY OF THE ‘OYRAT’ ETHNONYM
Resume
Fight of the Kazakh people against Dzhungars’ invasion is one of the main events in national history. In books Dzunghars are designated according to different names, such as "Dzhungar", "Oyrat", "Kalmyk", "Eleut", etc. Therefore it is necessary to define value and genesis of these ethnonyms, to distinguish their similarities and differences. In this article in the form of historiography object the question of research of the term "Oyrat" is considered separately from other above-named ethnonyms.
Key words: author, tribe, ethnonym oyrat, union of derben-oyrat, concepts.
Достарыңызбен бөлісу: |