Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк және эксперименттiк әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерiнiң халықаралық ұшулармен шет мемлекеттердiң әскери құрылымдарын



Дата01.07.2016
өлшемі35 Kb.
#169714
Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк және эксперименттiк әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерiнiң халықаралық ұшулармен шет мемлекеттердiң әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайларды анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 21 қарашадағы № 926 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 9039 тiркелдi

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк және эксперименттiк әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуларымен әскери құрылымдарын, қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайлар анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан
Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркеуден соң, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның iшiнде Қазақстан
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсiн;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
тiркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде ресми жариялауға көшiрмесiн «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу кұқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Әдiлет» ақпарттық-құқықтық жүйесiне жолдауды;
      4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнiң кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ.Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн еткен соң күшiне енедi.

           Қазақстан Республикасы


          көлiк және коммуникация
      Министрiнiң мiндетiн атқарушы              С. Сарсенов

Қазақстан Республикасы


Көлiк және коммуникация
министрiнiң мiндетiн
атқарушысының   
2013 жылғы 21 қарашадағы
№ 926 бұйрығымен бекiтiлген

Шет мемлекеттерiнiң мемлекеттiк және эксперименттiк әуе
кемелерiнiң халықаралық ұшуларына, сондай-ақ әуе кемелерiнiң
халықаралық ұшулармен шетел мемлекеттердiң әскери құрылымдарын,
қарулары мен әскери техникаларын тасымалдауға ашық әуежайлары

р/с

Әуежайлардың атауы

Орналасқан жерi

1

«Халықаралық Ақтөбе әуежайы» акционерлiк қоғамы

Ақтөбе қ.

2

«Халықаралық Атырау әуежайы» акционерлiк қоғамы

Атырау к.

3

«Халықаралық Ақтау әуежайы» 9 акционерлiк қоғамына

Ақтау қ.

4

«Сары-Арқа әуежайы» акционерлiк қоғамы

Қарағанды қ.

5

«Шымкент әуежайы» акционерлiк қоғамы

Шымкент қ.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет