Н., Нұрғазезова А. Н. Былғары және мех технологиясы



бет9/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
#173803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Радияциялы кептіру. Радияциялы кептіру инфрақызыл сәулелерді жұтқан денелердің энергияны жылу энергиясына айналдыру қабілетіне негізделген. Сәуле шығаратын дене ретінде айналы электер шамдары, жалынсыз газ горелкалары және басқа инфрақызыл сәуле көздері қолданылады.

Былғары өндірісінде радиациялы кептіру былғарының беткі бояуын кептіру үшін қолданылады. Бұл кезде беткі бояу қабыршықтанбай кебеді. Кептіруге жарықтың интенсивтілігі және жартылай фабрикаттың орналасу ара қашықтығы әсер етеді. Мех өндірісінде кептірудің қосалқы радиациялы конвективті әдісі бар. Ол жартылай фабрикатты кептірудің ұзақтығын азайтады және тері ауданының кішіреюіне жол бермейді.



Жоғары жиіліктегі электр тоғымен кептіру. Жоғары жиіліктегі электр тоғымен кептіру (ЖЭТ) диплектриктер мен жартылай өткізгіштердің тез өзгеретін электр ерітіндсінде қыздыруға негізделген. Бұлай қыздырудың ең негізгі ерекшелігі жартылай фабрикаттың ылғалы басым жерлерінде көп мөлшерде жылу пайда болуында. Жоғары жиілік тоғымен кептірудің нәтижесі жартылай фабрикатты бос күйіндегі конвективті кептіру кезіндегіге ұқсас, жартылай фабрикаттың сапасы мен ауданы жағынан шығуы бір-бірімен шамалас. Бірақ жұмсалған энергияның мөлшері конвективті кептірумен салыстырғанда 3-4 есе артық.

Жоғары жиілік тоғымен кептіруді жартылай фабриқаттағы ылғалды біркелкі ету мақсатында ішінара кептіруге қолдану тиімді. Бұл кезде жартылай фабрикатты жатқызбай-ақ бірден созуға жіберуге болады.



Сублимациялық кептіру. Сублимациялық кептіру мұздатылған материалдан ылғалды арылту үшін мұзды қуу, айдау арқылы атқарылады. Кептірудің бұл түрі тамақ ет, сүт, фармацевт өндірісінде кеңінен қолданылады. Өнімінің дәмін, сыртқы түсін, иісін одан да басқа табиғи қасиетін жоймау үшін бұл әдіс өте тиімді болып табылады. Бұлай кептіру атмосфералық және төмендетілген қысымда атқарылады. Бұл әдіс өте сирек қолданылады, кейде бір шикізатты мұздату мақсатында қолданылуы мүмкін. Сублимациялық кептірудің қалыпты атмосфералық жағдайында интенсивтілігі төмен, ал шикізатты мұздатқанда өзөңдегі тұрған мұздың ірілеу кристалдары тері тінін босатып, сапасына кері әсер етеді. Егер төменгі қысымда сублимация әдісімен кептіретін болса, былғарының жұмсақтығы, ауа өткізгіштігі жақсаратын көрінеді.
Ылғалдандыру

Кептіру үрдісінде тері тіні мен өзеңнің талшықты құрылымдары өзара бірігіп жабысып қалады және оның ажырауы қиын болады. Кейінгі атқарылатын әрлеудің механиқалық операцияларының (созу, нығыздау, тегістеу) тиімді өтуі үшін, жартылай фабрикатқа белгілі бір пластикалық қасиет берудің, оның құрылымдық элементтерінің жылжымалылығын қамтамасыз етудің мәні зор. Бұған ылғалдандыру арқылы кол жеткізуге болады. Ылғалдандыру барысында радиусы 0,08-0,1мкм аралығындағы микрокапиллярлар суға толған жағдайда ғана жартылай фабрикат керекті пластикалық қасиетке ие болады. Ал, одан кеңірек капилярлар мен қуыстарға толған су, жартылай фабрикаттың серпімділік пластикалық қасиеттеріне әсері шамалы, тек балласт күйде жүреді.



Ылғалдандыру кезіндегі су мөлшеріне жартылай фабрикаттың түрі, дайындық сипаты және оған қолданылатын жабдық әсер етеді.

"Моллиса" машинасында созу алдында жартылай фабрикаттағы ылғалдылық 20-25% болуы керек. Нығыздауға келетін жартылай фабрикатқа 16-18%, ал мех үшін жұмсартудың алдында 20-22% ылғалдылық керек. Былғары және мех жартылай фабрикатын ылғалдаудың үш тәсілі бар: сұйық ортада сумен тікелей жанастыру; ылғалды ауа атмосферасында ұстау; термодиффузиялы (контактылы) ылғалдандыру. Бірінші тәсіл бойынша жартылай фабрикатты ылғалдандыру, оны сулы ағаш үгіндісіңде ұстау, су бүрку арқылы және суға батыру арқылы атқарылады, одан кейін жатқызып (пролежка) тастайды. Бұл тәсілдің кемшілігі: топографиялық бөлімдерге судың таралуы біркелкі болмайды, балласт судың болуының нәтижесінде жартылай фабриқаттан су ағып тұрады, уақыт пен қол еңбегін көп керек етеді. Ағаш үгінділерін пайдаланғанда антисанитарлық жағдай болады және оған көп орынды қажет етеді.

Бұған қарағанда дымқыл ауа атмосферасында ылғалдау тиімді болып табылады. Бұл кезде былғарының икемді иілгіштік қасиетіне әсер ететін капиллярлар суға толады және оның әртүрлі топографиялық бөлімдері шамамен біркелкі ылғалданады. Былғары өнеркәсібінде мұндай ылғалдау тікелей кептіруден кейін бір агрегатта жүргізіледі. Ылғалдау бөлімінде температура 40°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 97-99%, қозғалу жылдамдығы 1 м/с, ылғалдау ұзақтығы 1,5-4 сағатқа дейін болады. Бұл тәсіл мех өнеркәсібінде де қолданылады. Үрдіс көрсетілген параметрлерде арнаулы барабанда жүреді.

Ең бір тиімді тәсіл контактылы ылғалдау. Оның маңызы мынада. Жақсылап жайылған жартылай фабрикат екі ылғалданған ленталар арасына салынып, каландр беткейінде жылжиды. Бұл кезде тікелей контактыда қызған каландр мен лента арасында температура айырмашылығы нәтижесінде кысу лентасы аркылы өтетін жылу мен ылғалдың диффузиясы жартылай фабрикатты тез және біркелкі ылғалдандырады. Ылғалдауға арналған өтпелі машина осы принцип негізінде жұмыс істейді. Жартылай фабрикатты ылғалдау мақсатында чехтың контақтылы өтпелі "Дифутерм" машинасы қолданылады.
Сығу немесе жартылай фабриқатты ылғалдан арылту

Илеуден кейін қаттап жинап тастаған тастаған жартылай фабрикатта 65-70% ылғал болады. Ылғалдың көп мөлшерде болуы кейінгі өтетін операцияларға зиянын тигізеді.


Сүргілеу

Сүргілеу операциясыньщ мақсаты иленген жартылай фабрикаттың қалыңдығын тегістеу және дайын өнім түріндегі былғарының қалыңдығын нормасына жеткізумен қатар, таза бахтарма бетін алу.

Сүргілеу дегеніміз - жартылай фабрикаттың артық қалыңдығын жылдам айналатын пышақты білікпен алу. Сүргілеген кезде былғарының созымдылығы өзгеретіндігін, оның беріктігінің кемитінін ескеру керек. Былғары қалыңдығын 10%-ға жұқарту, оның беріктігіне әсер ете қоймайды, ал қалыңдығының 11-ден 40%-ға дейінгі бөлігін сүргілеп алып тастағанда, былары беріктігі қалыңдығының жұқаруымен пропорциональды түрде кемиді.

Сүргілеу операциясының сапасына жартылай фабрикаттың ылғалдылығы да әсер етеді. Егер ылғалдылық бұл мөлшерден көп болса, жартылай фабрикат білікке жабыса береді, ал құрғақтау болса, қызып кетеді. Қазіргі кезде жартылай фабрикатты машинадан бір рет өткізгенде өңдейтін сүргілеу машиналары кең қолданылуда. Соның бірі "Рицци" фирмасының сүргілеу машинасы.



Былғарыны тегістеу және қыртысын жазу

Операцияның мақсаты - жартылай фабрикаттағы әжімдерді бүгілген жерін, қыртыстарын жазып тегістеу. Жартылай фабрикат бұл кезде созылып, қысылады. Тегістеу операциясы жартылай фабрикаттың салмағын біршама кемітеді, оның ылғалдылығын азайтып, ауданын үлкейтеді. Бұл операция арнайы тегістейтін машиналарда жүреді. Бұл машиналар құрылысы мен жартылай фабрикатқа тигізетін әсеріне қарай барабанды және білікті болып бөлінеді. Аяқ киімнің төменгі бөлігінің былғарысын өңдеуге барабанды машиналар қолданылады. Жонарқа терісін (чепрак) тегістегенде чехтың өтпелі білікті 07473/Р2 марқалы машинасы қолданылады. Тегістеу машинасында 90°С температурасындағы тегістегіш білікті қолдану жартылай фабрикаттың беткі жағының көрінісін әлдеқайда жақсартады және жартылай фабрикаттың аудандық 1,5-2%-ға үлкеюіне ықпал етеді. Бірақ біліктің температурасы өте жоғары болса, ол былғарының беріктігіне кері әсер етеді.


Былғарыны керу

Операцияның мақсаты – құрғатылған және дымқылданған жартылай фабриқатқа жұмсақтық, ілгіштік қасиет беру. Керу операциясы аяк киімнің төменгі бөлігінің былғарысын өңдеуге қолданылмайды. Керіп, созу операциясы кезінде жартылай фабрикат деформацияға ұшырайды. Бұл операция кезінде, құрғап, жартылай желімделген өзеңнің (дерма) талшықтары дараланып белгілі ретпен орналасады да, былғарының физикалық-механикалық қасиетіне өзгеріс береді. Мысалы, жұмсақтық, иілгіштік, созылғыштық қасиеттері артады. Созу операциясы кезінде жартылай фабрикаттың ауданы үлкейеді, ал үлкею дәрежесі кептіру тәсіліне байланысты болады. Бос күйінде кептірілген жартылай фабрикаттың ауданының шығымы плитаға желімденіп кептірілгеннен артық болады.



Былғарының бетін тұрпілеу және шаңнан арылту. Операцияның мақсаты - жартылай фабрикаттың қалыңдығын біркелкілеу, беткі және бахтарма жағына түк беру. Қазіргі уақытта, бұл операция былғарының жасанды бетін жасауда, жартылай фабрикаттың бетінің ақа кемістігін тегістеу үшін колданылады. Түрпілеу операциясы екі түрлі арнайы машиналарда орындалады. Жартылай бірнеше рет түрпіленеді: нубук – 2-3 рет, велюр немесе одан да көп рет. Машинаның негізгі жұмыс бөлігі барабан, ол түрпілейтін арнайы матамен керілген. Жартылай фабрикат тиейтін біліктер арасына түседі. Түсірілген білік оны тегістеп түрпілеу лентасына қысады. Содан соң, жартылай фабрикат конвейерге түсіп, шаңнан арылту операциясына жіберіледі.

Жартылай фабрикаттың беткі жағын тегістегеннен соң, онда көп мөлшерде шаң болады, ол былғарының бетін бояуға нұқсан келтіреді. Шаң сору арнайы машиналарда өткізіледі. Олардың екі түрі бар: біріншісі щеткалы білікті, екіншісі шаңнан арылтатын өтпелі машина.

Шеткалы білікті шаңнан арылту машинасының еңбек өнімділігі төмен, өйткені үйкеліс кезінде пайда болған статикалық зарядтар шаңды тартып жартылай фабрикаттың бетінде қалдырады. Ал, шаңнан арылтатын өтпелі машинаның өнімділігі жоғары, өйткені шаң жартылай фабрикаттың бетінен түкті щеткамен емес, ауаның үрлеуімен аластатылады. Мұнда шаңданған ауа бірқалыпты сорылып алынады.
Престеу, үтіктеу және бедер салу

Бұл операциялар жасанды беткі қабаты бар былғары алуда үлкен роль атқарады. Былғарының бетін бояу үрдісінде және сол үрдіске дайындау кезінде жартылай фабрикатты престейді немесе үш рет қайтара үтіктейді. Бұл кезде былғарының бетіне жағылған бояу қалыптасып, жалтырай түседі де, оның былғарымен байланысы күшейеді.

Бедер салу кезінде былғары бетіне суреттер, әртүрлі із, өрнек салуға болады. Ол беттің кейбір ақау кемістіктерін жасырып тұрады. Престеудің екі тәсілі бар: біріншісі - қысымның жылжымалы және жылжымайтын тегіс екі плитаның арасындағы жазықтыққа беретін әсеріне негізделген. Екіншісі - қысымның айналмалы тегіс екі металл біліктің жанасу жеріне беретін әсеріне негізделтен.

Гидравликалық жазық престе жұмыс істегенде, жартылай фабрикаттың беткі жағын жоғары қаратып, плитада орналасқан киізден жасалған төсем қояды. Престеу кезінде төменгі плита көтеріліп, былғарыны 85-100°С-қа дейін қыздырылған жоғарғы плитаға қысады. Манометрдің көрсетуімен белгілі қысымға жеткен соң, төменгі плита былғарының келесі бөлігін өңдеу үшін төмен түседі. Бұл операция 3-5 секунд аралығында өтеді. Жоғарғы плитаны бедерлі жасап, былғарынын бетіне әртүрлі өрнек салуға болады. Өндірісте шетел фирмаларының әртүрлі конструкциясы бар престері қолданылады "Мостардини" фирмасының МРБМ марқалы бедер салу және тегістеу агрегаты, сондай-ақ Чехияның престері.


Былғарыны нығыздау.

Бұл операция - өндірісте аяқ киімнің төменгі бөлігінің былғарысын өңдеуді аяқтайтын әрлеу операциясы болып табылады. Бұл операцияға былғарыны жоғары қысыммен арнаулы машинада өңдейді. Онда былғарыны нығыздап, бетін тегістеп, жылтыраған көрініс береді. Нығыздаудын арқасында былғарының беріктігі артып, су қабылдағыштығы мен су өткізгіштігі кемиді. Былғары құрамындағы ылғалдың былғары бойына бірегей таралуы - өңдеудің нәтижелі болуының кепілі. Нығыздау жақсы нәтиже беру үшін былғарының ылғалдылығы 16-18% болу керек. Сондықтан бұл операцияны былғарыны дымқылдандырып жинап тастағаннан кейін атқарады. Ылғалдық жоғары мөлшерде болса, былғары бетіне дақ түсіп, ойпаттар пайда болады. Қысым былғарының тұріне қарай реттеледі: жонарқа былғарысына (чепрак) 1,5-2 МН/м, мойын және қол былғарысына 0,8-1 МН/м. Егер қысым қалыптағы жағдайдан артып кетсе, өзең талшықтарының тапталып кетуі мүмкін, ол былғарының беріктігін нашарлатады. Жартылай фабрикатты металл плитаға қойып, оны ауыстырып отыру арқылы нығыздайды.


Былғарының ауданы мен қалындығын өлшеу

Былғарының ауданы мен қалындығы өтпелі контактылы және контактысыз жұмыс істейтін арнаулы машиналарда автоматты түрде өлшенеді. Бұл машиналар былғарының ауданы мен қалыңдығын өлшеу үшін орнатылған датчиктен, электр импульстерінің генераторынан және өлшеу қорытындысын көрсететін құралдардан тұрады. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары мен мех терілерінің ауданын бір мезгілде өлшей алатын (Франция) машинасының құрылысы көрсетілген. Ішекті жылжымалы конвейерге былғары немесе мех терілерін жаяды, олар жарық бергіш қондырғының астынан өткенде люминесценттік шам іске қосылып, былғарының ауданы өлшенеді, мех терілерінің ауданы инфрақызыл сәулелі шамның көмегімен өлшенеді де, таңбалайтын қондырғы өлшеу нәтижесін терінің бахтарма жағына белгілейді.



Мех терілерін әрлеудегі механикалық операциялар

Мех терілерін әрлеудегі механикалық операциялардың ішіндегі кейбір жүнді жабынның сапасы мен тері өзеңіне үлкен әсер етеді. Бұған мысалы, жұмсартудың әртұрлі түрлерін: ағаш үгіндісімен өңдеу және үгіндісіз қағып сілкілеу сияқты операцияларды жатқызуға болады.

Ал, тері өзеңінің қасиетіне әсер ететін механикалық операцияларға тегістеу, қыртысын жазу, созу, түрпілеу жатады.

Түкті жабынның сыртқы түрін өзгертіп, сапасын арттыратын механиқалық операцияларға - тарау, қырқу, сабау, қылшық жүнін қырқу (эпилиреу), үтіктеу жатады. Бұл операциялардың дұрыс орындалмауы мехтің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.


Мехты механиқалық жолмен жұмсарту (откатка)

Бұл - мехты әрлеудің маңызды операцияларынын бірі, тері өзеңі мен түкті жабынның сапасын арттыруға көп әсері бар. Бұл операция айналмалы барабандарда мехтық жартылай фабрикатты ағаш үгіндісімен жақсылап араластыру арқылы атқарылады, ол екі рет қайталанады. Жұмсартудың мақсаты - кептіруден сон, мех жартылай фабрикатының тері өзеңін ылғалдандырып, оны жұмсарту (1-ші операция) және түкті жабын мен тері өзеңінен байланыспаған майлы заттар мен бояғыштарды аластау (2-ші операция). Жұмсарту кезінде интенсивті механикалық әсерден мехтық жартылай фабрикат терісінің жұмсақтығы жоғарылап, ал түкті жабын ағаш үгіндісімен жанасудан судырап, тап-таза жалтыраған күйге енеді. Операцияның бірінші сатысында ағаш үгіндісінің ылғалдылығы 25-30°С, массасы мех терілерінің массасына тең немесе одан азырақ болады, ал жұмсартудың екінші сатысында үгіндінің ылғалдылығы 10-12% болып, оған скипидар немесе таза майда құм қосады. Операцияның дұрыс жүруіне ағаш үгіндісінің түрі, пішіні және өлшемі әсер етеді.

Үгінді үйкеліске тұрақты және құрамында илегіш заттар мен шайыры жоқ болуы керек. Жұмсартуға қатты жапырақты ағаштардың ең сапалысы - бук (шамшат) және қайың ағаштарының үгінділері пайдаланылады. Өңдеуге ағашты көлденең қиғаннан шыққан және қимасы шаршылау болып келген, қабырғаларының өлшемі 3 мм-ге жуық үгінді жанқаны қолдану тиімді. Егер үгінді одан майда және пішіні сүйір болып келсе, ол жүнді ластап, ұйыстыруы мүмкін. Осы операциядан соң, мех жартылай фабрикаты тазалап қағатын (протрясной) барабанда үгіндіден, шаңнан арылады. Мех жартылай фабрикатын тарау кезінде жүнді жабынның ұзыңдығына мән беру керек. Тарау машинасының негізгі бөлшегі - білікке тартылған қардолента. Ол тасымалдаушы қондырғы мен жұмысшы білігінің арасында реттеледі. Жұмысшы білігінің үнемі тазартылып отыруы, өнімнің жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тарау дұрыс жүрмеген кезде тері жыртылып кетуі немесе жүннің ұшы деформацияға ұшырауы мүмкін.
Мехтің түкті жабынын тазарту және сабау

Бұл операция - түкті жабыннан шаң, ағаш үгінділері мен жұлынған жүннен және басқа лас қоқысты заттардан тазартып, оның сыртқы көрінісін жақсартады. Түктердің табиғи үлпілдек қалпына түсуіне жағдай жасайды. Өңделетін мехтық терінің ауданы мен түкті жабынының түріне қарай, оларға әртүрлі әсер етіліп, соған байланысты машиналар қолданылады.

Бұл операция айналу білігіне бекітілген белдіктермен сабау арқылы немесе қатты ауа ағынында жүргізіледі. Мехтық қоян терісін белдіктермен сабау, арнайы білікті КМ2-500 марқалы сабайтын машинада атқарылады: қой терілер үшін КМП-1200 машинасы қолданылады. Жалғыз білікті сабау машинасының жалпы көрінісі көрсетілген.
Түкті жабынды қырқу

Қырқу түкті жабынның ұзындығын теңестіріп, мех терілерін имитациялау мақсатында, түкті жабынныц биіктігін езгерту үшін қолданылады. Майда терілердің жүнін қырқу үшін КСМЗ-70, ал қой терісін қырқу үшін КСМЗ-120 марқалы қырқатын машиналар қолданылады.

Бұл машиналар бір-бірінен терінің ені мен теріні ұстап тұратын тетігімен ерекшеленеді. Машина айналмалы ирек пышақты біліктен, жылжымайтын пышақтан және тиейтін конвейерден тұрады. Түк пышақты білікпен жылжымайтын конвейердің бірігіп жанасуының нәтижесінде қырқылады.

Қырқылған түк арнаулы желдеткіш арқылы жиналады. Ол аса бағалы қалдық ретінде, ұзындығы мен сапасына қарай бөлінеді. Мех терілерін қырқу бірнеше рет жүргізіледі, алдын ала қырқу (рубка) және соңында қырқу болып белінеді. Қырқудың сапасы жоғары болу үшін, теріні бұл операцияға жақсылап дайындау керек, тері жиегінің артық мөлшерін қысқартып жөнге келтіреді, майысып қалған түктер т.б. ақаулар болмауы керек. Тері өзеңі жұмсақ болғаны дұрыс.


Қылшық жүнді қырқу

Кей жағдайда мех терілерін имитациялау кезінде қылшық жүн қырқылып тасталады. Қылшық жүн қырқылғаннан кейін теріде біртегіс, біркелкі жібектей мамық жүнді жабын қалады. Бұл операцияға тек қана бірінші сортты, түкті жабыны қалың терілер жарамды. Осылай етіп, ондатра, саз қүндызының және мысық терілері өңделеді.

Қазіргі уақытта қылшық жүн белгілі бір биіктікте кесу арқылы, арнайы эпилирлейтін ЭМ2550 маркалы машинасында жүргізіледі. Бұл машинаның негізгі бөлшегі кесуші түйін, ол айналмалы пышақты біліктен, жылжымайтын пышақтан және тиейтін конвейерден тұрады. Конвейермен қозғалған терінің жүні алдын-ала щеткамен түзуленген жүн кесетін жүйеге түседі.

Қылшық жүн мамық түктерге қарағанда берік болғандықтан, тез түзеледі де, кесуші түйінге тез ілінеді. Бір қалыпты терінің орнын ауыстыру арқылы барлық ауданының қылшық жүні кесіледі. Қырқылған түк ауамен сорылып алынады.

Егер жұмыс істеу тәртібі бұзылса, қылшық жүн бірқалыпты қырқылмай немесе мамық түктер де қырқылып кетуі мүмкін.
Үтіктеу

Түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханикалық әсер ету үтіктеу операциясы арқылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде түкті жабын түзуленіп, жалтыраған күйге еніп, пішінін ұзақ сақтайды. Үтіктеуді ГМА2-30 және ГМАІ-120 маркалы өтпелі үтіктегіш машинада жүргізеді. Бұл машиналардың негізгі жұмысшы бөлшегі - айналмалы үтіктеуші білік. Ол біліктер түтікше түріндегі электер қыздырғыштарымен қызады. Қыздыру дәрежесі автоматты түрде реттеледі. Біліктегі үтіктеу температурасы 160-220°С болады. Тері үтіктеу білігіне 1 кН күшпен қысылады. Механикалық әсер білікке орнатылған кертігі бар болат пластинаның көмегімен атқарылады. Жұмыс орнының арнаулы қорғаны болады, ал иісі бар, ұшатын заттардың буы, түк және шаң аспирациялық түтік арқылы тысқа шығарылады.


Ауданын өлшеу

Мехтік терінің ауданын өлшеу үшін электронды "Метроник" машинасын қолдануға болады. Тері жарық беретін қондырғыдан өткен кезде, ондағы инфрақызыл шамдардың әсерінен, фоторезисторда импульстер пайда болады да ол электрондық санақ арқылы электронды таблоға бейнеленіп қағаз лентаға жазылады. Лентаның ұзындығы 35-36 мм, ені 16-17 мм жұмысшы оны жыртып алып, тері өзеңіне жапсырады, мех терілерінің ауданық өлшегенде, таңбалайтын қондырғыны уақытша сөндіріп қояды.



III – тарау.

Былғары мен мехтің сапасы және сапаны басқару

Былғары мен мехтің сапасын анықтайтын қасиеттері төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1. Өнімді дайындаған кезде қазіргі заманғы жеңіл өнеркәсіп салалары: тігін, аяқ киім, былғары, былғары галантерея өнімдеріне беріктік термошыдамдылық, белгілі қалыңдық және тығыздық беру керек.

2. Былғары мен мех өндірісінде технологиялық жағынан материал және еңбек, энергия шығындары аз жұмсалуы керек. Тұтынымдық сапасының қасиеттері өнімнің комфорттылығын, эстетиқалық әдемілігін сақтауға және беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.



Сапа және сорт. Өнімнің сапасын бағалау кезінде оның сорттылығы ескеріледі. Былғары, мех және тондық қой терілерін сорттау, олардың физиқа-механиқалық көрсеткіштерін анықтап, химиялық талдау жасалынғаннан кейін атқарылады.

Сапалық көрсөткіштері болмаған кезде сорттау жүргізілмейді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің былғарысының сортын анықтау ауданда және ақау кемістігіне байланысты жүргізіледі. Былғары зауыттары жоғары сортты өнімді көп шығарса, өнімнің сорттылық коэффициен ті де жоғары болады. Сорттылық коэффициенті деп - барлық дайын өнім бағасын ең жоғарғы сортты өнімнің бағасына келтірілген көрсеткішті айтады.



мұндағы:


а1 - 1м2 I сортты былғарының бағасы - х;

а2 - 1м2 II сортты былғарының бағасы - х2;

а3 - 1м2 III сортты былғарының бағасы - х3;

а4 - 1м2 IV сортты былғарының бағасы - х4.

Мехтің сорты оның түкті жабынының жағдайына байланысты болады. Мехтің сапасын анықтау кезінде сорттиан басқа кемістіктері ескеріледі және жеке-жеке есепке алынады. Өнімнің сорттылығын көтеру үлкен маңызды мәселе.

Сапаны бағалау сынақ құралдарына байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Атап айтсақ инструменталды әдіс техникалық құралдардың көмегімен іске асырылса, органолептикалық әдіс керу, ұстап көру арқылы анықталады. Экспертті әдіс мамандардың көзқарасына негізделген де, социологиялық әдіс тұтынушылардың талап тілегін қолдауға негізделген. Есептеу әдісі басқа әдістерді колдану арқылы алынған тұжырымдарды есептейді.

Былғары мен мехты, тондық қой терісінің сапасын инструменталды әдіспен бағалаған кезде химиялық талдау жасалынады, микроскопиялық және физикалық-химиялық сынақ жұмыстары жүргізіледі. Бұл әдістердің негізінде терінің химиялық құрамы анықталып, микроқұрылымына сипаттама беріледі жәие физиқалық-химиялық қасиеттері аныкталады. Сапаны тәжірибелік әдіспен бағалау (киіп жүру) өте сирек колданылады, себебі бұл әдісті қолдану уақытты көп алады және материал шығынын қажет етеді. Қазіргі кезде былғары мен мехтің сапасын анықтау динамикалық жағдайда сынақтан өткізетін неше түрлі құралдардың көмегімен атқарылады. Бұл құралдар өнімді пайдалану кезіндегі оған әсер ететін күштерді модельдеу арқылы қысқа уақыт ішінде өнімнің сапасын анықтап береді. Оларға былғары мен мехтің беріктігін, созылмалығын, иілгіштігін үйкеліске төзімділігін, су өткізгіштігін және басқа қасиеттерін анықтайтын құралдар жатады.

Лабораториялық жағдайда өнімнің сапасын талдауда, әр өнімнің сапасын жеке-жеке анықтау мүмкін болмағандықтан, математиқалық статистика әдісі қолданылады. Сондықтан лабораториялық талдауда орташа сынақ алу үлкен манызға ие. Химиялық талдау жасаған кезде былғары мен мехтің және тоңдық қой терісінің ылғалдылығы, минералды және май тектес заттардың мөлшері, көн заты, илегіш заттар, толықтырғыштар, қышқылдылық, талшықтағы негізділік, кей жағдайда ондағы ас тұзы мен ауыр металдар мөлшері анықталады.

Химиялық талдау нәтижесі технологиялық үрдістердің жүру барысы туралы мәлімет береді. Өнімнің химиялық құрамы анықталып болған соң, физикалық-механикалық сыннақ жүргізіледі де сортталады, одан кейін сапасы бойынша қатегорияларға бөлінеді. Физикалық-механикалық сынақтар, лабораториялық талдаулардың көрсеткіштері өнімнің сапалық негізгі қасиеттерін анықтайды. Мысалы: былғары мен мехтің және қой терісінің киюге төзімділігі, беріктігі, термошыдамдылығы, гигиеналық қасиеттері және басқалары анықталады.

Микроскопиялық талдау микроқұрылымдық элементтерде болып жатқан өзгерістерді, терідегі, жүндегі және өндіріс барысындағы, сонымен бірге жартылай фабрикатпен байланысқан заттардың орналасуын көрсетеді. Көбірек қолданылатын әдіс электронды микроскоппен зерттеу әдісі.



Былғары мен мехтық микроқұрылымының сипаттамасы. Өзеңнің микроқұрылымын сипаттайтын элементтеріне құрылымдық элементтердің реттілігі (регулярность) мен жинақылығы (компақтность), өрілу бұрышы (угол переплетения) талшықтардың түзулігі (извитость) және талшықтар тобының жіктелу дәрежесі жатады. Былғары мен мех және тоңдық қой терісі әртүрлі қалыңдықтағы талшық топтарынан тұрады, олар күрделі шиеленіскен тұйық ілмектер құрайды.

Өрілу бұрышы - талшықтар тобының көлденең қимаға көлбеу бұрышын сипаттайды. Бұрыштың көлбеулігін анықтағанда, талшықтар тобының бағытын ескереді. Талшықтар тобының үш түрлі өрілуі бар: тік (вертикальды)- ең үлкен бұрышпен; көлденең (горизонтальды) - ең кіші және аралық бұрышпен.

Өрілу бұрышы шикізат және оның топографиясына байланысты болады. Мысалы, жонарқа терісі (чепрақ) тығыз және үлкен бұрышпен өрілген талшықтармен сипатталады, ал қол терілері ең кіші бұрышпен өрілген талшықтардан тұрады. Бұл реттілік өндеу барысында өзгеріске ұшырайды. Оны микрокимада микроскоп арқылы өлшеуге болады. Егер өрілу бұрышы 10-20°С төмен болса, теріде технологиялық және эксплуатациялық ақау бар деп есептелінеді.

Өрілудің жинақылығы өзең қабатындағы талшықтар тобының жақындасу дәрежесін сипаттайды. Ол көрсеткіш шикізат түріне, топографиясына, өндірістік үрдістің режиміне байланысты болады. Мысалы, жібіту толық жүрмеген кезде талшықтар тобының өте жақын орналасуы теріс фактор деп есептеледі. Бұл көрсеткішке механикалық әсердің ықпалы бар. Мысалы, былғарыны майыстырып созғанда талшықтар жіктеліп, былғары жұмсақ болады. Ал, престеу, нығыздау (проқатқа) жүргізгенде керісінше, талшықтар құрылымы тығыздалады, былғары да сондай қасиетке ие болады.

Талшықтар тобының түзулігі, негізінеи теріні қышқылдармен және сілтілермен өндеу сипатына байланысты. "Жас" теріде, оның бүктеліп бос жатуына байланысты, талшықтар тобы тасқыңды, керілмеген, созылмаған. Ал, өңделген теріде талшықтардың табиғаты өзгеріске ұшырап, ұзындығы қысқарады.

Талшықтар тобының түзулігі былғарының серпімділік қасиеттерімен тығыз байданысты. Талшықтар тобының жіктелуіне шикізаттың түрі және оны өңдеу тәртібі әсер етеді. Егер талшықтар тобы, талшыққа одан әрі фибрилдерге және одан да әрі жіктелсе, былғары жұмсарып, беткі қабаттың тартылуы болмайды. Жүн талшығының микроқұрылымдық көрсеткіштеріне кортекс қабатының анық контуры, қабыршақ қабатта саңылаулар мен деформациялардың болу болмауы, қабаттың өсуі мен сақталуы жатады. Шаштың микроқұрылымы жүнді жабынының эксплуатациялық және эстетикалық қасиеттерінің ішіндегі төзімділігіне, шыдамдылығына, жалтырауына әсер етеді.



Былғарының, мехтің, және тондық қой терісінің химиялық құрамы мен қасиеттері. Былғары, мех және тонға арналған қой терісінің химиялық құрамын талдау кезінде оның ылғалдылығы, минералды, ақуызды, майлы және органиқалық заттары, қышқылдылығы, негізділігі, хлорлы натрий мен ауыр металдар тұздарының құрамы анықталады.

Былғары және мехты химиялық талдау нәтижесіндегі шыққан зат мөлшерін пайызбен (%) белгілейді. Есептеудің екі түрі бар:



  1. Заттың мөлшерін былғарының немесе мехтің шартты түрде алынған салмағына шағады, 18%-ды ылғалдылығы бар.

  2. Зат мөлшерін былғары немесе мехтің абсолютті құрғақ массасына шағады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет