Н. Ю. Пиговаева жоғары музыкалық білім жүйесінде арнайы пәндерді оқытудың психологиялық-педагогикалық Қатынастары



бет2/5
Дата20.06.2016
өлшемі399.5 Kb.
#149441
1   2   3   4   5

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Музыкалық ойлау тіркесіне анықтама беріңіз

2. Музыкалық стиль ұғымын сипаттаңыз

3. Есту фоны тіркесіне анықтама беріңіз.
1.3 Қазіргі кезеңде музыкант-студенттерге тәрбие мен білім берудің әдістерін жетілдірудің жолдары мен проблемалары
Біздің ғасырымыздың басында қабылданған жалпыға белгілі постулаттар: ғылыми педагогика өз жұмысын тәрбиеленетін ағзаның дамуын және оның тәрбиелеуші ортамен өзара байланысын зерттеуден бастайды. Ғылыми педагогика бақылау мен тәжірибенің деректеріне негізделеді. Ол қолданбалы философия емес, өзгеше эмпирикалық ғылым болып табылады. Ол тәрбиенің жалпы мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын әлеуметтік этикаға және осы міндеттерді шешуге қажет құралды көрсететін психология мен физиология сияқты қосалқы ғылымдарға негізделеді.

Жалпы педагогика үшін қабылданған бұл анықтамалар музыкалық таралулар үшін де негізгі болып табылады. Себебі педагогиканың жалпы заңдары тәрбиенің барлық салаларына бірдей келтірілетіндей болғанда ғана ғылыми заңдар болады.

Музыкалық педагогика білім берудің алдыңғы қатарлы формаларының дамуына ықпал ететін жағдайларды тудыру үшін көп қызмет етті. Әсіресе жас орындаушыларды тәрбиелеуге ықпалы зор болды. Білім беруді білімді, дағдыны формалды түрде жинау түрі ретінде жоққа шығаратын қағидала беки түсуде. Ол тек жаңа жолдарды ашудың, нәтижелердің жаңа деңгейлеріне жетуге қол жеткізетін жаңа тәсілдерді зерттеу құралы ретінде танылады. Жаңа музыкалық педагогика мен психология оқушы өзін өзінің істерімен ғана оқытып, тәрбиелеп қана қоймай, мұғалімнің осы істерді анықтайтын факторларды бағыттап және реттеп отыруын, бірақ оқушы да, мұғалім де осы істердің мақсатын анық түсінулерін талап етеді. Өнер педагогикасында осыншама кең тараған белгілі шығармашылық, шығармашылық бастау, шығармашылық сәті сияқты ұғымдардың не екенін анықтап көрелік.

Қозғалысты басқарудағы көркем бейненің ролін музыканттың техникасының табиғатын бақылау анық көрсетті. Штейнгаузе­н бойынша, қозғалыстарға үйрену – яғни жаңа ми процестерін қабылдау; қозғалыс істей білу – ми қоздыруының қажет суретін, қажет жоспарын меңгеру.

Көптеген музыканттардың пікірі бойынша, қозғалыстың қалыптасуы процесінде дұрыс қозғалыстарды табуды қамтамасыз ететін музыкалық-есту бейнесіне басымдылық берілуі қажет. Мәселен, Г. М. Коган: «барлық ыңғайлану жұмыстарын бағыттайтын және анықтайтын фактор есту, ол дыбысталудың нәзік белгілерін айырады және санадағы күштердің көмегімен орындаушының техникалық жұмысында сәттіліктерге жеткізетін фактор болып табылады. Осы сияқты пікірлерді Л. Шпор, И. Гофман, Ф. Бузони, В. Бардас сияқты белгілі композиторлар мен оқытушылардан да табуға болады.

Психологтар барлық арнайы жасалған қозғалыс ең алдымен кинестетикалық реакция тудыру үшін бақылаусыз жасалады, яғни тиісті ішкі тітіркеніс тудырады деген ортақ пікірде. Осыдан кейін ғана бұл реакцияны қайталау арқылы қозғалысты бақылау арқылы арнайы жасалған қозғалыс актісі жүзеге асады. «Тіпті ойдың қозғалысы тіліне қиын аударылатын математикалық формулалар, фило­софемдер немесе логикалық заңдар соңында бұрынғы жасалған қозғалыстардың қандай да бір қалдықтарымен байланыста болып шығады».

Қозғалысты көптеген жаттығулар жасау нәтижесінде автоматтандыруға қатысты пікір айтқан ғалымдардың пікірлері де белгілі. Музыканттар арасында танымалы Карл Черни: «қысқа мерзімде мақсатқа жету үшін ұсынылған жаттығуларда үздіксіз жасалатын жаттығулар саны белгіленген, жаттығушы бірнеше ай ішінде мақсатына жетеді.

Әдеттегі жағдайда бұл жылдамдыққа бірнеше жыл ішінде ғана қол жеткізуі мүмкін. Қозғалысты игеруде қозғалысты немесе есту әдісінің қайсы басым екені туралы даулар үнемі жалғасып отырады.

Адамның психологиялық қызметіндегі саналы мен санадан тыс болатындардың диалектикалық бірлігі туралы өткен ғасырдың аяғында-ақ белгілі педагог-пианист М. Курбатов мынандай пікір айтқан: «көркемдік тәсілдерін естудің көмегімен, дұрыс қозғалысқа қол жеткізу арқылы санаға бағындырмай қолдану қажет. Қолдың қозғалысына көңіл аударғанда-ақ бұл қозғалыс жасанды болып кетеді».

Бірақ кейін музыкалық аспаптарда ойнау техникасына қатысты қозғалыс физиологиясы саласындағы неміс дәрігер-зерттеушісі Ф. Штейнгаузен: «...қозғалыстардың барлығының толық санадан тыс жасалуы барлық қозғалыс процестерінің барлығының заңдылығы». Бұндай пікірді прагматикалық түсіну қазірге дейін сәнді болып табылатын шығармашылық қызметтегі интуиция мен сананың ролін фетишизациялаудың негізі болып табылады.

Басқаша айтқанда, «алгебраның көмегімен гармонияны түсінуге» қатысты жасалатын кез-келген қадам білім алушылардың қателесуіне әсер етеді. Жас музыканттар арасында кейде кәдімгі музыкалық сауатсыздықты кәсібиліктің болмауына жабады. Выготский, өзі музыкант бола тұра, «шығармашылықтың дауылды күші керемет кернеулердің үлгісін тудыруға қабілетті болғанымен, шын мәнінде ол мәңгілікке ең қарапайым, жұтаң формалардың тар шеңберінде қалуға мәжбүр» деп ескерткен.

Л. Л Баренбоймның мына сентенциясы ғылыми болжамға біршама жақын: «Кейбір процестерге тікелей әсер ету мүмкін болмаса, мақсатқа жетудің айналмалы жолдарын іздеу қажет».

В. Бардастың «Фортепианода ойнау техникасының психологиясы» атты еңбегінен пианистердің қозғалыстарындағы қателіктердің кейбір психологиялық себептеріне қатысты қызықты зерттеулерді кездестіреміз. Оның пікірінше бұл ең алдымен қозғалыс иннервациясының (сезінудің) бұзылуы мен соқтығысы және мезгілсіз немесе кеш жасалған қозғалыстар. В.Бардастың еңбегіне қатысты Г. И. Прокофьевтің жұмысына берген пікірдің де маңызы зор.

Онда педагогикалық ғылымның бұдан әрі дамуы тұрғысынан алғандағы кейбір идеялар анықталады, мысалы нервацияның күрделі құрылымы туралы, автоматизация процесінің оқудағы ықпалы, сана мен санадан тыс әсер етудің нәзік және түрлі формалары туралы, музыкалық мәтіннің «фразеологиялық және техникалық бірлігінің» келіспеушілігі туралы баяндалады.

Саналы және санадан тыс процестердің психикалық жаңа дүниелерді тудыру оқытудың физиологиялық негізі) барысындағы диалектикалық бірлігі:

- қозғалыстың мақсатын анық түсіну және осы қозғалыстарды мүмкіндігінше санаға бағындырмай орындау;

- психикалық жаңа дүниелердің физикалық дағдылардан үнемі басым болуы;

- осы өзара бірліктің бұзылуы – қате жасалатын қозғалыстардың негізгі себебі.

Кей жағдайларда болмаса, (М. Курбатов) психотехникалық мектептердің өкілдері орындаушылықтың техникалық жағын меңгеруде санаға бағындырылмаған процестерді басқару жолдарын іздеген, бірақ шығармашылық ойлаудың, шығармашылық назардың, шығармашылық эстрадалық өзін-өзі ұстауды тәрбиелеудің әдістерін қарамаған. Актердің өзін-өзі жетілдіруі» атты шығармашылық тәрбие берудің тұтас саласының негізі болған еңбегінде бұл мәселелерді көтеріп және оларды керемет жолмен шеше алған К. Станиславский болды. Теориялық зерттеулерде шығармашылықтың және орындаушылық өнердің басқа түрлерінде шығармашылық тәрбиенің заңдылықтарын пайдалану идеясының жемісті болатынына күмәндануға болмайды.

Себебі рухани әрекеттің жолындағы барлық күрделі формаларды дамыту жолдарында кездесетін барлық мәселелер мен бөгеттер жалпы болып табылады, әсіресе олардың сыртқа көрінуі қозғалыспен біріккенде, сезімді көрсету пластикамен біріккенде көрінеді. А. Ба­ренбойм Станиславскийдің жүйесінің негізгі ережелерін музыкант-орындаушыларды тәрбиелеу мәселесінің кейбіреулерін шешуге пайдалануға сәтті қадам жасалды.

Бұл ең алдымен мынандай белгілі тіркестер: «сана пайдалануға сәтті қадам жасады. предпринял удачную попытку использования основных положений системы Станиславского для решения некоторых вопросов воспитания музыканта-исполнителя. Прежде всего это общеизве­стные формулировки: «санадан тысқа саналылық арқылы, еріктен тысқа еріктілік арқылы», «табиғаттың санадан тыс шығармашылығы – әртістің саналы психотехникасы арқылы».

Білім алушы музыканттардың орындаушылық әрекеттеріне арнайы музыкалық қабілеттерінен және олардың қалыптасуынан тыс талдау жасау дұрыс болмайды. Музыкалық педагогиканың бұл саласы П. К. Анохинның, Б. В. Асафьевтің, В. Левидің, Б. М. Тепловтың, Б. Л. Явор­скийдің еңбектерінде ғылыми-теориялық тұрғыдан талданды. Осы еңбектерден шабыт, эмоция, ерік, назар, музыкалық, үндестік, музыкалық есту қабілеті, есте сақтау, елестету, шынайылыққа эстетикалық көзқарас т.б. анықтамаларын табуға болады. Музыкалық қабілеттердің көптеген белгілері мен қасиеттерінің қалыптасуы дамудың жалпы заңдылықтарына бағынатынын атап өту қажет. Л. С. Выготский «ешқандай дарындылық деген жоқ, бірақ адамдардың қандай да бір әрекетке ыңғайлы болулары мүмкін». Жалпы педагогиканың мына ережесіне дәл келетін музыкалық педагогикада анықтама бар.

Ол: «Музыкалық қабілет дамудың ең басында дайын күйінде берілмейді. Ол музыкалық есту қабілетінің белсенді шығармашылық қызметінде қалыптасады»,- делінген. Б.М.Теплов ең алғашқы болып музыкалық туралы ұғымды музыкалық дарындылықтың синтетикалық көрінуі ретінде енгізді және оны құрушы құрамдыс бөліктерін анықтады.

Олар: шындыққа эмоционалдық-эстетикалық қатынас, бейнелі ойлау, музыкалық естудің түрлі сапалық қасиеттерінен тұратын музыкалық-есту жүйесі, үйлесімділік және ритмдік сезім. В. И. Петрушин көптеген пікірлерді талдай отыра: «музыкалық дарындылықтың ең басты көрсеткіші – қысқа мерзімде ең жоғары нәтижелерге жетіп, кейін санада бір кезде жеткен нәтижені ұзақ уақыт сақтап, қажет болған кез-келген уақытта оны керемет жетілген түрінде ойнап беру қабілеті» деп жазады.

Музыкалық есту қабілетін музыкалық қабілеттің маңызды буыны ретінде зерттеумен Асафьев айналысты. Ол есту аппаратына белсенді тыңдаудың туған кезде пайда болған қасиеттері тән, бірақ, есту қабілетіндегі сезімталдықты мақсатты бағытталған музыкалық процесінде ғана тәрбиелеу мен дамытуға болады деп санады.

Белсенді мақсатты бағытталған қызмет пен үйренушінің музыкалық дамуының арасындағы өзара байланыстың музыка мұғалімінің барлық жұмысы үшін негіз болатын маңызы бар.

Алфавиттік жазбаның, сандық, ноталық және т.б. барлық жүйелері, нақтырақ айтқанда, сыртқы белгілердің қатарын ішкі реакциялармен байланыстыруға мүмкіндік беретін ережелерді ұсынатындығын білу де өте маңызды.

Ол жадының маңызды құрамды интеллектуалды саласы ретіндегі дамуында да белгілі бір артықшылық береді, алфавитті, санды, ноталық әліппені ойлап тапқан өнертапқыштар мнемоника саласындағы ұлы негіз қалаушылар болды. Мнемониканың негізінде сөзсіз, ассоциацияның жалпы психологиялық заңы жатады, онда оқуға, жазуға, есептеуге, тілдесуге және т.б. үйретуді қалыптастырады. «Зерделі өмір бай болуы үшін, көрініс қорының мол көлемі болғанша, көріністі жеңіл байланыстыратын қабілеті қажеттірек».

Музыкалық-есту қабілетінің көрінісінің (М-ЕҚК) құрамдық бөліктерін нақтырақ, толық қарастырамыз. Музыкалық шығарманы ести отыра, біздің санамыз музыкадан тыс жеке түйсікті реттейді және біріктіреді, музыканы тұтастықта қабылдайды, көркем образда айқындықтың барлық құралын біріктіреді.

Бір мезгілде «категоризация үрдісі» жүріп жатады, «оның барысында организм сигналды нақты бір категорияға жатқыза отырып, қисынды түйінді жүзеге асырады», яғни, ереже бойынша, жеке сигналға қарағанда жалпырақ, нақты бір түсінікке байланысты болады. Осының нәтижесінде естіген шығарманы нақты бір жанрға, стильдік бағытқа, нақты бір тарихи дәуірге және композиторға жатқызуға, айқындық пен құралдың қандай да бір жиынтығымен көркем образға салынған объективті көңіл-күйді айқындауға мүмкіндік бар.

Бірақ, өнер құбылыстарын қабылдау процесі – тек қана логикалық акті ғана емес, сонымен қатар, сезімталды, эмоционалды процесс. Шығарманың көркемдік құндылығы неғұрлым жоғары болса, жанның тікелей қозғалыстарымен тықсырылған логикалық танымның заңдары соғұрлым екінші қайтара, бағынышты маңызға ие болады. Бұл объективті процестер шығарманың өзінің субъективті ерекшеліктеріне және оны соңынан орындаушылық мақсатта қабылдайтын тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты болады.

Психологтар бекіткендей, адамның түрлі объектілерді қабылдауы көбінесе сол нәтижені күтумен анықталады, ал нақтырақ айтсақ, өзінің жеке тұлғалық мінезіне, өткен өмірлік тәжірибесіне, орындаушылық дағдысының бар екендігіне, т.б. байланысты өзінің қандай да бір раекциясын көрсете білу бейімділігі. Осылайша, қандай да бір субъектінің өмірлік құбылысында көргені сол жеке тұлғаның өзі жобаланатын өзіндік бір экран болып табылады.

Мұндай жобалаудың механизмдері З. Фрейдтің классикалық еңбектерінде бір жақты суреттеледі. Одан әрі зерттеушілер адамдардың жеке тұлғалық мінездерін объективті бекітуге мүмкіндік беретін түрлі тестер құрастырды. Олардың өмірлік құндылықтары мен бағдарлары, алға ұмтылушылықтары мен мотивациялары, білімінің мазмұндылығы мен тәжірибесі дұрыс анықталмаған, яғни түсіндіруге бір мағыналы емес сауалдарға берілетін жауап немесе картина мазмұнын суреттеу негізінде бекітіледі.

Парасатты және ықыласты педагог тестсіз-ақ оқушысының жеке тұлға екендігі туралы объективті пікір жасай алады, ол қалай өзгерсе де, «еш өзгеріс байқатпайды», егер ол апперцепция механизмдерімен таныс болса және тіпті ең кішкентай білімсіз белгінің негізінде үлкен мәселелерді үйренуге жол ашуға мүмкіндігі болады, себебі барлығы бір-бірімен байланысты, яғни, кішкентай термин үлкен ерекше терминмен бірігеді, ал тәжірибенің барлық алдын-ала элементтерін түсіну керек, оларды біз сыртқы қабылдауға енгіземіз және олар әдісті анықтайды. Басқаша айтқанда, апперцепция дегеніміз бүгінгіні қалыптастырудағы біздің алдыңғы тәжірибенің қатысуы секілді басқа бір жағдайды білдіреді.

Музыкалық шығарма сонымен бірге орындаушының өзіндік тұлғасы, оның қазіргі уақыттағы даму деңгейі және болашақтағы перспективасы көрінетін өзіндік экран секілді де қарастырыла алады. Әлеуметтік-психологиялық факторлар (жасы мен жынысы, білім деңгейі және нақты бір әлеуметтік-демографиялық қабатқа жатуы) орындаушылық әрекет сипатына әсер етеді, ол әрекет-музыкалық қабылдау нәтижесі – сәйкес қабілеттілік пен кәсіби дайындықтан кем емес.

В. И. Петрушиннің кітабында түрлі типтегі оқу орындарында оқитын, үлгерімдері жоғары және төмен, қоғамдық қызығушылық деңгейлері әртүрлі, түрлі әлеуметтік статусы бар отбасынан шыққан және материалды және моральдық жағынан жақсы тұратын жасөспірімдердің музыкалық қызығушылығын зерттеудің нәтижелері келтірілген. Олар барлық әлеуметтік-психологиялық фактордың жеке тұлғаның құндылық бағытының мазмұнына жалпы және музыкалық қызығушылығының жекелей олардың рухани мәдениетінің ортақ біртұтастығының құраушысы ретіндегі еш даусыз әсерін сенімді түрде дәлелдейді, мұнда толық немесе аздап қана тұтастықта өзіне тән құндылық бағытымен барлық жеке тұлға айнадағыдай көріне алады. Бұл процесс кейін музыканттың орындаушылық әрекетінің кезінде тағы да бір рет көрінеді.

Оқу репертуарын құрастыра отырып, мыналарды есепке алу керек: жалпы түрде музыканың парасатты және жеңіл жанрдағы музыканың ерекшелігі мынаған келіп тіреледі: біріншісі нақтырақ бір өзін-өзі бағалаудың бар екендігін түсіндіреді, ал екіншісі айрықша функционал, оның дыбысталуы қызметтің басқа, музыкалық емес көптеген түрін бірге ерте алады.

Петрушиннің аталған еңбегінде он төрт ерекшелігі бар кесте келтірілген, оны жоғары білікті музыкант-эксперттер тобы жазып алады. Бұл ерекшеліктер еш абсолютті емес және қашанда тура қарама-қарсы мәндердің көптеген мысалын табуға болады. Бірақ, автордың түйіндемесімен келіспеу қиын: «Менің ойымша, бұл екі жанрдың аса маңызды айырмашылығы - жеңіл музыканы қабылдаудың экстраверттелген сипатымен және парасатты музыканы қабылдаудың интроверттелген сипатымен көрінеді. Расында да, поп немесе рок музыканың концертіндегі тыңдаушылардың мінез-құлқын салыстыру да жеткілікті, мұнда сезімнің апаттық, экстатикалық түрде берілуі басымырақ болады, ол академиялық музыка концертінде психоэмоционалдық допинг эффектісін алу мақсатында орындаушының кезеңдік мінез-құлқына деген реакциясы секілді, ол концертте терең парасаттылық, мінез-құлықтың тепе-теңдігі болады.

Тыңдаушылардың концерттегі музыканы қабылдауы аяқталғаннан кейінгі жағдайының да көрнектілігі аз емес. Біріншіден кейін сананың көрсетілген лайлануы жиі агрессия сипатын және топтық қоғамға қарсы мінез-құлықты тудырады. Екіншіден кейін – сол өнердің керемет құбылысын қабылдаудан туған ерекше ағартушылық жағдайы, яғни музыка, көркем көрме, спектакль, кинофильм немесе кітап, медитация жағдайынан шыққан адамның реакцияларымен туыстас секілді.

Оларды көбінесе рефлексті білім деп аталатын адамның өзінің ойының нәтижесі, ақиқатты өзіндік ұғыну нәтижесі және сонымен қатар, жеке тұлғаның саналы белсенділігінің іргетасы біріктіреді, бұлар жас музыканттың қызметіндегі өзіндік интерпретация мен оның әлемінің шығармашылық өзгеруіне жол ашатын шығармашылық бастауды қамтамасыз ететін белгілер. Бір мезгілде жеке тұлғаның үйлесімді дамуы барлық жанр мен стильдегі музыканы қабылдау мүмкіндігін түсінеді, әйтпесе оның қабылдауында бос орын болуы мүмкін, немесе бір әсермен тәрбиеленетін кезеңдерді ауыстыруға болмайды.

Біз музыканы сүюшілердің кәсіби музыканттарды қабылдау реакциясын саналы түрде қарсы қоймаймыз, себебі, олардың әрқайсысының оң жақтары мен теріс жақтары бар. Сондықтан барлығын да музыкалық өнерді шығармашылық қабылдаушыға жатқызамыз, ал шығармашылық қабылдауда автор мен орындаушының шығармашылық бірлестігі болады.

Музыкалық қабілеттердің кешені тек қана музыкалық қызметте ғана қалыптасады және олардың әрқайсысы нақты бір жағымен байланысты. Арнайы музыкалық қабілеттер, әсіресе, музыкаға эмоциялық ықылас білдіру және музыкалық-есту сипаты еркін қабылдау секілді қабілеттер, дами отыра, индивидтің қабілетінің жалпы, тұтастықта дамуына да әсер етеді.

Бұл идеялар қазіргі заманғы музыкалық педагогика саласындағы ғалым-теоретиктердің еңбектерінде одан арғы шығармашылық дамуын тапты, ол ғалымдар: О. А. Апраксина, Л. Г. Арчажникова, М. Д. Лвазашвили, Э. Б. Абдулли­н, Ю. Б. Алиев, В. Ю. Григорьев, В. И. Петрушин, Г. Л. Стулова, Г. М. Цыпин және басқа да көптеген ғалымдар. Қоғам мен жеке тұлғаның даму заңдарының қазіргі заманғы философиялық трактовкаларына, адам туралы физиология мен ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйенген музыкалық педагогика мен психологияның соңғы жетістіктерін зерттеп-үйрену бір жағынан – білімнің, дағдының түрлерінің табысты қалыптасуы үшін заңдылықтар мен жағдайлардың барлық нәзіктігін ашуға, ал екінші жағынан – бұл процестердің бұзылуы механизмдерін ашуға мүмкіндік береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Шығармашылық», «Шығармашылық бастама», «Шығармашылық кезеңі» түсініктерінің қандай ортақ және ерекшелік қасиеттері бар?

2. Музыканттың ойын қозғалыстарының сапасының негізгі детерминанттары қандай?

3. Оқу репертуарынан алынған бірнеше музыкалық мысалдан дыбыстың сапалылығын әдемілеп және түсінікті сипаттап беруге тырысыңыз.

4. Музыкалық қабілеттің құрылымы туралы Сіздің түсінігіңіз қандай?

5. Мына жағдайды қалай түсінесіз: музыканың шығармашылық қабылдануы автор мен орындаушының шығармашылық бірлестігі?

1.4 Музыкант студенттердің қате әрекеттерін рационалды зерттеу әдістері туралы қазіргі заманғы психология мен педагогика

Музыкалық педагогикада мазмұнының мақсатты бағытталуы жөнінде 3.Фрейдтің зерттеу еңбегіне ұқсас еңбек жоқ. Бір мезгілде ағылшын ғалымы Э. Стоунс өзінің «Психопеда­гогика» атты фундаментальды еңбегінде оқу үрдісі кезіндегі оқушының «жолы болмаушылық пен табыстарына», басқаша айтсақ, қате және дұрыс әрекеттеріне деген педагогтың реакциясына аса көп көңіл бөледі. Екі ғылымның (педагогика мен психология) бірігу қажеттілігіне арнайы тоқталып өту қажет емес шығар, себебі бұл фактіні іске асқан деп санауға болады.

Өз еңбегінде Стоунс оқу процесінің түрлі жағдайларын және оқу қызметіндегі, т.б. кездегі оқытушының «нығаю», «жазалау», «елемеушілік», «үйрету ортасының тиімді құрылымдылығы», «оңтайлы жағдай жасау» секілді әрекеттерін ашып, нақты талдап көрсетеді. Ол оқушының оқу қызметі үстінде қанша рет және қаншалықты қателіктер жасауында оқытушының анықтаушы ролін бірнеше рет атап көрсетеді. Сабақтың оптималды құрылуы оқушының тәжірибесін реттеуге мүмкіндік береді, сол кезде ол кез-келген жағдайдан еркін шығып кете алатындай болады.

«... Мұндай құрылымдауда қате үйрету болмайды, бұл, әрине, аз болуы да мүмкін... Қателіксіз үйрету ұғымының таң қалдырарлық екеніне күмән келтіруге болмайды. Біздің өз қателіктерімізден үйренетініміз белгілі». Соңғысын Стоунс «оқытушысыз» білім беру кезіндегі жағдай деп немесе оның негізгі ролі - оқушыға бір рет жасаған қателігінен үлкен қателікке ұрынуына жол бермеу деп көрсетеді. Бұл дағдылар тек қана педагогта қалыптасады және оқушымен максималды реттелген кері байланыс болады.

Біз үшін басқа да аспекті маңызды – барлық практикалық педагогика қазіргі кезеңде дағдыға, білім алуға деген құштарлыққа және оқытушының өзіне, білім беру мен тәрбиенің жаңа стандарттан тыс жағдайларымен, сонымен бірге, қателіктермен сағат сайын кездесіп отырса да, оқуға, білім алуға негізделген. Осы жерден мынадай қажеттілік туындайды:

- білім алушылардың қателіктерін қарастыра отырып, оқытушының бұл жағдайды болдырмау бойынша жасаған әрекетінің қаншалықты дұрыс болғандығын нақтылау, жағдайды не тудырғанын, сонымен қатар, сол қателіктің өзіне жасалатын реакцияны анықтау;

- «Үйрету ортасының оптималды құрылымдануын» талдай және қалыптастыра отырып (Стоунс терминологиясы), педагогтың кәсіби қызметінің ортасы жеткілікті оптималды құрылғандығын қарастыру;

- «Білім алушымен максималды реттелген кері байланыс» түсінігіне білім алушының оқытушының қате әрекеттеріне реакциясының барлығы туралы ақпаратты енгізу.

Тек қана осы шарттарды қамтамасыз еткен жағдайда ғана білім беру процесі туралы оқу серіктестігі ретінде деп айтуға болады. Білім алушылар - оқытушы кестесі бойынша серіктестікті қалыптастыру кезінде білім беру процесінде туатын күрделі жағдайлар мен мәселелердің талдауына Г. Л. Цукерманның «Оқытудағы қарым-қатынас түрлері» атты еңбегі арналған.

Онда, көбінесе, «балалар интеллектісінің кестесінің» өзіндігі, үлкендермен серіктестік құру тәжірибесінің барлығы және оқушыға әлемді ерекше танытумен кететін кез-келген мәдени мазмұнды меңгеру кезіндегі бұрмалаушы факторларға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл жағдайды дамыту үшін қажет болған түрткі - француз психологы Ж. Пиаженің 30-шы жылдары жазылған «Баланың моральдық пікірі» атты еңбегінде айтылған ойы еді: үлкендер жас және эгоорталықтық ақылды жабықтайтын логикалық және адамгершілік жазылым дайындықта қабылданады, бірақ сол мезетте-ақ бұрмаланып, оңайлануда.

Осыдан педагог тарапынан өз оқытушысын жабдықтайтын жазылымның мүмкін болатын «бұрмалаушылықтарын» және сонымен қатар, жас эгоорталықтық ақылға қажетті мәдени үлгілердің мазмұнының жаңа формаларын (қарқынды кері байланыс негізінде) үздіксіз іздеуді үнемі бақылап отыру қажеттігі туады. Біздің даму деңгейімізге сәйкес келетін адамның ойлау барысы бізге түсінікті екенін және егер ол төмен болса, тіпті де түсінікті екенін үнемі есте ұстау керек.

Бірақ та, интеллектуалды даму деңгейі біздің деңгейімізден жоғары болғандардың ойлау барысы мен пікірі біздің деңгейімізге дейін түскен жағдайда біз оны түсінбейміз. Соңғысын әрекетке жетекшілік ретінде түсіну керек.

Дамушы білім берудің қазіргі заманғы педагогикалық теориялары бір жағынан қажеттілігі ақпараттың үлкен ағынымен және мәдени құндылықтардың көлемінің өсуімен байланысты ұлғая беретін оқу процесінің қарқындылығын қамтамасыз ететін, ал екінші жағынан білім берудің одан арғы кезеңінің қажетті шарты ретінде білім мен дағдының мықтылығының өсуі заңдылықтарына терең ғылыми қатынас жасайды.

Кей жағдайда, өзінің «Дамушы білім беру мәселелері» атты еңбегінде В.В. Давыдов ресей педагогикалық ғылымының өкілдерінің бірқатарының еңбектерін жалпылайды. Білім алушылардың психикалық дамуының концептуалды жүйелілігі бақыланып отырған зерттеулері негіз қалаушы болып табылды.

Білім берудің психологиялық негізінің дамуы білім берудің басталуына зиянын тигізбейді, тек қана онымен ажырамас ішкі байланыста жетілдіріледі. Бұл жаңа теориялық құрылымның принциптерін анықтайды: адамның психикалық дамуы индивидтің туа пайда болған қабілеттерін жан-жақты дамытатын «қоғамдық үлгіні» және тәрбие мен білім беру процесінде арнайы психикалық қызметті тағайындау түрінде жүзеге асады. Соның нәтижесінде:

- білім алушының психикалық даму сипатымен сәйкес келетін тәрбие мен білім берудің ішкі байланыстарын үйрену үшін қажетті бағыттамалар қалыптасады;

- бұл байланыстардың сипатын үйренудің ерекше әдісі ретіндегі эксперименттің түрлеріне психологиялық зерттеу енгізуге қажетті жағдайлар анықталған.

Кей жағдайда, Выготский және оның серіктестері түпкі-генетикалық (себептік) әдісті қолдана бастады, ол әдіс олардың мақсатты бағытталған қалыптасуының арқасында психикалық жаңашылдықтың пайда болуын зерттеуге мүмкіндік берді. Эксперименталды білім берудің білім алушының психикалық дамуына әсерін үйрену ерекше әдісті қолдануды талап етті, оны психологияда қалыптасушы эксперимент әдісі деп атау қабылданған. Оған үйреніп отырған процеске зерттеушінің белсенді араласуы тән болып табылады. Қалыптасушы эксперимент жүргізу қалыптасып отырған психикалық жаңашылдықтың мазмұнын жобалау мен модельдеуді ұсынады.

Білім алушымен жүргізілетін оқу жұмысы процесінде мұндай жобаның (модельдің) іске асуының жолдары мен формаларын зерттей отыра, сонымен бірге сәйкес келетін психикалық жаңашылдықтың пайда болу заңдылықтары мен шарттарын да үйренуге болады. Осылайша, қалыптасушы экспериментті генетикалық-модельдеуші деп те атауға болады.

Бұл әдістер білім алушының психикасын да әрекетте қателікке әкеп соғатын тұрақты да, кездейсоқ та жаңашылдықтың қалыптасуының себептері мен шарттарын нақты анықтау маңызды болып табылатын кез-келген зерттеуде анықтаушы болады. Аталған мәселелерді зерттеу үшін педагогика мен психологияның адамның қабілеті, шығу тегі және дамуы мәселелерін қарастыратын бөлімдері де аса құнды болып табылады. Жалпы педагогика саласында К. К. Платоновтың «Қабілеттілік мәселелері» атты еңбегінде кәсіби іріктеу әдісі талдауы кезінде осы зерттеу үшін маңызды мынадай түйін жасалады:

«Қабілетті» білім алушы дегеніміз ол – қате жасамайтын адам емес. «Қабілетті» білім алушы ол – білім алу процесінде дөрекі және тұрақты қате, қате әрекет жасамайтын адам, яғни, нақтырақ айтсақ, алға қойған мақсатына жете алмайтын адам.

Одан әрі Платонов қателіктің төмендегідей дефинициясын және оның пайда болу себептерін ұсынады: «Қателік дегенде... қате әрекетті, ал кейде оның нәтижесін түсінеді. Біріншісі екіншісі арқылы танылады. Білім алушылардың қате әрекеттері олардың көріну деңгейі бойынша ажыратылады – бар нормативтерге байланысты, және дөрекілік бойынша – білім беру кезеңіне байланысты; олар тұрақтылығы бойынша, яғни қайталанушылық, басқа қате әрекеттермен байланыс бойынша, олардың пайда болу себептері бойынша ажыратылады. Қате әрекеттің ең ортақ себептері мыналар болып табылады: кездейсоқ, алдын-ал жоспарланбаған сыртқы әсерлер; білім алушылардың дайындығының жеткіліксіз деңгейі; оның жеткіліксіз қабілеттері немесе қабілетсіздіктері.

Бұл тезистер музыкалық педагогикалық практикадағы өзекті болып табылатын мынадай мәселелерді зерттеу үшін негізгі нүкте болып табылады:

- білім алушының әрекетін талдаушы және бағалаушы, оның дамуының болашақтағы әрекеттерін бағалау кезінде әрқашан да нәтиже басты бола ма және бұл жағдай педагогтың түйінінде қателіктерге негіз болмай ма;

- білім алушының әрекетінің қателігінің көрінуінің деңгейін анықтау музыкалық педагогикада қаншалықты қолданылады. «Қолданылатын нормативтерге» байланысты (орындаушылық дәстүр, педагогикалық мектептердің қаулысы, ұсыныстары мен әдістері және т.б.);

- қателіктің «дөрекілігіне» тағы басқа қандай жағдайлар әсер етеді («білім беру кезеңінен» басқа) және музыкалық педагогикада қателіктің ұсақ, қатысымды, құтыла алмайтын, «пайдалы», симптомдық сияқты және тағы басқа да анықтамалары қаншалықты қолданылады;

- «сыртқы әсерді» қателіктің себебі ретінде қарастыра отырып, нақты осы факторлардың білім алушының ішкі психикалық процестеріне әсерін анықтау керек және жағымсыз сыртқы әсерге қарсы тұру әдістерін, психиканың тұрақтылығын тәрбиелеу әдістерін құру.

В. В. Чебыше­ваның «Еңбектік оқытудың психологиясы» еңбегіне назар аудару жетістікті болады, онда білім алушының әрекет саласындағы қате әрекеттері толығымен талданады, ол ішкі психикалық процестердің бұзылуынан да, сабақтың, еңбектің және демалыстың нашар ұйымдастырылуы секілді сыртқы жағдайлардың бар болуынан да шығады.

Жоғарыда аталған, қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы педагогикалық ғылымда қабылданған идеялар мен зерттеу әдістері төменде берілген тақырыптардың құрылуына негіз болды: кәсіби рефлексияның қалыптасуы бойынша ұсыныстар, ізденістік әрекеттер бойынша ұсыныстар, орындаушылық әрекеттің бағасы мен бақылауы, өзіндік үйренуге білім мен қабілеттің дамуы, жаңа дәстүрлі емес тапсырманы шешеу процесін білдіретін жағдайды, талаптарды үйрену. Жалпы алғанда, бұл білім алушының қате әрекеттеріне және оларды жоюдың әдістерін қалыптастыруға ғылыми-детерминалданған қатынас, негіз береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет