Тибет мәселесі және ҚХР саясаты
Есеркепова Жанар Оңғарқызы
Абылай хан атындағы
Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің
доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруына, нақты мемлекеттің ілгерілеуі, дамуына үлкен серпіліс беретін мемлекеттегі саясат пен адам ресурстары екенін тарих дәлелдеген. Бірақ сол мемлекеттегі саясаттың дені толық жетістіктерге жете бермегенін де есте ұстау керек. Сондықтан да, әлеуметтік, экономикалық, саяси ғылымдардың қоғамның қазіргі заманғы саясатына, оның жетістіктері мен басты мәселелеріне деген қызығушылығының өсуі объективті заңды құбылыс деп білеміз. Қоғамның тұрақты дамуының бірден-бір кепілі ол – ұлтаралық келісім екенін де естен шығармаған жөн. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты басымдылықтардың бірі - көрші мемлекеттермен тату достық қарым-қатынас орнату негізгі артықшылық деп танылса, ол мәселені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қытаймен арадағы ынтымақтастық көршілік қарым-қатынастың нығаюынан жоғары, дұрыс саясаттың болуы мүмкін емес жағдай» [1] деп айтқан болатын. Әрине, осы көрші мемлекеттерде болып жатқан саяси процестермен оның сабақтары, қателіктері және жетістіктерінен тәжірибе алсақ біз сияқты егеменді мемлекет үшін көп пайдасы бар десек қателеспейміз деп ойлаймыз. Сондықтан да қазіргі таңда Қытайда болып жатқан өзгерістерді зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналды.
Қытай Халық Республикасында ұлтаралық қарым-қатынастарда Тибет мәселесі ерекше орынға ие. Осы тұрғыда жан-жақты саралауды қажет ететін мәселелер туындайды. Оның бірі тибет парадигмасында тибет халқы сепаратистік әрекетке бейім, үкімет билігіне қарсы ұйымдастырылған қадамдарымен айқындалады. Ал, тибет диаспорасы болса өздерінің тарихи-саяси мәртебелерін қалпына келтіруді көздеушілігімен сипатталады.
Тибет мәселесінің басты парадигмасында оның Тибеттің Қытайға қатысты өз мәртебесін орнықтыруға бағытталған жан-жақты құрылымы жатыр. Ол бойынша бұл үрдіс идеологиялық та қозғалысқа ие бола алады. Себебі тибет халқы өздерінің құқықтары мен тибет тарихын түрлі деңгейде мойындауға шақырады. Осы тұрғыда адам құқықтары, автономияның дербестігі туралы мәселелер алға жылжиды. 1959 жылы Тибеттегі көтеріліс орын алып, сондықтан Тибеттің рухани басшысы Далай-лама Үндістанға қашқан еді. Сол уақыттан бері де 50 жылдан артық уақыт өтті. Ол көтерілістің барысында Тибеттің мыңдаған жылдық дәстүрлері мен тарихи құндылықтарына, саяси-экономикалық даму жолдарына нұқсан келген болатын. Сол көтерілістің де басты мазмұны ол – Тибеттің дербес танылуы мен халықтың құндылықтарының мойындалуы болып табылды. Осы күнге дейін 50 жыл бұрынғы мәселе өзекті болып қалуда.
Тибет көпұлтты зайырлы мемлекет болып табылады. ҚХР Ата заңына сәйкес «халықтардың өзара жақындасуы мен теңдігі, мәртебесі ұлтаралық деңгейде сақталып ол жалғасуда» делінген болатын. Аз ұлттардың өмір сүретін аудандарында басқару формасын жеңілдету үшін автономды ұлттық аудандар құрылған еді. Тибеттің этникалық территориясы Тибетдың төрттен бір аумағын құрайды. Бұл дегенміз өте үлкен көрсеткіш болып табылады. Сондай-ақ, ҚХР-ның 4 провинциясының құрамында тибеттіктерден құралған 10 автономды округтары ұйымдастырылған болатын.
Орталық үкімет аз ұлттарға байланысты өз саясатында екіұдай саяси бағытты алға қойды. Экономиканы дамыту мен аймақтардағы тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бірақ соның екіншісі үлкен мәнге ие болып табылады. Тибет үкіметі аймақтардағы әсіресе саны көп ұлттардың аймақтарындағы тұрақтылық пен бақылауға баса назар аударып келуде. Бүгінгі күні Тибет ІЖӨ көрсеткіштері бойынша жоғары аудандардың бірінен болып табылады. Сонымен қатар, Тибет мемлекеттегі кедейлердің жоғары көрсеткіштерімен де алдағы аудандардың бірінен саналады. Бұл мәселеде Тибетте қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы теңсіздік, кіріс көлемінің айырмашылығы, білім алуға байланысты т.б. мәселелер көзге түседі. Тибет үкіметінің осы тұрғыдағы саясатын жан-жақты талқылау барысында нендей құрылғылардың жетімсіздігі көрінеді деген сұрақ туындайды. Оның үстіне 1959 жылға дейін Тибетте дін мен саяси басқарылымның арасындағы бір жүйелік аппарат өмір сүрді. Елдің рухани көсемі Далай-лама діннің ғана емес, мемлекетті де басқарушы тұлға болды. Тибеттің теократиялық мемлекет болуында оның ұлттық ерекшелігі, болмысы жатқан болатын. Дін тибет халқының барлық мәдениеті мен рухани өмірінің үйлесіміне айналғандығын атауға болады. Тибет халқының жалпы барлық қоғамдық салалары мен құрылымында діннің үлкен белгісі жаты. 1959 жылғы көтерілістен кейін дін өзінің саяси және рухани рөлінен айырылып қалды. Билік екіге жарылған еді. ҚХР орталық үкіметі автономия етіп жариялағаннан кейін, үкімет адамы отырса, тибеттіктердің санасында көп жылға дейін қуғынға ұшыраған Далай-лама бейнесі өмір сүрді. Ол үрдіс бүгінгі таңға дейін жалғасуда. Тибетті зайырлы мемлекеттің құрамындағы діннен тыс, үкіметтің жоспарлаған бағытымен жүретін аймаққа айналдыру Тибет үкіметінің басты бағдарламаларының біріне айналды.
Тибеттің экономика мен білім, ғылым саласындағы реформаларды жүзеге асыруға арналған іс-шаралары ҚХР Орталық үкіметінің 1980, 1984, 1994, 2001 жылдардағы форумында қарастырылды. Олардың ішіндегі мәдениет саласы бойынша Тибеттегі бағыттарды дамытуға ғана емес, білім, әкімшілік басқаруда тибеттіктердің көрсеткіштерін арттыру жөніндегі І-форум іргелі мәнге ие болып табылады. Бірақ, осы форумның кейінгі нәтижелерін қарастырғанымызда Пекин саясатының айтарлықтай өзгергендігіне көз жеткіземіз.
2000 жылы ҚХР Орталық үкіметі батыс аймақтарды қамтитын кең ауқымды стратегия қабылданды. Оның көздеген мақсаты ЖІӨ арттыруға бағытталды. Алайда, бұл өсім үлкен инвестициялар мен субсидияларға тәуелді болды. Орталық үкімет қаржыландырған құрылыс нысандары шегі жоқ урбанизациялық үрдістерге әкеліп соқты. Бұл негізгі кәсіпшілігі таулы аймақтардағы мал шаруашылығы мен егінге бағытталған тибет халқы үшін өз дәстүрі мен құндылықтарынан айырылудың қаупін туғызды. Қала халқының саны артып, ауыл тұрғындарының саны азаю межелері тұрды. Негізі осы жерде атап кететін жайт, ауыл халқы қала халқына қарағанда дәстүр мен дінге берік болып келетіндігі сөзсіз. Тибет діннің орнын ғылыммен ауыстыруды көздеді. Осылайша тибеттіктердің қарсылық туғызуы мүмкін элементтерді залалсыздандырудың әрекеттерін қарастырды.
Аталған стратегияның нәтижесінде өсімге ие экономикалық сектор жоғары білікті мамандар мен қабілетті жұмысшы табын қажет етті. Ал, 2002 жылдың өзінде ауыл мен қала тұрғындарының 40 % сауатсыз болып табылған тибеттіктер үшін ауыр соққы еді. Осы факторлар 80% жуық тибеттіктердің ауылды елдімекендерде тұратындығы ескерсек, онда негізгі тибет халқы осы стратегияның көлеңкесінде, тысқары қалып қойды деуге негіз бар. Тибеттегі әлеуметтік ахуалы жақсы дейтін сауатты 15% халық үкіметтің жоғары төлемді жұмыс орындарында қызмет атқарса, қалған халық үкімет беретін субсидия мен жәрдемақының арқасында күн көруге мәжбүр болды.
Осылайша тікелей Орталық үкіметке тәуелді күй кешіп отырған реформалар мен стратегиялар тибеттіктердің жағдайына теріс ықпал болып отыр. Дін жөніндегі тақырыпқа келер болсақ, ҚХР үкіметі 1990 жылдардан бері қарай, тибет буддизмінің қалпына келуіне үлкен күш салып отыр. 1980 жылдардың басынан үкімет жылына монастырлар мен олардың әрекетін қолдауға бағытталған 300 миллион юань ақша бөліп отырады. 1981 жылы Тибет ғылым академиясының жанынан дін институты құрылған. Осы бастамалардың барлығы Тибеттегі діни ахуалды тұрақтандырып, халықтың көңілін аулауға бағытталды.
Бірақ осындай материалдық жетістіктерге қарамастан, дін мәселесі Тибетте өзекті де шешімі күрмеулі мәселеге айналуда. Тибеттегі келесі жағдай діни белсенділікті бақылау мен Далай ламаны дискредитациялау, саяси дәлелдер бойынша қамалға алынушылардың артуы, оған қоса ҚХР басшылығы қарқынды экономикалық даму бағдарламасын бекітті. Тибетте репрессиялардың жаңа толқыны басталды. Қытайлықтар басшылары өз кампанияларын ашып, тибет мәдениетін ұлтшылдық деп бағалап, ал 1997 жылы буддизмді «шетел мәдениеті» деп айыптады. Нәтижесінде, тибеттіктер формалды түрді автономия құқықтарын иеленсе де, іс жүзінде билік тарапынан әр уақытта қысымға түседі. Барлық жергілікті органдарын ҚКП өкілдері тарапынан бақылауда. Мәдени революция бұл үдерісті физикалық күш көрсетумен жалғастырды. Бұл кезең кезінде Тибет өте үлкен материалды жоғалтуларды бастан кешірді. Мыңдаған монастырлардан тек қана бірнешеуі ғана қалған еді.
1979 жылдан бастап, қытай басшылығы Тибетке азғана діни бостандықты берді, кейбір монастырлар қайта жанданды. Білім саласында да, басқа да әлеуметтік өмір саласында тибеттіктерге қытай тілін игеруін күштеп мәжбүрледі, ол тибет тілінің ығыстырылуына алып келеді. Өткен онжылдық бойы Қытай құпия түрде тибет қоғамына қарсы ірі соғысын жүргізді. Пекин дін мәселесіне қатысты екіұшты саясат жүргізіп келеді. Бір жағынан будда дінінің сыртқы атрибуттарының қалыптасуына бағытталған қаржылай көмектерді үстемелеуде. Бұл тағы бір қырынан қарағанда дін бостандығы мен азаматтардың еркін сенім құқығын насихаттауға байланысты Пекиннің абырой жинау үшін саясаты еді. Екінші жағынан, ол Тибеттегі дәстүрлі діни өмірді қалыптастырмаудың барлық шараларын қарастырып бағуда.
Бізге белгілі дін мәселесі де нақты түрде шешімін таппаған. Тибет буддизмі ресми үкіметтің осы аймаққа жүргізген реформалары мен саяси қадамдарының жүзеге асуына кедергі келтіретін бірден-бір күш болып қалуда. 2008 жылғы Тибеттегі жаппай бұхаралық көтерілістің негізгі катализаторы будда монахтары болғандығын ақпарат көздерінен жақсы білеміз.
Тибеттегі білім мен мәдениет жағдайы да Пекиннің бақылауында қалып отыр. Бүгінгі таңда тибеттіктердің басты проблемасы білім алу. Тибеттіктердің тек 15% ғана орта немесе жоғарғы білім алған, ал көбін толық сауатты деп айта алмаймыз. Бұл жағдай нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықты одан әрі нығайтады. Қажетті білімсіз тибеттіктер дұрыс жұмыс табуға мүмкіндіктері жоқ, ол Тибет экономикасына өз зардабын алып келеді. Қытай мигранттары тибеттіктерді дәстүрлі бизнестен ығыстыруы халықтың кедейленуіне алып келді. Осының барлығы жаппай қарсыластақты тудырып, ірі қақтығыстардың орын алуын себеп болып отыр. Қазіргі кезде Тибеттегі жағдай әлі де тұрақсыз, халықаралық қауымдастықтың талаптарына мүлдем мән бермейді.
Сауатсыздық елдегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Осы сауатсыздықтың салдарынан тибеттіктер басқару орындарында, өндіріс салаларында ұлттық көрсеткішті аз көрсетіп отыр. Мұнда өзге ұлт өкілдері негізінен үлкен рөл атқаруда. Тибеттегі білім мен мәдениетті жаңғыртуға арналған Ху Яобан бағыты «мәдени төңкеріс» жылдарында жабылған болатын. «Арнайы мінездемелер» ресми түрде санкцияға ұшырап оның орнына бейресми бағыттар жұмыс атқара бастады. Соның нәтижесінде тибеттіктерге өздерінің мәдени дәстүрлерін жаңғыртудың сәті түсіп, көптеген монастырлар ашылып, әдебиеті мен өнері дамуға ие болды.
Дэн Сяопин осы өлкедегі бейбітшілік пен тұрақтылықты түбегейлі қамтамасыз етудің кілті Далай-ламаның қолында жатқандығын жақсы ұғына білді. Оның басты көңіл бөлгені – ұлттық аудандық автономиялардың дамуы. «Тибеттегі басты мәселе, біздің іс-әрекетіміз бен тибеттіктердің мүдделерінің сәйкес келуі. Тибеттіктердің қарқынды дамуы үшін, әртүрлі салаларда модернизацияға қол жеткізулері үшін не қажет, қандай әрекеттер жасау керек». Осылайша, Дэн Сяопин Тибетте одан әрі ұлттық аудандық автономияны кеңейту үшін іс-әрекеттер бастады. Ол үкімет басына келе салысымен Далай-лама бастаған тибеттік диаспора өкілдерімен келіссөздерді бастауды қолға алды.
1980-1987 жж. Тибетке бірнеше рет іссапарлар жасалды. Дэн Сяопин Далай-ламаның кіші інісі Гьяло Тхондупқа тәуелсіздіктен басқаның барлығына уәде беретіндігін мәлімдеді. 1981 жылы Ху Яобан өзі жеке түрде Гьяло Тхондупуқа Далай-ламаға беретін ресми хатын ұсынды. Ол хатта 5 тармақтан тұратын шарт және Далай-ламаның қауіпсіз елге оралуы және 1959 жылға дейін иемденген мәртебесін қайта қалпына келтіретіндігі жөнінде ұсыныс бар болатын.
Далай-лама Дхарамсалды өзінің жеке басына ғана бағытталған шарт тармақтары қанағаттандырмады. Ол Тибетке Тайвандағыдай ұқсас мәртебе беруді талап етті. Тайвандағы мәртебе қандай еді деген сұраққа келер болсақ онда «бір ел екі жүйе» болатын. Яғни, Тибетте де барлық ел территорияларын Уй-Цзан, Кхам және Амдоны біріктіріп үлкен әкімшілік ауданға біріктіру көзделді. Алайда, бұл талаптан нақты түрде бас тартылды. Тараптар бейбіт келісімге барудан бас тартқан жағдайда 1985 жылы Далай-ламаның Тибетке сапары туралы мәселе күн тәртібінен шығып қалды. Осы тұста Далай-лама ұлт мәселе тұрғысында халықаралық қауымдастыққа бет бұруға мәжбүр болды.
Тибеттегі ұлттандыру мәселесі екі жақты да алаңдатқан көрініске айналды. Далай-лама ұлттандыру мәселесін халықаралық деңгейде көтеру арқылы бір жағынан тибеттіктердің рухын көтеруге және өздерінің мүддесін көздеуді ойлады. 1987 жылдың қыркүйекте Далай-лама АҚШ-тың конгрессінде Тибетті әскери жолмен басып алғандығын және адам құқығының бұзылып жатқандығын мәлімдеді. Осыдан кейін-ақ, АҚШ-ғы будда дінінің өкілдері Тибет үкіметіне қарсы бағытталған наразылық шерулерін өткізді. Ол үрдіс бір жылға дейін жалғасты. 1985 жылдың маусым айында Далай-Лама Страсбургтегі Еуропа парламенттің отырысында баяндама жасап, Тибет үкіметінің алдына жаңа талап қою керек екендігін мәлімдеді [2]. Страсбургтік талап та Пекин тарапынан кері қайтарылғанымен бұл жолы жұмсартып жауап берді. Өйткені Тибет үкіметі халықаралық жанжалда өздерінің әлсіз тұстарын көп көрсеткілері келмеді.
Көбіне ҚХР-дың демографиялық жағдайын сараптағанда, «хуацяо»- Тибеттен тыс тибет диаспорасы сияқты категориядан айналып өту мүмкін емес. Тибеттің осы бөлігі әсіресе экономикалық реформалар кезеңінде өздерін Отанының белсенді даму жолындағы өзгеруінде мықты көмекшілер ретінде көрсете білді. Ресми статистика бойынша, басқа мемлекеттер аумағында шамамен 50 мың тибеттік тұрады. Абсолютті өлшеуіште бұл сан әлемнің ірі мемлекетіне сәйкес келер еді. Бұл жерде мәселе сандық көрсеткішінде емес, ал тибеттік диаспорада, бірақ этникалық масса ретінде халық пен мемлекет өмірінде маңызды рөл ойнайды. Сырт әлемге ашықтық принципі бойынша реформа басталған кезде Тибетке ресми түрде шетелде тұратын тибет диаспорасының ауқатты өкілдері пікір білдіргенін айту жеткілікті. Олар экономикалық реформалар кезіндегі Тибетке инвестиция құюдың нағыз байланыстырушылары болды. Сонымен қатар, шетелдегі тибеттіктердің саны тек сақталуымен қатар, өсіп келе жатқанын айтып кету қажет. Тибет халқының Гималай тауларында орналасқанын тарихи және дәстүрлі деп санау қажет. Ертеде және қазіргі өмірде бұл таудың бөктерлерінде флора және фауна байлығы бар болғандықтан, олар тибеттіктердің өмірінің қайнар көзі және асыраушысы болып табылады. Олардың көмегімен ауыл шаруашылық және өнеркәсіптің көптеген салалары үшін керек үлкен алқаптар суландырылады және игеріледі. Осы өзендердің сағаларында және теңіз жағалауларында орналасқан шығыс және оңтүстік шет аймақтары тығыз орналасқан мекен болып есептеледі. Осы шет аймақтар әулетті болып есептеледі. Негізі жалпы және қазақстандық түсінік бойынша, Тибетте аз орналасқан аудандар жоқ. Тибет түсінігі бойынша, ішкі Монғолия, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы, Гуанмо кіретін солтүстік-батыс, батыс аудандар халық аз орналасқан аудандар болып есептеледі, халық тығыздығына әртүрлі тарихи процестермен қатар климаттық жағдайлар үлкен рөл ойнады [3].
Халықаралық деңгейдегі Тибеттіктердің саясаты өзінің бірте-бірте нәтижелерін бере бастады. Үндістанда, Германияда, Данияда, Ұлыбританияда тибет мәселесі бойынша конференциялар ұйымдастылып, ол шақырылымдарда АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Норвегия, Италия елдерінің парламент өкілдері қатынасты. 1988 жылдың наурызында Вашингтонда Тибет мәселесі бойынша халықаралық кампания ұйымдастырылды. 2005 жылдары өткен кездесуде Тибет Далай-ламаға құрметтілік белгісін көрсететін рәсімдер жасағанымен олардың бұл әрекеті Пекин олимпиадасының жақсы өтуіне деген алғышарт болатындығын болжауға болады. 2006 жылдың қазанында Тибет үшін құрылған халықаралық кампания «Тибет үшін жарыс» өткізді. Бірнеше ұйымдар Тибет үкіметінен Тибеттегі адам құқықтарын сақтап, Далай-ламамен диалог құруға нақты әрекеттерге шақырды. 2007 жылдың 17 қазанында АҚШ президенті Джордж Буш Далай-ламаны АҚШ Конгрессінің алтын медалымен марапаттады. Бұл әрине, Тибетке қарсы жасалған қырын саясаттың элементтері болып табылатын. Бірақ осы жерде өзіндік қорытындыларға жүгінер болсақ, тибет өкілдерінің халықаралық аренада жинаған ұпайлары мен абыройларының ресми Пекин тарапынан анық бір мойындалмауы еді. Тибеттің саяси жүйесі мен менталитетіне тән бір құбылыс ол сыртқы күштер мен ықпалдарының әрекетіне назар аудармауы болып табылатын.
2008 жылы 10 наурызда Тибеттің рухани көсемі Далай-лама Тибет көтерілісінің 49-жылдығына арналған жайтқа қатысты баяндама жасады. 2008 жылы көктемде Тибеттің барлық жерлерінде толқулар болып оны үкімет әлем назарынан жасыруға тырысты. Олимпиада ойындарының қарсаңында ресми Пекин Далай-ламамен диалогқа баруға мәжбүр болды. 2008 жылдың 31 қазаны мен 5 қарашасында тибет-тибет келіссөздерінің 8-раунды өтті. Далай-ламаның өкілдері «Тибет үшін ақиқат автономияның меморондумын» тапсырды. Екі жақтың пікірлері бойынша тараптар алдағы қатынастар бойынша тығырыққа тірелді.
Пекин нәтижесінде тибеттіктер үшін тәуелсіздік есігінің мәңгілікке жабық екендігін ескертті. 1982 жылғы Тибеттің ұлттық автономды аудандар жөнінде заң қабылданған болатын. Ол заңдарда бірақ декларативиі сипатқа ие болғандықтан нақты актілер қарастырылмаған болатын. Ол бойынша автономды аудандардың ішкі қатынастарындағы қайшылықтардың алдын-алатын тармақтар дәйектелмеген болатын. Осы жерде сарапшылардың пікірінше біраз мәселелердің басы заң мен оның атқарылуында деп қарастырады. Жоғары заң шығарушы құрылым атқарушы органдармен және өзін-өзі басқару билік тетігімен өзара үйлесім таппағандығын болжайды. Яғни, өзін-өзі басқаруға құқық берілген жергілікті билік органдарында заңның міндеттері атқаруға толық қабілетсіз болып табылатын. Ең бастысы партия органдары автономды аудандардың билік өкілеттілігін өздері атқара алатын. Ол да басты мәселеге айналған еді. Партияның құзыреті Тибетте үлкен күшке ие болып табылатын. Партияның автономиядағы бірінші хатшысы міндетті түрде аймақтағы бірінші фигура рөлін атқаратын. Ал, осы жердегі бір жайт ол осы қызметке бірде-бір тибеттіктің тағайындалмауы еді. Яғни, сол автономияның автохтонды ұлтының өзін-өзі автономды режимдік басқаруда да орны жоқ.
Тибеттің ішкі құрылымында жергілікті кадрлар екі категорияға бөлінетін. Олар: қатаң жүйені жақтаушылар мен патриоттық интеллегенция өкілдері. Бірінші категорияға жататындар хандықтар мен тибеттіктер болып табылатын. Ол категорияны қолдаушы билік орны коммунистік партия болып табылатын. Ху Яобанның реформасы нақ осы жоғары тибет шенеуніктерінен басталғандығын атау қажет. Ал, екінші категория өкілдері тағы да іштей екіге бөлінетін: патриоттық жоғары буын өкілдері мен жас интеллигенция өкілдері. Біріншіге жататындар олар негізінен жас шамасы ересек адамдар болып табылады. Далай-ламаның қатарында қызмет еткендер, аристократтық тап өкілдері, монахтар мен ғалым адамдар еді. Олар бүгінгі күні тибет интеллигенциясының ядросын құрап, елдегі индустрия, сауда-саттық, білім мен ғылымның, мәдениеттің дамуында негізгі ролді атқарып отыр.
Далай-ламаның пікірінше Тибет көппартиялы жүйе мен үш тәуелсіз органға бөлінуі қажет деп есептейді. Олар: заң шығарушы, атқарушы және сот орыны. Осылайша Далай-ламаның моделі ҚХР қарамағындағы Тибеттің толыққанды автономды режимін қалыптастырып, демократияның либералды принциптеріне сүйенген мемлекетке айналар еді. Далай-лама тарапынан ұсынылған ыңғайлы автонмия моделдерінің бірі тибет либералдарының моделі болып табылатын.
Жалпы, сыртқы көзқарас бойынша, Тибет - өте сирек мемлекет, онда барлық кезеңнің, режимдердің, оқытулар мен қарама-қайшы жағдайлар тарихы сақталған. Негізі тибет басшылары ежелгі ойшылдардың, ұстаздардың тұжырымдамаларына сүйенген. Ежелгі оқытулар дәстүрі қазіргі жағдайларға өте қатты әсер етуде. Тибет қоғамының ішкі саяси өміріндегі негізгі оқиғалар ҚХР-дың қалыптасуына 50 жылдығымен байланысты өтті. Тибет басқармасының шешімдері мен жүрістері «реформа, даму және тұрақтылық» формуласымен жүргізілді.
Сонымен қорыта келгенде, 2008 жылғы көктемдегі толқулар тибет қарым-қатынасындағы кезекті қайшылықтардың бетін ашып берді. 2008 жылғы Пекин олимпиадасынан кейін бұл мәселе шешіледі деген үміт әлі де ақталмауда. Халықаралық қысым Пекиннің назырынан тыс қалмай жатқан жоқ. Бірақ, Пекин ол қысымдарға қарамастан өзінің әлсіздігін дәлелдемес үшін, күш-қуатын айғақтау барысында одан ары қысым көрсетуін болжауға болады. Себебі, қазіргі Тибеттің экономикалық даму жөнінен әлемде үлкен секіріс жасап отырғандығын байқасақ, онда Тибет мәселесінде өз есесін жібермейтіндігі анық. Тибеттегі Пекиннің құзыретін танып, қатаң жүйені сақтаушылар қатары да көбейе түсуде. 1994-1998 жылдары жүзеге асырылған келіссөздер Далай-ламаны да, Пекинді де қанағаттандырмады. Осылайша, Тибеттегі саяси тұрақсыздық пен ұлтаралық қақтығыстар әлі де орын алып отырған жайы бар. Тибеттегі сепаратистік актілердің бірқалыпқа келуі ол жаңа ғасырдағы халықаралық мәселелердің біріне айналып отырғандығы сөзсіз. Бұл мәселе тек Қытай үшін ғана емес, жалпы әлем үшін де өзекті.
Аннотация
В данной статье автор рассматривает проблему Тибета на современном этапе, политику Дэн Сяопина, а также отношение к Тибетскому вопросу со стороны современного правительства КНР. В статье отмечена роль тибетского лидера Далай-Ламы в урегулировании вопроса.
Ключевые слова: национальная дискриминация, национальная идентичность, модернизация, дискредитация.
Abstract
In this article the author considers Tibet problem in modern time, Deng Xiaoping’s politics and modern Chinese governments’ relation to the Tibet problem. In the article also the author considers the role of Dalai Lama.
Key words: national discrimination, national identity, modernization.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Назарбаев Н.Ә. ҚР СІМ (Сыртқы істер министрлігі) Коллегиясының кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінен //Дипломатиялық курьер. 1998. қазан.
-
Зиновьев Г. Отношение в треугольнике Вашингтон – Пекин – Тайбэй: политические аспекты (2000-2003 жж.) // Проблемы Дальнего Востока. – 2004.- №2 – 30-47б
-
Султанов К.С. Пробуждение гиганта (Очерки о китайских реформах). – Алматы: Қазақстан, 1999. – 176 с.
-
Сыроежкин К.Л. Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2003. − 736 с.
-
Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы / Под ред. Ашимбаева М.С. – Алматы: КИСИ, 2005. – 231 с.
-
Современный Китай: экономика, демография и внешняя политика. – Алматы: Институт мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента РК, Центр по изучению Китая при ИМЭП, 2007. − 680 с.
-
Проблемы народонаселения КНР: пер. с кит. и англ./ Сост., ред. и предисл. Баженовой Е.С. и Судоплатова А.П. – М.: Прогресс, 1989. – 312 с.
-
Баженова Е.С. Китай в демографическом измерении. – М.: Наука, 1992. – 143 с.
-
Закон КНР о национальной районной автономии (поправки 2001 г.) // Китайская Народная Республика в 2001 г.: Политика, экономика, культура / РАН. Ин-т Дал. Востока. М., 2002. С. 472-473.
-
Китай: актуальные проблемы внутренней политики, права, административных и политических реформ. М., 2002.167 с. (Информ. материалы; Вып. 12 -13).
-
Китай в мировой политике / Под ред. А. Д. Воскресенского. М., 2001.528 с.
-
Новый прогресс в защите прав человека в Тибете (Белая книга) / http://russian.china. org.cn/ government/archive/ baipishu/node_2063555.htm
-
Тибетская проблема Китая / http://www.ng.ru/ideas/2008-05-16/11_tibet.html
-
Национальная районная автономия в Тибете / http://russian.china.org.cn/ government/ archive/baipishu/txt/2004-05/28/content_2115293.htm
Достарыңызбен бөлісу: |