Нарық, ұлттың немесе әлемдік ауқымда қарасты бәсекелестіктің бар болуын қарастырады. Нарықтағы бәсекелестік тауар мен қызмет өндірушіні жетілдіруге және өзінің перспективалық бәсекелестік артықшылықтарының даму жолына жетелейді. Бәсекелестік әлеуметтік және заңды еркін тұлғаны шығармашылық қызмет етуге міндеттейді. Әзірлеу мен жаңа бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді әзірлеу формасында экономика саласында өзін-өзі іске асыру шарттарын жасайды. Бәсекелестік— жарыс процесі. Бұл түсінікті анықтауда әртүрлі көзқарастар бар. Адам Смит бәсекелестік — мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар нарықта неғұрлым тиімді сату және сатып алу шарттары үшін жарысып, сонымен қатар бәсекелестік оңтайлы еңбек пен капиталдың бөлінуіне әкеп соқтырады. Автриялық экономист Й. Шумпетерге тиімді бәсекелестік теориясы тиесілі. Тиімді бәсекелестік тек өңдеу көлемінің кеңеюіне мықты еңбек өнімділігінің өсуіне, бағаларының төмендеуі, өндіретін тауарлар түр-түрінің кеңеюіне ынталандыру бола алатын бәсекелестік. Фрайбургтік мектебінің өкілі В. Ойкеннің ойынша бәсекелестік жеке қызметке ынталадырудың техникалық прогрестің, экономикалық өсуінің ең жақсы механизмі бола алады. Либералдардың ойынша бәсекелестік даму кезеңінде өзін-өзі жойды, себебі бәсекелестік күрес бәсекелестерді жоюға алып келіп, монополиялық дамуына негіз жасайды. Нобель лауреаты Массачусет технологиялық институтының профессоры Поль Самуэльсон (АҚШ) бәсекелестік туралы мұқият жасалған нарық пен бағалар жүйесі арқылы нақты іске асырылған реттеудің күрделі механизмі деп айтқан. П. Самуэльсон бойынша бәсекелестік— миллиондаған әртүрлі индивидумдардың білімдері мен істерінің біріктіру құралы.
Бәсекенің білікті зерттеушісі М. Портер бәсекелестік күш сияқты, өзіне келесі компоненттерін қамтиды: жаңа бәсекелестің пайда болу қауіпін; туарлар мен қызметтерді ауыстыру қауіпін; жинақтаушы бұйымдарының жеткізушілердің бәсекелестігі; тауарлар сатып алушылардың бәсекелестігін; бар бәсекелестердің арасындағы күресті. Бес күштің әрқайсысының саладан салаға ауысып, салаларының пайдалылығымен анықталады. Бұл күштердің әсері жағымды көрсетілген саналарында, көптеген бәсекелестер қаржы салудан жоғары пайда алулары мүмкін. Егер бір немесе бірнеше күштер әсері жағымсыз болса, онда жоғары пайданы біразы ала алмайды. Бәсекелестер арасындағы бәсекелестік нарықтың сипаттамасына байланысты. Неоклассикалық экономикалық теорияның өкілі Стиглер кемеліне жеткен бәсекелстікті былай сипаттады: тауар өндіруші формаларының саны, бірде-бір форма тауар бағасына ешқандай әсер ете алмайтындай жеткілікті көп өндіретін тауарлар біртекті, сондықтан тұтынушылар қандай да фирмаың тауарын артық санамайды, фирмалар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс жасайды және көптеген жеке агенттер арқылы өздерін ұсынады, фирма өкілдері маңызды нарық факторлары толық білімімен қаруланған.
Бұл көзқарастың қарсыластары болып Дие Робинсон жетілмеген бәсекелестік теориясының шеңберінде және Э. Чемберлин (монополистік бәсекелестік теориясында) жетілдірген бәсекелестікпен қатар абсолюттік монополияда бар. Ғалымдар көрсткендей нарықтың алғышарты арқылы бұл екі шеткі түсініктер синтезіне жетеді. Тауар жиынтығы біркелкі емес. Бәсекелестік осы сигментацияны тудырады, себебі әр фирма өзінің жеке нарықтық тауарнаманы бекітіп және жағдайын жасағысы келеді. Былай қарағанда сұрақтың икемділігі абсолюттіден қашықтау, бұл жетілдірген бәсекелестің теориясы ұйғарғандай болады. Сатып алушылар бағалар деңгейіне ғана сезіктенбейді. Бағалық бәсекелестік фирмалардың үлкен мәніне ие— өнім сапасының өсуі арқылы, қосымша қызметтер ұсыну арқылы, жарнама көмегімен тауар қозғалысы және басқалар арқылы. Жетілген бәсекелестік теориясының ұсынысына қарағанда, әр түрлі фирмалардың ұсынған өнімдер мен қызметтер бірдей емес, бұл бәсекелестікті көп деңгейлі аса күрделі процеске айналдырады.
Қазақстандық ғалымдар (Сабден О, Қошанов А.К., Хұсайынов Б.Д., Днишев Ф: М., Додонов В.Ю., Аханов С.А., Нұрланова Н: К., Әлжанов Ф.Г.) ХХғ жарытысында бәсекелестіктің жақсы сипатына ие болды. Біріншіден, алғашқы ашылған нарықтағы өнім өндірушілердің еркін бәсекесі әр түрлі формаларда олигонополистикалық және монополистік құрылым мен ішінара жабық (пртекционизм көмегімен) нарықтармен бірлесті. Екіншіден, бірте — бірте бәсекелестіктің бағалау тәсілдерінен бағалысыз тәсілдерге көшуі болып жатқанымен, шынайы экономикада олардың үйлесуі байқалады. Үшіншіден, сұраныс құрылымының өзгеруі жаппай сәйкестендірілген өнім қабылдаудан және тұтынушылық инвестициялық сұранысты қанағаттандыруы нарықтарды одан аса майда сегментттерге бәсекелестікті одан бөледі. Қазақстандық ғалымдардың көрсетіп отырғаны, шынайы қазіргі күні тұтынушы үшін бәсекелес аса басқыншы түрде өтіп жатыр. Бұл жағдайда кәсіпкер-инноватор ұтуда.
Көптеген жағдайда бәсекелестік күрестермен сипатталады. Нәтижесінде, бәсекелес әріптестікке қатыса көшіп, жаңа жоғары деңгейлі бәсекелстікке қаблеттілік пайда болады. Бәсекелестік аспектілерден көбейіп отырған экономиканы жаһандану процесі халықаралық қатынас проблемалары акценттерінің жылжуына себеп болады. Әлемдік экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде бәсекелестік шарттары да өзгеріп отырады. Әлемнің І және ІІІ елдердің сауда саттық көтермелерінің төмендеуі және сауданың жалпы ырықтандыру трансұлттық корпарациялары бүкіл әлем бойынша жаңа өндірістік қуаттарын орналастырудың одан да көп таңдаулары болған, өнімнің бірлігіне шығындарын барынша азайту және пайданы барынша көбейту принципі бойынша өтеді. Бұл процестің стандартталған өнімділігі бірқатар елдерінің ең арзан жұмыс күшінен білінді.
Оңтүстік шығыс Азия және Оңтүстік Америка мемлекеттері, бұл уақытта жаңа жұмыс орындары дамыған Батыс елдерімен бәсекелестігі әлемдік дамуға енген. Дамуының аса қарқынымен жаңа индустриалды елдерінің бірінші толқыны көзге түскен — ганконг, Сингапур, Қытай провинциасы Тайвань және Корей Республикасы, содан олар жаңа индустриалды елдерінің екінші толқынына қосылған елдер — Таиланд, Малазия және ірі елдер — Мексика, Бразилия. СССР ыдырауымен социалды жүйенің қирауымен және жаңа ТМД елдерінің және Шығыс Еуропаның әлемдік шаруашылыққа енуімен бірегей әлемдік шаруашылық пайда болды, ондағы өз тауарларын сату нарықтарын елдер арасындағы бәсекелестік, шетелдік инвестициялар мен инновациялар көбейді. Бүгінде бәсекелес күштер аясында өндірістік салаларын өзгертетін, динамикалық өзгерістерді талдау және түсіндіруге мүмкіндік жоқ. Л. Доунс ойынша, портердік модельдер өмірде қабілетсіз болып келеді. Л. Доунс жаңа стратегиялық құрылым мен аналитикалық және бизнес құралдарын өніруді қажет ететін үш жаңа сәйкестендіру: санамалау, жаһандану, қайта реттеушілік. Жаһандану процесі нарықтың барлық қатысушыларына жаһандық деңгейде сатып алу, сату және ынтымақтастыққа мүмкіндік береді. Тұтынушылар бұл уақытта тауар іздеп, жаһандық деңгейде оның бағасын салыстыра алады. Нәтижесінде, жергілікті масштабтағы нарыққа бағытталған орта деңгейдегі компаниялар жеке экспортпен және импортпен айналысады, жаһанды нарықта табылады. Бәсекелестікке қабілеттілік ұғымын әр түрлі көзқарастардан анықтауға болады: Мысалы, А.Ю.Юданов бәсекелестікке қабілеттіліктің келесі анықтамасын береді: «өндіріске анық тауар сатып алушының берілген өнімнің тартымдылық көрсеткіші». Бұл жағдайда тауардың бәсекелестігі қарастырылады. Бұдан басқа, тауар фирма, сала, аймақ және ел бәсекелестігін айыру керек. Бұл тізбектің әр элементінің жоғары бәсекеге қабілеттілігі нәтижесінде әлемдік шаруашылықтағы елдің бәсекелес орнын анықтайды. Бізідң елдің бәсекеге қабілеттілігі түсінігі қызықтырады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі туралы проблемасын бүтін бір экономика емес, экономиканың салалары мен сала тармақтары деңгейінде қарастырған жөн. Бұл жағдайда бірде бір ел барлық өнеркәсіптің немесе қызмет салаларында бәсекеге қабілетті болуы мүмкін емес. Ресейлік экономист-географ Н.С. Мироненко бәсекеге қабілеттілік анықтамасын географиялық аспектілер арқылы қарастырған. «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік түсінігімен, экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдастық — басқарушылық, маркетингтің және басқа да сыртқы және ішкі нарықтағы шетелдік тауарларға сәтті мүмкіндіктері.
Бұл мүмкіндіктер географиялық жаңарған және аймақтың сипаттық ерекшеліктері болып табылады. Халықтың өмір сүру деңгейі мен тығыз байланысты «бәсекеге қабілетті» терминінің бірнеше анықтамалары қызығушылық туғызуда. «Ұлттық бәсекеге қабілеттілік — елдің өмір сүру қабілеттілігі өсуімен байланысқан елдің халықаралық экономикада бәсекелестік күресте, басқа елдердің өндірген тауарлар мен қызметтерді өндіріп, орналастыру қабілеттілігі. Экономикалық әріптестік пен даму ұйымының қызметтері мынадай қорытынды жасады, «бәсекеге қабілеттіліктің сипаты болып ашық нарықтың экономика кезеңінде елдің халықаралық бәсекелестік тестіден өтіп, сонымен қатар ұлттың айқын табыстылығын ұлғайта отыруды көрсетті».
Әдебиет:
1. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов./Отв. ред. Абалкин Л.И. перевод с англ.: В 2-х т. — М.: Наука, 1993. — Т. 1. — 106 с
2. Шумпетер Й. Теория экономического развития./Общ. ред. Мысейковского А.Г. — М.: Прогресс, 1982. — 453 с.
3. Ойкен В. Основы национальной экономики. — М.: Экономика, 1996. — 201 с.
4. Портер М. Конкуренция/М.Э. Портер пер. с англ. — М.: Издательский дом «Вильяме», 2000. — 495 с