«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында облыс кітапханаларында өткізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі



Дата09.06.2016
өлшемі92.23 Kb.
#123211
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында облыс кітапханаларында өткізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат
Биылғы жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен «Бір ел-бір кітап акциясы аясында таңдалған Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының ел болып оқылуы біздің облыс үшін үлкен қуаныш болып отыр. Өйткені бұл шараға Ақжайық топырағында дүниеге келген ақынның 90 жылдық мерей тойыиен тұспа-тұс келіп отыр. Соған орай Ж.Молдағалиевтың «Мен-қазақпын» поэмасын оқу мен насихаттауға байланысты облыс кітапханаларында көптеген шаралар өткізуде. Аудандарда өткізілген шараларға тоқталатын болсақ. Бөкей орда ауданына қарасты ОКЖ—дегі аудандық кітапхана, Тайғара, Кеной, Жамбыл, Көктерек ауылдық кітапханалары кәсіптік лицей және мектеп оқушылары арасында «Мен-қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқудан сайыс өткізсе. Орда, Саралжын, Мұратсай, Искра, Бисен ауылдық кітапханалары «Қазақ өлеңінің жырдариясы», «Ақын мәртебесі - ел мерейі» ,«Жүректе жарқын бейнесі» тақырыптарында кітап көрмелерін ұйымдастыры , «Өлмес өмір-өшпес жыр» тақырыптық кеш, «Тұлғалы ақын» әңгіме, «Жұбан оқулары кітапханада» апталық, «Жыр шұғыласы» поэзия кеші, «Жұбан жыры тербетеді» сайыс кештерін өткізіп, «Қазақ өлеңінің жырдариясы» папка, картотека жинақтап , әдебиеттеріне шолу өткізді.

Бөрлі ауданындағы барлық кітапханаларда акция бойынша кітап көрмелері жасақталды. «Өргелең өмір өшпес өнеге» атты кітап көрмесі Жарсуат, Пугачев ауылдық кітапханаларда жасақталса, «Қазақ елі - Жұбанды оқимыз» Аралтал ауылдық кітапханасында, «Халық поэзиясының алыбы» Қызылтал ауылдық кітапханасында ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Бөрлі жерінің жергілікті ақындарымен Ж.Молдағалиевтың мерей тойына арналған еске алу кеші 14- мамыр айында аудандық кітапханада оздырылды. Іс-шараға №4 мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысып, Ақдәулетова Жанар, Хамитова Айгерім, Сейітова Фарида, Габдулов Әділ, Амангелді Айдар «Мен қазақпын» поэмасыннан үзінді оқыды. «Жүректе жарқын бейнесі» атты поэзия кеші өткізілді. Қалалық №3 мектеп оқушылары ақынның туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Жарсуат ауылдық кітапханасында «Айбынды азамат ақын» атты ауызша журнал «Кітап құмар» (5-6 сынып) клуб мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Кеште Ж Молдағалиевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды Димитрово ауылдық кітапханасында «Жұбан жайықтағы қазақтың рухын көтерді» атты зерделі әңгіме жасөспірімдер арасында оздырылды. Қызылтал ауылдық кітапханасы жанындағы «Жыр жазамын жүрегіммен» атты әдеби клубының мүшелері және Қызылтал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімідері арасында оқу марафоны өткізілді. Оқу марафонында «Мен қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқыған оқушылар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.



Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде маусым айынының 1-і мен 10- аралығында «Жыр толғауы- Жұбан» атты онкүндік өткізілді. Онкүндіктің алғашқы күні аудандық кітапханада «Жыр арқауы-Жұбан» атты көрмеге шолу жүргізілді. Кітапханаға келген оқырмандарды көрмемен таныстырып, ондағы қойылған мәліметтер мен деректерге шолу ұйымдастырылды. Аудандық кітапхананың оқу залында аудандық «Жұбан оқулары» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - Ақжайықтың аса көрнекті ақиық ақыны Ж.Молдағалиев шығармашылығын оқырмандар арасына кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауға қатысушы үміткерлердің орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың Жұбан шығармаларын кеңінен меңгеруіне жол ашу. Байқауға 10 үміткер қатысты.

Аудандық кітапханада «Жұбан және желтоқсан» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияны мақсаты оқырмандар арасында Ж.Молдағалиев шығармашылығын кеңінен насихаттау, желтоқсан оқиғасындағы ақынның бейнесін баяндау.

Конференцияның ашылу салтанатында Қ.И.Сәтпаев атындағы орта мектептің 7 «а» сынып оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп орындады.

Кітапханашылармен қатар баяндамада сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, тарихшы Т.Қиясов көптеген мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, Жұбан ақынның желтоқсан оқиғасындағы сөйлеген сөздерін баяндап, оқырмандарға көптеген мағлұматтар берді. Конференция барысында ақынның өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, «Жыр арқауы-Жұбан» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Жарыссөзге түскен оқырмандар қауымы ақынның өлеңдерін оқып, өздерінің көзқарастарын білдірді.

Сондай-ақ «Бір ел-бір кітап» акциясы мен Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығы тұспа- тұс келуіне орай кітапханашылардың кәсіби– іскерлік қабілеттерін дамытуға арналған кітапханашылардың аудандық «Үздік Жұбантанушы» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- ақын шығармашылығына тереңірек үңілу, кәсіби-іскерлік қабілетті шыңдау болды.

Байқауға аудандағы 27 кітапханадан 21 кітапханашы қатысты. Байқау барысында кітапханашылар ақынның 1 өлеңін жатқа айтып, блиц-сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналып өткізілген ісшаралардың бағдарламаларын қорғау, яғни әрбір кітапханашы өзінің іскерлік шеберлігін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік Жұбантанушы» атағын, І орынды Қ.Бақтыгереева /ақтау ауылдық кітапханасының кітапханашысы/ ІІ орынды М.Жұмашева /Шежін/, ІІІ орынды Б.Есбол /аудандық кітапхананың абонемен бөлімінің кітапханашысы/ иеленді. Сонымен қатар «Мен қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқығаны үшін Н.Балагулова /Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы/, блиц сұрақтарға жақсы жауап беріп,өзінің біліктілігін көрсеткені үшін А.Каналиева / Белугин ауылдық кітапханасының кітапханашысы/, өзінің мол тәжірибесін ортаға салғаны үшін

А.Зайнуллиналар /Оян ауылының кітапханашысы/ көзге түсіп, марапатталды. Осы онкүндік аясында барлық кітапханаларда Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналған папкалар жинақталып, газет-журналдар беттеріне мақалалар жазылды. «Бір ел-бір кітап» акциясын насихаттау ауылдық кітапханаларда өз жалғасын табуда.

Бүгінгі күні Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде

37 іс шара өткізіліп, оған 655 оқырман қамтылды.

Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты кітапханаларда «Жыр алыбы Жұбан» көлемді көрмелер жасақталып, шолулар жасалды. Тау ауылдық кітапханасында «Жұбан ақын – мәңгі тұлға», Ақоба ауылдық кітапханасында «Жыр арқауы - Жұбан», Қамысты ауылдық кітапханасында «Ақынға қарап елін таны», Борсы ауылдық кітапханасында «Жұбан жыры болашаққа барады, намыс отын жүректерде жандырып» т.б шаралар өтуде.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балдәурен» демалыс лагерінде «Мен –қазақпын,желдей еркін, түздей кең таңдай азат!» атты поэзиялық кеш оздырылды.

Кештің мақсаты: Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен тағылымдарын тану, ақын бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін, жерін, туған отбасын сүюге тәрбиелеу. Кеш барысында ақынның өміріне,шығармашылығына тоқталып, ақын қаламынан «Нұрлы жол»,»Қиял қанаты», «Қызыл галстук», «Мен- қазақпын»,«Айттым сәлем», «Жесір тағдыры», «Байқоңыр баспалдақтары» т.б өлеңдерін оқырмандар оқыды.

Акция аясында жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің шығармашылығын насихаттау мақсатында Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде әр түрлі шаралар өтіп жатыр.

Аудандық кітапханада Ресейдің Озинки муниципалды ауданы мәдениет өкілдерінің қатысуымен «Жұбанның өшпес дарыны» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.. Шараның негізгі мақсаты: Жұбан шығармашылығының достастық тұстарын көрсету еді.

Шараның басында Жұбан Молдағалиев бейнесіндегі оқырман ақынның атынан өмірбаяны жөнінде монолог оқыды.

В.Савельевтің «Ақынды еске алу» өлеңін кітапхана оқырманы Е.Кужумов оқыған кезде көрермендер еріксіз көздеріне жас алды.

Жүргізушілер балалар және жасөспірімдермен жұмыс әдіскері А.Бердалиева мен қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Б.Ишкулова ақынның жарты ғасыр бойғы шығармашылық жолына қысқаша тоқтала отырып, оның орыс, украин, татар тағы да басқа халықтарға деген достық, бауырластық сезімін көрсететін өлеңдерінің мәнін аша түсті. Кеш барысында АМҮ-нің қызметкері Ғизатов Аслан домбрамен күй ойнап, күй сазымен ПОМ-нің 10- сынып оқушылары Қабиева Дина, Мендалиев Рустам, Фролов Алексей, Бондаренко Катялар ақынның «Мен қазақпын», «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры» поэмаларынан үзінділермен қатар, «Есенинді оқығанда» өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Ақынның көптеген өлеңдеріне ән жазылған. АМҮ-нің директоры М.И.Жолбаевтың орындауындағы «Еділ-Жайық» әні, АК-ның вокалды тобының орындауындағы «Ана» әні мерекені әрлей түсті. Шараны «Мен қазақпын» поэмасын сахналап және осы поэма негізінде жазылған Е.Құдайбергеновтің рэп сазына Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ оқушылары Ғ.Мамбеталиев пен Б.Сансызбаев брэк биімен қорытындылауы ақын шығармаларының өміршеңдігін көрсетеді.

Шарадан соң сөз алған Реседен келген қонағымыз С.А. Баланеско өтіп отырған шараның ұнағандығын, жалпы «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастырылуы өте оңды іс екендігіне тоқтала келе, өз елінде де осындай акция түрін ұйымдастыру керектігі туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ ол орайы келген шараларды бірлесіп өткізуге ой тастады.

Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты аудандық кітапханада № 19 кәсіптік мектеп және мектеппен бірлесіп «Қыран жырдың қанаты» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 10 жасөспірім үміткер қатысып, 1 шарт «Мен - қазақпын» өлеңін жатқа айтып, 2 шарт « Мен Жұбанды жырлаймын» ақынға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу, 3 шарт «Жыр додасы» - ақын өлеңдерінің бастапқы шумағы оқылғанда әрі қарай жалғастырып жатқа айту сындарынан өтіп, «Мәнерлеп оқу шебері», «Үздік оқырман» атты номинациялармен марапатталды. Құспанкөл ауылдық кітапханасында «Мен Жұбанды оқимын» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке 19 балалар қатысты. Балалардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін нығайтуда ақынның туған жерге жазылған дастандары мен очерктері оқылды.

Сондай-ақ барлық кітапханада «Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» поэзия күндері өтті. Шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат беріліп, оның ерлік туралы, отанға деген сүйіспеншілік, туған жер мен елге деген сағынышқа толы өлеңдері, лирикалық жырлары туралы баяндалды.

Қызылағаш ауылдық кітапханасында «Ақиқатын айтатын айбарлы ақын» атты әдеби кеш өтті.Кеш барысында ақынның өмірбаянына шолу жасалып, «Мен- қазақпын» поэмасы мен қатар жақсы мен жамандық, еңбек адамы, оның парасаты,достық, қайырымдылық тақырыбындағы өлеңдері оқылды.

Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының “Бір ел-бір –кітап” акциясы шеңберінде , ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы жайында “Жасдәурен балалар кешенінің тәрбиеленушілерімен кітапхана қабырғасында және Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар аулында оздырылды. Шаралар ақынның сөзіне жазылған жасөспірімдердің сүйікті рэп-әншісі Ерболат Құдайбергеновтың “Мен қазақпын” атты рухты музыкалық әнімен ашылды. Шара Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. .

Бір ұлттың атынан әнұранға пара-пар поэма жазған,ең алдымен ақындығымен,азаматтығымен,қайсарлағымен талайды тәнті еткен біздің өлкеміздің мақтанышы жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің шығармаларын насихаттауға арналған іс-шаралар одан әрі қыркүйек айында жалғасатын болады..

Ақынның туған елі Ақжайық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Коловертное, Қызылжар, Самал, Қарауылтөбе ауылдық кітапханаларында «Поэзия бағының бәйтерегі» атты поэзия кеші, Алмалы, Жантемір, Қарауылтөбе, Сайқұдық, Жолап кітапханаларында «Мәңгі өшпес Жұбан рухы» атты тақырыптық кеш, Кеңсуат, Жаманқұдық, Баянтөбе, Бітік кітапханаларында «Тұғыры биік тұлға» атты әдеби кеш оздырылды.

Базаршолан ауылдық кітапханасында «Қазақ болу –зор бақыт» атты тақырыптық кеш мынадай жоспар бойынша өтті:

1. Кіріспе сөз

2. Ақын өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталу

3. «Қазақ болу –зор бақыт» - ақынның «Мен қазақпын» поэмасы туралы оқырман ойлары.

4. «Қазақтың қыран перзенті» кітап көрмесіне шолу.

Кеш барысында оқырмандар ақын өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала отырып Жұбан ақынның «Мен қазақпын» поэмасының құндылығы мен ақынның туған халқына деген сезімінің ұлылығы туралы ой толғап, шара соңында «Қазақтың қыран перзенті кітап көрмесіне шолу өткізілді.

Ақжол, Алмалы ауылдық кітапханаларында «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген атты әдеби кеш оздырылып, Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында осы тақырыпта жыр сайысы ұйымдастырылды.

Аудандық кітапханада «Әлемге әйгілеген қазақ атын» атты тақырыпта кең қанатты кітап көрмесі жасақталды. Көрме үш бөлімнен тұрады:

І-бөлім. «Қазақ атын әйгілеген азамат»

ІІ-бөлім. «Азаматын әйгілейді алашы»

ІІІ-бөлім. «Жасампаз Жұбан жырлары»

Сонымен қатар жетекшісі ақын С.Бисенғалиев болып табылатын аудандық кітапхана жанындағы «Муза» шығармашыл оқырмандар отауы «Күллі әлемге қазақ атын, әйгілеген азаматым» жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Осы мүшәйраға барша ауылдық кітапханашылар ауылдық жерлердегі талапкер жас ақындардың мүшәйраға қатысуына атсалысуда. Мүшәйра ІҮ-тоқсанда қорытындыланады.

Сондай-ақ, аудандық кітапханада «Мен қазақпын поэмасы – ұлтты елжандылыққа үндеген шығармалардың шыңы болды» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел тамыз айына жоспарланып отыр. Осындай шаралар әлі де жалғаса бермек



Шыңғырлау ОКЖ кітапханаларында Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай және «Мен-қазақпын» поэмасын насихаттау мақсатында Жіңішке ауылдық кітапханасында «Жұбанды оқып, танып біл», аудандық орталық кітапханасында «Жасампаз заманның дауылпаз жыршысы», аудандық балалар кітапханасында «Қазақ өлеңінің жырдариясы», Қайыңды ауылдық кітапханасында «Ақиқатын айтқан айбарлы ақын», Ақсуат селолық кітапханасында «Асқақ рухтың иесі», Лубен ауылдық кітапханасында «Жайықтың өшпес жарқын жұлдызы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылып, шолу өткізілді. Ақсуат ауылдық кітапханасында өткізілген «Я казах! Могуч в своих степях...», «Жұбан ақын ерлігімен жыр кісі» атты әңгімеде ақын, көрнекті қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің қазақ әдебиетіндегі мәртебесі әрқашан да биік екендігі және ақынның келер ұрпаққа өшпес бай көркем мұра қалдырғандығы туралы айтылды. Шараның мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, асқақ рухты шығармаларын насихаттай отырып отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.

Белогор селолық кітапханасында өткізілген «Отан деп соққан жүрегі» атты әдеби кеште Ж.Молдағалиев қазақ әдебиетіне өзіндік үн, нақыш әкелгендігі және «Мен-қазақпын» поэмасы қазақ халқының тағдырын тұтас танытуға құрылған құнды туынды екендігі айтылды. Кеште ақынның өлеңдерімен қатар, оған арналған өлеңдер оқылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет