Кіріспе
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.Көлiк саласындағы басты мiндет көлiк инфрақұрылымы дамыту факторын шектейтiн жағдайларды болдырмау мақсатында елдiң жедел экономикалық дамуына сәйкес жүктер мен жолаушылар ағынын кеңейту мен жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Елдiң көлiк әлеуетiн барынша дамыту басқа да маңызды мiндет болып табылады. Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауларды дамытудың басты артықшылығы - бұл арақашықтықты айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың ең жақсы жағдайларында теңiз жолымен жүктердi жеткiзу мерзiмi Берлиннен қытай порты Ляньюнгаға дейiн 20 күндi құрайды, ал темiр жол бұл уақытты 11 тәулiкке дейiн қысқартады, тасымалдау арақашықтығын екi eceгe азайтады. Экономикалық процестердiң ғаламдануы барлық мемлекеттердiң, субъектiлердiң әлемдiк көлiк коммуникацияларына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, ел арасындағы өзара тиiмдi сауда үшiн халықаралық көлiк дәлiздерiн ұйымдастыру қажеттiгiн негiздейдi. Қазақстанның тасымалдың қалыптасқан әрi түзiлген жүйесiне өзiндiк орны бар буын ретiнде кiру айрықша маңызды. Қазақстан арқылы өтетiн халық аралық көлiк дәлiздерi желiсiн дамытудың қазiргi тұжырымдамасы негізінде болып табылады.Көлiк кешенiн дамытудың мақсаты сыртқы рынокқа отандық экспорттық тауарларды тиiмдi жеткiзу мен оны пайдаланушыларға кең ауқымдағы көлiк қызметтерiн жиынтығын көрсету. Тасымалдауларды және шетелдiк инвестицияларды белсендi тартуды; шетелдiк мемлекеттермен көлiктiк ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуды қоса алғанда, көлiктiк тасымалдауларды тарту және халықаралық көлiк дәлiздерiн; мультимодельды көлiк жүйелерiн; Каспий теңiзiндегi теңiз көлiгi мен өзен көлiгiн дамытуды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |