Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша ОҚО бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат
(2014 ж)
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресудің 2012-2016 жылдарға арналған Бағдарламада көзделген іс-шараларға сәйкес, ағымдағы жылдың алты айында бірқатар ұйымдастыру және жедел-іздестіру іс-шаралары атқарылды.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабы құрылып, оған Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов мырза төрағалық етуде. Құрылған штаб мүшелерінің құрамына тоқсан сайын қажетті түзетулер мен толықтырулар енгізілуде және штаб қызметін қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда.
2014 жылғы 24 қаңтарда ҚР ҚК-нің «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің барлық санаттағы әскери қызметшілерінің, Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасы мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында 451 адам қатысқан «құқықбұзушылықтар мен қылмысқа жол бермеу, оның алдын алу» атты дөңгелек стөл жиыны болып өтті.
2014 жылғы 24 қаңтарда ҚР ІІМ ІӘК-нің 6698 әскери бөлімінің басшылығы, бөлімі, әскери полиция бөлімшесімен «Әскерде нашақорлыққа жол жоқ!» атты өткізіліп жатқан іс-шараларға байланысты, әскери қызметшілер арасында «Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдаланудың және спирттік ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны» тақырыбында жыйын өткізілді. Аталған жыйындарда, ОҚО ІІД ЕБҚКБ-ның қызметкері нашақорлықтың алды алу және есірткі қылмыстары бойынша лекция оқыды.
Оңтүстік Қазақстан облысы халықтарының арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тәрбие саласындағы міндеттерін жүзеге асыру мақсатында, 2014 жылғы 10 наурызда Шымкент қаласындағы №25 мектеп-гимназиясының базасында «Қыз тәрбиесі – ұлт абыройы!» атты мұғалімдер мен оқушылар қатысқан кездесу болып өтті. ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы алдын алу іс-шараларын өткізумен шектелмей, бұл мәселемен шұғылданатын басқа да ведомстволардың жұмысын үйлестіруде.
2014 жылғы 10 сәуірде Шымкент қаласы №3 колледждің студентерімен «Нашақорлықтың профилактикасы» тақырыбында кездесу өтті. Сол күні, Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Химия-технологиялық факультетінің «Нанотехнология» кафедрасының студенттерімен «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел басында семинар сабақ өткізілді, Дәріс тыңдаушыларға ақпараттық және үгіт-насихат құралдарын, атап айтқанда: есірткіге қарсы арнайы дайындалған «Әлем есірткілерсіз!» бейнеролигі көрсетілді, «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» журналдары таратылды.
2014 жылғы 15 сәуірде Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Құрылыс және көлік» факультетінің студенттерімен «Қазіргі таңдағы жастардың құқықтық тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізіліп, есірткі құқықбұзушылықтары мен жастардың есірткі тұтынуының алдын алу бағытында лекция оқылды. Дәріс тыңдаушыларға ақпараттық және үгіт-насихат құралдарын, атап айтқанда: есірткіге қарсы арнайы дайындалған «Әлем есірткілерсіз!» бейнеролигі көрсетілді, «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» журналдары таратылып, осы іс-шаралар бойынша хаттама түзілді.
2014 жылғы 19 сәуірде ОҚО ІІД ЕБҚКБ, ЮПТ, облыстық наркологиялық диспансерінің қызметкерлерімен Шымкент қаласындағы №23, №18 мектептерде оқушылардың қатысуымен «Есірткінің адам ағзасына зияндығы» туралы кездесу өткзілді. Ағымдағы жылдың 22 мен 23 сәуірде ОҚО ІІД ЕБҚКБ, ЮПТ, облыстық наркологиялық диспансерінің қызметкерлерімен Шымкент қаласындағы №77, №80 мектептерде мектеп оқушыларының арасында «Есірткі құқықбұзушылықтары туралы» кездесу өткізілді. Аталған кездесулерде оқушылардың сауалдарына ЕБҚКБ-ның және наркологиялық диспансердің қызметкерлері толық жауап берді. Кездесу кезінде оқушыларға «Есірткісіз болашақ» және «Наркопост» журналдары таратылды.
Сонымен қатар, «Даму» ҮЕҰ-ның өкілдерімен 2014 жылғы 7 сәуірде Шымкент қаласындағы ОҚО Педогогикалық колледжде, 8 сәуірде ОҚО Экономика және статистика колледжінде, 10 сәуірде «Мерей» Экономика және сервис колледжінде, 11 сәуірде №6 колледжде, 17 сәуірде «Авиценна» медициналық колледжде, М.Ауезов атындағы ОҚГУ-де, 24 сәуірде Жаңа технологиялар колледжінде, ОҚО Политехникалық колледжінде, 25 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚГУ «Экономика және қаржы» факультетінде, 28 сәуірде №5 колледжде, «Болашақ» колледжінде, 12 мамырда Шымкент қаласының Экономикалық колледжінде, 16 мамырда №1, 18 мамырда №2 колледжде, 22 мамырда №4 колледжде студенттермен «Есірткісіз болашақ» тақырыбында акциялар және кездесулер ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу мен акция барысында студенттерге есірткінің зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, олардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.
ОҚО ІІД ЕБҚКБ, ӘПБ, ЮПБ-мен және Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен «жастар көп шоғырланатын ойын-сауық орындарына, түнгі клубтарға» бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Осы жұмыстар және басқа да есірткі қылмысына қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, бұқаралық ақпарат құралдарында яғни, «Отырар», «Айғақ», «ШТВ» телеарналарында және баспасөз беттерінде материалдар жарияланды.
Оңтүстік Қазақстан облысы ІІО қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 144 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 84 есірткі сату деректері. Заңсыз айналымнан 23 кг. 136,46 гр. есірткі заттары тәркіленді.
Денсаулық сақтау басқармасымен, Білім беру басқармасымен, мемлекеттік емес ұйымдармен және мектептегі ювеналды полиция инспекторларымен бірге 10342 адам қатысқан 290 есірткіге қарсы және кәмелетке толмағандарды нашақорлыққа тартудың алдын алуға және болдырмауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған 79-семинар, 88-лекция, 50-кездесулер, 43-дөңгелек үстелдер және 11 спорттық іс-шаралар өткізілді. Осы мерзім ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінде: телеарналарда 73 көрініс аймақтық және республикалық телеарналарда жарияланған. Басылымдарда 43 мақала, радиода 52 ақпарат жарияланды.
Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілері туралы ішкі істер органдарын ақпараттандыру қажеттілігі туралы халықтың белсенді әлеуметтік ұстанымын қалыптастыру бойынша, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бірыңғай «сенім телефонын» енгізу мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облыстық Телекоммуникациялар дирекциясымен бірлесіп, есірткіге байланысты қылмыстар туралы хабарлама жасау үшін 30-02-02 нөмірлі «Сенім телефонын» орнату жөнінде келісім жасалып, Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңейтілген сервис орталығы арқылы ОҚО ІІД кезекші бөліміне телефон нүктесі орнатылып, бұқаралық ақпарат құралдарына «Сенім телефоны» жұмысы туралы ақпараттар жолданған.
Мемлекеттік тапсырыс аясында нашақорлыққа қарсы бағытталған 3 дана қазақ және орыс тілдерінде ҚР ІІМ-мен жасалған бейнероликтерін, сонымен бірге есірткіге байланысты қылмыстар туралы хабарлама жасауға арналған ОҚО ІІД-нің нөмірі: 30-02-02 «сенім телефоны» орнатылғаны жайлы хабарлама жасау жөнінде ақпарат пен көрсетілім облыстық Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» және «Отырар» телеарналары арқылы жұртшылыққа жариялау ұйымдастырылды.
Сенім телефондық консультативтік қызметтің жұмыс істеуі бойынша, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымы деректері туралы ішкі істер органдарын ақпараттандыру қажеттілігі туралы халықтың белсенді әлеуметтік ұстанымын қалыптастыру бойынша, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бірыңғай «сенім телефонын» енгізу мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облыстық Телекоммуникациялар дирекциясымен бірлесіп, есірткіге байланысты қылмыстар туралы хабарлама жасау үшін 30-02-02 нөмірлі «Сенім телефонын» орнату жөнінде келісім жасалып, Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңейтілген сервис орталығы арқылы ОҚО ІІД кезекші бөліміне телефон нүктесі орнатылып, бұқаралық ақпарат құралдарына «Сенім телефоны» жұмысы туралы ақпараттар жолданған және қазіргі таңда жұмыс істеуін жалғастыруда.
Жергілікті деңгейде есірткіге тәуелді адамдарды «Орта жолдағы үй» үлгісі бойынша әлеуметтік оңалту және қайта әлеуметтендіру орталықтарын құру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша, ОҚО Денсаулық басқармасы мен облыс бойынша ведомствоаралық штаб төрағасының атына ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар Білім беру басқармасы, ОҚО ІІД ЕБҚКБ-мен және ОҚО ІІД ӘПБ-мен бірлесе, Шымкент қаласының аумағында орналасқан жалпы білім беру мекемелері бойынша ОҚО Наркологиялық диспансердің нарколог-дәрігерлерімен мектеп оқушыларына құқықбұзушылық пен зиянды әдеттердің алдын алуды көздейтін 36 лекциялар оқылды. Дәрігер-наркологтармен 27 жеке кеңестер берілді. ІІО-нің профилактикалық есебінде тұратын 17 жасөспірім мен 24 қолайсыз отбасының тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген сараптама жұмыстары жылдан-жылға Оңтүстік Қазақстан облысы аумағы арқылы өткізілетін есірткі заттарының транзитінің азайғанын көрсетуде. Оған себеп, біріншіден 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Бағдарламасында көзделген Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекаралардың нығайтылуы болса, екіншіден ҚР қылмыстық кодексіне енгізілген есірткі контрабандасы үшін жауапкершіліктің /өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін/ қатаңдатылуы болып отыр.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы ұлттық заңнамалардың күшейуі, көші-қон ағымының қысқартылуы және оңтүстік шекаралардың нығайтылуы (26 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген) Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өтетін есірткі құралдарына, оның ішіндегі ауыр түрі «героинге» айтарлықтай тосқауыл қойылған. Есірткі заттарының контрабандасы тіркелмеді. Бұл саладағы жұмыстар жалғастырылу үстінде.
2014 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысты 114 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 84 есірткі сату деректері. Заңсыз айналымнан 23 кг. 136,46 гр. есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде: 3кг.994,4гр. - героин, 18кг.584,88гр. - марихуана, 57,0409гр. - гашиш және 500,1822гр. – апиын. Есірткі сатуды кәсіп етіп жүрген 50 есірткі сату нүктелері жойылды, 39 есірткі сатушылар «жедел сатып алу» әдісі бойынша қолға түсірілді. Анықталған есірткі қылмыстары бойынша қосымша жедел іс–шаралар жүргізу барысында, бір-бірімен қылмыстық байланысы бар бірнеше есірткі сатушылар анықталып, жауапкершілікке тартылған. Есірткіге қатысты оқиғалар бойынша барлығы 160 тұлға тұтқындалып, 77-і қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 83-і әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс азаматтар.
Облыс аумағында орналасқан ойын-сауық орындары мен түнгі клубтарда жастар арасында есірткі заттарды сақтау, сату, тұтыну деректерін анықтау, алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың есеп беру мерзімінде 19 рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылып жүргізілді.
2014 жылғы 11 наурызда ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ, 2014 жылғы 13 наурызда Шымкент ҚІІБ Абай ПБ және 2014 жылғы 17 наурызда Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлерімен облыс аумағында әкімшілік (жол-патрульдік, учаскелік, ювеналдық) полиция қызметкерлерімен есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың негізі түрлерін анықтау, есірткі тұтыну белгілерін көру арқылы анықтау бойынша, дәрігер-наркологтарды қатыстыра отырып, практикалық сабақтар жүйесінде лекциялар өткізілді. Осы іс-шаралар бойынша хаттама түзілді. Дәл осындай іс-шаралар ОҚО ІІД ҚАІІБ(б)-де жүргізілді.
ОҚО ІІД ЕБҚКБ, ӘПБ, ЮПБ-мен және Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен «жастар көп шоғырланатын ойын-сауық орындарына, түнгі клубтарға» бірлескен рейдтік іс-шаралар жалғастыру үстінде.
Осы жұмыстар және басқа да есірткі қылмысына қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, бұқаралық ақпарат құралдарында яғни, «Отырар», «Айғақ», «ШТВ» телеарналарында және баспасөз беттерінде материалдар жарияланды.
ОҚО ІІД ЕБҚКБ
Достарыңызбен бөлісу: |